ІІІ
ТАРАУ
АДАМ
БОЛАМ ДЕСЕҢІЗ...
17 –
сабақ
Текті
білу тегін емес
Өзіңді танығың келсе, тегіңді
біл.
Халық
даналығы
Мақсаты: «Сыйластық»,
«туыстық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін
кеңейту.
Міндеттері:
- ата
тегі, жеті ата туралы түсінік беру;
- ата
тегін білуге деген қызығушылықтарын арттыру;
- ата
тегін қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа,
бәйтерек суреті, оқулық, дәптер.
Шаттық шеңбері
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады,
сәлемдеседі. Үнтаспадан естілген әнге қосылып
айтады.
Келші, келші, балашым
Сөзін
жазған Қ. Ыдырысов
Әнін
жазған Е. Хасанғалиев
Айым
болып тудың ба? Қуанышым – арай жүз,
Күнім
болып тудың ба? Сөйлесерміз талай біз.
Ата
жолын қудың ба? Бар ағайын жиналып
Әке
жолын қудың ба? Мәз боп саған қараймыз.
Бұл
дүниеге келген соң, Сендей бала ешкімде
Сұрауы
бар судың да. Болмаған деп санаймыз.
Айдарыңнан айналдым, Жалғыз дара - өзіңсің,
Маңдайыңнан айналдым. Атасының көзісің
Торсық
шеке, тоқ шеке, Әжесінің сөзісің,
Бақ
болар деп ойладым. Мен барымды аяман,
Ашық жанар көңілің,
Ботақаным, сен үшін.
Ақ болар деп ойладым.
Әңгімелесу
Мұғалім сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушылармен
әңгімелесу жүргізеді. Осы мақсатта төмендегідей әңгімелесу
сұрақтары беріледі:
∙ Өз
аталарың туралы не білесіңдер?
∙ Нағашыларың туралы не айтар едіңдер?
∙ Жеті
атаңды айта аласың ба?
Балалар өз аталары және нағашы аталары туралы
білетіндерін айтады. Мұғалім балалардың жауаптарын тыңдап, өзі
түйіндейді.
Мәтінмен жұмыс
Сабақта оқушыларға Ж. Дәуренбековтің «Арұлан» атты
әңгімесін оқу ұсынылады. Оқушылар мәтінмен танысқан соң, оның
мазмұны бойынша әңгімелеседі.
Мұғалім әңгімеде айтылған Арұланның отбасындағы
тәлім-тәрбиесіне оқушылардың назарын аударады. Арұланның тәтті
қылығы, отбасы мүшелері арасындағы өзара сыйластық өздерін де,
айналасындағы адамдарды да қуанышқа бөлейтіні
айтылады.
Арұлан
Ж.
Дәуренбеков
Балабақшаға Арұланды 3-сынып оқушысы Аружан әпкесі ертіп
келіп жүр. Ол өзі бір «пысық» бала болды. Мұрны пысылдап, әпкесі
оятпаса да ерте тұрады. Өзі жуынып, шашын тарайды, «өзім кием» деп
киімдерін де, орнына қойып, өзі киінетін болды. Ол киініп, арқа
қоржынып асынып, қарақаттай көзі күлімдеп:
- Әпке,
мен дайынмын! – дейді.
-
Айналайын үніңнен, айналайын күнімнен! – деп, Аружан оны
балабақшаға ертіп келеді де, оның айдай аппақ маңдайынан
сүйеді.
- Апай,
саламатсыз ба? – деп, Арұлан тәрбиешімен әдепті
амандасады.
-
Арұлан, айналайын, депті бала, - деп, тәрбиеші оны қуана қарсы
алады. Арұлан тіл алғыш бала болды. Ол кім жұмаса да: «мақұл»,
«міне қазір», «құп болады», «мен дайынмын» деп жауап береді. –
Жаным! Жарығым! Ақ балапаным! – деп әкесі Әбен оны көтере құшып
сүйеді. Арұланның күмістей сыңғырлаған күлкісі үй ішін шаттыққа
толтырады. «Балалы үй – базар» болады.
- Әпке,
сен туралы тақпақ жаттап алдым, тыңдашы, - деп ол жылы
жымияды.
- Айта
ғой тақпағыңды, қане!
- Қамқор
дәйім, Күн мен айым - Әпкетайым!..
-
Айналайын інімнен! Айналайын күнімнен! – деп, Арұланды әпкесі
құшақтап, билей жөнеледі. Арұлан биге түсіп, әпкесімен бірге шыр
көбелек айналады.
-Айналайын, Арұланым, әкесіне тартқан өнерпаз болады, - деп
Ажар ана қуанады.
-
Мақтамаңыз, мама, мен мақтаншақ емеспін! – дейді Арұлан.
Ақсары
бала Арұлан – үй ішінің күні, балабақшаның гүлі, әке-шешенің
бақыты, әпкесінің «жансаясы» аман болсын!
Оқушылар мәтін бойынша берілген мына сұрақтарға жауап
береді:
∙ Арұлан
қандай бала? Аружан ше?
∙ Олардың отбасындағы сыйластығын қалай байқауға
болады?
Тапсырма
Балаларға туған-туыстарымен, жақындарымен қауышқан кезде
қандай сезім-күйге бөленетіндерін ортаға салып айту үшін «Өз
отбасыңдағы қуанышты кездесулер» туралы айту тапсырылады. Тапсырма
бойынша балалар ата-әжелері, нағашылары, жиендері,
ағайын-туысқандары, туғандарымен қуанышты кездесулерін естеріне
түсіріп, айтып береді.
Шығармашылық жұмыс
Мұғалім оқушыларға өз отбастарында қалыптасқан
тәлім-тәрбие, дәстүрге сүйене отырып, «Біздің отбасымыздағы
дәстүрлер» тақырыбына фотоальбом құрастырып, әңгімелеуді тапсырады.
Балалар құрастырған фотоальбомдарын сыныпта көрсетіп, ол туралы
әңгімелеп береді.
Жаңа
ақпарат
Сабақта оқушылардың игерген білім-біліктерін бекіту
мақсатында оқу ақпараты беріледі. Мұғалім балаларды оқу ақпаратымен
таныстырады: «Адамның жақсы
қасиеттерінің бірі өз отбасын құрметтеу. Отбасы мүшелері бірін-бірі
сыйлап, қамқорлық жасайды». Балалар
оқу ақпаратына сәйкес отбасындағы сүйіспеншілік, құрмет, қамқорлық,
өзара сыйластық, өзара көмек, дәстүр жалғастығы, ата-баба
өнеге-өсиеті жайында өз ой-пікірлерін қосымша айтып
береді.
Дәптермен жұмыс
Мұғалім оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарн
түсіндіреді.
Оқушылар тапсырманы дәптерлеріне орындайды. Орындап
біткен соң жария етеді. Тапсырманы қарындашпен орындау тапсырылады.
Оқушылар қате жіберген жағдайда түзетіледі.
Тапсырма:
«Менің
туыстарым» атты сөзжұмбақты шешіңдер.
1.
Әкеңнің шешесі ...
2. Атаңа
сен кім боласың?
3.
Әкеңнің әкесі ...
4. Сенен
кейінгі туысың ...
5. Сенен
үлкен туысың ...
6.
Алтыншы ата ...
7. Сені
дүниеге әкелген жан ...
Шешуі: әже, немере, ата,
іні, аға, шөпшек, ана.
Жүректен жүрекке
Сабақ
соңында оқушылар ата-бабасына деген құрметтерін өлең арқылы
білдіреді.
Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Мұғалім өлең жолдарын
айтады, оқушылар қайталайды:
Ата, бізге келіңіз!
Ә.
Табылдиев
Ата,
бізге келіңіз!
Дайын
Сізге төріміз!
Өстіп
бізге күлімдеп:
«Өс,
жарығым – күнім», - деп
Күеде
бата беріңіз!
Жүзіңізден әр таймай,
Жүз
жасаңыз қартаймай!