Материалдар / «Тері өңдеу технологиясы» атты іздену жұмысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тері өңдеу технологиясы» атты іздену жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасөспірімге ұлттық қолөнердің қандай түрімен шұғылданса да жеке басының жан-жақты дамуына,айналадағы дүниені белсенді тануына ,айналасындағы өзгерістерге бейімделу барысында мектептегі баланың қол еңбегі-эстетикалық тәрбиенің ең ықпалды жәнеде өзгермейтін басты құралы Сондықтан бүгінгі Тәуелсіз елімізде ұлттық өнеріміз қамқорлыққа өте зәру болып тұрғанда мемлекетіміз арнайы «Мәдени мұра» бағдарламасын қабылдауы қуанарлық жайт.Осы шара шеңберінде ауқымды істер атқарылуда.Бағдарламаның ықпалымен көптеген ескерусіз қалған өнер туындылары зерттеліп,зерделеніп және жүйеленіп халыққа ұсынылып оң бағасын алды.Жоғалғанымыз табылып,ескіргеніміз жаңарды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
3386
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Тері өңдеу технологиясы» атты іздену жұмысы


Алматы облысы, Ақсу ауданы Суықсай ауылы «Юрий Гагарин атындағы орта мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесінің технология пәнінің мұғалімі Қызайбекова Күльсара Наушановна


Жас уақытта үйрену тасқа жазған хатпен тең.

Қартайғанда үйрену суға құйған ақпен тең.

(Жанұзақ би.)

К І Р І С П Е .

Тақырыптың өзектілігі: Мектеп жасындағы балалардың қолданбалы өнер арқылы өзінің ұлттық қолөнер мұраларымен таныстығы,икемділікке үйренуі,түрлі материалдардың ерекшеліктерін,құрылымын білуі ,тиімді әдістерді пайдаланып жұмыс істеуге үйренуі оның келешегіне зор пайдасын тигізері сөзсіз.Олардың әдебиеттен, сәулет өнерінен,математикадан,саз өнерінен, театрдан, мүсіндеу мен қазақтың ұлттық қол өнерінен едәуір хабардар болуы,келешекте қандай мамандық иесі болса да,оның рухани өрісі жоғары кемел ойлы азамат болып шығуына үлкен жол ашары анық .

Жасөспірімге ұлттық қолөнердің қандай түрімен шұғылданса да жеке басының жан-жақты дамуына,айналадағы дүниені белсенді тануына ,айналасындағы өзгерістерге бейімделу барысында мектептегі баланың қол еңбегі-эстетикалық тәрбиенің ең ықпалды жәнеде өзгермейтін басты құралы.Эстетикалық тәрбие барысында мына міндеттерді шешу қажет:

-баланың эстетикалық қабылдауын ,сезімі мен ұғымын,көркемдікті қабылдау қаблетін үздіксіз дамыту мен талғамын қалыптастыру;

-баланы бастаған ісін аяғына дейін жеткізу барысында төзімділік пен тиянақтылыққа дағдыландыру;

-ата-бабаның дәстүрлі қолөнерін қадірлеп, оны одан әрі үйреніп,ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып дәріптеуге үйрету;

-мектеп жасындағы баланы икемділікке баулумен қатар,оларды ұлттық қолөнер мұраларымен таныстыру;

Мәселенің деректік қоры: Болашақ суретші,мүсінші,әнші,зергерлер өз істерінің әліппесін мектептен-ақ бастайды.Сондықтан мектеп -өте күрделі зертқана.Оның қабырғасынан алған білім мен тәрбие әрбір оқушының қолындағы өзінің келешегі үшін қажетті кілт сияқты.Сондықтан бүгінгі Тәуелсіз елімізде ұлттық өнеріміз қамқорлыққа өте зәру болып тұрғанда мемлекетіміз арнайы «Мәдени мұра» бағдарламасын қабылдауы қуанарлық жайт.Осы шара шеңберінде ауқымды істер атқарылуда.Бағдарламаның ықпалымен көптеген ескерусіз қалған өнер туындылары зерттеліп,зерделеніп және жүйеленіп халыққа ұсынылып оң бағасын алды.Жоғалғанымыз табылып,ескіргеніміз жаңарды.

Қазақ халқының киім тігу,баспана және үй жиһаздарын,батырлық қару-жарақ саймандарын жасау,жіп иіру,тері ұқсату,ағаш өңдеу,тас өңдеу,киіз басу,кесте тігу,ши тоқу,сүйек өңдеу,ұсталық пен зергерлік өнері де үнемі даму үстінде болған.Аталған бұйымдарды ата-бабаларымыз жасап қана қоймай,оларды аса шеберлікпен,түрлі ою-өрнекті қолданып,әшекейлей де білген.Ою-өрнек жасаумен қатар халық арасында оларға бояу түстерін қолданудың да өзіндік түрлі мағыналары болған.Мысалы:

ақ түс-әділеттілік,шындық; қара түс-жердің,берекенің;жасыл түс-жастықтың,көктемнің; қызыл түс-оттың,күннің; сары түс-даналықтың,білімділіктің және көк түс-ашық аспан мен бейбітшіліктің нышанын білдірген.Сондықтан халық шеберлері әшекейленген ою-өрнектің пішінімен қатар боялған түсіне де аса көңіл бөліп отырған.

Бүгінде ұлттық өнерімізді дамыту мақсатында шағын кәсіпорындар ашылып,ұлттық қолөнерді өздеріне кәсіп еткен жеке кәсіпкерлерде көптеп саналады.Бұлардың қатарында бұрыннан ұлттық тұрмыстық бұйымдар жасайтын мекемелерде бар.Жас жеткіншектерге олардың ұлттық бұйымдар жасаудағы тәжірибелері туралы әңгімелеп берудің өзі олардың қызығушылығын арттырады.

Жоспарлы экономиканы нарықтық қатынастар бағытына көшіруге байланысты өндіріс көлемінің құлдырауы мәдениет мекемелерінің ,халыққа білім беру мен ғылымды, материалдық-техникалық жабдықтау және ақша қаржымен қамтамасыз ету ісінде елеулі қиындықтар көбейе түсуде.

Мәселенің зерттелуі: Атадан қалған ұлттық өнеріміздің сарқылмас қазыналарын жасау істері-қазіргі кезде жеткіншектердің белсенділігін ,олардың өнертапқыштығын арттырумен өндіріс процесін жақсарту , жетілдіру,арзандату мақсатында қолданылатын шаралар жиынтығымен тығыз байланысты.Өндіріс жаңашылдары қазыналарды жасау жұмыстарында тек ғылыми – техникалық және экономикалық талаптарды білу емес сол сияқты білім мен іскерлікті терең игеруінде.Ал оның түпкі негізі мектептен басталуы тиіс.

Егеменді елімізді бүкіл әлем мойындаған мына дәуірде, еліміздің келешегі жас жеткіншектерді туған елі мен ұлтын сүйетін,оның салт-дәстүрін құрметтейтін, бабалардан жеткен баға жетпес ғажап өнерімізді жаңғыртып келешекке алып баратын Отанының нағыз патриотымыз.

Қазақ халқының өнер саласындағы тәлім-тәрбиесі ,мақал-мәтелдері шеберлікке, ұстамдылыққа, жігерлілікке қолдау беріп әсерін тигізіп отырған.Мысалы: «Бай болмасаң бай болма, өнер-білімге сай бол»,-деген халық нақылы, «Ерінбеген өнер табар,шегіне берген соңына қалар»,-деген даналық сөздері тегін айтылмаса керек.

Халқымыздың ұлы ойшылы, дана-ақын Абай атамыз:

«Демеңдер өнбес іске жұбаналық,

Ақыл тапсақ, мал тапсақ қуаналық.

Әуелі өнер ізделік ,қолдан келсе,

Ең болмаса еңбекпен мал табалық»,-дегендей қазіргі нарықтық экономикаға байланысты өнімді еңбекті жандандырып,ұлтымыздың баға жетпес қазыналарын жасап,әлем елдеріне,елімізге келген шет елдіктерге көрсетіп,біздің өзіндік өнеріміз бен дәстүр-салтымыздың қалыптасқандығын мақтанышпен айтатын кезіміз келді.Біз осындай өнерді бағалаған елдің ұрпағы екендігімізді мақтан тұтуымыз қажет.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

ғасырлар бойы сақталып, бізге дейін мұра болып жеткен ата

бабаларымыздың қолданбалы қол өнер түрлерін талқылап

жұмыс жасай отырып, жаңа заман талабына сай өзгерту

жолын қарастыру. Осы мақсаттарды орындаудағы міндеттер:

Міндеттері:

- Ізденіс жұмыстарын жүргізу.

- Тері өңдеу өнерінің технологиясымен танысу.

- Теріні өңдеу тәсілдерінің ерекшеліктері

- Теріні шикілей өңдеу

- Теріні бояу

Зерттеудегі ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы


І. Теориялық бөлім.

1. Тері өңдеу туралы материалдарды жинақтау.

2. Тері өңдеудің технологиялық тәсілін меңгеру.

ІІ. Тәжірибелік бөлім

1 Тері илеу және тіліу әдістері

2.Жаңа өмір талабына ссай өзгертіп, күнделікті тіршілікте қолдану, осы арқылы қол өнерімізді өзгелерге таныту.











Негізгі бөлім

Тері илеу

Қазақ халқының қолөнері ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға жалғасын тауып келе жатқан бай қазына. Өткен заманнан бері қарай, көшпелі тұрмысында, үй жиһазына керекті заттарды қолдан жасап, даму жолына үлкен мән берген. Киім тігу,баспана және үй жиһаздарын,батырлық қару-жарақ саймандарын жасау,жіп иіру,тері ұқсату,ағаш өңдеу,тас өңдеу,киіз басу,кесте тігу,ши тоқу,сүйек өңдеу,ұсталық пен зергерлік өнері де үнемі даму үстінде болған.Аталған бұйымдарды ата-бабаларымыз жасап қана қоймай,оларды аса шеберлікпен,түрлі ою-өрнекті қолданып,әшекейлей де білген. Ата-әжелеріміз бен апаларымыз ой белсенділігінің арқасында әрт үрлі аңдардың терілерін өңдеп тұрмысқа қажетті ,үй бұйымдарын жасады.

Қазақ шеберлерінің ішінде ел арасында тұрып ,тері илеуді кәсіп етткендер аз емес.Ондай іскерлер негізінен Өскемен, Семей,Омбы,Орынбор,Орал, Ақтау, Алматы, Тараз,Қызылорда т.б өңірлерде теріні кең көлемде кәсіп еткен.Олар ер-тұрман жабдықтарының ішінен тоқым құйысқан, өмілдірік, жүген, қамшы, тартпа т,б бөліктерін теріден жасаған.Тері қол өнер бұйымдарының ішінде айырбасталмайтын шикізатқа айналды.Оны саз аспаптарының ішінде қобызға, шертпеге, адырнаға, ұрма аспаптарға қолданды.Теріден ыдыс бұйымдарын жасады; торсық ,кесеқап, саба т.б. Мал терісін илеудің ел арасында кең тараған көп түрлері бар.Солардың ішінде негізгі екеуініне негізгі екеуіне тоқталайық.

Біріншісі, ағаш күбіге немесе басқа кең ағаш ыдысқа айраның сарсуына, ашыған іркітке ұн,кебек,тұз салып ашытады да теріні соған салады.

Екіншісі терінің бетіне ұн,тұз араластырылған іркіт жағу арқылы орындалады. Бұларды иі жағып илеу дейді. Мал терісін өңдеу тәсілдерінде көптеген ерекшеліктер бар. Олар қай түліктің терісінен қандай бұйым жасалатынына байланысты.Мәселен,сыр киім, бас киім тігуге арналған қозы,лақ, құлын терілерінің немесеәр түрлі аң терілерінің жүнін алмай илейді.Ол үшін әлі кеуіп үлгермеген жас теріге немесе су бүркіп жібітілген теріге іркіт жағып,ұн немесе кебек,тұз сеуіп,терінің бетіндегі иді араластырып,шеттерін үстіне қаратып,жылы жерге бүктеп қояды.Мұндай әдіспен иленетін терінің иі қануы ,яғнидайын болуы терінің түріне байланысты.Қозы,лақ және жаңа сойылған аң терісі жылдамырақ дайын болады.Үлкен мал терілерінің иі қануы әлдеқайда ұзақ болады.3-5 күн ішінде қандай тері болсын иі қанып үлгереді.Иіден шықан теріні көлеңкеде кептіреді.Оны талқыға салып жұмсартады, содан кейін қырғышпен қырып,іш майынан ,сары етінен тазартады,жақсылап уқалайды.Уқалауды сабаудың көмегімен немесе терінікөлемді қатты ыдысқа салып , ағаштың бүйірімен соқылайды.Елтірі мен аң терісін талқысыз-ақ уқалап жұмсартады. Көбінесебас киім, ішік тігетін аң терілері мен елтірі,сеңсеңдерді боямайақ,матамен тыстап тіге береді.Ал қыста киетін тон, шалбар тігуге арналған қой терілерін томар бояумен, қаратал қабығының қайнатындысымен бояйды. Жарғақ пен тайжақы тігуге арналған құлын, жабағы немесе тай терілерінің жүні сыртына қаратылғандықтан, боямай-ақ,матамен астарлап тігеді.Мұндай бұйымдарды тігу үшін, жас теріні илемей тұрып, жүнін жидітіп алып тастайды. Жүні сылынған терілерді ағаш күбіге салып,үстінен иі құяды.Мұндай терілер иіге түгелдей батып тұрады.Ол бір жетіге батып тұрады. Иіден шықан теріні көлеңкеде кептіреді.Оны талқыға салып жұмсартады,Қайысқа арналғантерілерді талқыдан кейін өңдемей, солкүйінде кептіріп қоядыда керек болғандашетінен таспалап,тіліп алып отырады.Аяқ киім не басқадай үй бұйымын жасауға немесе оларды көркемдеуге арналған теріні талқыдан соң қолмен уқалап, қырынөңдейді де қара қоңыр түсті бояуға бояйды

Жаңа сыпырылған тері буы бурқыраған деп аталады. Былғары үшін жаңадан сыпырылып алынған, қан мен кір жұқпаған  теріден артық зат жоқ. Алайда көбінесе теріні бірден зауытқа жеткізуге немесе өздігінен өңдеуге мүмкіндік болмай жатады. Ал жатып қалған тері тез арада бүлінеді. Ол алдымен кеуіп, содан кейін мыжырайып, мүйізденіп кетеді. Одан кейін көгеріп, жүні түсе бастайды. Содан соң мүлдем шіриді. Сондықтан да тері бүлініп кетпеуі үшін одан түрлі нәрселер жасауға тура келеді

Теріні өңдеу. Теріні тазалап алғаннан кейін, оны тұзбен өңдейді. Өңдеу терінің шіріп кетпеуі үшін ғана емес, жүнінің мықтап тұруына да септігін тигізеді.

Тазаланған теріні келесі әдіспен тұздаған жөн: майда тұз алынады. Қыс айларында әр 1 кг  теріге 200 г, ал жаз мезгілінде 300 г тұз пайдаланылады. Үлкен өгіздің терісіне қыста 5,7-6,6 кг, ал жазда 8,2-10,2 кг тұз, ал сиыр терісіне қыста 3,3-5 кг, ал жазда 5-6,2 кг. тұз жұмсалады.



Өңдеу тәсілі. Теріні жүн жағымен таза жерге немесе еденге жаяды. Терінің астына шыққан ылғалын сіңіріп алатын бір нәрсе қоюға болады. Терінің ішкі жағына біркелкі етіп тұз себеді, тұз теріге дұрыс жағылуы үшін тұзды қолмен жаққан дұрыс. Егер тұз дұрыс жағылса, онда 3 күннен кейін оның бетінде қатты тұз көрінетін болады. Ал егер барлық тұз сіңіп кетсе, онда тұзды жаңадан қайта жағу керек. Тері тұздалғаннан кейін, бас пен құйрық жағын ішке қарай иеді. Одан кейін бас пен басқа да бөліктерді тұзбен өңдейді.

Содан кейін теріні буып қояды. Оның әдісі мынадай: бастан басталған терінің төрттен бір бөлігі ішке қарай иіледі, одан кейін оң және сол жақтары ортаға қарай, тері арқа бойымен, одан кейін басынан бастап оралады, құйрықпен немесе жіңішке арқанмен байланады

Бес күннен кейін оралған тері шешіледі. Ылғалын ағызып, тағы да аздап тұздап, қайтадан орап қояды. Егер бәрі дұрыс жасалса, онда тері ұзақ уақыт бойы бүлінбей сақталады.

Терілер көп мөлшерде жиналып қалғанда, қатарларда тұздауға болады.

Бірінші теріні еденге жайып тұздайды. Одан кейін бас, аяқ жақтарын дөңгелетіп ішке қарай орайды. Барлық бөліктерді, әсіресе басын жақсылап тұздайды. Одан кейін екінші терінің басын бірінші терінің үстіне емес, жанына түсетіндей етіп қояды. Бәрін бірінші терідегідей жасайды. Екіншісіне үшіншісін, сосын төртіншісін, бесіншісін, осылай кете береді. Бастар бір-бірінен кейін жатады. Осындай ретпен 200 шақты теріні қоюға болады. Қатардағы тұздық терілердің дұрыс орналаспағандығынан бір жақа ағып кетпеуі керек.

Егер тері дұрыс тұздалмаса, ол бүліне бастайды. Тері шіри бастағанда оның жүні түседі. Жүнін анда-санда қолмен тартып көру керек. Жақсы теріден жүн түспейді, ал бүлінген теріден жылдам сыдырылып кетеді. Ондай теріні қолдануға болмайды. Одан кейін терінің сыртқы жағын ішке қарай орналастырып, сосын көлеңкеде кептіру керек. Теріні кептіру үшін іліп қояды. Оны күннің астында не ыстық пештің қасында кептіруге болмайды. Кәдімгі бөлме температурасы болған дұрыс.

Тері кепкеннен кейін (қатты кептірудің қажеті жоқ), оның жүнін ішке  қаратып, соңғы рет кептіреді.Мұндай жағдайда тері көпке дейін сақталып тұрады.

Тері бояу

Тері бояудың екі түрлі мақсаты бар:
1
. Теріге өң беру.
2.
Теріні не ғұрлым су өтпейтін етіп шыйыршықтау:



Тері бояудың ең көп тараған әдісі ағаштың қабығына салып бояу. Бұған талдың, теректің, еменнің қабықтары қолайлы, сондай - ақ жер қынасын, томарбояудың, шөп тамырын, шеңгелдің, көк теректің бүрлері де кеңінен пайдаланылады. Майлы теректердің майын сорғыту үшін оған қышқыл аралас кебектен жасалған ашытқыны салып кептіреді. Оны халық тілінде «былжыр» дейді. Кейде қызыл кірпіштің ұнтағын салып, бүктеп тастаса да жеткілікті.
Теріні кейде талдың, еменнің, қара мойылдың, кейде май қарағайдың қабықтарымен бояйды. Оларды көбінесе күздігүні әзірлейді. Тік тұрған ағаштың қабығын сыдыру ағашқа үлкен зиян келтіреді. Сондықтан бояуға алынатын қабықты көбінесе кесілген, қураған ағаштардан жинайды. Жиналған қабықты жылы сумен жуып, кепкен соң, темір келіге салып түйеді немесе қол диірменге салып тартады. 11 - 12 қой терісінен тігетін үлкен тонды бояу үшін осындай ұнтақталған 4 - 4, 5 кг қабықты 1, 5 - 2 шелек суға салып, тұзын татып қайнатады. Қайнау мен суалдырудың мезгілін қайнап шыққан қабық бояуының түсіне және қоюлығына қарай белгілейді. Су аз құйылғандықтан, бояу шықпай, қабықтар құрғап бара жатса, үстіне су құяды. Ал, керісінше, суы көп құйылған бояулар сұйық болса, үстіне қабық қосылады.

Талаптарға сай орындалған жұмыстың бояуы шығып, қайнауы қанғаннан кейін ыдыстағы қабықтарды сүзіп алып тастайды. Қайнатылған бояу қанжылым болып суыған соң, теріні бояуға қолданады. Егер ыстық бояуды теріге қолданса, оны пісіріп жіберуі мүмкін. Бояуды теріге қылқаламмен немесе кіршіксіз таза киіз бөлігінің көмегімен жағады. Тері бояуды өз бойына бірқалыпты сіңіру үшін оның өңін ішіне қаратып бүктеп, 2 – 3 сағат кептіреді. Бүктелуі жатып дегдіген теріні желге, көлеңкеге, ыстық үйге жайып кептіреді. Теріні кептіру кезінде ол жиырылып, тырысып қалмау үшін тобарси бастаған соң, қолмен уқалап созғылайды.
Теріні бояудың екінші түрі томарбояу. Ащылауытқа шығатын қурай тектес өсімдіктің басы дәнге толған кезде ақ үрпіктенеді, жапырақтары сарғайып, қурайдың түбі қызарады. Шамамен алғанда, бұл шілденің аяғы тамыздың басы. Осындай кезде қурайдың түбірін қазып алады да, оны мұқият жуып, жоғарыда айтылған технология бойынша арналуы ыдысқа салып қайнатады. Бояуы шыққаннан кейін теріге қолданады.
Теріні қынамен де бояйды. Қына жерге жабыса өсетін өсімдік. Мұны да күздігүні дайындайды. Оны жинап әкелісімен, топырақтан, басқа шөп шаламнан тазартып, жылы сумен мұқият жуып алады да, қайнату арқылы бояуын шығарады. 10 – 15 қойдың терісін бояу үшін 2 шелек бояу алатындай есеппен қайнату керек. Қынаның басытқысына тұз, ашудас немесе мүсәтір қосып, аздап май құяды. Кейде көк тікеннің, қызыл мойылдың бастарын өнеркәсіптік бояумен араластырып, қына бояуын күрең қызыл етіп, түсін ашады. Қына бояуы жүн жіптерге, теріге жақсы жұғады. Осы әдіспен боялған теріден неше түрлі бұйымдарды әрлеп құрастырып, тігіп алады. Қоржын, тоқым немесе етік т. Б. Тері бұйымдарын қосымша оюдың үстінен тігу арқылы әрлейді. Мысалы, қара қоңыр түспен боялған теріге ақшыл сары теріден әзірленген өрнек бөлігін жамау арқылы тіксе, текемет, сырмақ тәріздес әдемі өң береді. Осы әдіспен боялған теріден сәнді киім, тұтынуға қолайлы түрлі мүліктер жасалады. Соның ішінде әсіресе төрт түлік малдың терілерінен көптеген сыйлық бұйымдары дайындалады.
Теріден жасалынатын бұйымдар

Пышақ қыны иленген теріден жасалатын, ежелден келе жатқан бұйым. Одан әр түрлі пішінде пышақтың, қанжардың, бәкінің, кілттер жиынтығының, тіпті кез келген кілттер жиынтығының қабын тігіп жасауға болады. Ол үшін қынның пішінінің нақты үлгі бойынша пішіп, екі дана етіп әзірлейді. Дайындалған екі бөліктің тігілетін шетін белгілеп алғаннан кейін, екі түрлі әдіспен тігеді. Біріншісі қайыстан тігілетін арнаулы қынның тігісін ішіне жіберіп аударады. Екіншісі тігісін сол қалпында сыртында қалдырады. Бұл шалу арқылы тігіледі.
Ал көлемді бұйымдардың, мысалы, қоржынды, дорбаны, торсықты т. Б. Сыртынан салып тігіп, өрнек салады. Мысалы, қоржынды қара қоңыр теріден тігіп, үстіне өрнектеп кесілген ашық сары теріні тіксе, өте сәнді көрінеді. Мұндай бұйымдарды жасау үшін былғары өңдеудің технологиясын білу керек.
Былғары өңдеу. Мал терілерін илеп, бояп, өң беру ертеден келе жатқан, ең жақсы дамыған және жетілген өнер. Илеуі қанып, бояуы сіңген былғары су тартпайды. Одан жасалған бұйымның тігісі ыдырамайды және тұтынуға төзімді әрі әдемі. Ағашқа жапсырып қағылған мұндай сапалы былғарыны шеге де мықты ұстайды. Мысалы, жиһаздардың, әр түрлі бұйымдардың сыртына қапталады. Былғарының бірнеше түрі бар. Олар: көксауыр, опайке былғары, хром, көзел, шегерін, сақтиян, ұлтан т. Б.
Көксауыр жылқы мен серке терісінің сауырынан жасалады. Көбінесе ол көкпен, кейде қызыл, сары, жасыл түстерімен боялып, беті жалтырап тұрады. Көксауырдың әр түстілерін өзара мүйіздеп оюластырып немесе бір түсті көксауырды әр түрлі жібек жіппен кестелеп, өрнектеп, түрлі бұйымдар шығарған. Көксауырларға алтын, күміс, жез шегелер қағып, кейде маржаннан моншақ жүргізіп, аяқ киімнің өкшесіне, т. Б. Неше түрлі жарқырауық асыл тастар отырғызып әсемдеген. Мұндай былғарыдан тігілетін бұйымдарға ертеде тарамысты жіп ретінде қолданған

Теріні өңдеуде пайдаланылатын құралдар.

«Талқы»-иден шыққан теріні өте кеппей тұрғанда оны мыжып жұмсартатын аспап.Халық арасында талқының қарапайым жасалған 1 -суреттегі түрі кеңінен тараған.

Ондай талқы жуанырақ айыр ағаштан жасалады. Ағаштың айыр екі бұтағының бетіне қараған жағына тістер жасалады және арасына салған теріні басатын сырық пайдаланылады. Мұндай талқымен негізінен екі адам жұмыс істейді.Бірі салынған теріні екі қолымен ұстап оны жылжытып отырады,ал екіншісі сырықты айырдың ортасына салып теріні талқының тістеріне жаншып отырады.Осындай әдіспен терінің қатты тұстарын талқының тістеріне келтіріп жұмсарту жұмыстарын жалғастырамыз.Жұмысты жеңілдету үшін талқымен сырықты топса арқылы жалғауға болады.Мұндай әдіс жұмыс өнімділігін арттырып,тіпті жалғыз адам істеуге де болады.

«Қырғы»-иленген терінің ішкі көк еттерін сыдыру үшін пайдаланылатын құрал.Оны жасау үшін таңдалынып алынған бір келтек ағашқа екі жағынан 2 -суреттегідей етіп екі тақтай бекітіледі.Тақтай-дың қырына қырлы темір(коньки табаны тәрізді) орнатылады және топсамен бекітілген басатын сырығы болады.Мұндада теріні жылжытып отырып , қырлы темірге сырықпен басу арқылы оны көк еттерінен арылтамыз. «Қырғының жекелеген түрлерінде басатын сырық болмайды.Жұмысты жалғыз адам екі қолымен теріні жылжытып отырып , ағаштың арасына тізесімен басу арқылы жұмысты орындайды.

«Пышақ»-теріні кесу және таспаларды тілу үшін пайдаланылатын өткір құрал. Терімен жұмыс істегенде пышақтардың әр түрлерін пайдаланамыз.Олардың түрлері суретте көрсетілген.Пышақтармен жұмыс барысында өте ептілік пен сақтықты талап етіледі.

. «Біз»-теріні тесу , таспалау және таспаларды өткермелеу үшін пайдаланылатын ұшы үшкірленген арнайы құрал.Олар жай тесіктер тесетін біз,таспалау үшін қолданылатын жалпақ ұшты біз (жыланбас біз) болып бөлінеді.

«Қысқы»-тілетін қайыстың немесе өретін қайыстың тұйық жақ ұщын бекітіп қысып қоятын (тіскі) құрал.

Таспаны тілу және сыдыру.

Құлақбаудан тілінетін таспалардың жалпақтықтары бірдей болып шығу үшін сызғышпен өлшеп ,қарындашпен сызып алғанымыз жөн.Содан кейін ғана тілуді бастаймыз.Таспа тілетін пышақтың өте өткір болғаны дұрыс.Алдын ала сызылған сызық бойымен пышақты бірқалыпты,еппен ғана тартып отырып таспаны тілуді жүзеге асырамыз.Таспаны тілгенде олардың ұштарын екінші бір адам ұстап отырады.Ол адам таспаның екі ұшын тең тартуы керек.Сонда ғана таспа түзу тілінеді.Тігілетін таспаның, өрілетін өрімнің әдемі шығуы осы таспаның дұрыс тілінуіне тікелей байланысты.Ал, жұмысты жеңілдету үшін шеберлер әртүрлі таспаны тілетін, оны сыдыратын аспаптарды (станок) ойлап жасады.

Таспаны өңдеудің келесі сатысы оны сыдыру деп аталады.Таспаны сыдыру өте күрделі процесс болып табылады.Сыдыруды өте еппен,асықпай іске асырған өте дұрыс.

Сыдыру-тілінген таспаның астыңғы жақ (көк еті жағы) екі қырын алу.Сыдырылған таспа өрімге де,таспалауда да жақсы жатады.Өрімшілер негізінен оны пышақтың көмегімен іске асырады.Әр өнердің жасала келе жақсаратыны сияқты біздің шеберлеріміз де таспаны сыдырудың алуан түрлі тәсілдер-

ін ойлап тауып,одан әрі жетілдіру үстінде.Сіздермен соның біріне тоқталамыз. 3 –суретте көрсетілгендей аспапты қолдануғауға болады. Арнайы аспапта тілініп, сыдырылған таспа кез-келген іске жарамды


1-сурет. Теріні өңдеуге пайдаланылатын құралдар.

А-талқы. Ә-қырғы. Б-пышақ(бәкі). В-біз. Г-таспалауға арналған біз. Ғ-кескіш құрал.


Малшыларға малдың жүнінен, терісінен жасалатын үй мүліктері мен киім кешектер қандай қажет болса, ат саймандары ер тұрман, қайыс, таспалар да сондай қажет. Бұл бұйымдыларды ауылдық жерлерде мал бағатын ұжымдарда осы күнге дейін қолданады. Жүнген, айыл тұрман, құлақбау, шілия мен делбе, қамшы мен қайыс т. Б. Әлі де тұтынудан қалған жоқ. Қайыс өрудің бірнеше өрнекті түрлері мен атаулары бар. Олар төрт таспадан өру, түйемұрындық, өткерме, тастүйін т. Б. Жүген, ноқта, делбе, шілияларды өру әдісімен жасайды.
Қолөнерде таспа өрудің сан алуан түрлері кездеседі. Оның үш таспа, төрт таспа, бестемше, алты таспа, бұзау тіс дырау, жыланбауыр, қос бұрым, сегіз қырлы, егеуқұйрық, айыл жырым өрімі, қабырға, таңдай, жиырма төрт таспа т. Б. Қайыс өнерінде кеңінен қолданылады. Өрімдер 3, 4, 5, 6, 7, 12, 24, 36,….. 83 – ке дейін, кейде одан да көп таспадан өріледі. Өрім өрнектері сан алуан. Кейде құйысқан шілиялардың үстіңгі бетін төрт бұрым, алты бұрым, астын біртұтас «жыланбауыр» етіп жасайды. Ал ішіне өзек салып, алақанын тоқыма өріммен жалпақтап келтірген дойыр, дырау, бұзау тіс қамшылар өте әдемі келеді. Осыншама көп таспалы өрімдердің ұштары жай байлана салмайды. Олар әр түрлі мәнермен түйіліп, шашақталады.
Үш таспадан өрілетін жалпақ өрім түріне жатады.Бұл әдіспен өрген кезде екі шеткі таспаларды кезектеп алып өрімнің ортасына салу арқылы жалғастыруға болады. Таспалардың санын көбейту арқылы бұл өрімді әдемі әрі жалпақ етіп шығаруға болады.Ал ,үш таспалы өрімді таспаларды тұйықтап тіліп,өрімді де тұйық-

тап өруге болады.Таспалардың орын ауысуы төмендегі 4 – суретте жақсы көрсетілген.

Енді осы жалпақ өрімдердің бірнеше түріне қысқаша тоқталсақ .Келесі 5 –суретте өрімнің бірнеше тәсілдері көрсетілген.Суретке қарай отырып осы әдістерді де меңгеруге болады.Бұл өрім түрлерін әдемі белдіктер мен қол сөмкелерге бау ретінде пайдалануға болады. Өрімнің осындай түрлерін көбінесе ат әбзелдерінін жасауда кеңінен қолданылады.Соның ішінде өріп жасалынатын бірнешеуінің аттарын атап өтсек болады.Қарапайым төрт таспамен жұмырлап ертоқым-ның қанжығасын,жүгеннің тізгінін өруге болады.Ал,егерде таспаны жуандау етіп тілсе одан шылбыр тіпті өрілген арқан да жасауға болады.Өздеріңе белгілі шылбырдың ұзындығы недәуір,ал арқан бірнеше құлаш болады. Оларды өру үшін таспада ұзын болуы керек.Ол үшін иленген теріні шетінен бастап айналдыра отырып тіледі.Содан кейін айналдыра тілінген таспаны түзеу үшін дым кезінде екі қазыққа керіп байлап ортасына әр салмақтағы(таспаның жуандығына қарай) тастарды бекіту арқылы керіп қоямыз.Таспа қалыпты жағдайға келген соң өруді бастаймыз.Өрілген арқан жылқыға шалма салу үшін қолға ыңғайлы, салмақты болады. Жалпақтап өру әдісімен айылдың жырымы,жүген,ноқта,шілия,божы,өмілдірік,құйысқан жасалады.Өрме жүгендер таспаның санына қарай әр алуан мәнерде өріледі.Жүген өрілетін таспалардың ортасынан 20-25 см алақан қайыс қалдырылады.Сол жерден ауыздық шығарып,таспаларды (екі жақтау ауыздықтың екі шығырығынан бастап екі бөлек өріледі) өре бастайды.Кеңсіріктік,кекілдік,сағалдырық та осы таспалармен тұтас өріледі.Жақтаушалардың желкелік қоспасын кекілдік, кеңсіріктік, сағалдырықтардың түйіскен жеріндене өрім,не түю мәнерінің түрлерімен шашақтап,түймелеп бекітеді.Бұл әдіс шілия, құйысқан,өмілдірік,ноқта өрімдерінде де қолданылады.Өрімдерді жалпақтап өріп,оның кей жерлерін жұмырлап,қырлап,қуыстап құбылтып та өреді.

. Өте шебер өрімшілер таспадан қылыш,найза өтпейтін қаттауық тонды да,су ақпайтын торсықты да,көнек те,кеукерін де өрген.Түрлі шынықаптар,шамадан,қоржындарда өрген.Өрілген заттардың әр жерін күміспен жауып,тас орнатып,кавказ өрнегін де салып әшекейлеген.Сондықтан да бұрын өрім өнері өте жоғары бағаланған.Өрмелі бір шідердің бағасы-бір бестіге татитын.Осыдан-ақ біздің ата-бабаларымыздың шын өнермен шебер өрімшіні қалай бағалағанын білуге болады.

Қамшы. Сыйға беретін әрі киелі бұйымның бірі қамшы. Ол төрт, алты, сегіз, он, он екі және одан да көп түрде өріліп, әшекейленіп жасалады. Қанша өріммен өрілетіні белгіленгеннен кейін, қайыстан тиісті өрімнің талшықтарын арнаулы пышақпен немесе ұстарамен кесіп алады. Алты өрімнің қайысын біркелкі етіп кесіп алғаннан кейін, оның қалыңдығы да біркелкі болады, жуан жерлерін тегістеп, қырларын өңдегеннен кейін өруге кіріседі. Әр өрімнің өзіндік құпиялары бар. Барлық өрімдердің негізін үш өрімнен байқауға болады. Бұл өрім өте кең қолданылады. Өрілген қамшы сабын мүмкіндігінше тобылғыдан таңдаған дұрыс, егер ол болмаса, шамшат немесе емен т. Б. Қызыл ағаштардан СТД – 120 М ағаш станогында жонып, арнаулы қамшы сабын дайындайды. Тобылғы асылы таудың беткейінде өсетін ағаш. Оны шеберлер шілденің аяғы мен тамыздың басынан ары қарай, яғни күзге қарай жинайды. Шеберлер бұтақсыз, неғұрлым түзу жерлерін кесіп алып, толық кепкенше іліп қояды. Егер тобылғы сәл қисықтау болса, оны түзу затқа мықтап қосақтап байлап, бірге іліп қояды. Сонда тобылғы түзу болып кебеді. Әбден кепкен кезде шебер оның сыртын қойдың құйрық майымен ысқылағанда, қоңыр түсі қою қызыл түске өзгереді де, өте әдемі өң береді. Сөйтіп қамшының өрімі шебердің талғамына қарай, тобылғыға бекітіліп әшекейленеді.

Қамшы-ер-тұрманның құрамына енеді.Оны кейде «ат жүргізгіш» деп те атайды.Өйткені қамшыны негізінен көлікті жүргізу үшін пайдаланады.Ал керек болған жағдайда оны қару ретінде қолданады. Ондай қамшының сабы салмақты,өрімі жуан және ұзын болып келеді.Көбінде мұндай қамшыларды қарулы батыр адамдар ұстаған.Олар қамшымен ұрған кезде жігітті ат үстінен аударған.Өткір өрімді қамшымен ұрғанда бес жасар өгіз терісін қаққа айырған. Қазақта ондай жігіттерді –қамшыгер деген.

Қамшылардың ата-бабадан қалыптасқан дәстүр бойынша ер адамға арналған,әйел адамға арналған және балаға арналған көптеген түрлері болады.Сол сияқты олар өріміне қарай төрт таспалы,алты таспалы,сегіз таспалы,он екі таспалы және қос өрімді айыр қамшы болып көптеген түрлерге бөлінеді.Ал ішіне өзек салып,алақанын тоқыма өріммен жалпақтап келтірген дойыр,дырау,бұзау тіс,дембел қамшылар ұрған жерін кесіп түсетін өткір,сабы,алақаны,айдары алтын,күміс талшықтармен бұралып,бунақталып өте сәнді келеді. Қамшылардың небір көркем түрлерін еліміздегі өнер мұражайларынан көруге болады.Халық арасындағы шеберлер оларды бүгінгі күнге лайықтап асыл тастармен әшекейлеп, алтынмен аптап,күміспен күптеп көз тартарлықтай етіп жасауда.Олар бүгінде ел арасында да ,елімізге келген туристер арасында да үлкен сұранысқа ие.Қамшыны қазақ өте қастерлеген,киелі санаған.Жын-шайтанды онымен аластап,үйінің төрінен орын берген.Сондықтан қазақ жүрген жерде қамшы болады.

Қамшы –қазақ өмірі мен дәстүрінің ажырамас бір бөлшегі іспеттес.Осы қамшыларды өріп,оларды көз тоймастай көркемдеуші шеберлерді- «Өрімші» дейміз.Олардың қолынан қолынан шыққан қамшылар өріміне,сапталуына ,ұзындығына,көркемдігіне қарай көптеген түрлерге бөлінеді.Енді осылардың бірнешеуін атайық.Олар: 4,6,8,12,,,-таспалы қамшы Дырау қамшы Бұзаутіс қамшы Дойыр қамшы Жыланбауыр қамшы Сарала қамшы Дембел қамшы Айыр өрімді қамшы Ырғай сапты қамшы Мүйіз сапты қамшы Елік сапты қамшы Өрім сапты қамшы Бишік

Енді , қамшының құрылысына тоқталатын болсақ ,олар төмендегі 7-суреттегідей бөліктерден тұрады.мұндағы 1-қамшының бүлдіргесі,2-қамшының сабы,3- қамшының бауыры, 4-қамшының алақаны, 5-қамшының шашағы, 6-қамшының өрімі,7- өрімнің түйіні.

Қамшы сабының ұзындығы қазақы өлшем тұтаммен өлшенеді.Яғни бір тұтамыңыз төрт еліге тең.Көбіне қамшы сабының орташа ұзындығы алты тұтамға тең.Халық арасындағы «Алты тұтам-ат қамшы.»-деген сөз содан қалса керек.

Таспаларды өру әдісі мен олардың орын ауысуы төмендегі 8 –суретте анық көрсетілген.

Осы берілген суретке қарап ақ кез-келген адамға өрім өруді оңай үйренуге болады.

Өрім өруді ең қарапайым түрінен бастаған абзал.Алдымен өзімізге күнделікті таныс , әсіресе қыз балаларға үш өрім.

Содан кейін төрт,бес,т.с.с. Өрімнің домалақ,төрт қырлы,алты қырлы,жалпақ және табаны жалпақ бетіне қыр немесе жон салынып өрілетін түрлері болады.

Оқушыларға төрт таспаны өруді толық меңгерген соң,өрудің басқа түрлерін де берілген сурет бойын-ша үйрену ұсынылады.Өрім өрудегі басты нәрсе таспалардың дұрыс тілінуі.Өру барысында өрімнен көрінетін өрнектердің бірқалыпты шығуына осы таспалардың біркелкілігі үлкен әсер етеді.Тағы да бір айта кететін жай өру барысындағы таспалардың біркелкі тартылып отыруы.Өрімді өру барысында таспаларды аздап сүтке малып отырса бір-бірімен жымдасып жақсы жатады.Домалақ өрімдерді өріліп болған соң кәдімгі екі асықтың шік жағының арасына салып ысқылауға болады.Сонда таспалардағы өрімнің көркін бұзып тұрған сыртына шығып тұрған көк еттері кетеді.

Ал сегіз,он екі таспа сияқты қырлы өрімдердің дұрыс шығуы тікелей тілінген таспалардың дұрыс сыдырылуына байланысты.Қырлы өрімдерді өріп болған соң оларды қажетіне қарай арнайы қырлар жасалған ысқы арқылы түзегеннің еш артық шылығы жоқ



7-сурет. Қамшының құрылысы.

А-қамшының бүлдіргесі. Ә-қамшының сабы. Б-қамшының бауыры. В-қамшының алақаны. Г-қамшының шашағы. Ғ-қамшының өрімі. Д-өрімнің түйіні.

Қортынды

Бүгінде ұлттық өнерімізді дамыту мақсатында шағын кәсіпорындар ашылып,ұлттық қолөнерді өздеріне кәсіп еткен жеке кәсіпкерлерде көптеп саналады.Бұлардың қатарында бұрыннан ұлттық тұрмыстық бұйымдар жасайтын мекемелерде бар.Жас жеткіншектерге олардың ұлттық бұйымдар жасаудағы тәжірибелері туралы әңгімелеп берудің өзі олардың қызығушылығын арттырады.

Жоспарлы экономиканы нарықтық қатынастар бағытына көшіруге байланысты өндіріс көлемінің құлдырауы мәдениет мекемелерінің ,халыққа білім беру мен ғылымды, материалдық-техникалық жабдықтау және ақша қаржымен қамтамасыз ету ісінде елеулі қиындықтар көбейе түсуде.

Атадан қалған ұлттық өнеріміздің сарқылмас қазыналарын жасау істері-қазіргі кезде жеткіншектердің белсенділігін ,олардың өнертапқыштығын арттырумен өндіріс процесін жақсарту , жетілдіру,арзандату мақсатында қолданылатын шаралар жиынтығымен тығыз байланысты.Өндіріс жаңашылдары қазыналарды жасау жұмыстарында тек ғылыми – техникалық және экономикалық талаптарды білу емес сол сияқты білім мен іскерлікті терең игеруінде.Ал оның түпкі негізі мектептен басталуы тиіс.

Егеменді елімізді бүкіл әлем мойындаған мына дәуірде, еліміздің келешегі жас жеткіншектерді туған елі мен ұлтын сүйетін,оның салт-дәстүрін құрметтейтін, бабалардан жеткен баға жетпес ғажап өнерімізді жаңғыртып келешекке алып баратын Отанының нағыз патриотымыз.

Қазақ халқының өнер саласындағы тәлім-тәрбиесі ,мақал-мәтелдері шеберлікке, ұстамдылыққа, жігерлілікке қолдау беріп әсерін тигізіп отырған.Мысалы: «Бай болмасаң бай болма, өнер-білімге сай бол»,-деген халық нақылы, «Ерінбеген өнер табар,шегіне берген соңына қалар»,-деген даналық сөздері тегін айтылмаса керек.

Халқымыздың ұлы ойшылы, дана-ақын Абай атамыз:

«Демеңдер өнбес іске жұбаналық,

Ақыл тапсақ, мал тапсақ қуаналық.

Әуелі өнер ізделік ,қолдан келсе,

Ең болмаса еңбекпен мал табалық»,-дегендей қазіргі нарықтық экономикаға байланысты өнімді еңбекті жандандырып,ұлтымыздың баға жетпес қазыналарын жасап,әлем елдеріне,елімізге келген шет елдіктерге көрсетіп,біздің өзіндік өнеріміз бен дәстүр-салтымыздың қалыптасқандығын мақтанышпен айтатын кезіміз келді.Біз осындай өнерді бағалаған елдің ұрпағы екендігімізді мақтан тұтуымыз қажет.

Сату. Терілер отандық жеңіл өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Онда қосымша өңдеу жасалып, белгілі мемлекеттік сапа стандарттарына сәйкес қайта өңдеу жүргізіледі. Мекеме сатып алатын шикізат мемлекеттік стандарт бойынша қатаң бақылаудан өтеді. Стандартқа сай емес шикізат былғары жартылай фабрикат өндірісіне жіберілмейді. Баға шикізаттың көлемі мен сапасына қарай белгіленеді.

Болжамды есептеулер.     

Шығыстар:

1 кг тұз  = 30 теңге. Бір қойдың терісін өңдеу үшін 1,5-2,5 кг тұз керек x 100 теңге = 150-250теңге.

Ірі қара мал терісін өңдеу үшін 5-7 кг тұз x 100 теңге = 500-700 теңге керек.

Табыс:

Қой терісін сату  – 1 кг= 800 – 1 200 теңге.

Ірі қара мал терісін сату –1 кг= 1 800 – 2 200 теңг

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Бастауыш мектеп» 2004 жыл.

2.«Мектептегі технология» № 12. 2003 жыл. № 5. 2004 жыл.

3.Қасиманов С. Қазақ халқының қол өнері – Алматы, 1995 жыл.

4.Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы: «Қазақстан» 1977 жыл.

5.«Шаңырақ» үй- тұрмыс энциклопедиясы-Алматы. 1977 жыл.

6.Халықұлы Ғ. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы. Алматы.

«Сөздік- словарь». 1998 жыл.

7. Қ.Өстеміров,Н.Адамқұлов Технология Оқулық 6,7,9,11 сынып «Атамұра»2002

8. «Қазақстан ұлттық энциклопедиясы» 9- том Алматы, 2007 жыл

9. «Қазақ кеңес энциклопедиясы» 12 том Алматы, 1978 ж

10. «Мектептегі технология»,2005 ж № 4, 6, 2006 ж №1





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!