Материалдар / Тест: Сапарғали Бегалин "Бала Шоқан" повесі бойынша тест сұрақтары жауабымен
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тест: Сапарғали Бегалин "Бала Шоқан" повесі бойынша тест сұрақтары жауабымен

Материал туралы қысқаша түсінік
Тест: Сапарғали Бегалин "Бала Шоқан" повесі бойынша тест сұрақтары жауабымен 2 нұсқада 30 сұрақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2023
756
5 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1.Мүсінші Мысық

2.АҚЫН АЛДЫНДА

3.ТҰҢҒЫШ ЕСТЕЛІК

4.СОНАРШЫЛАР ТОБЫНДА

5.ӨРІСТІ ӨНЕРДІҢ БЕЛГІСІ

6.НАҒАШЫ АУЛЫНА САЯХАТ

7.ҰЯДАН ҰЛЫ ЖОЛҒА

8.ЖАҢА ДОСТАР АРАСЫНДА

9.ДАЛА СҰҢҚАРЫ ҚИЫРҒА ҚАРАЙДЫ

10.АҢСАҒАН АУЫЛҒА ОРАЛҒАНДА

11.КӨҢІЛСІЗ КӨРІНІСТЕН КЕЙІН

12.ЕКІНШІ ҚЫСТА

13.АҒА ДОСТАР АРАСЫНДА

14.ЕСЕЮ ЖЫЛДАРЫ

15.ҒАЛЫМ ШОҚАН

16.ЫСТЫҚКӨЛ САПАРЫ

17.Ш. УӘЛИХАНОВҚА ХАТ

18.ҚАШҒАРИЯ САПАРЫ

19.ПЕТЕРБУРГ САПАРЫ

20.ПЕТЕРБУРГТЕН АУЫЛҒА

Шығарма үзінділерін жоғарыда көрсетілген бөлім атауларымен сәйкестендір.

1.Шыңғысты орысша оқуға бергенімде, төре, қара болып — «Айғаным енді өзі шоқынғанымен қоймай, баласын да орыс оқуына шоқындыруға беріпті. Аталары орысша оқымай-ақ Үш жүзді билеп еді ғой. Бұл қай бұзылғаны», — деп айтпаған өсегі бар ма еді. Сол шоқындыруға берді деген Шыңғыс, міне орталарыңда. Дінін бұзып па? Халқының қағидасын бұзып па? Білім алды, білімді елдің адамымен тізелесе отыруға, өз ойын басқаға тәуелсіз-ақ орысша жеткізуге жетті. Ал Шоқанжан енді одан да үлкен оқуға барады. Жаңа заманның білімін алады, — деді Айғаным.

2.Шоқанның бір зерттей қарағаны осы тас қақпа және оның айналасындағы көне жұрт белгісі болды. Қаланың Семей аталуының өзі — осы қорған ішіндегі жеті шатырлы балшық үйлер болғандығынан делінген дерек тапты. Ол жеті шатыр бір кездегі көшпелі қазақ жоңғар елдерінің бекініс етіп тұрғанын дәлелдейді екен. Шоқан күнделігіне жазып қойды.

3.Ақын дастанды бастарда ойланғандай үй аспанына бір қарап, қобыздың аңыраған қоңыр үніне қосылып:

Жыр еттім бұл дастанды ертелі-кеш,

«Түйеден нар туады молтақ өркеш,

Кешегі Ноғайлының заманында

Баянға ғашық болған Қозы Көрпеш», —

деп жөнелді. Үй ішіндегі адамдардың бәрі ұйып тыңдап қалған, Шоқан алғашқы бір ауыз өлеңді ішінен қайталады.

4.Алдымен ол басқаларға қаладан көрген тәртібімен допты ойнауды үйретті. Әсіресе оларға қиын тигені таяқпен ұрған допты қағып алу және қашқан баланы доппен кездеп қалу қиын болды. Біраздан кейін бәрі де жаттығып, допты маңайласа қағып алады.

5.Сергей ағайының үйіне демалысқа бір келгенде Шоқан өзіне сурет сабағын беретін Померанцевқа кездесті. Сергей Сотников Шоқанды Померанцевқа айрықша таныстырып, оның суретшілік өнерін өз етті. Сонан Сергей бір әредікте қазақ елінің таланты жайынан сөз қозғап кетті.

Мен сізге бір кішкене қазақ баласының өнерін көрсетейін, — деп Сергей Померанцевқа Шоқаннан алған Мысықтың балшықтан жасаған түйесінің мүсінін көрсетті.

Мынаны жасаған қай жастағы адам? — деген Померанцевтің сұрағына:

Ол кішкене бала. Өзі бір кедей жалшының баласы екен, — деп Сотников Мысық жайындағы естігенін айтып берді.

Мына баланы, шіркін, ана интернатқа әкеліп берер ме еді. Мынау мүсінші болатын бала ғой, — деген сөз Померанцевтің аузынан шыққанда, Шоқан:

Ол қандай интернат? — деп мұғалімінен әдеппен сұрады.

6.Шоқан, ана адырға жеткен соң, қағушы етекте қалып, Қожбанмен біз ең биікке шығып бүркіт ұстаймыз, ол кезде атыңның басына ие бол. Дауысыңды шығарма. Егерде көзіңе түлкі көрінсе, ақырын сыбырлап айт, — деп Шыңғыс баласына өзі білетін аңшылар әдісін үйретті.

7.Қаракөл басынан түс ауа аттанған Айғаным пәуескесі Құсмұрын қайдасың дегендей кешкі салқынмен тартып кетті. Айдын көл алқабында, алшақ-алшақ қонып, қанат жайған Қаржас елінің қауымы қала берді. Мұса үйінен өзіне арнап мінгізген жорға құнанына мінген Шоқан әкесімен бірге салт аттылар тобында бара жатты.

8.Тұғырға қондырғаннан кейін көк қаршыға шегір көзін төңкере шаңырақтан аспан әлеміне құмарта бір қарап, тұғырға орныға қонып дүр сілкініп қойды. Бұрын мұндай құсты адам қолына ұстағанын көрмеген Мысық, екі көзін алмай әрі таңданып, әрі қорқып қарайды.

9.Орысша бір ауыз өз білмейтін Шоқанға Ғазиз көмектесті. Әжесі Айғанымның бір кісілермен сөйлесіп отырғанда айтқаны бар-ды: «Адам сөйлескенше, жылқы кісінегенше» деген. Алғашқы кездескенде «сен қырғыз түгіл мә?» деген өзінен көңіліне дық алып қалған Шоқан Ғазизді іштей ұнатпаса да, өз тілінде сөйлесіп ұғынысқаннан бастап үйірлене берді.

10.Бірде ол сыртында «Орынбай айтуынан «Ер Көкше» жыры» деген жазу бар дастанды оқыды. Осыны оқығаннан кейін оның ойына анадағы Қозы Көрпеш жырының бір шумағы түсті.

«Қарабай Сарыбаймен аңға шықты,

Екі бай аттанды деп даңға шықты.

Екі бай бір жапанда келе жатса,

Алдынан буаз марал аң қашыпты», —

деген бір шумақ жырды ойына жаттап қалған-ды. Өзінің жазу дәптеріне соны көшіріп, аяқ жағына ақынның бейнесін, сонда айтылған Қарқаралы тауын, Аякөз өзенін, ондағы Қозы Көрпеш бейітін жазып қойды. Бұл Шоқанның әке үлгісімен өзіне серік дәптер арнап, көңіліне ұнаған нәрсені жазып қою әдетіне жол салды.




11.Иә, Василий Матвеевич, дәл айтасыз. Сонау көгеріп мұнартқан далада менің ауылым — елім бар. Қазір біздің ауыл қандай қызықты. Малы төлдеген, өмір думаны сонда ғой. Жаңа сіз сұңқар құсты айттыңыз. Осы көктемде менің әкем қаршыға салады. Ой шіркін, қыран қаршығаның қаз ілгені қандай қызық, — деп Шоқан аса бір өңіне келіп, насаттанып кетті.

12.— Мүсеке, мына қадалар, мына тор көз жәшіктер, онда тұрған адам басы неге ілініп қойылған? — деп Шоқан таңдана сұрады.

Бұл анада өзіміз естіген Уәлихан қожаның нөкерлерінің басы. Олардың қолға түскенінің басын кесіп әдейі мына жол бойына ілген ғой, көрген елдің жүрегін шайлықтыруға, — деп Мұсабай басын шайқап, сұры қашып, өзінше әлденені күбірлеп өтті. Шоқанда үн жоқ.

Сырттан келген керуенді әдейі осы көшемен жүргізеді екен. Бұл көшені «ажал дарасы» дейді екен. Шоқандар да осы көшемен жүріп қонақ сарайға жетті. Оларды «Әндіжан» деп атайтын қонақжайға түсірді.

13.Ол ауылға келісімен Әлібайға, Мұқанға, тағы бірнеше ойыны бірге балаларға:

Бүгін кешке алтыбақан, әткеншек теуіп ойнаймыз, соны құратын аспапты — бақан, арқандарды әзірлеңдер, — деп тапсырды. Өзі Қанипаға айтып Әлібайдың қолына екі мықты арқан және екі бақан алып берді. Ел орынға отыра екі ауылдың аралығынан алтыбақан әткеншек құрған балалар шуылы күзек даласының кең алқабына жаңғырыға сыңғырлап кетіп жатты. Іңірде туған ай сәулесі де жер бетіне көгілдір аспаннан жарығын мол жайып, аса көңілдендіріп жіберді. Тек балалар ғана емес, әткеншек басына қыз, келіншектер де, жас өспірім бозбалалар да жиналды.

14.Шоқан старосталыққа белгіленгеннен кейін біраз уақыт өткенде бір күні рота балаларының біреуі Шоқандардың класындағы бір баланы ұрып кетіпті. Ол жылап класс старостасы Шоқанға келді. Рота балаларының үстемдігін көтермейтін Шоқан сол кезде келе қалған, жатақ үйдің тәртібін қарап жүретін офицерге айтты. Офицер Шоқанның өзіне зекіп, «офицерлердің балалары тәртіпті, сендер өздерің тәртіпсізсіңдер», — деп таяқ жеген баланың өзін жазалап, түскі тамаққа жібермей қойды.

15.Нағашы аулында біраз күн болып, Мұса жол жабдығын қамдатып, Қоянды жәрмеңкесіне жүретін болды. Мұсамен бірге келген Николай Потанин бір-екі күннен кейін өзінің баратын жұмысына жүріп кетіпті. Салтанатпен жүруді әдеттенген аға сұлтан Мұса Қаракөлден аттанарда ерекше жабдықтатып, жол шатырын тиетіп, бірнеше нөкермен жүрді. Жолдағы елдің сый-құрмет қонағасысына бөленіп, жәрмеңке басына таяна келіп, шатырын тіккізді. Арқа белдеуінің көк майса Балқашты өлкесі айдын шалқар қара сор көлі, Қояндының қой бұйрат жатық белестері Шоқанға жаңа көріністер елесін сездіреді. 16.Шоқанның алып қайтқан дәлелдемелерін өте жоғары бағалаған әскери министрлік оған әскери атағын үлкейтіп, штабе ротмистер ататын берді, сонымен қатар еңбегін ерекше бағалап (св.Владимир) әулие Владимир атындағы 4-дәрежелі орденмен наградталды. Оған қоса ақшадай бес жүз сом сыйлық айрықша берілді.



17.Ел намаздан шығып мешіт айналасында, бұлақ басына қарай тарай берген мезгілде бажылдаған бір ащы зарлы дауыс естілді. Жолдастарымен қалың топтан шеттей тұрған Шоқандарға қарай басынан қан аққан, үсті-басы алба-жалба, қара сақалды бір адам келе бере етпетінен түсті. Осы сәтте «әкет ананы былай. Не қыл деп масқара болып жүр» деген Жақып даусы да шықты. Жақыптың жанындағы бір жылпос жігіт келе әлгі жығылып, өкіріп жатқан адамды жұлмалай бастап еді:

Кет былай, — деп жігітке ақырып, — ананы тұрғызып алып кел, — деп Шоқан қасындағы күтуші жігітіне әмір етті. Барып қолынан сүйемелдеп, Шоқанның алдына жете бергенде, әлгі қара сақалды адам, бетінен қан жосыған қалпында: «Алдияр, жас сұлтан» деп тізерлеп отыра кетті.

18.Біз Алатау қырқасын қоныстаған қырғыз деген елміз. Еліміз бірнеше руға бөлінеді. Мына біздің руымыз — Бұғы атанады. Бізбен қанаттас отыратын бір руымыз — Сарыбағыс, оның Орман деген манабын біздің рудың жігіттері ажалға ұшыратты. Сонан біздің еліміздің іші мазасыз, атыс-шабыс. Өздеріңізге мәлім, біз екі оттың арасында отырған елміз. Қанаттас отырған Хиуа, Қоқан хандықтары шапқыншысын жіберіп, еліміздің бір жағын айдап алып, қол күш істейді.

19.Сіз әулетіңіз ішінде еуропалық білім алған ең алғашқы адамсыз. Осының өзі — керемет нәрсе және ол Сізге көптеген міндет жүктейді. Алғашқы қадамыңыздың қандай болуы керектігін анықтау қиын. Бірақ бір кеңес берейін, асылында аз болжап, аз қиялдаңыз да, көп қимылдаңыз, бірдеңеден болса да, бастаңыз, өз карьераңыз үшін бірдеңе болса да істеңіз. Ештеңе істемегеннен гөрі бірдеңе болса да тындырған жақсы. Алла жар болсын Сізге.

20. Жылқының басында Шеген, Қанғожа тұр екен. Шоқан келіп екі төреге аттан түсіп, сәлем берді. Шоқанның аттан түскен тәртібін істеп Сергей:

Ағайлар, саусыздар ма? — деп қолдарын алды. Ізетті амандық артынан Қанғожа Шоқанға қарап:

Мына қонақ ағайыңа жылқы күзеу, қысырақ алу қызығын көрсеткелі әкелдің бе? Ол өзі мұндайды бұрын көрген бе екен? — деп күлімсіреді.

Бұрын көрмеген екен, менен естіген соң көруге әдейі еріп келді..



















1-нұсқа

1.«Байлық та, бақыт та тиянақсыз, ең тиянақты қасиет — өнер-білім. Жеті жұрттың тілін білмеген адам — шалағай» деген сөзді өзінің естелік дәптеріне Шоқан жазып қояды. Ол кімнің сөзі?

А) әжесі Айғаным В) әкесі Шыңғыс С) анасы Д) Әубәкір молда

2.Мемлекетаралық жауапты жұмыстың жобасын жасап, соған келісім болғанша Шоқан қанша уақыт Құлжада болды?А) үш айдай В) алты айдай С) бір айдай Д) бір жарым жылдай

3.Шоқанды нағашысы өзімен бірге қайда апарады?

А) Құсмұрын бекеті В) Жетісу өңірі С) Көкшетау бөктері Д) Қоянды жәрмеңкесі

4.«Қозы Көрпеш» күмбезінің ішіне кіргенде тастардан Шоқан нені байқады?

А) түркі таңбалары В) арабша жазулар С) адам суреттері Д) жануарлар бейнесі

5.Шоқанның ата-анасымен арадағы түсініспеушілік, «ақ сүтімді кешпеймін» деп өкпелеуге қандай себеп болды? А) орыс қызымен көңіл қосқаны

В) ата-анасының батасын алмай Қашғарияға сапар шегуі

С) кедейлерге болысып,әке үкіміне қарсы болғаны

Д) ата-анасының қалауындағы қызбен үйленбегені

6.«Шоқан, сен ана Қашғарияға барам деуші болма. Мына сияқты бүлініп жатқан ел сенің кім екеніңді біліп қойса, тірі жібермейді...Сен өзің сол қырғыздың шетінде сенімді жерде қал да, Қашғарияға Мұхаммедякуп Жанғұловты жібер. Ол сенің керекті мәліметтеріңді жазып әкеліп береді» деп Шоқанға хат жазған кім?

А) Карл Казимирович В) Семенов-Тянышанский С) Гасфорт Д) Сотников

7....қар көріне пәңгі маусымы басталады екен. Бұл өздерінше еркіндік мерзімі екен. Жер емшегін еміп, бақ өсіріп, егін шығарып, күріш, жүгері даласын жаздай бағып қалаға оралғандар сауық думанын бастайды екен. Олар наша тартып, мастанып, көшеде қосылып ән салып, би билеп, сайрандайды екен. Әңгіме кімдер туралы?

А) қашғарлықтар В) әндіжандар С) ұйғырлар Д) қытайлар

8.Әубәкір молдадан .... оқып хат тани бастаған кезінде-ақ Шоқан әкесінің қойын дәптерлеріндегі жазуларды оқып үйренді. Бірде ол сыртында «Орынбай айтуынан «Ер Көкше» жыры» деген жазу бар дастанды оқыды. А) арабша В) түркіше С) парсыша Д) шағатай

9.Шоқан Қашғариядан жылдың қай мезгілінде еліне қайтты? А) қыс В) көктем С) жаз Д) күз

10. Шоқан қаланың ішін аралап, Шығыс Түркістанның мәдениет орталығы болған шәрдің сән-салтанатымен таныса бастады.. Мұсабай да, Шоқан да ...не істеді?

А) көрген-білгендерін хатқа түсірді. В) сол жерді картаға түсірді.

С) дүкен ашып сауда жүргізді. Д) салт-дәстүрін зерттеді.

11.Шоқанның қолжазбасымен танысқан Петербург қауымы ауыздарынан суы аға оқыды. Бірінен бірі алып, қолдан-қолға тигізбей таласа танысты. Шоқанның қолжазбасы шетелдер ісінің министрі канцлер Горчаковқа ғажап ұнады. Шоқанның қай сапарынан жиналған қолжазбалар жайлы айтылған? А) Қашғария сапары В) Ыстықкөл сапары С) Іле Алатау сапарыД) Аягөз,Семей сапары


12.Бамбук ағашынан қиюластырып, піл сүйегімен безеп жасаған қол-қобди бірінің ішінен бірі алынатын бірнешеу еді. Соның ең кішірегінің ішіне ақ торғынға орап салған сол сурет өте құрметпен салынған.Қандай сурет?

А) Сырымбет тауының табиғаты В) Алатаудың ғажайып көрінісі

С) Уақытша үйленген келіншегінің суреті Д) Қозы мен Баянның бейнесі

13.— Шоқан Шыңғысович, сіз осы Шлагинтвейт жеңінен анықтап қайтқан хабарыңызды бүгіннен бастап отырып жазыңыз. Мен оны газетке бастырамын. Бұған Германия, Англия ғалымдары жылап көріседі. Оның тағдырынан олар ешбір хабар ала алмай қапалықта, — деген ойды кім айтады? А) Карл Казимирович В) Семенов-Тянышанский С) Гасфорт Д) Сотников

14.«Мұз белдеуде».

Қараңғы, дымқыл қуыста

Көлбеңдер жансыз құр елес

Ұялшақ жандай жас тұста

Мұз таңы қалғыр ерте, кеш.

Мені де желпір жаңа өмір

Мұзды асқар сол бір шыңында- деп өлең шығарған ақын?

А) Аполлон Майков В) Федор Достоевский С) Сергей Дуров Д) Григорий Потанин

15.Манасты жырлайтын ақындарын қалай атаған? А) Ыршы В) Манасшылар С) Жұмоқшы Д) Дешті


























2-нұсқа

1.Шоқанның ұсынуымен қабылданған Қытай мемлекетімен сауда келісімі, Құлжа, Шәуешек қалаларында консул тағайындалуы, шекара жобасы жақсы қабылданды. Петербургтағы шетелдер министрлігі қадағалай танысып, бұл жобаларды халықаралық келісім дәптеріне ерекше құрметпен ....деген атпен тіркеді.Қалай аталады?

А) Жаркент келісімі В) Қашғария келісімі С) Петербург келісімі Д) Тарбағатай келісімі

2.Шығармада Шоқан оқыған,естіген қисса,жырлардың ішінде қайсысы кездеспейді?

А) «Ер Тарғын» жыры В) «Сейфүлмәлік» қиссасы С) «Ер Көкше» жыры» Д) «Боз жігіт» қиссасы

3.Мысықтың әкесі Шыңғыс аулында қандай қызмет атқарды?

А) кеңсе үйінің күзетшісі В) жылқысын бағушы С) атшабар Д) жалшы

4.Шоқан «Қозы Көрпеш Баян сұлу» жырын алғаш кімнен біледі?

А) Арыстан ақын В) Айғаным әжесі С) Әубәкір молда Д) Бұғыбай ақын

5.Аңға шыққан кездегі Шоқан мінген аты қалай аталады?

А) Сарыбалапан В) Құйын С) Қызқара Д) Қоянсоққан

6.Шоқан аулына қонаққа келген Сотниковке қазақ тұрмысындағы қандай істі тамашалады?

А) жылқы күзеу В) аңға шығу С) қой қырқу Д) алтыбақан құру

7.«Асауды ....жуасытады, тентекті ....жуасытады» деген мақал бар ғой, бар қашаған қайда кетеді дейсің. Бірыңғай құла жирен болып матастырылсын, — деді Қанғожа.Көп нүктенің орнына сай келетін нұсқаны тап. А) қамшы, таяқ В) жез, тез С) тағдыр, өмір Д) құрық, бұйрық

8.Қашғарияда Шоқан қандай лақап атпен аталды? А) Шоқыбай В) Әлімбай С) Әзімбай Д) Ызғұтты

9. Оның маржандай қиыршық құмы күздің шаңытқан шағырмақ күні ыстық аспаннан желсіз қырда тамылжиды. Осы бір күн қызуын Шоқан айрықша ынтыға жазды. Содан жүріп Жаркент дариясының бір үлкен алдағы атақты ...құмына келді. Бұл — Шығыс Түркістан жеріндегі атақты құм.Құм қалай аталады? А) Ұйғыр В) Қашғар С) Намиб Д) Такламакан

10.Жиырма жасқа келген кезінде талапты жас оқу іздеп жаяу, жалғыз Москваға жүріп кеткен. Азықсыз, көліксіз алыс жол жүріп, ашып-арып Москваға жетіп, іздеген оқуына тұяғын іледі. Бір жағынан еңбек етіп және оқып жоғары дәрежелі білім алады. Зеректігіне сүйсінген ұстаздары оны Германияға үлкен оқуға жібереді. Ол Германияда университетті бітіріп, үлкен ғалым болып қайтады. Әрі ғалым, ірі ақын данышпан біздің орыс елінің ардақты ұлы, тұңғыш ғалымдарының бірі болған. Кім жайлы айтылған? А) Достоевский В) Менделеев С) Пушкин Д) Ломоносов

11.Шоқан мүшел жасқа толғанда әкесі оны қандай оқуға береді? А) Омбы кадет корпусы

В) Орынбор әскери штаб С) Петербург гвардия мектебіД) Қостанай семинариясы

12.Шоқанның нағашысы? А) Жазықбай сұлтан В) Қанғожа би С) Мұса ШорманұлыД) Әлібай қарт

13.Мына бала өнерпаз болатын бала. Қара, мына жасаған мүсінінде, алған тұлғасын ұға білгендік бар. Халық таланты дегендер осылар-ау. Тек көзін ашатын білім керек. Білім беру үшін мектеп ашу керек. Ондай заманға әлі көп уақыт бар,-деген ойды айтқан кім?

А) Карл Казимирович В) Семенов-Тянышанский С) Гасфорт Д) Сотников

14.Экспедицияның Ыстықкөл сапарына шығуының негізгі мақсаты

А) қырғыз руларының өзара алауыз айтыс-тартысын тыныштандыру, Россия қол астындағы халықтың шаруа және ішкі тәртібі жайында бірер ереже жобасын жасау

В) Қырғыз елінің шұрайлы жерлерін Россия қарамағына өткізу, қытаймен қарым қатынасты нығайту С) халықауыз әдебиеті мұраларын жинастыру, өсімдік әлемін зерттеу

Д) «Манас» жырын хатқа түсіру, сауда саттық мәселесін нығайту

15. Кітап соңында Шоқанның өз ауылы, өз үй-ішімен ұғыныса алмай жүрген шағында Батыс-Сібір өлкесінен бір хат келеді. Хатты алғаннан кейін Шоқан не істейді?

А) Қашғарияға сапарынан жинақтаған еңбектерін жариялайды.

В) Петербургте оқуын жалғастырады.

С) Билік жобасын жазуда кеңесші ретінде Омбыға аттанады.

Д) Қытай мен Россия сауда қарым қатынасын шешуге шақырту алады.



































Жауаптар

1.7

2.15

3.2

4.10

5.13

6.4

7.6

8.1

9.8

10.3

11.9

12.18

13.11

14.12

15.14

16.19

17.20

18.16

19.17

20.5


1-нұсқа

1.а

2.а

3.д

4.с

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!