Тіл және сөйлеу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тіл және сөйлеу

Материал туралы қысқаша түсінік
материал бастауыш сыныпқа арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу

Сабақтың мақсаты: Сөйлеу және оның түрлері туралы берілген ұғымды кеңейту, оқушылардың сөйлеу мәнерін жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі: жеке және сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Бағдарлау – мотивациялық кезең.

Негеш – өздерің сияқты 3 – сынып оқушысы. Ол – көңілді, мейірімді, білімқұмар бала. Негеш үнемі «Кім? Не? Қайда? Неге?» сұрақтарын көп қояды. Сол себепті оны Негеш деп атайды.

Негеш мына сұрақтардың жауабын білгісі келеді:

  1. Сөйлеу не үшін қажет?

  2. Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?

Білгішбек: «Тіл мен сөйлеудің не үшін қажет екенін мына сызбадан байқауға болады».

DrawObject1 сөйлеседі

DrawObject2 хабар береді

ТDrawObject5 DrawObject4 DrawObject3 іл арқылы пікірлеседі

білмегенін сұрайды

кеңеседі

  • Сендер бұған не дейсіңдер?

ІІ. Операциялық – орндаушылық кезең.

1 – жаттығу. Суретпен жұмыс:

  • Қыз не істеп тұр?

  • Қыз ән шырқап тұр.

  • Бала не істеп отыр?

  • Бала айнаға қарап сөйлеп отыр.

  • Хабарландыруда не жазылған?

  • Кішкентай ақ күшіктің жоғалып кеткені туралы жазылған.

  • Суреттегілерді ауызша және жазбаша сөйлеу түрлеріне ажыратыңдар.

  • Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің қайсысы бұрын пайда болды?

  • Сөйлеу түрлерін қай кезде, қалай қолданасыңдар, әңгімелеу?

«Құстар қалай дыбыстайды» ойыны

  • Бұл қай құс? Ол қалай дыбыстайды?

Бүркіт – шаңқылдайды, қаз – қаңқылдайды, шағала – шаңқылдайды, тырна – тыраулайды, торғай – шырылдайды, сауысқан – шықылықтайды.

2 – жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы

  • Ақтан неге мәз болды?

  • Құстардың сөйлегеніне мәз болды.

  • Шынында, құстар сөйлей алады ма?

  • Жоқ. Құстар тек дыбыс шығарады. Олар сөйлей алмайды.

Сонымен балалар, байқадыңдар ма? Сөйлеу тек адамға тән құбылыс.

Дәптермен жұмыс. 3-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, соңғы екі сөйлемді көшіріп жаз.

ІІІ. Рефлексиялық - бағалау кезеңі.

«Ойлан, тап» ойыны

Аяғы жоқ – жүреді.

Аузы жоқ – сөйлей біледі.

(Хат)

Сөзі дана, үні жоқ,

Сөйлемейді – тілі жоқ.

Қолыңа алсаң – шешен,

Ақылы асқан көсем.

(Кітап)

Әрі шешен, әрі әншә, әрі күйші.

Әр үйде бар, тапқышым кәне, білші.

(Радио)

Құлағында – құлағым,

Аузында – аузым,

Күнде естіп тұрамын

Жолдасымның дауысын.

(Телефон)

  • Жұмбақтың шешуіндегі сөздер сөйлеудің қай түріне жатады?

  • Радио, Телефон ауызек сөйлеу түріне, кітап, хат жазбаша сөйлеу түріне.

Үй тапсырмасы:

5 - жаттығу


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
15.10.2018
785
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі