Тіл мәдениеті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тіл мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал тіл туралы ақпарат береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тіл мәдениеті және баспасөз»


Қазіргі кезде кең өріс ала бастаған, әсіресе радио мен телевизия хабарларында жиі кездесіп жүрген тіл мәдениеті және сөйлеу типімізге көшейін деп отырмын. Қазірде екінің бірі журналист болып бсспасөз қызметте істегенмін деп жүргендер қаншама.

Ал қазір кеңінен қарайтын болсақ, «жайында», «жөнінде», «туралы», «хақында» сияқты анықтауыш сөздеріміз тұрғанда кейбір әдебиетшілер мен журналистердің «жайлы» деген сөзге неліктен әуестеніп жүргенін түсіну қиын.Ана тіліміздің байлығын пайдалану, тіл занының талаптарына сәйкес жаңа сөз жасау және интернационалдық сөздерді пайдалану жолымен қазақ тілінің ғылыми терминологиясы белгіленіп, қалыптасты, қазақ лексикасына мыңдаған жаңа терминдер, ұғымдар, фразеологиялық тіркестер берік еніп, қазір қазақтың байырғы төл сөздері қатарында жалпылама қолданылып жүр.

Интернационалдық терминдердің, оның ішінде орыс сөздерінің қазақ тіліне көптен енуінің заңдылығы іс жүзінде айдан анық дәлелденіп отыр. Сондықтан бұрын қабылданған терминдердің шетінен қайта қарау жайында қазір әңгіме болуы мүмкін емес. Бірақ кейбір терминдерді анықтай түсу, әсіресе интернационалдық терминдердің сын есімдік формаларын қолдануды бір ізге салу жөнінде пікірлер айтылуы әбден орынды.Шығыс халықтары тілдерінен қазақ лексикасына ауысқан «әдеби», «әскери», «мәдени», «рухани», «саяси», «табиғи», «тарихи» сияқты сын есімдік форма қазіргі кезде біркелкі қолданылып жүр. Орысша «профессиональный», «общественный» деген сын есімдердің қазақша баламалары «кәсіптік» - «кәсіби», «қоғамдық» – «қоғами» болып екі түрлі алынып келеді.

Қазақ тілінде шығатын мерзімді баспасөзде орыс тілінен ауысқан бірталай географиялық атаулар осы күнге дейін әр түрлі алынып келеді. «Урал» – «Орал» (тау мен өзен аты), «Сибирь» – «Сібір», «Оренбург» – «Орынбор», «Челябинск» – «Челябі», «Омск» – «Омбы» т.т. 1968 жылдың аяғында өткізілген ғылыми-практикалық конференцияда дәстүрлі жолмен бұрыннан қалыптасқан атаулардың шегін ақтық рет белгілеп, бұдан басқаларының бәрін орысша нұсқалары бойынша қолдану қажет деген ұсыныс айтылған-ды. Бірақ терминологиялық комиссия бұл жөнінде әлі де тиянақты шешімге келген жоқ.Қазақ тілінде тәр түрлі айтылып, жазылып жүрген бірталай дублет сөздер бар. Мұның өзі кейде негізсіз айтысқа айналып кетіп жүрді.

Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру – ұлттық мүдде талаптарының бірі. Қазақ Тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөйлеу мәдениеті, оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы – дұрыс айту нормасы. Жазу және сөйлеу мәдениетінің қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орны және оның орфографиялық ережелерді жүйелеу мәселелерімен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттеліп келеді. Сөйлеу мәдениетін ұлттық мүдде ретінде тану; сөз мәдениетіне әлеуметтік көзқарасты қалыптастыру, сөз мәдениетін әлеуметтік ғылымдар мен ұлттық мәдениеттің ең басты тірегі ретінде бағалау, сөз мәдениетін ұлт мәдениетімен қатар насихаттау болды. Шынында төркіндес екі сөздің анаусы дұрыс, мынаусы теріс деп төндіре дәлелдеу қиын. Бұл жөніндегі бірден-бір өлшеуіш тәжірибе болуға тиіс. Әлбетте, баспасөзде дублеттердің қайсысының өте-мөте көп қолданылып жүргенін анықтап, соған жіп тағу, яғни егіздің бір сыңарын әдеби норма етіп қабылдау тиіс. Қорыта айтқанда, аударма ісіндегі, терминология мен орфография саласындағы кемшіліктер мен шалағайлықтарды, әдебиет пен баспасөзде орын алып келе жатқан ала-құлалықты біржола жою үшін әлі де көп жұмыс істеуге тура келеді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.12.2023
176
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі