Мақала тақырыбы «Тіл
мүкістігі бар балалардың тілдерін дамытуда ата-аналармен
жүргізілетін жұмыс түрлері»
Мақсаты: Балабақшамен ата - ана
арасындағы қарым - қатынасты күшейте отырып, отбасында балаға
ата-ана ықпалын арттыру. Тіл мүкістігі бар балалардың ата-
аналарының өмірге деген
көзқарасын өзгерту;
Міндеттері: Бала тәрбиесінде ата - ананың
алатын орнының ерекше екенін түсіндіру, ата-ана бойына өздерін
тәрбиеші ретінде қарауда қызығушылықтарын арттыра отырып, олардың
махаббаты жанұяның балаға әсерінің басты себебі екенін
түсіндіру;
- Отбасы – адамзат бесігін
тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы - ата-ана екенін
ұғындыру;
- Баланың ата-анаға,
ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігі мен махаббатын, танымдық
қабілеттерін, отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның арасындағы тығыз
байланысты қоғамдық қарым- қатынастың бір бөлігі ретінде
дамыту;
- Отбасында достық қарым-
қатынасқа, бауырмалдыққа, құрмет сезіміне, жаңа қоғамда жаңашыл
көзқарастағы жанұяның пайда болуына, тіл мүкістігін түзетуде екі
жақты оңтайлы еңбек етуге нақыштап
тәрбиелеу.
«Қазіргі заман талабына
сай, жан- жақты
жетілген бойында ұлттық сана мен ұлттық
психология қалыптасқан, имандылық әдебі парасаты
бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда
отбасының, балабақшаның барша елдің халықтың міндеті»
(Н.Ә.Назарбаев
Түзету
топтардағы түзету - тәрбие
жұмыстарының сәттілігі қатаң және алдын-ала ойластырылған жүйемен
анықталады. Ал, бұл дегенің барлық оқу процесін және балалардың
бүкіл іс-әрекеттерін түзету.
Жалпы түзету топ тәрбиешісі, тіл түзету
маманының ата – аналармен өзара сабақтастығын, серіктестігін
арттыру үшін, мынадай жұмыс түрлерін өткізу жоспарға қойылған: топ
ішілік ата – аналар жиналысы, бақша ішілік жалпы ата – аналар
жиналысы, ата – аналармен жеке кездесу, яғни, ата – аналар үшін
ашық есік күнін белгілеу және өткізу, ата – аналарға тәрбиешілер
тарапынан педагогикалық және психолог тарапынан психологиялық кеңес
беру, психологиялық тренинг – ойындарға қатыстыру, мерекелік
кештерге шақыру, ата – аналарды отбасылық жарыстарға қатыстырып,
ата–аналармен «Толағай» спорттық сайысын өткізу белгіленді.
Шығармашылық тұрғыдан алғанда «Шебер қолдар» қолөнер сайысын өткізу
арқылы да біраз құнды мағлұматтар алуға, өнерлерін ортаға салуға
болады. «Анаммен өткен бір күнім» және «Әкеммен өткен бір күнім»
немесе «Бұқаралық ақпарат көзіне - жоқ дейміз» акциясын өткізуге
ата-ана мен баланың қатысуын талап ету. Үйге тапсырма беру,
мнемотехниканы ойлап тауып, суреттеп келуді тапсыру, орындалуын
талап ету. Ата-аналар жиналысы кезінде, оларға бетке, тілге массаж
жасау түрлерін көрсету.
Артикулияциялық жаттығулар
жасату (Ата –
анамен
бірге):
Баланы тәрбиелеу, дамыту және
білім беру мәселелерінде отбасы мен
балабақша ұжымының бірлескен
өзара тығыз байланыста болуы қажет деп жоғарыда айтылғандай,
балабақшада білім жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту,
психологиялық тәрбиелеу, жеке, мәдениетті тұлға ретінде дамыту
болса, бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі
болады. Баланы өмірге дайындау үшін, олардың тілдерін дамытудың
маңызы ерекше. Сол себепті, ата-ана да тіл түзету топ тәрбиешісі
жұмыстарынан хабардар болуы, жүргізілетін жұмыс түрлерін сол ата
-анаға да қолдану шарт.
«Саяхатқа шыққан
тіл» ата-аналармен тілге жаттығу
жасау (тыныс алу және дауыс
элементтерімен жүргізіледі).
Қазір, бізбен
бірге тіл де саяхатқа шығады. «Тіл
саяхатқа шықпас бұрын есік алдына шығып, ары - бері қарады. Сосын
үйге кіріп, жолға алып шығуға бөлке пісіруге кірісті. Нан илеп
(тілді таңдай мен екі ортада ширату), оқтаумен нанды жазды (бірнеше
рет таңдайға тілді ысқылау). Бөлке піскенше іші пысып ары - бері
жүгіріп, аяқдоп ойнады (тілді екі ұртқа кезек-кезек соғу).
Шаршағасын далаға есік алдына шығып, екі аяғын созып, дем алды
(жалпақ тіл). Бөлке піскен соң, бөлкеге бал жағып, жеп көріп еді,
өте дәмді болыпты (сүйір тіл). Тіл дәмін көріп қатты тамсанды
(тілді еріндерімен тарау). Тіл жолға шығуға дайын болып, ән шырқап
жүре берді (ән айту).»
«Ата-анамен өткен бір күнім»
анасымен немесе әкесімен бала бір күн бірге жүріп, ата-анасының
іс-әрекетін саралап, көргенін, естігенін, күн ұзағына атқарған
әрекеттерін баяндап берулері қажет. Немесе теледидар, радио,
компьютерсіз бір күнді ата-ана мен бала өткізіп, сол әрекеттерін
балабақшада баяндап беру.
«Үйге тапсырма» -мнемотехника
құрастыр.
Мнемотехника - мектепке
дейінгі мекемелерде көптеп қолданылатын жұмыс түрі.
Мысалы:
«Қазақ
елі.»
Халқым үшін
жасалған,
Сәулетті, зәулім
үйлері.
Бәйтерек аңыз
атанған,
Бұл ұлы қазақтың
елі!
Балаға ерте жастан дағды мен
икемдерін қалыптастыру үшін оқу тәрбие процесінде, өлең,
тақпақтарды жаттатуда өте тиімді әдіс. Өлеңнің әр сөзіне немесе сөз
тіркесіне сурет салынады. Осылайша, өлеңнің барлық жолы сызбалармен
беріледі. Кейін графикалық бейнелерді естерінде сақтау арқылы
өлеңді толықтай айтып шығады. Алғашында балаларға дайын жоспар
берілсе, кейін осы сызбаларды балалармен бірлесе отырып жасауға
болады. Осы жұмыс үйге тапсырма ретінде балаларға беріліп,
ата-анамен бірге орындап келу тапсырылады.
Дөңгелек
үстел.
Балабақша мен ата – аналар
арасындағы адамгершілікті рухани қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым
тапқан жағдайда, оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі
болмақ.
Тәрбиеші жағдаяттық
(ситуациялық) ойын өткізеді. Мәселен:
Жағдаяттық
сұрақтар:
-Сіздің балаңыз балабақшада
бөгде баламен төбелесіп қалды.бірақ сіз ол
жағдайды екі күннен кейін
қасында бірге тәрбиеленетін баладан
естідіңіз, сіздің
іс-әрекетіңіз?
-Бір нәрсеге ашулы баласы
балабақшадан келе сала, құрысын бақша,
Енді бармаймын! Балалар жаман,
жек көремін бәрін деп күйіп піседі.
Сіздің әрекетіңіз
қандай?
-Ата аналармен байланыс — жеке
және топтық жұмыс түрлерінде
жүзеге
асады. Тіл түзету маманымен жұмыс
түрі. Тіл түзету маманы
ата-аналарға жекелеп,
белгіленген әр біріне арнайы күндерге
белгілеп,
массаж жасап
көрсетеді.
Бала психологиясының дұрыс
қалыптасуында ата - ананың да, тәрбиеші- ұстаздың да атқаратын рөлі
зор. Сондықтан да, отбасы мен балабақша ынтымақтастығының өсіп келе
жатқан болашақ ұрпақ өміріне тигізетін әсері өте зор. «Ұстаз –
бағбан, бала - гүл» деген қағида әр тәрбиешінің ұстанымы деп
білемін. Отбасы – балаға «эмоционалдық тылда» психологиялық қорғау
беретін бірден-бір алғашқы әлеуметтік орта. Отбасының маңызы
мектепке дейінгі жастағы тіл мүкістігі бар балалар үшін ерекше.
Әрбір бала өз ата-анасынан, әжесі мен атасынан, бауырларынан ерекше
сүйіспеншілік күтеді: яғни оны үлгілі тәртібі мен қылығы үшін емес,
қандай болса сол күйінде сүйгенін
қалайды. Себебі, тілінде мүкістігі бар балалар
өз ісінен, сөйлеген сөзінен қысылып, қымсынуы әбден мүмкін. Бала
түзету тобына келгеннен кейін осы бір әрекеттерінен ұялмайтындай
болуы, өзін қысылып тежемеуі үшін арнайы мамандар жұмыс жасайды.
Олар: психолог, тіл түзету маманы, түзету топ тәрбиешілері, сонымен
бірге арнайы дәрігер мамандар.
Әрине,
бала үшін отбасы – бұл қоғамдық тәжірибенің
көзі. Отбасында ол өзі еліктейтін үлгілер табады, мұнда ол
әлеуметтік туылады. Егер біз адамгершілігі зор, дені сау, сөйлеу
тілінде кемшілігі жоқ ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, онда бұл мәселені
«бүкіл әлеммен»: балабақша, отбасы, қоғам болып шешуіміз
қажет.
Баланың тілінің дамуы
танымдық процестегі қоршаған ортаны
тану нәтижесінде болады, ал, бұл
дегенің педогогикалық ұжымның ата - ананың, баланың бірлесіп
атқарған іс - әрекетінің нәтижесі деп білеміз. Баланың миы белсенді
жұмыс істеген сайын оның ішкі құрылымдары да жақсы дамиды, осының
салдарынан бұзылған тілдік және психикалық функциялары тез қалпына
келеді. Баланың интеллектісі алынған мағлұматтардың тең нәтижесі
салдарынан жоғарылайды. Бала ата-анасымен бірге далаға
серуенге шығып табиғат аясында ойын ойнап, гүл суарып, оның
топырағын қопсытып, еңбек етеді. Бұл үшін арнайы ата-аналардың
жұмыс уақыты ескеріліп, соған байланысты кесте қойылады. Балаға
ата-ананың бұл әрекеті таңқалдырарлық әсер қалдырып, қуантып
тастайды.
Міне, осы іс-әрекеттерді
жоспарлап, іс жүзінде өткізудегі біздің мақсатымыз – заман талабына
сай шыншыл, жаңашыл, шығармашыл, адамгершілік рухы жоғары,
мәдениетті, жан-жақты сауатты, тілдері дамыған жеке тұлға
тәрбиелеу. Қорытындылай келе, мынадай қанатты, әрбір адам ойланып
жүретін сөздермен аяқтағым келеді.
Туылғаннан ана мейіріміне
қанып өскен баланың өмірге бейімделуі жоғары
болады!
«Баланы өз күшіне сендіріп
үйрету керек. Қолыңнан түк келмейді - дей берсең бала жасқаншақ,
жасық болып қалады. Осыдан сақтану керек» - деп Мағжан Жұмабаев
айтқан болса...
А.С.Макаренко өз кезегінде
«Ата-ана махабаты - жанұяның балаға
әсерінің
басты себебі»
деген.
Ал, Жүсіп
Баласағұн:
Балам білім жолын қусын
десеңіз,
Бесігінде-ақ, ілім шоғын
көсеңіз
Білім үйрет сәбиіңе
сарыла,
Уыздай ұйыт,сүттей сіңір
қанына. – дегенде, Мұхтар Омарханұлы
Әуезов
«Тәрбие
–тал бесіктен басталады»
деген.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
-
Бардиер Г. «Я хочу» - СПб.,
Дорваль,1993
-
Выготский Л.С. «Игра и ее роль в психологическом
развитии ребенка» - Вопросы психологии № 6, 1996
-
Гиппенрейтер Ю.Б. «Общаться с ребенком. Как?» -
М.,2001
-
Зинкевич Т.Д. «Теория и практика сказкотерапии» -
СПб., Гармония,1996
-
Калинина Р.Р. «В гостях у Золушки» -
Псков,1997
-
Мұқанов С. «Жас және
педагогикалық психология» (Алматы 1982ж)
-
Минаева В.М. «Развитие эмоций дошкольников» - М.,
Аркти,1999
-
Родничок. Книга для чтения детям 4-5 лет. –
М.,1993
-
Сатир В. «Как строить себя и свою семью» -
М.,1992
-
Тұрғынтаева Ү. «Халық
даналығы –адамгершілік тәрбие құралы»,
отбасы және балабақша (2001 жыл)
-
Табылдиев А. «Халық
педагогикасы және тәрбие» (1990 жыл)
-
Фоппель К. «Психологические игры и упражнения» -
М.,1998
-
Хухлаева О.В. «Лесенка радости» - М.,
Совершенство,1998
-
ШакироваФ.Б., Махашова
Ж.Т., Шохова
С.И. «Дұрыс сөйлеуді үйретеміз»
мдұ түзету топ тәрбиешілеріне арналған әдістемелік
құрал-2013 жыл.