Материалдар / Тіл ұрпақ тәрбиесінің рухани байлығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тіл ұрпақ тәрбиесінің рухани байлығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзге ұлт балаларының қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Наурыз 2021
242
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тіл ұрпақ тәрбиесінің рухани байлығы

Қазақстандық патриотизмнің негізін қалаушы – мемлекеттік тіл. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі. Мемлекеттік тілді құрметтеу және өзге ұлт өкілдерімен қарым-қатынасты нығайту – Қазақстандағы ұлтаралық келісім кепілі. Тіл ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы, рухани байлығы, баға жетпес құдіретті, қуатты қайнар бұлағы. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрі, сана сезімі, ойлау тәсілі, мінез-құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру - баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Тілді өркендетуді балабақшадан бастау керек. Кішкентай бүлдіршіндерге балабақша қабырғасынан бастап тіл үйренудің маңызы зор. Әсіресе өзге ұлт өкілдерінің балаларын екінші тілге үйрету күрделі жұмыс. . Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ана тіліне қамқорлық ең алдымен сол тілде сөйлейтін халыққа жүктеледі» демекші, менің парызым — балабақшадағы өзге ұлт балаларына мемлекеттік тілді меңгерту.Мектепке дейінгі мекемеде орыс тілінде оқытып, тәрбиеленетін балаларға қазақ тілін оқыту мақсаты – балаларды қазақ тілінде ауыз-екі сөйлесе білуге үйрету, сөйлемдерді дұрыс айту, мұғалімнің сұрағына дұрыс түсініп, жауап беру тәсілдерін меңгерту. Осыған орай, балабақшада қазақ тілі сабағын тиімді жүргізу үшін сабақ жүйесінде ойындар қолданылады.Тілді үйрету өте қиын да көп жақты педагогикалық-психологиялық үрдіс. Осы жұмысты нәтижелі жүргізу мәселелерінің бірі баланың тілге деген қызығушылығын, ықылас, ынтасын ояту және осы қызығушылықты жоғалтпай қалай үйретуіміз керектігі.Тәжірибеде көрінгендей жұмыс барысында ең қиынға түсетіні ол ауызша сөз байланысын құрастыру. Оның ішінде келесі міндеттерді жүзеге асыру өте күрделі:

-Қазақ тілді үйренуге, түсінуге және оны ықыласпен тындауға деген ынтасын, қызығушылықтарын арттыру

-Қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуымен сөйлеу мәдениетін дамыту.

-Қарапайым диалогты жүргізуге жеткілікті, қажетті ең аз мөлшердегі лексикалық, граматикалық база жасау.

-Балабақшада бала қазақ тілін меңгеру барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі- ауысша сөйлеп үйреніп жатады. Мектепке дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сондықтан да балалармен жүргізілетін жаттығулар түрлері әр алуан. Балалардың жас ерекшелігіне қарай топтары үлкейген сайын тіл дыбыстарын айтып үйренуге арналған жұмыс түрлерін біртіндеп күрделене береді.

-Балабақшада жүргізілетін тәрбие білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері кешенді түрде іске асырылады. Дыбыстардың ерекшеліктерін жете меңгеріп, дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру басқа да,  тілдерін дамыту сабақтарында ғана емес, ән күй, дене шынықтыру сабақтарында да, сабақтан бос кездерінде балаларға ана тілінде өлеңдер, тақпақтар, көркем сөздер үйретіледі.

      Қазақ тілін үйретуде көркем және халық ауыз әдебиетін қолданудың маңызы зор. Осы арқылы балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, сөйлем құрып өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға, өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілерді рольдермен орындауға, қазақ халқының дәстүрімен таныстыру арқылы, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, балаларды тіл үйренуге, халық мәдениетін құрметтеуге, адамгершілікке баулиді.

Қазақ тілінде сөйлеуде балалардың тілі тез даму үшін оны қоршаған адамдар да осы тілде сөйлесіп араласуы қажет. Мектеп жасына дейінгі балалар көрген-білгендерін қарапайым түрде әңгімелейді немесе көмекші сұраққа бір сөзбен жауап береді. Осы жерде туындайтын басты мәселе Қарым-қатынас жасайтын ортанын жетіспеуі, қазақ тілінде сөздік қорының аздығы, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта алмауы Қойған сұрақты түсінбеу, қазақша дұрыс жауап бере алмауы, үйренген сөздерді пайдаланып сөйлемді дұрыс құрастыра алмауы Қазақ ертегілерін, тақтақтарды, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды тыңдап, түсініп жаттай алмауы Сондықтан олардың қиялына қанат бітіріп, ойлау, таным, қабілеттерін жетілдіру, шешендікке, тапқырлыққа баулу үшін жаңа оқу технологияларын пайдалану қажет.. Жалпы жаңа педагогикалық технологиялар баланың жеке тұлғалық дамуын арттырып, шығармашылық қабілетін шыңдауға басты рөл атқарады. Баланың жан-жақты дамып, жетілуіне, шығармашылықта жұмыс істеуге бейімделуіне, топта, жұпта жұмыс істей алу қажеттілігіне жетелейтін бірден-бір тиімді әдіс-тәсілі. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі

Қазіргі таңда білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейтесті мәселелерінің бірі білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. . Шындығында сапалы білім, саналы тәрбиемен шынайы ұштасқанда ғана ұлт тілегі орындалып, қоғам өзінің рухани дамуында асыл қасиеттерге қол жеткізбек.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!