Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тілдің көркі - сөз
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Әдістемелік жұмыс түрі: Ғылыми жоба
Жобаның тақырыбы тақырыбы:
«Тілдің көркі – сөз» / «The beauty of languages is - word»
Жобаның өзектілігі: Мектепке дейінгі балалалық шақ – ертегі, қызықты ойындар, әңгімелер мен өлеңдер әлемі. Осы әдіс-тәсілдер арқылы балаларға ағылшын тілінде лексиканы, фонетиканы меңгерту, қарым-қатынас жасай алуға үйрету, тілдік материалдарды есте сақтау, белгілі бір тілдік білімді дамыту, қажетті психикалық қызметтер мен қабілеттілікті дамыту, білім беру.
Жобаның түрі: танымдық сөйлеу
Қатысушылар: ересек топ балалары, ата-аналар, тәрбиешілер, психолог
Балалардың жас ерекшелігі: 5-6 жас
Іске асыру уақыты: ұзақ уақыт (3 жыл)
Мәселесі: балаларға ағылшын тілінің дұрыс дыбысталуын, айтылуын үйретіп, сөздік қорларын дамыту.
Мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбиелеу-оқыту жұмысында балаларға ағылшын тілін таныстырып, дұрыс дыбыстауды үйрету, ағылшынша сөздерді меңгерте отырып, тілін, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге қалыптастыру, ойын түрлері арқылы тәрбиеленушілердің ағылшын тілін үйренуге деген ықыласын арттырып, қызығушылығын кеңейту.
Міндеттері:
- үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру;
- баланың өз күшіне сенімділігін нығайту және дұрыс мотивация құру - ағылшын тілінің ырғағымен және мәнерлі дыбысталуымен танысу, балалардың тілдік құзыреттілігін дамыту;
- мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу мүмкіндігі мен қажеттілігін ескере отырып, ағылшын тілінде баланың өздігінен қарым-қатынас міндеттерінің қорытындылауын қолдау;
- ойын және нақты қарым-қатынас жағдайында қарапайым деңгейде серіктеспен байланыс орнатуды үйрету;
- фонетикалық есту қабілетін дамыту;
- ағылшын тілінде сөйлеу мазмұнын түсінуге үйрету;
- зейін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
- айту және тыңдату: ауызша сөйлеу дағдысының негізін дамыту;
- ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыруда әр түрлі ойын түрлерін пайдалану.
Жоба бойынша әдістемелік жұмыс:
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілі сабағында жалпы тақырыппен байланыстыру, мәселен, мультфильм, ертегі кейіпкерлерінің Mickey Mouse, Tom and Jerry, Little Red Riding Hood көмегімен тапсырмалар орындау арқылы баланың ағылшын тіліне қызығушылығы артады. Сонымен қатар Warm up (сергіту сәті) бөлімінде әр түрлі сандарға, түстерге байланысты өлеңдер тыңдатып, қимыл-қозғалыстармен, қысқа буынды сөздерді қайталатқызу, саусақ театры арқылы Family Finger, Color Finger т.б өлеңдерімен баланың көру, есту, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ең негізгісі осы әдістемелік жұмыстар арқылы ағылшын тіліне қызықтыру.
Ата-аналармен байланыс: Ағылшын тілін оқыту мектепке дейінгі мекемелерден басқа, отбасы ортасында да жүзеге асырылуы тиіс. Бұл үшін педагогикалық білімнің болуы міндетті емес, жай ғана үй жағдайында балалармен дидактикалық ойындарды ұйымдастырып өткізу ғана жеткілікті.
Жобаның әдіс-тәсілдері:
- Оқытудың ойын әдісі өте пайдалы, өйткені балаларды ой еңбегіне бірте-бірте үйренуге мүмкіндік береді. Ойын әдісінің кеңінен қолданылуы ойынның бала қуанышының көзі ретінде ғана айқындалмайды, сонымен қатар ол оқыту міндеттерін шешудің ең негізгі жолы болып табылады.
-
Әр түрлі ағылшын елдеріне саяхатқа бару. Мұндай әдістер ертегіге ұқсас ашып көрсетіледі, жұмбақ арқылы, қимылдық - оңай жолмен, қажеттілер - қызық жолмен берілуі керек.
-
Ағылшынша жаңа сөздерді жұмбақ ретінде жасыру – баланың іс-әрекетін белсендіреді. Мнемотаблицы, салыстыру, теңеу, сипаттау сияқты тәсілдер баланың ойлау, қиялдау қабілеттерін жақсартады.
Жобаны іске асыруда жетіспейтін жағдаяттар:
Жобаны іске асыру кезеңдері
I кезең – Дайындық кезеңі
-
«Мектепке дейінгі оқытуда ағылшын тілі не үшін қажет?» өзекті мәселесі жайлы ата-аналармен сұрақ-жауап анкета ұйымдастыру.
-
Тақырыптық – перспективалық жоспар құру;
-
Қызығушылығын арттыратын ертегілер, дидактикалық ойындар, әр түрлі тіл дамытушылық аудио-басылымдар, диалогтар, тақырыптық мультфильмдер, дұрыс дыбыстауға арналған жаттығулар, мнемотаблицалар, презентациялар жинақтау.
II кезең – Негізгі бөлім (іс жүзінде)
«Мектепке дейінгі оқытуда ағылшын тілі не үшін қажет?» ата-аналарға арналған сұрақ-жауаптар
1. Мектепке дейінгі оқытуда ағылшын тілін үйренудің мақсаты неде деп ойлайсыз:
а) балаларға ағылшын тілінде түсінуге үйрету;
ә) балаларға ағылшын тілін түсінуге үйрету арқылы ауызекі қолданыста қалыптастыру
б) балаларды мектепке ағылшын тілін үйренуге дайындау;
2. Мектепке дейінгі оқытуда ағылшын тілі керек пе?Себебін жазыңыз
а) иә, керек. Себебі...
ә) жоқ керек емес, себебі...
б) жауап бере алмаймын
3. Ағылшын тілін оқытуда сіз балаңызбен жұмыс жасайсыз ба?
а) жоқ, жұмыс жасамаймын
б) кейде ғана көңіл бөлемін;
в) иә, көңіл бөліп сөздерді бірге қайталаймын;
4. Балаңыздың ағылшын тіліне деген қызығушылығы қандай?
а) иә қызыға қатысады;
ә) жоқ, мүлдем қызықтырмайды;
б) жауап бере алмаймын
5. Мектепке дейінгі оқытуда ағылшын сабағында балаңыздың іс-әрекеті қалай?
а) сөздерді қолдана отырып, сұрақтарға жауап береді ;
ә) ойын түрінде сабаққа белсене қатысады;
б) ағылшынша түсініп тұрғанымен өз тілінде жауап береді;
в) ағылшын тілін түсінбейді, мүлдем ешнәрсе айтпайды.
Балалардың тілін, сөйлеуін, сөздік қорын дамытуда ата-аналармен бөлісу, әр балаға диагностика жасау арқылы баланың қаншалықты ағылшын тіліне қызыға алатынын анықтап алу керек.
Баланы ағылышын тілін оқытуда қалай қызықтыруға болады, осы тақырып аясында өткізілетін ұйымдастыру қызметінің тақырыптары бойынша төмендегі әдістемелік жұмыстарды негізге алдым:
-
Ұйымдастырылған оқу қызметінің
(ҰОҚ)тақырыбы: Танысу- «Greeting»
1. Ертегілер әлемінде қонақта болу. Сабақ ауызша өткізіледі. Саусақ театрының көмегімен My name is…/ I am… (My name is Дара, I am Боти т.б.)., «Ат ойлап тап» ойыны (Балалардың өздерінің аттарын өзгертіп атау керек «Good morning. My name is Micky»). Бұл жерде саусақ театрының бала қызығушылығының артуына ықпалы зор.
2. Дым білмес балалармен.What is your name?, Who are you? Сұрақтармен мұғалім дым білместің кейпімен балалармен танысады. Сосын балалар бір-бірімен танысады.
Мұнда балаларды шеңберге тұрғызып бір-бірінен “-Hello?”, “How are you?” деген сұрақ қояды, сонда әр бала да сөйлеп және жауап бере де біледі.
3. Буратинода қонақта. Сабақ балалар арасында және Буратиномен диалог ретінде жүреді, «Сиқырлы микрофон» ойыны (Буратино балаларға ойыншық микрофон таратады да, әрқайсысымен жеке-жеке сөйлеседі).
- Hello.
- Hi.
-What is your name?/ Who are you?
- My name is Айым./ I am girl.
- What is your name?/ Who are you?
- My name is Алмас./ I am boy.
- Good bye, friends.
- Bye, Буратино What is it?
4. Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұйымдастыру бөлімінде (Organization moment) – балаларды шеңберге тұрғызып, Richard Graham “Hello, how are you?” өлеңін билете, қайталатқызуға да болады. Бала музыкаға сәйкес қызыға билеп, қимылмен өлең айтады.
2. ҰОҚ тақырыбы: Animals - Жануарлар
1. Жаңа сөздерді үйрету (Жануарлардың даусы мен жануарлар бейнеленген презентацияны балаларға көрсетеміз). «Аңды тап» ойыны (балалардың алдына ойыншық жануарларды қоямыз. Педагог балаларға жануарларды табуға ұсыныс жасайды: «Aslan, find a dog, please». Егер бала таба алмаса, онда достарының көмектесуін өтінеді).
2. «I have…» сөзін үйрету, монолог құру (балалар үйінен алып келген ойыншық жануарларын қолына алып, бір-біріне қарма-қарсы отырып, монолог жасайды. Мысалы:«Hello. My name is Сабина. I have a rabbit»)., «Аю және оның достары» спектакль ойыны (қуыршақ театрының көмегімен педагог жануарлардың іс-әрекетін көрсетеді).
3. Сиқырлы орман. It is… лексикасын үйрету. ( It is a snake, It is a monkey деп педагог компьютерден презентация жасайды. Балалар педагогтың артынан қайталайды.)
4. «Жануарлардың даусын тап» ойыны (ортаға бір баланы шығарамыз, карточкадағы жануардың суретін көріп, сол жануардың атын айтпай даусын дыбыстау керек. («Woof, woof, woof, woof» – ит – a dog, «moo, moo, moo, moo» – сиыр – a cow, «quack, quack, quack, quack» – үйрек /a duck, The cat goes «meow, meow, meow» – мысық). Қалған балалар қай жануардың даусы екенін тауып оны ағылшынша айту керек: It is a cat, a dog, a cow).
5. "A magic mirror" – «Сиқырлы айна»
Мақсаты: Зейінді дамыту, қызығушылықты арттыру.
Айнадан ойыншық-аңдардың бейнесі біртіндеп балаларға көрсетіледі. Содан соң сиқырлы айнадан бірнеше аңдар бір мезгілде көрсетіледі. Балаларға сұрақтар қойып, нені көргенін және оның санын сұрау керек: I see a dog. I see five dogs.
6. «I can't see» - «Мен көре алмаймын»
Мақсаты: Зейінді дамыту.
Ойынның барысы: Үстел үстіне бірнеше ойыншық аңдар қойылады. Балалар көздерін жұмады, ал бір аң «жүгіріп қашады». Қатысушылар ойыншықтың қайсысы жетіспейтінін және қайсысы қалғанын айтып жауап беруі керек.
I can see…
I can't see…
3. ҰОҚ тақырыбы: Numbers - Сандар
1.“What number is it?” Бұл қандай сан?
Мақсаты: “Бұл қандай сан?” ұғымын қалыптастыру.
Қажетті құралдар: Топтағы 10 түрлі ойыншықтар.
Ойын барысы: Тақтаға 10 түрлі ойыншықтар суреті ілінеді. Ортаға бір бала шығып, қатардан бір ойыншықты алады. Балалар қатардан қандай заттың және қай санның алғандығын алақандарын шапалақтау арқылы көрсетеді. Ойыншықтың атын атау керек. Ойын барысында “What number is it?” деген ұғымды қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын дамыту, қызығушылығын арттыру.
3.“Clap your hands” - Қолыңды соқ!
Мақсаты: Тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен санауды, қанша, қанша болса сонша ұғымдарын қалыптастыру, баланы қызықтыру.
Қажетті құралдар: Педагогтың және әрбір баланың алдына тілі бар дөңгелек.
Ойын барысы: 1-нұсқа: Педагог қол соғады. Балалар санайды. Ортаға шақырылған бала педагогтың неше рет қол соққанын айтуы немесе дөңгелектің тілін саны сонша қара дөңгелекшелер тұрған бөлікке қаратып қоюы тиіс. 2-нұсқа: Ойын күрделенеді. Балалар үндемей, қол соғу санын есептейді, әрқайсысы дөңгелек тілін өздігінен жылжытады. Педагог қатарларды аралап, ойын ережесінің дұрыс орындалуын тексереді.Ойын екі-үш рет қайталанған соң, қорытындысы шығарылады. Ойыншылары қателеспеген қатар ұтып шығады.
4.“Find and make it” – Санды тап та, құрастыр!
Мақсаты: Сандарды тани білуге үйрету. Берілген тапсырманы дұрыс орындай білуге жаттықтыру.
Қажетті құралдар: Сандық карточка. ( «Кеспе сан» қалтасынан алу)
Ойын барысы: Ортаға 3 бала шығарып, сандық карточканы көрсетіп, карточкада қандай сан тұрса, сонша қимыл көрсету, тапсырманы сандарды өзгерте отырып, 2-3 рет қайталау.
5. Apples - алмалар
Мақсаты: балаларды санай білуге үйрету, сөздік қорын дамыту.
Ойын барысы: Педагог «Apples» санамағын балаларға оқып бірнеше рет қайталап айтқызады. Балалар сол санамаққа сәйкес алмаларды себетке салады:
One little, two little, three little apples,
Four little, five little, six little apples,
Seven little, eight little, nine little appels,
All fell to the ground.
Бұл жердегі ерекшелік санды саусақтармен санатқызу.
4. ҰОҚ тақырыбы: My family – Менің отбасым
1. My family
Мақсаты: Отбасы жайлы білімдерін тиянақтау. Ағылшын тілінде отбасы мүшелері туралы сөздерді есте сақтауға үйрету.
Ойын мақсаты балалар саусақтарына қуыршақтарды киіп (саусақ театрын пайдаланып) отбасы мүшелерін атайды: This is my mother. This is my father. This is my grandmother. This is my grandfather. This is my brother. How I love them all.
2.The Finger Family (саусақтармен ойын)
Daddy finger2
Where are you?
Here I am, here I am.
How do you do?
Mommy finger2
Where are you?
Here I am, here I am.
How do you do?
Sister, brother, baby finger2
Where are you?
Here I am, here I am.
How do you do?
4. «Point to the right flashcard» «Суреттің дұрысын тап» деген ойынын ойнасақ қалай болар екен. Come to me. Look! There are 4 pictures: a mother, a father, a sister, a brother (суреттерді топ ішіне іліп тастаймыз). Өткен тақырыпты қайталау үшін қолдануға болады. Мен сендерге: жүгір, ұш, жүз, секір деген командасын бергенде ағылшынша айтылған сөздің қай суретке тән екенін тауып, сол суретті қолымызбен көрсетуіміз керек, келістік пе? Жандос, jump to the «father’ s picture», Сабина - run tо the «mother’s picture», Алишер - fly to the «sister’s picture», Айсана - go to the «brother’s picture». (Ойынды бірнеше рет қайталауға болады).
5. ҰОҚ тақырыбы: Түстер - Colors
1. “Let’s draw a Rainbow!” ойыны
Мақсаты: түстерді үйрету.
Ойынға қажет құралдар: түрлі –түсті қарындаштар, кемпірқосақ салынған сурет.
Ойын барысы: біріншіден мұғалім кемпірқосақ салынған суретті тақтаға іледі. Балалар 7 түрлі қарындашты партаның үстіне қояды. Педагог: This is a rainbow. I can see red color (суретті көрсетеді, балалар сол түсті қарындашты көтереді), orange color, yellow color, green color, blue color, dark blue color, violet color. The rainbow is beautiful. Let’s draw a rainbow! Сосын педагог балаларға кемпірқосақтағы түстерді реттілігімен есте сақтап алуларына уақыт береді де, суретті тақтадан алып тастайды. Балалар кемпірқосақты салып болғаннан кейін, мұғалім суретті тақтаға іледі. Балалар өз суреттерімен салыстырады. Суреттер салынып, салыстырылғаннан кейін, мұғалім кемпірқосақтың түстерін көрсете отырып сұрайды. What color is it? Балалар сұраққа жауап береді.
2. Қуыршақтың сыйлықтары
Мақсаты: Сандар мен олардың құрамы туралы білім беру.
Ойын ойнау арқылы шапшандыққа, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Қажетті құралдар: Қуыршақ, шарлар.
Ойын барысы: Қуыршақтың сыйлық шарлары таратылып беріледі. Балалар ол шарларды үрлеп, қандай түсін және қанша екенін айтады. Үрленетін шарлардың түстері үш түрден аспауы керек. Шардың санымен артық, қандай түсті шардың кем екенін балаларға айтқызу.What colour is it? Балалар сұраққа жауап береді.It is a balloon. I have green and yellow balloon.
6. ҰОҚ тақырыбы: Ойыншықтар – Toys
1. Eat – don’t eat
Мақсаты: Заттарды топтастыра білуге үйрету. Заттардың атауларын ағылшын тілінде атауды бекіту. Белсенді сөздікті дамыту.
Ойын барысы: Педагог балаларға заттардың атын атайды. Балалар сол заттарды «жеуге болады-жеуге болмайды» деп топқа бөліп ажыратады. Ойынды бір-біріне допты лақтырып ойнауға болады.
алма – an apple
нан – a break
қияр – a cucumber
машина – a car
кітап - a book
2. What is missing?
Мақсаты: Балалардың аңғарымпаздық қасиетін дамыту, тез ойланып шешім қабылдауға үйрету.
Қажетті құралдардар: ойыншықтар.
Ойын мақсаты: Кілем үстіне ойыншықтарды қоямыз. Педагог «Close your eyes!» деген нұсқау береді да 1-2 карточканы алып қояды. Содан соң балаларға «Open your eyes!» нұсқау беріп, «What is missing?» деп сұрақ қояды. Балалар жоғалған ойыншықты еске түсіріп, айтады.
3. Ойыншықтар дүкені. «My favorite toy is…?» «Менің сүйікті ойыншығым...». Балалар өздерінің жақсы көретін ойыншықтары туралы айтады «My favorite toy is a car. It is yellow».
7. ҰОҚ тақырыбы: Дене мүшелері – Parts of body
1. “Whose birthday is today?” ойыны
Мұғалім балаларға “One of you has a birthday today. Guess who she is”.
Балалар: What colour is her hear?
What colour are her eyes?
What is her nose like?
What is she wearing?
What is her hobby? – деген сұрақтарға жауап бере отырып, балалар кімнің туған күні екенін табу керек. Бұл ойын балалардың ағылшын тілінде сөйлеуге үйретеді.
2. “Let's fly” ойыны
“Parts of the body” тақырыбын өткенде балаларға жаңа сөздерді меңгерту үшін “Let’s fly” ойынын ойнатуға болады. Бұл ойында оқушылар орындарынан тұрып, қолдарын екі жаққа көтеріп құс тәрізді ұшады, бірге let's fly, fly, fly деп айтады. Мұғалім “nose” деген сөзді естігенде мұрындарын ұстау керек. Қателескен немесе сөзді білмеген бала ойыннан шығады. Сол сияқты “face, head, hand…”. Ойын нәтижесінде балалар жаңа сөздерді тез меңгереді, қызыға меңгереді.
3. Simon says - бұл ойын түрі өте қызықты және қимыл-қозғалыс ойыны. Ойын шарты мынада: Жүргізуші балалардан бір әрекет жасауын сұрайды, Бірақ егер жүргізуші «Simon says» десе орындайды, айтпаса орындамайды. Мысалы:
T.: Simon says “Sit down!” (балалар отырады)
T.: Stand up! (балалар тұрады)
4. “Hot chair” – Ыстық орындық ойыны
Топтың алдында 2 орындық қойылады. Біреуі – «true», екіншісі– «false». Тақтаның алдына 4-6 бала шақырылады. Мұғалім өткен тақырып бойынша сөздерді айтады. Балалар естісімен екі орындықтың біреуіне жүгіріп отырады. Дұрыс отырмаған бала ойыннан шығады.
5. Swimming, dancing, flying деген командалар арқылы орындықтар арқылы балаларды орындықтарымен жарыс өткізуге болады.
8. ҰОҚ тақырыбы “Compare them” – Салыстыру
1. Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта.
Мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.
Қажетті құралдар: қарындаштар, таяқшалар.
Ойын барысы: 1. Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын - қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған көзін жұмғызып, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықтатады. Ойын бірнеше рет қайталанады a long - a small pencil.
“Compare them” – Салыстыру ойыны
2. Зейінді бол
Мақсаты: Биік және аласа ұғымдарын бекіту; логикалық ойлауын дамыту.
Қажетті құралдар: биік және аласа заттар бейнеленген суреттер немесе ойыншық жануарлар.
Ойын барысы: Балаларға биік және аласа заттардың суреттерін немесе ойыншық жануарларды қарастыруды ұсынады. Әр суретте не бейнеленгенін анықтау. Ұзын жануарды (a long giraffe) көрсеткенде балалар орындарынан тұрады немесе қолдарын ұзын қылып созады, кішкентай (аласа) (a small mouse) жануарды көрсеткенде бастарын төмен түсіреді.
Қорытындылай келе, ойындар балалардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын оқу-әдістемелік тәсілдердің бірі. Олар кез - келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл - күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі. Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана педагогтың тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік береді.Ал, дұрыс таңдау үшін балалардың психологиялық және жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін білу керек. Тек қана осы жағдайда ғана, біз күткен нәтижелерімізге қол жеткізе аламыз. Тиімді қолдана білген кез келген технология білім сапасын арттыратыны хақ. Себебі, Қазақстанның болашағы білімді ұрпақтың қолында. Қазіргі жастар - ертеңгі Қазақстанның болашағы.
III кезең – Қорытынды бөлім
-
Балалар ата-аналарымен біріге отырып ағылшын тілінде кез-келген тақырыпқа сай мультфильм тауып, соның қысқа ғана бөлігін диалог ретінде рөлге бөліп, айту тапсырылады.
-
«Running bun» - «Бауырсақ» ертегісін балалар рөлдерге бөліп сахналау керек.
Балаларды қазіргі замандағы оқыту барысында, әсіресе шетел тілін меңгеру мәселелерінің бірі болып табылады. Шетел тілі коғамдық өмірдегі қамтамасыз етудің құралы болуға, ол тек жоғары оқу орындарында, мектептерде ғана емес, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балаларды оқытатын және тәрбиелейтін мекемелерде білім берудің негізгі міндетті компонентіне айналуда. Шетел тілін ерте оқыту бүкіл әлемдік көп денгейлі тілде және мәдениетке деген қызығушылықты туғызу үшін тамаша мүмкіндіктер жасайды, коммуникативтік тіл ерекшілігін дамытуға ықпал етеді, баланың ойлауына , танымына және есте сақтауына, қызығушылығының жоғарлауына әсерін тигізеді.
Қатысушының толық аты-жөні |
Исмайлова Меруерт Тлеукабыловна |
Облыс, қала, ауыл |
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы |
Номинация (тапсырманың аты таңдап алынған тақырып) |
Номинация «Үздік сабақ» Әдістемелік жұмыс Тақырыбы «Тілдің көркі – сөз» / «The beauty of languages is - word» |
Білім беру ұйымының толық атауы |
КМҚК «Қарлығаш» балабақшасы |
Ұялы телефон |
87470591745 |
Электронды пошта |
|