Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Т.Жармағамбетов шығармаларының көркемдік ерекшелігі
Материал туралы қысқаша түсінік
жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1608
5 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I ТАРАУ.Тобық Жармағамбетовтың шығармалары- шынайылылықтың көкжиегі.
1.1 Тобық шығармаларының тақырыптық- идеялық сипаты.
1.2 Тобық шығармаларының кейіпкерлері - жергілікті адамдар бейнелері, қарапайым өмір шындығынан алынған кейіпкерлер.
II ТАРАУ. Тобық Жармағамбетов шығармаларының стилі, көркемдік ерекшелігі турасында.
2.1 Теңеу, салыстыру, эпитет көріністері.
2.2 Ой мен образдың астаса өрілу шеберлігі.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Жазушы Мағзом Сүндетов: Ол ылғи адам біткеннің жүзінен шуақ, табиғат- анамен әдемі бір келісімін тапқан жан тазалығын, сұлулығын іздейтін еді. Ғаламаттай әсершіл, нәзік сезімді болатын. Жылы ілтипат білдіріп, тосырқамай ағынан жарылған кісіге екі сөзге келмей құлап түсетін де, ол туралы жүрген жерінде романтикалық әңгіме шертетін. Өзге біреу жайлы жаманат сөз айту, оған мүлде жат,-деп толғанады.
Нәзік , дарын иесі адам қашанда жеңіл жараланғыш келеді емес пе ?! Жердің гүлі жақсы адам. Ол дүниеден кетсе, гүлдің семгені-деп жазушының өзі адамзат баласына деген мақтанышы мен сүйіспеншілігін дер кезінде айқын аңғартып айта білген.
Ақын Есенбай Дүйсенбаев сөзімен өлеңімен өрілген мына бір өлең шумақтары Тобықтың гүлі өз жерінің қырында мәңгілік гүлдеп тұратындығы, құлпыра беретіндігін дәлелдейді.
Өмір деген өксігін бір қоя алмай
Өтті жыршым, кетті қыршын жасында.
Жарқамыста жатыр ұйықтап оянбай,
Гүл өсіп тұр қабірінің басында.
Тақырыптың өзектілігі : Тағдыры талайлы талантты жерлес жазушы Тобық Жармағамбетов туралы естеліктер , пікірлер саусақпен санап аларлықтай болғандықтан, оның шығармалары өз жанашырлары тарапынан көп ізденушілікті қажет етеді. Сонымен бірге жергілікті жазушы ретінде мектеп оқулықтарына балалар ұғымына лайық шығармалары енгізілсе , оқушы қауымына тереңірек таныс болар еді деген себепті, бұл жұмысымызда жазушының шығармаларының көркемдік әлемін зерттеуді обьектімізге айналдырып отырмыз.
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері .
Жергілікті қаламгердің шығармашылығын жан- жақты қарастырып жұршылыққа таныстыру.
Осы еңбегіміз арқылы жазушының мұрасына қатысты болашақтағы кең, ауқымды, сүбелі зерттеулерге түрткі болып, өрісті істерге қозғау салу.
Тобық шығармаларының тілін, стилін тану, тақырыптық- идеялық аясын аша отырып, түйінді пайымдаулар жасау.
Зерттеу нысаны. Қазіргі таңда Ақтөбе қаласы бойынша Оқитын кітап акциясына таңдалып алынып отырған жазушы шығармаларын насихаттау нысаны ретінде алынды.
Зерттеудің әдісі:Ғылыми жұмысымызда баяндау, талдау, салыстыру, жинақтау, қорыту әдістері алынды.
Зерттеудің дерек көздері. Тобық Жармағамбетовтың туындылары, естеліктер пайдаланылды.
Ғылыми деректер. М. Әуезов Абай жолы роман- эпопеясы,
З. Қабдолов Әдебиет теориясының негіздері, баспасөз материалдары, мұрағат құжаттары пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Бұл еңбек зерттеу мақсатына орай кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және тақырыпқа қажетті пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
I ТАРАУ. Тобық Жармағамбетов шығармалары - шынайлылықтың көкжиегі.
1.1 Тобық шығармаларының тақырыптық- идеялық сипаты.
Қазіргі қазақ әңгімесі негізінен алпысыншы жылдардан бастап қайта өрлеу кезеңін бастан кешіріп, бүгінгі таңда қай жағынан да кемелденіп, жан-жақты жетіліп, соны сипаттарға ие болып отыр деген пікір айтылып жүр. Осы орайда шағын жанрдың өзге де үлкен-кішілі, ілгері-кейінді өкілдерінің ішінде Тобық Жармағамбетов есімі айрықша аталуға лайықты. Адамның басынан кешкен ғұмыры жылжып өткен жылдармен емес, оның болашақ ұрпаққа қалдырған ізі, мұрасымен өлшенетіні сияқты ол өзінің қамшының сабындай қысқа өмірінде ұрпақтан-ұрпаққа ұласа беретін адамгершіліктің асыл қасиеттерін дәріптейтін тәрбиелік тағылымы мол, өлмелі қарияның өмір табалдырығынан жаңа аттаған жас буынға айтқан ақыл-кеңесі сияқты асыл қазыналарымыздың бірі болып қала беретін жеті повесть, он сегіз үлкенді-кішілі әңгімелерін қалдырған жазушы. Бұл-тек оның баспа бетін көрген шығармалары.
Ол әдебиетке өзінің бөлек үнімен, нақышты суретімен тұнық сезімді кәусар шығармаларымен, әрқилы сыры мол мінез шеберлігімен ,өз түсінігімен, білім-парасытымен, адал жанымен болды келген.Ол әдебиетіміздің әлемінден жарқ етіп көрінді де, жанып үлгере алмай, берерінің үштен бірін бере алмай соңғы сөзі қаламының ұшында қалған жазушы. Олай деуімнің себебі, Ақтөбе ферросплав заводының жұмысшы-қызметкерлері өміріне үлкен роман жазбақшы болып жүргенде қайтыс болды.
Жармағамбетов Тобық Мырзағұл ұлы 1934 жылы Жарқамыс ауылында туған. Жазушы 1957 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1957-59 жылдары Жарқамыс орта мектебінде мұғалім, 1959-73 жылдары Байғанин аудандық "Жаңа өмір" газетіне жауапты хатшы, редактордың орынбасары, Ақтөбе телевидениесінде аға редактор, бас редактор болды, облыстық "Коммунизм жолы" газетінде, облыстық мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамында қызмет атқарды. Алайда осы бес күндік жалған өмірдің мәнін танытатын шығармалар қалдырған талант иесінің қабілеттілігіне ерекше ден қоясыз. Оқырман қауымы тарапынан жылы лебізге ие болған құнды дүниелердің қазірде де орны бір басқа. Оқып көріңізші.
Тобық Жармағамбетов шығармаларының өмір шындығы мен шынайылығы өзіңізді еріксіз баурап алады,
Зерттеу мақсаты Тобықтың әдеби туындыларының, әдеби мұраларының тұнығына бойлап кейіпкерлер табиғатын ашуға бағытталып , қаламгердің шығармаларының тіліне талдау жасалды.
Тобық өз шығармаларында әр алуан сезім күйлер, тың ойлар, жан толқыны оқушыларды да ынтықтыра түседі.
Жазушы шығармаларын тіл байлығын қолдана отырып, өз заманынан көріп-білген оқиғаларын , ауыл өмірінен алынған шынайы көрініс пен кейіпкерлер бейнесін қарапайым тілде жеткізе сомдай білгендігі осыдан айқын көрініс береді.Тобықтың өмір суретін нақтылы дәл көрсетуі суреткерлік талантының оқшау танылатындығында.
Зерттеу нәтижесіндегі нысана- Тобық шығармаларын түсінудегі маңызы- жас буынға айтар сезімтал жанның аманаты, достық пейілін ұғына білу.
Белгілі ақын Сәбит Баймолдиннің Тобық қазасына сөйлеген сөзінен өрбітелік. Ол "Біз рухани көшбасшымыздан айырылдық! Байғаниндей алыс далада , түні қалың далада Тобық өктем жарқырап туды.Біздер бүгінгі дарын қонған Тобықтың ат әкелері ,сол жарыққа үйшелеген көбелектер еді. Көбелек жарықты сүйіп қалай отқа ұрынса, біздің Тобыққа деген ішкі сезіміміз сондай қиямет –қайымға шыдайтын ерекше қимас сезім еді. Тобық Байғанин ауданының әдебиетін жасады , бізді сол әдебиеттің қазанынан асып түсіруге жинап алған еді. Байғанин топырағының мәдениетінде Тобықтың орны 21-ғасырдағы орыс әдебиетінің қайсысы болсын, родьначальнигіндей орын еді . Байғанин әдебиетшілері деген рудың көсемі болды, абызы болды",-деп егіле сөйлепті. Жазушы мұраларының мұрасы зерттелуі 7-повесі,он сегіз әңгімесі жарық көрген. Рухани дүниеміздегі аршылмай жатқан бір асылды ел игілігіне айналдырған болар едік. Жетпісінші жылдардың оқырмандарының ойында жатталып қалған, Тобық есімін қайта жаңғыртып , жас буынның санасына бір сәуле жандырады. Жазушының өзі Менің достарым атты әңгімесінде:
"Шіркін , өмір деген қызық-ау .Жаңа да жаңа.Барған сайын өзгеріп жаңара береді. Сонда сен жер бетінде жалғыз жүрмейсің.Сені адам қылып шығарған солар ғой. Солардың ыстық жүрегі , ұсынған қолы ғой. Жер бетінде жалғыз жүру қиын ғой.Сондықтан мен кейде бейуақытта үйде жалғыз отырғанда достарымды еске аламын. Алдағы уақытта тағы кімдердің маған жәрдемші , сүйеуші болатынына ой жүгіртем",-деп тебіренеді . Адам баласына көңілі кіршіксіз, жан-жағынан өзіне дос іздеген жұртқа тек жақсылық ойлаған оған, Тобыққа шәкірттей болып кеткен Есенбай Дүйсенбаев:
Өтті жыршым,кетті қыршын жасында,
Бұл өмірдің қызығына тоя алмай.
Гүл өсіп тұр қабірінің басында,
Жарқамыста жатыр ұйықтап оянбай,-деп жазып кеткен екен.
1.2 Тобық шығармаларының кейіпкерлері - жергілікті адамдар бейнелері, қарапайым өмір шындығынан алынған кейіпкерлер.
Т.Жармағамбетов "Нәзік бұлттар" 1996 жылы жарық көрді. Ал, 1968 жылы"Екі жүрек" деген кітабы шықты. Бәрі көлемі жағынан шағын, жинақы келген айтары мол аса көркем еңбек болатын.
"Нәзік бұлттар" повесінің өзекті негізгі арқауы қазіргі замандастарымыз жоғары оқу орнының студенттер өмірі мен мал шарушылығында жүрген ауыл адамдарының тыныс-тірлігі, арман-мұраты еді. Әрине шағын мақалда хикаяның басты кейіпкерлерінің сомдалуы, характер қақтығысы, тілі, көркемдігін талдау мүмкін емес, сондықтан Қуан ақсақалдың ауыршаруашылық институтында оқитын Теміржан баласының, көрші шопан Үркібайдың қызы Күнсаяға ғашықтығы жайлы сыр шертілетінін айта кеткен жөн. Бар оқиға екі аптада өтеді. Күнсаяға - Москвадағы мемлекеттік консерваторияда оқиды, дкмалысқа келген. Осы линияға үшінші адам көлденеңнен килігеді, ол кинооператор Илия, Теміржан, Күнсая белгілі"үшбұрыш".Илияда Күнсаяны сүйеді. Былай қарасаң екінің бірі жазар ситуация. Міне, осыдан Тобық әдемі, шебер шешім табады. Әңгіме махаббат хақынан адам жанының нәзіктігі, сырлылығы, жұмбақтығына ауысады. Мұнда Бекежан мен Төлеген жоқ. Махаббат және әділдік бар. Сол адалдық, адамгершіліктің мұраты суреттеледі. Әрине, бұл повесть Тобық Жармағамбетов творчествосының үлкен табысы деу лазым. "Ақ жауын повесі - Совет үкіметінең орнауына арналған. Ол анау "Нәзік бұлттарда" кездесер терең психологиялық тартыстан ада. Мұнда керісінше оқиғаға ширақ, динамизм басым. Сондықтан тартымды оқылады. Ал, адамды ойға жетелеп толғандыру жағы аз, Әйтсе мен Қызық әскердің бастығы сағындық пен аудандық партия комитетінің нұсқаушысы Өтеберген бейнелері бөлекше көрінеді. Өйткені Таңжарық, жаңбыршы сияқты күшті жау олардың бейнесінің сомдала түсуіне зор ықпалын тигізеді.
"Сентябрь түні" повесі 1970 жылы жарық көргені баршамызға белгілі. Кітап екі пвестен тұрады: оның бірі "Бәйтеректің жас шағы". Жоғарыда әңгімелеген "Ақ жауынға", "Сентябрь түні" суреттелер кезеңі жағынан жақын тұр. Мұндай жай, қарапайым елдің жаңа заманның туып келе жатқанын түсініп, қызыл әскер жағына шығуы, қолдауы сөз болды. "Ақшат" бөктерінде отырған бір рулы елдің қайсар, өткір мінезді жігіттері Сәлім, Бершін, Нқсербайдың туған жерін ішкі тап жауларынан қорғау жолындағы ерлік істері аса шыншылдықпен, реалистік тұрғыда беріледі. Әсіресе Ақбілек бейнесі бөлекше сомдалғанын атап өткен жөн. Әқбілекте әйелге тән тапқырлық, намыс, ар-ұжданға келгендеерлікке де бара білер батылдық, өз ісіне сенімділік тамаша шешімін тапқан екен.
"Бәйтеректің жас шағы" -Тобықтың тарихи белгілі адамның өмір жолына бетбұрысын аңдатады. Нұрпейіс Байғаниннің аса дарынды халық ақыны болғаны баршамызға белгілі. Ал, оның қандай орта, кезеңде, қалай ақын аталып танылған, халық дастанын, Құрманғазыдай ұлы күйшінің шығармаларын насихаттаушы да болғаны көпшілігімізге беймәлім.
Тобық Жармағамбетовтың бұл повесі бірғана дарынды, аты қалың қазақ еліне мәшһүр халық ақынның өміріне арналған деу де әбестік, хикаяның бүкіл болмысынан дәуір кезең тірлігі, сол кездегі дәстүр,салт-сана, әділдік жолындағы елдің бай-манаптармен күресі жан-жақты суреттеледі.Халық сүйікті, орақ тілді ақының танытса, ақын халқын танытады. Шығармадан үзінді келтіре кетсек... 164-167 беттер, Тобық Жармағамбетов Бәйтеректің жас шағы
... Жердің гүлі –жақсы адам. Ол дүниеден кетсе, гүлдің семгені. Қазір Нұрпейіс осы ойда. Ақ сақалы кеудесін жапқан қарт Сәурен жиі дем алады. Соңғы сәтінің соққаның да біліп жатыр. Қараңғы үйді қоршаған адамдар арасында Нұрпейіс те бар. Ортадағы ошақ та тезек лапылдап жанып, кішкентай киіз үйдің күлдіреуішіне дейін күңгірт жарық беріп тұр. Адам жүздері де күңгірт. Қаралы күйге сай күбірлеп болмаса, ешкім де қатты сөйлемейді... Не деген сұңғылалық?! Қаламгер науқастың соңғы сәтіндегі күй мен адамдардың көңіл- күйлерін және тіпті үйдің ішіндегі күңгірт сәулесінің астасуын жіті көзбен аңғартып дәл штрихпен бере алған. Атадан бата алу, ата жолын кесіп өтпеген қазақ баласының салттық өнегесі, өкпеге қиса да өлімге қимайтын ұлттық жанашырлық повесте де нақты берілген.
Балам, Нұржаным, айтарым:
Жапанда өскен бәйтерек
Жапырағын шөл алды...
Тамыры қалды бірақ та.
Аспандап ұшқан қыран құс
Қауырсынын жел алды,
Балапан ұшты жырақта...
Осы жерге келді де шал кенет демігіп кетті де, бейне көмейіне бірдеме тұрып қалғандай күрт тоқтап қалды. Қатты демалып:
Басымнан қайғы арылып,
Қуанышым оралды!- дей берді де, домбыраны Нұрпейіске ұсынғандай әлсіз қимыл жасады. Нұрпейіс тізерлей жақындай берді де, неғыларын білмей, бір сәт дағдарып қалды.
-Ал, ал, атаңның саған ұсынғаны, берген батасы ғой,- деп отырғандар шуласып қоя берді. Соңғы сәт, Соңғы аманат... Жазушы оқырманының көзіне еріксіз жас үйіртеді. Жалпы , Тобықтың қай шығармасын оқысаңыз да қарапайымдылық, жатық бейнелерді дәл беру, суреттеу көкжиегінің айқын екендігіне еріксіз ден қоясыз.
II ТАРАУ. Тобық Жармағамбетов шығармаларының стилі, көркемдік ерекшелігі турасында.
2.1 Теңеу мен салыстыру, эпитет көрінісі.
Жазушының алғашқы қадамының өзінде-ақ болашақ көркем сөз шеберінің аяқ алысы жақсы байқалып қалып еді.Оның орыны, екпіні, стилі, екпіні, стилі, өрнегі, тіл байлығы, өз заманының көріп-естіген оқиғаларын , материалдарын, және өзі білетін ел ортасынан , ауыл өмірінен ойлап алып жазуы бір ғанибет дерсің. Адамгершілік, достық, жарқын да нәзік махаббат туралы жазылған "Екі жүрек", "Қызыл ай", "Менің достарым", "Тілек бір көңіл ғой" шығармалары құнды еңбектері болатын. Халқының, өскен ортасының көңілінен шығып, оқушы қауымды өзіндік үнімен сүйсіндіре білген, келешегінен мол үміт күттіретін жазушы, өмір шындығын өз шығармаларында айқын көрсетеді.Тіпті, жазушының қай туындыларына көз жіберсеңіз де ,Тобықтың туған өңірге деген сүйіспеншілігі, оның жері мен желінен, қамысы мен қоғасынан жанына жақын іздейтіндігінде. Екіншіден, осындай сезілуі болашақ ұрпақтың бойына сіңіруге ұмтылуында болып есептеледі. Ал шын суреткер ретіндегі байқағыштығы "Ақ жауын" повесінен алынған төмендегі үзінділерден анық аңғарылады. "Май айының ортасы болғанмен , баялыш пен жусан , тобылғы тораң, алабота, өзен сияқты неше түрлі шөптер жан баспайтын жапанда еркін өсіп, жер бетін кішігірім ормандай шаңдап, қанша берік сүйек болып қалса да, тап осы кезде жерге таяқ шаныссаң да гүлдейтін уақытта әр бұтаның өзі мейірлене жұмсарып, гүл атып ,жайдарлы мейрам-мерекеге бөліп тұрғандай". Әдебиет сыншылары Тобық Жармағамбетовтың шығармаларын әуелден-ақ жоғары бағалады.Белгілі қаламгер Мағзом Сүндетов Тобық туралы естеліктерінде :"Ылғи да адам біткеннің жүзінен шуақ,табиғат анамен әдемі бір келісімін тапқан жан тазалығын , сұлулық іздейтін еді.Ғаламаттай әсершіл,нәзік сезімді болатын.Жылы ілтипат білдіріп,тосырқамай,ағынан жарылған кісіге екі сөзге келмей құлап түсетін де , ол туралы жүрген жерінде романтикалық әңгіме шертетін. Өзге біреу жайлы жаманат сөз айту оған мүлде жат",-деп айтып кеткен екен.Немесе талантты сыншы Зейнолла Серікқалиевқа құлақ түрелік "Тобық Жармағамбетовтың "Нәзік бұлттар"повесін былай қойғанның өзінде,оның соңғы "Екі жүрек"жинағынан көрінген адамгершілік мейірімі қандай",-деп сүйсінеді ол "Ақжол кітабында".Ал енді Тобықтың "Қара жаңбыр" повесінің 24-бетіндегі мына бір көрініске назар аударсақ:
... Кемпір өзінің ұзақ өмірінде талай желдерді,жаңбырларды аяздарды, борандарды, аптаптарды,жұт пен аштықты, молшылық пен тоқтықты,жастық пен мастықты, көшкен керуендер мен қонған көштерді,шапқыншылық пен аққан қандарды,аңдар мен құстарды,шөккен құмдар мен шалқыған суларды көп көріп еді.Қазір солардың ішінен біреуі ғанажелді ойлап отыр.Өз өмірінде көрген,өзі білетін желдерінғана жылдар елегінен сатылып шығарып , соны ойлауда.Оның әр түрін тіпті көз алдында елестеткендей,сирақтап,жіліктеп бөледі.Өйткені кемпір қандай құбылыс болсын, оған өзінше баға беретін адам еді.Қашан оның түбіне жеткенше қазбалап, бойына біткен ақыл мен түйсігін,шамасы келгенше ,соған жұмсап бағатын...
Иә,жел...
"Оның да түрі көп қой.Тәтті жел-бұл рақат самал жел,жаңа ашыған қымыздай жұта бергің келеді.Кеудені жұпарға толтырып алатын жел осы...Қатты жел...Оның да түр-түрі, үрім- бұтағы көп.Ең үлкен ақсақалы – шоқпар жел.Қалғандары итерме,елірме,діңкілдек жел болып кете береді...Ине жел...Бұл денеңе үшкір тұмсығын сұғып алады...Тұншықпа жел,күйдірме жел... Айта берсең,сан жетпес,сірә.Ойнақы жел-ол өзіңдіжақсы көретін күшіктей жүгіріп келіп,бетіңді бір жалап алады да,айналып шауып,тағы оралады...Желдердің түстері де болады.Қызыл жел,көгілдір жел.Сұрғылт жел.Ақ жел.Мөлдір...Әсіресе,көгілдір жел жақсы-ау .Мынау келе жатқан сұрғылт жел.Бұдан еш жақсылық күтпей-аққой.Жаңбыр жауса,әуелі қара көктеніп , артынан тіпті қарайып кетуі де мүмкін.Ол жаңбырдың түріне де байланысты...".
Сайдың арғы бетіндегі Рысекеңнің үйінен салт аттылар мен бір арба аудан орталығына аттанып барады.Асығулы.Жаңбыр басталып кетпей жетіп алғылары келеді-ау,шамасы.
"Жаңбыр..."
Кемпірдің әжімді жүзі ой орманы сияқты шытырман."Иә,оның да,жаңбырдың да түр-түрі болады.Бірақ жел оған әмірші.
Қатты жаууы,жай жаууы,сылбыр жаууы-бәрі желден...Ақ жаңбыр...Сары жаңбыр...Бұл күн шығып тұрғанда жауады.Жылама жаңбыр.Бұл-ақ жаңбырдың ең ынжығы.Ақ жаңбырдың өзі алпыс түрлі.Үрдісжаңбыр.Көзді ашып-жұмғанша төгіп салып,артынан жерді жайнатып,көкті көңілдендіріп,зыңылдатып кете береді.Жаңбырдың да мінезі сықылды,ей,астапыралда-ай!,-деп табиғат бейнесін аса көп шеберлікпен суреттейді. Ештеңе оқымаған, сауаттылығы жоқ кемпірдің өмір мен өлім туралы толғаныстарын оқып, еріксіз таңданасың.
Өлім ? Иә ,өлім... Несіне таңғаласың, күн сөнгенше тұрам дейсің бе?... Жоқ... Тек мен осы жер бетінде өмір-бақи, мәңгі-бақи өмір сүріп келе жатқан сияқтымын..., немесе,
... Өлімнің ең қаттысы, мейірімсізі- баланың өлімі. Сегізін көз алдынан жөнелтті-ау. Көбі түнде қайтыс болды. Адамдардың көбінің түнде қайтыс болатын себебі несі екен? Түннің қара шымылдығының астында... Ауыр соққылар еді-ау бұлардың әрқайсысы. Әрбір өлім артта қалған жақының үшін бір өлім де, ана үшін мың өлім ғой. Ішіңді мың жыртқыш тырнайды-ау сонда, жас парлайды-ау сонда бұлақтай. Молдалар о дүниеде өмір бар деп үйрететін. Ол оқу да басымызға қонбады. Бар үйренгеніміз - шала намаз. Қазір баста ештеңе қалған жоқ. Молдаларға салсаң, о жақта өмір екеу көрінеді: біреуі жұмақ, біреуі – тозақ. Олардың айтқаны рас болатын болса, менің бүкіл балаларым да жұмақта. Жазықсыз кетті ғой. Шалым да жұмақта болу керек. Онда орын көп шығар. Бишара ,ақкөңіл, ешбір адамға зияны жоқ жан еді.23- беттен үзінді, Қара жаңбыр
Тобық тақырыпты әр алуан сезім-күйлер,тың ойлар,өмірден алынған жан толқыны,тіпті кейбір толғаныстарға оқушыны да ала кетеді."Соңғы хаттан"дәл осындай сезімді аламыз.Соғыста өлген досының қарт "әжесінің нәзік жүрегін қия алмағандықтан" налытпау мақсатында Қасымның атынан он жыл бойы сол болып хат жазу,ақыры ана өмірден озғанда барып шешілу баяндалады.Қасымның қарындасы Сәулеге былай жазады:"Жау пулеметі сөйлеп қоя берді...Сол кезде қайдан келгенін,қалай үлгергенін қайдам,Қасымым жан ұшырып келіп,кеудесімен мені жаба қалды.Сол сәтте пулеметтің үні өшті.Бірақ,Қасым сылқ етіп барып қою қызыл қаны қолымды жуа ,жерге жантая кетті.Мінеки,Сәулешім,сөйтіп бір-екі рет қана атылған ақырғы пулемет оғының бірі Қасымның кеудесіне қадалды.Қабылдаса қарт ана баласы болайыншы,қабылдасаң,Сәулетай,туған ағаң болайын деп отырмын.Менің кімім бар сендерден бөтен?Енді сенің кімің бар,Сәулешім,менен бөтен?Туған ағаңдай көріп қарсы ал.
Бауырың Самат.22 октябрь , 1955 жыл Чита".
Осылай психологиялық жан тебіренісін жасайды.Асқан шеберлік демеске болмайды бұны.
Нағыз психологиялық шығармаларының бірі-"Майлыаяқ".От лап бергенде,үйде жатқан кәрі кемпір мен екі жастағы ес білмейтін сәбиден бөтен ешкім жоқ еді,-деп басталатын бұл әңгіме өртте қаза болған екі пенденің жан тәсіліміне арналады.Содан кейінгі оқиғалар иесіз қалған Майлыаяқтың көрген азаптарын, оққа ұшуын , ақыры кішкентай қожасының ақтық рет оқуға кеткеннен соң дүние салуымен аяқталады.Мұнда қиял да, елес те жоқ.Иттің басынан кешірген азапты адам табиғатымен ұштастыра суреттеуде өте шеберлік бар.Үйден өрт шыққанда Майлыаяқ сол маңдағы кетіп бара жатқан екі-үш адамды ертіп келуі,өртенген үйден кемпір мен сәбидің мәйітін алып шыққандығы,оларды жерлегендегі иттің қыңсылауы,бәрі-бәрі сенімді суреттелген .
Жазушының алғашқы қадамының өзінде-ақ болашақ көркем сөз шеберінің аяқ алысы жақсы байқалып қалып еді.Оның арыны,екпіні,стилі,өрнегі,тіл байлығы,юморы,өз заманының өзі көріп-білген оқиғаларын,материды өзі білетін ел ортасынан , ауыл өмірінен ойып алып жазуы бір ғанибет,үлкен қисын дерсің.Бұл әдебиетте қолға оңай түсетін қасиет емес, қиямет қиын қасиет.
Бәйтеректің жас шағы деген повесі –жазушының аса дарынды халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің өмірі мен өнер жағына арналған. Ақынның қандайорта,қай кезеңде ,қалай ақын аталып танылғаны жайындағы бұл хикаяның бүкіл болмысынан дәуір тынысы , сол кездегі дәстүр, салт-сана жан-жақты суреттеледі.Халық сүйікті,орақ тілді ақыннын танытса, ақын халқын танытады.
Біздің әдебиетімізде Отан соғысы кезіндегі ауыл өмірі,ер азаматын майданға аттандырып,шиеттей бала-шағаны бағып қалған аналар туралы үлкенді-кішілі шығармалары көп жазылды.Бұл тақырыпқа жазушы да қалам тартқан.Оның Қара жаңбыратты повесі-соның айғағы.Кейіпкер характерін мүсіндеу,олардың жан тебіреністерін небір құбылыстарына дейін ыстық табын суытпай дәл беруі жағынан, әсіресе ұлы майданда мерт болған ана қасіретін және оның ұлылығын бейнелеу жағынан туған әдебиетімізден мұндай туындыны табу қиын шығар.Ағлағыл атты ана- осынау сар даланың сараң табиғатымен біте қайнап өскен , түз өмірінің күллі ауыртпалығын қанша арқаласа да мыңқ етпей тарта беретін нар тектес төзімді жан.Оның екі ұлы сонау ала-сапыран қуғын-сүргін кезінде құрбан болған .Солардың күйігінен бе,әйтеуір шал байғұсы да үнсіз жүріп сөнеді.Енді иек артар жалғызы, майдандағы Мырзашының тілеуін тілеп, соның шаңырағын шайқалтпай, отбасына өзі келгенше бас-көз болсам деп жүргенде ,одан да қара қағазкеледі.Автор оның адам тілімен айтып жеткіліксіз жан күйзелісін шеберлікпен суреттейді.Қаралы қасірет үстінде де сабырлық деген ұлы қасиетін сақтап қалады.Өзіне жаудырмай қарап тым-тырыс қалған үй ішінен аяғын әдеттегіден гөрі еппен басып шығып кетеді.Сосын ойланбастан-ақ құла түзге жүре береді.Оны...аяқтарының өзі-ақ алып келе жатқандай.Ол әлі көзіне бір тамшы алған жоқ.Тек жоқтау сарынымен іштей күбірлеп келеді.Алды ақ тұман...Көзінің нашарлығынан ба?Қарайып барады ғой...Тас қараңғы ғой...Ең болмаса жұлдыздар қайда?Баяғыдай...жоқ,жоқ,ештеңе жоқ...Баяғыда қыз күнінде күн тұтылғанда осындай болып па еді?Осыдан әрі қарай автор қарт ананың қасіретін, өмір мен өлім туралы толғанысын , жан азабына түсіп жатып,шалының маңдайынан сипағандай құлыптас бетін сипағанын егіле отырып жазады.
Осыншалық әдемі шығармаларымен халқын қуантып келген Тобық Жармағамбетов мезгілсіз ажалдан дүние салды.Артына бір кітаптық жарияланбаған әңгімелері мен повестерін қалдырды.
Қазіргі қазақ әңгімесі негізінен алпысыншы жылдардан бастап қайта өрлеу кезеңін бастан кешіріп, бүгінгі таңда қай жағынан да кемелденіп, жан-жақты жетіліп, соны сипаттарға ие болып отыр деген пікір айтылып жүр. Осы орайда шағын жанрдың өзге де үлкен-кішілі, ілгері-кейінді өкілдерінің ішінде Тобық Жармағамбетов есімі айрықша аталуға лайықты. Адамның басынан кешкен ғұмыры жылжып өткен жылдармен емес, оның болашақ ұрпаққа қалдырған ізі, мұрасымен өлшенетіні сияқты ол өзінің қамшының сабындай қысқа өмірінде ұрпақтан-ұрпаққа ұласа беретін адамгершіліктің асыл қасиеттерін дәріптейтін тәрбиелік тағылымы мол, өлмелі қарияның өмір табалдырығынан жаңа аттаған жас буынға айтқан ақыл-кеңесі сияқты асыл қазыналарымыздың бірі болып қала беретін жеті повесть, он сегіз үлкенді-кішілі әңгімелерін қалдырған жазушы. Бұл-тек оның баспа бетін көрген шығармалары.
Ол әдебиетке өзінің бөлек үнімен, нақышты суретімен тұнық сезімді кәусар шығармаларымен, әрқилы сыры мол мінез шеберлігімен ,өз түсінігімен, білім-парасытымен, адал жанымен болды келген.Ол әдебиетіміздің әлемінден жарқ етіп көрінді де, жанып үлгере алмай, берерінің үштен бірін бере алмай соңғы сөзі қаламының ұшында қалған жазушы. Олай деуімнің себебі, Ақтөбе ферросплав заводының жұмысшы-қызметкерлері өміріне үлкен роман жазбақшы болып жүргенде қайтыс
Тобықтың тырнақалды туындысы - "Екі жүрек" әңгімесі. Ол дүниесін 1957 жылы университетті бітіріп, ауылға кетіп бара жатып "Жұлдыз"журналынының редакциясына тапсырып кеткен екен.
Тобық Жармағамбетов шығармашылық қызметін 50-жылдардың аяғында бастады, ол нағыз талантқа тән тереңдікпен, ойшылдықпен, сыршылдықпен, қалам тербеп, уақыт, заман талабына сай салиқалы ой, салмақты жүк арқалаған шығармалар жазды. Үлкен бір повеске пара-пар "Отамалы" әңгімесі қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған асыл мұра болып қалды."Ақ жауын" повесінде 30-жылдардағы қиын кезең туғызған халық қзғалысын, сол кездегі жіберілген өрескелі қателіктерді батыл ашып көрсетті, "Бәйтеректің жас шағы" повесінде халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің өмір жолының кейбір сәттерін оқырманға шебер суреттеу арқылы жеткізді. 60-жылдардағы ауыл жастарының тіршілігі, сырласу, нәзік сезім, шын сүйіспеншілік, қазақ ауылының көрікті бейнесі "Нәзік бұлттар"деп аталатын повесінде көркем бейнеледі Т.Жармағамбетовтың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыл өміріне арнап жазған "Қара жаңбыр" атты туындысы да көпшілік оқырман қауымының ыстық ықыласына бөленді. Жазушы адамгершілік, достық, махаббат тақырыбына арнап "Екі жүрек", "Екі дос", "Менің достарым", "Кішкентай махаббат" атты әңгімелер жазды.
Зымыран уақытқа не дауа?! Осыншалық әдемі шығармаларымен халқын қуантып келген. Тобық Жармағамбетов мезгілсіз жеткен ажалдан дүние салды. Артына бір кітаптық жарияланбаған әңгімелері мен повестерін қалдырды. Оны "Жазушы" баспасы қамқорлығына алып, құрметпен дайындап, талатты жазушының оқушыларына жолдар ақырғы сәлемі ғой деп, "Соңғы хат" деген атпен, суретін басып, 1977 жылы жеке кітап етіп ұсынды. Оған Тобықтың "қуғын", "Үшеу", "Кішкентай махаббат", "Эмигранттың өлімі", "Күту" тағы басқа әңгімелері мен "Қара жаңбыр", "Өлімді жеңген өмір"повестері енді.
2.2 Ой мен образдың астаса өрілу шеберлігі.
Жазушының характер жасаудағы шеберлігін, көпсөзділікке ұрынбай нақты сөйлеуге бейімділігін, суреткерлігін"Соңғы хатта" тағы да көрелік. Қай әңгімесін алмаңыз, ол оқушысын өмірі бейтарап қалдырмайды, сүйіндіреді, тебірендіріп сендіреді, ойландырады. Арзан сәнқойлыққа барып таңдандырам деу тақырыпты саудаға салу - Тобық табиғатына мүлде жат еді. Ол ылғи да іздену, зерттеу, сезіну үстінде жүретін, өзіне ұнаған тағдырды ой елегінен өткізіп, әбден тебіренбейінше қолына қалам алмайтындай мінезіне талай тәнті болғанбыз.
Ендігі парыз - сол туындылардың, Тобықтың "перзенттерінің", оның әдеби мұраларының кейбір беттерін паш ету. Әрине, оның бәрін ғылыми тұрғыдан терең талдау біздің міндетіміз де, мақсатымыз да емес. Кейбір тайыз түсінетіндер Тобықтың мол дүниесінің төркініне терең үңілгісі келмейді. Оның тақырыптары терең тамырлы, сүбелі емес дегенге саяды. Олай емес, Тобықтың шығармаларында Жем, Сағыз,Ойыл өрісі,Желтау. Ғылыми баяндамада айтқан кездегі Үстірт тұнып тұрған көне тарих, төгілген хан, Жібек жолының сайраған даңғылы, көзі бітеліп қалған кез келген шыңыраудан шым-шымдап шежңре шерту, Бартольд айтқандай, Самда болған қаланың көне ғимараттары, елдің тағдыры мен тарих дәлелді де, деректерді теріп, сырлы сөзбен саралап, перзенттік сүйіспеншілікпен, адами түсіністікпен, шырайын келтіре суреттелген. Оның "Сентябрь түні", " Ақ жауын", "Қара жаңбыр", "Бәйтеректің жас шағы", "Отамалы" повестерінде адамдар тарихы, адамдар ғұмыры, адамдар күресі сөз болады.
"Ақ жауын" повесінің басты конфликтісі халық қозғалысын туғызған негізгі әлеуметтік қайшылық-Қазақстандағы ең ауыр кезеңнің - ауыл шаруашылығында өрескел қателер жіберілген 1929-32 жылдардың қайшылықтарын батыл да терең ашып көрсеткен ең татымды, ақтөбеліктер арасында ең тұңғыш шығармаларының бірі. Оқиғаны байсалды ой елегінен өткізіп, шын және әділ әңгімелейді. Суреттелген жайттардың бәрі сол дәуірдің қым-қуат оқиғаларын қазақ елі басынан кешірді. Мұндағы айтылған әңгімелердің бәрі өзінің тарихи нақты шындығымен баурап алады, оқушыны тебірентіп, блған іске кәміл сендіреді. Сонымен қатар, жазушы адамға эстетикалық ләззат беріп, заманның шындығын ақиқат түрде суреттейді.
Оқиға жүйелі динамизм ретінде дамып отырады. Автор бірден тартыс-қақтығыстан бастамай, әуелі сол шиеліністің әзірлігін жасап алатындай ыңғай танытады. Бұдан сюжетті бірте-бірте ширату арқылы шарықтау шегіне жеткізеді. Бірақ автор шығарманың шешім-развязкасын Самттың Сәулешке жазған соңғы хаты арқылы береді. Тек осы жерде баласының өлімін Жеңістің хабарын бірге естісе қарт әже үзіліп кетер деген оймен туған баласы болып, он жыл бойы хат жазып жүрген досы Самат екенін білеміз. Осы сұмдық сыр жүректі сыздатар жыр Қасымның әжесі қайтыс болғаннан соң айтылады.
Тобықтың әңгімелерінің ең тылсым, табиғаты ерекше дүниесі - "Эмигранттың өлімі". Жазушы тақырыбына шек қойылмайды ғой. Дегенмен дипломат, саяхатшы болмаған Тобықты түрткен ой әңгімені жаздыруға итермелеген қандай күш болады екен? Ол әзірге белгісіз болып отырған сырлардың бірі. Қайткен күнде де "Эмигранттың өлімі" иланымы күшті дүние. Жазушы шеткері кеткен. Қанша эмигранттың өлімін тым аянышты суреттейді. Шығармада автор поэзиясы аяудан гөрі айыптауға бағытталған. Әсіресе, жат елде жылап өлген эмигранттың соңғы сапарында, "қайдан келгені белгісіз, оркестрге бір-екі ит араласуы", қабірдің тым тайыздығы, табытшының аяғы тайып, оң қолы "Кашиннің бозарған бетіне сарт ете қалуы" оқырман жүрегін мұздатады.
Тобық Жармағамбетовтың Эмигранттың өлімі өзекті шығарманың бірі деп айтуға болады.,. Жазушы тақырыбына шек қойылмайды ғой. Дегенмен дипломат, саяхатшы болмаған жазушыны түрткен ой ,әңгімені жазуға итермелеген не, қандай күш болды екен?! Ол әзірге белгісіз нәрсе. Алайда осы әңгімені беріле оқи отыра, өз Отанынан безіп, өзге елдің мүскін азаматына айналған, жұпыны тірліктің құлы болған эмигрант кейпін көреміз. Әңгімеге құлақ түрсек:
... Аурудың фамилиясы Кашин болатын. Атын Ирэн білмейді, ылғи Мосье ия орысша мырза дейтін. Өзінің туған жері- Орынбор жері еді,сондағы ауқатты семьялардың бірінен шыққан ол жасында Қазан университетінде оқып, журналист мамандығын алды. Жиырмасыншы жылдары Совет үкіметіне қарсы топтың бел ортасында болып, орыс тілінде шығатын газетте істеген. Ол алғашқыда Совет үкіметі ұзақ өмір сүре алмайды деген ойға қалтқысыз берілген еді. Бірақ ол сенім кейін үмітке айналып, үміт оты да жыл сайын лаулай түсудің орнына сөне берген.
Өмірінің соңғы кезі жалғыздықпен өтті. Ендігі ермегі- живопись-ті . Анау қабырғада тұрған Түнгі ДНЕПР картинасының алдында жас кезінде жылап тұратыны есінде. Енді Кашин өзінің өткен жолына күдікпен көз тастай бастады. Өмірде не көрмедім, не істедім деген сұрақтар жүрегін сығып-сығып кететін. Шынында да өткен өмір жолында мұң азап, қателесуден бөтен ешнәрсе жоқ екен. ..Жазушы осы әңгімені көлденең тарта отыра , туған жерге деген сағыныш тақсіретін тартқан кейіпкерді көз алдымызға әкеледі.
Көшпенді халықтың ерекше сақтанған айларының бірі- қыс айлары, Сақылдаған аязы мен түтеген бораны аждаһадай ысқырып арпалысуы Отамалыәңгімесінде шынайы түрде суреттеледі. Осылайша кейіпкер әлемімен тұтаса көрсетіле, сөйлеген сөзінен, жанталаса табиғаттың қаскөй күшімен жекпе –жекке түседі. Бояуы қанық,тіршіліктің баға жетпес көрінісі жазушының творчествосында айрықша көрінген. Үлкен бір повеске пара-пар "Отамалы" әңгімесі әдебиетіміздің алтын қорына қосылған асыл мұра болып қалмақ. Белгілі сынықшыларымыздың бірі бұл әңгімені Эрнест Хемингуйдің Нобель сыйлығын алған "Шал мен теңіз" повесімен үндесіп жатыр деп бағалауы тегін емес.
Сыншы, филология ғылымдарының кандидаты Зейнолла Серікқалиева "Отамалыны талдай келіп: "Бұл әңгіме не үшін керек деген сұраққа жауап берер болсақ, ата-бабаларымыздың өткен өлшемі өмірін ауыр да азалы тіршілігін танып, бүгінгі бақытты бағалай білу үшін керек" деген болатын.
"Отамалы" - этнографиялық әңгіме. Халық календарындағы бесқонақты халқымыз екінші сөзбен "Отамалы" деп атап, кәсіпке бейімдеп аңызға қосқан.
Егер, "Абай жолының" 1-томындағы "Шытырманда" тарауының, 106-бетін анықтап қарасақ, М. Әуезовтың "Отамалыға" кішкене ғана тоқталып кеткен. Тобық заманымыздың ұлы жазушысы М.Әуезовтың бір бетке сыйдырып, қысқартып жазып кеткен жерін толықтырып, "Отамалы" арқылы қат-қабат әлеуметтік сыры бар хикаяны жақсы ашып берген.
Қазақ халқының өткен өмірін зерттеп танымақ болған кезде ғалымдар үшін де, жазушылар үшін де көп үңіліп, терең толғайтын, әлі сыры түгел ашылып болмаған күрделі объекті бар. Ол- Нұрпейіс Байғанин, оның тіршілігі, ақындық өнер, ол өмір сүрген кез...
Тобықтың "Бәйтеректің жас шағы" деген повесі тарихи белгілі адамның өмір жолына бетбұрсын аңғартады. Нұрпейіс Байғанинұлы аса дарынды халық ақыны болғаны баршамызға белгілі. Ал, оның қандай орта, қай кезеңде қалай аталып, танылғаны жайында көбіміз біле бермейміз.Тбық Жармағамбетовтың бұл повесі бір ғана дарынды аты қазақ еліне белгілі халық ақынның өміріне арналған деу де әбестік, хикаяның бүкіл даламыздың сұлу көркінен сусындаймыз. Повестің тілі нәрлі, бояулы, Оқиғасы тартымды, қызғылықты.
Сентябрь түні: Повестер.- Алматы: Жазушы, 1970. -176 беттен үзінді.
Жазушы Тобық Жармағамбетовтің бұл еңбегіне екі повесі еніп отыр. Мұның алғашқысы ақын-жырау Нұрпейіс Байғанинұлының өнердегі өміріне, екіншісі Октябрь революциясы кезіндегі ел өміріне арналған. Нұрпейіс Байғанинің аса дарынды халық ақыны екені баршамызға аян. Ақынның қай кезеңде, қандай ортада өмір сүргені, халық дастандары мен Құрманғазы күйлерін насихаттаушы болғаны да мәлім.Повестің өң бойынан халық ақынның өмірінің бір кезеңі ғана емес, дәуір тынысы, кезең тірлігі, сол кездегі дәстүр, салт-сана әділдік жолындағы елдің үстем тап өкілдері мен қақтығысы да көрініс береді. Халық орақ тілді ақынның танысы, ақын өз халқының болмысын таниды. Нәзік бұлттар повесінің негізгі арқауы қазіргі замандастарымыз, жоғары оқу орындарының студенттері мен мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдарының өмірі. Сонымен бірге адам жанының нәзіктігі, сырлылығы, жұмбақтығы,арының тазалығы сөз болады. Махаббат пен адамгершілік, ауыл адамдарының тіршілігі мен қызметі, арман мұңы, ой-тілектері бой көрсетеді.
Хемингуэй Эрнест Миллер- американ жазушысының Шал мен Теңізшығармасынынан үлгі ала отырып, өзінің Отамалы еңбегін жазды. Ол Отамалы деген қойшының Жапан байдың қойын түнге қарай жаюға өрістеткенде боранға ұшырағанын суреттейді. ..Таңға жақын Ызғырық жел кенеттен қойлар мен Отамалыға лап берді. Қар жауын еріп қатады. Отамылының денесіне суық кіре бастайды. Жел үлкен сақылына оратылады, көйлектің ішіне кіре бастайды,шекпеннің сыртынан еріп қатқан мұздың бір қабаты сақалына жабысады, мұртын мұз қабыршақ бүркейді, аузына жетеді. Осылай бес күн, бес түн табиғатпен алысқан ол екі қолын таянып отырып қалды. Ештеңе ойлауға мұршасы жоқ. Кесек мұз. Түсі сұп-сұр. Бет ауызында адам көрер жер жоқ. Сұр құбыжық. Бес қонақ -я, аруақ, омырауы ашылып кеткен, көкірегіне бір қар, бір мұз қатып жатыр. Құлағы тынып қалған. Ақыры жалаңаш денесімен қарға құлап түсті. Басы жерге қарап қалды.442 , 445- беттер. Отамалы әңгімесінен.
Осы повесте Жармағамбетовтың суретшілік таланты оқшау танылатынын атап айтпай болмайды. Ақтүтек, алай-дүлей боран суреттелетін жерлерді оқығанда сол мылқау күшке бейне өзін тап болғандай сезінесің. Жазушының табиғат суреттерін адам тағдырымен ұштастыра берудегі үздік шеберлігіне бас имеске болмайды.
Сол кездерде аңыздың әлсіреп жеткен зар-шері кең даланы көктемгі тұмандай бүркеп кетеді. Бұл мұң біресе жазыққа жайылып,біресе бұлтқа сіңеді. Биік құздың басынан жел болып құлап, сай-салаға тығылады.Өзен бетінде шыны толқын болып ойнайды. Жер үсті, аспан асты жүрек зарына толып, төбелердің баурайын қайғы шарбысы қоршап алады.
Аңыз, міне, азаматтық үлкен түйінмен бітеді. Бүкіл шығарма тұнып тұрған ой мен образ.
Бұл әңгіме не үшін кер
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)