Ұйымдастыру
кезеңі
Кіріспе
Сабақтың ортасы:
Қорытынды:
|
Сәлемдесу
Шаттық шеңбері
Оқушы назарын сабаққа
аудару.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын
түсіндіру.
Сынып З топқа бөлінеді.
1 Топ: Шешен
2 Топ: Тапқыр
3 Топ: Сөз мерген
Мұғалім: Қазақ сөз ұстаған халық.
Сөз қадірі өз қадірім деп білген бабаларымыз кесімді сөзге тоқтап,
бір ауыз сөзбен дау бетін қайырған. Ұлт басына алағай да бұлағай
заман орнағанда би-шешендеріміз елдік үшін рухани һәм бірегейі,
қазақтың төбе биі Төле би бабамыз. Тарихтан белгілі, Төле би –
қазақ халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан атақты үш бидің
бірі, мемлекет қайраткері. Қазіргі Жамбыл облысының Шу өңіріндегі
Жайсаң жайлау ында іңа күнінен жас Төле әкесіне ере жүріп ел көріп,
кісі танып, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім ала
сусындаған.
1-тапсырма. «Еркін микрофон» әдісі
арқылы.
Шешен адам қандай тұлға?
Ол үшін үш топқа төмендегідей
тапсырма беріледі.
1 топ: Төле бидің ел
басқару қызметі.
2 топ: Төле бидің төрелігі , шешендік
тапқырлығы.
3 топ: Төле бидің мақал –мәтелдері , нақыл
сөздері.
2-тапсырма.
Қай шешендік сөзден алынған?
Мазмұнын толықтыр.
— Бай болсаң халқыңа пайдаң
тисін, батыр болсаң дұшпанға найзаң тисін. Бай болып пайдаң тимесе,
батыр болып найзаң тимесе жұрттан ала бөтен үйің күйсін деген,
бізге кейінгілер осыны айта ма деп ойлаймын,-дейді.Сонда
Ормамбет:
— Екі би, айтқан сөзің жарасады,
еншіге әр кімдер-ақ таласады, бұл Қасқа көл орта жүздің көлі еді,
айтқандарың қиянатқа жанасады. Қанағатсыз билерді қабан деген,
қамшылатқан жүйрікті шабан деген, біреудің ақысына зорлық қылса,
ақыретте мұндай істер жаман деген,—
дейді.
— Ей ,Ормамбет, сен бізге Қасқа
көлді беріңіз, Қасқа көл рас сізге жақынырақ.
Бардан
пайда, жоқтан залал деген, не берсе қайырын тілеп
көріңіз.
3
–тапсырма. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығын
жеңуде Төле би шешуші рөл атқарғаны тарихтан белгілі. Төле би өз
дәуірінде белгілі батырлар мен билердің, тіпті хандардың бір
сыпырасына акылшы
болған. Сол би мен батыр,
хандарды атаңдар.
4 –тапсырма. Үзінді
мазмұнына қарай ел бірлігі туралы 2-3 мақал-мәтел
айт.
Қорыта келгенде
,өзінің саналы өмірінде Төле би бабамыз шындық, әділдік жолында қыруар қызмет атқарады. Сөйтіп, ол халқының бірлігі, тірлігі, тұрмысы, салт-сана дәстүрі үшін бүкіл ғұмырын арнады. Сол үшін де туған елі оны төбесіне көтеріп, кұрметтейді, шешімі
мүлтіксіз жүзеге асып жатты. "Төбе би", "Әулие ата", "Қарлығаш әулие" деп атап
кетті.
Төле бидің даналығы, шешендік тапқыр сөздері, мақал-мәтел, нақылдары ел арасына мол
таралған. Халық аузында хатқа түспеген, жинала
қоймаған Төле би мұралары әлі де аз емес. Оларды
мұқият жинастырып, зерттеу, кітап етіп
халықтың өзіне қайта ұсыну болашақ міндетіміз.
|
Оқушылар шаттық шеңберін құрып, Төле бидің шешендік
сөздерін оқиды.
Оқушыларды топқа бөлу кезіңде алдарыңдағы пішіндерді алып,
түстеріне байланысты топқа бөлінеді
Сұрақтарға жауап береді.
Шешендік сөздердің жалғасын тауып, мазмұнын
толықтырады.
Төле би өз дәуірінде ақылшы болған би, батырлар, хандарға
аттарын атайды.
Ел бірлігі жайлы мақал-мәтелдер
айтады.
|
Түрлі түсті пішіндер
Төле би, шешендік сөздердің
суреті
Сұрақтар жазылған қима
қағаздар
Үзінді кесінділер
Батыр, хандар
суреті.
|