Материалдар / Төлен Әбдіктің шығармашылығының зерттелуі: «Оң қол»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Төлен Әбдіктің шығармашылығының зерттелуі: «Оң қол»

Материал туралы қысқаша түсінік
Т.Əбдікұлының ең алғашқы шығармаларының бірі «Оң қол» əңгімесін алайық. Адамның екіұдай күй кешуін, оның ішкі өңірінде мүлгіп жатқан əлдеқандай беймəлім күштердің бас көтеруін суреттеген қаламгерлеріміздің бірі — Төлен Əбдіков. Адам жанының осындай екіұдай күйін ол «Оң қол» əңгімесінде — «ішкі тұлғаның екіге жарылуы» деп атапты. Оқырман қауымды əңгіме тігісін түгендеп отыруы үшін оның мазмұнымен қысқаша таныстырсақ: ...Март айының аяқ кезінде бізге жасы он жетілер шамасындағы бір қыз түсті. Қабылдау үстінде ата-анасы қыздың өзін-өзі бірнеше рет қылғындырып, өлтірмек болғанын айтты. Маңындағылары аман алып қалған. Ал қыздың өзі мүлде басқаша баяндайды. Ол Маған қастандық жасаған — мынау, бұл менікі емес, мүлде бөтен қол, мені өлтіргісі келіп жүр, — деп өзінің оң қолын көрсетті. Бізде мұны ішкі тұлғаның екіге жарылуы деп атайды... Яғни, бір дененің ішінде екі түрлі жан иесінің кезектесіп, не қатар өмір сүруі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Наурыз 2022
1390
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Төлен Әбдіктің шығармашылығының зерттелуі: «Оң қол»


Өткен ғасырдың 60-жылдары қазақ әдебиетіне бір топ ақын-жазушылар келді. Бұл шоғырдың ерекшелігі сол- олар қазақ әдебиетіне модернизм үлгісін әкелді. Түрлі ізденістердің нәтижесінде қазақ әдебиеті «Аласапыран», «Парасат майданы» секілді жаңа шығармалармен толықты. Сондай жазушыларымыздың бірі, өмірдің тылсым және ғажайып сырларын шағын ғана шығармаларға сыйдырып жүрген белгілі қаламгер- Төлен Әбдік.

Ол 1942 жылдың 4 қыркүйегінде, Қостанай облысы Жангелдин ауданы Еңбек ауылында дүниеге келген. 1965 жылы Қазақ Ұлттық университетін бітірген. 1965-70 жылдары "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1970-77 жылдары "Жалын" альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1977-79 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында бас редактор, 1979-90 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясының орталық комитетінде жауапты қызметте болды.

Төлен Əбдікұлының шығармашылығы бүгінгі заман шындығын арқау еткен. Төлен Әбдіковтың шығармалары 1964 жылдан жариялана бастады. Бірінші "Көкжиек" жинағы 1969 жылы, одан кейін "Күзгі жапырақ" 1971 жылы жарық көрді. 1974 жылы  "Ақиқат" атты повестер мен әңгімелер жинағы дүниеге келді.  1979 жылы "Айтылмаған ақиқат " әңгіме-повестер жинақтары, 1980-1981 жылдары орыс тілінде "Истина" әңгімелері мен повестері деген атпен жарық көрген. 1985 жылы "Өлі ара", "Біз үшеу едік" пьесасы республикалық  театр сахналарында қойылды. Грек аңыздары "Эллада ерлерін"  қазақ тіліне аударған. Бірнеше шығармалары шетел тілдеріне аударылған. 1987 жылы "Ақшоқыда қыс қатты" және 2002 жылы "Парасат майданы" жазылған. «Парасат майданы» повесі тосындылығымен ерекшеленіп, бұл туынды ПЕН-клубтың сыйлығын иеленіп, Халықаралық Франц Кафка атындағы орденімен марапатталды.

Жазушы 10-нан астам повесть, әңгіме, 1 роман, 2 пьеса авторы. Ал, тырнақ алды «Райхан» атты әңгімесін қаламгер 20 жасында жазыпты. Бұдан кейін де Төлен Әбдіковтың қаламы қарымды бола түсті. "Күзгі жапырақ", "Ақиқат", "Айтылмаған ақиқат", орыс тілінде "Истина" атты повестер мен әңгімелер жинағы оқырмандарға ұсынылды. Өмірбаянынан көрініп тұрғандай, ауылда туып-өскен қаламгер әуелі бала тілін табатын газетте қызмет жолын бастаса, кейін жастар мен жасөспірімдерге арналған журналда талантын шыңдады, киностудиядан бастап газетке дейінгі басшылық белестерден абыроймен өтті, қаламгерлік қабілетін мемлекеттік қызметпен жақсы ұштастыра білді. Кейін өзі бас болып "Өркениет" деген атпен әдемі әдеби журнал шығарды.

Жазушы жақсылық пен жамандықты негізгі объект етіп ала отырып, адами, рухани құндылықтарды жоғары қойып, дəріптейді. Суреткерге тəн негізгі қасиет — шығармаларына психологиялық, лирикалық сарындармен қатар, философиялық ой дарыту басым. Яғни, оның қаламынан туған шығармалар философиялық астарларға бай. Сондай-ақ асқынған драматизм, трагедиялық тағдыр, жаратылысы қызық характерлер ұтымды көрініп отырады.

Мысалы, Т.Əбдікұлының ең алғашқы шығармаларының бірі «Оң қол» əңгімесін алайық. Адамның екіұдай күй кешуін, оның ішкі өңірінде мүлгіп жатқан əлдеқандай беймəлім күштердің бас көтеруін суреттеген қаламгерлеріміздің бірі — Төлен Əбдіков. Адам жанының осындай екіұдай күйін ол «Оң қол» əңгімесінде — «ішкі тұлғаның екіге жарылуы» деп атапты. Оқырман қауымды əңгіме тігісін түгендеп отыруы үшін оның мазмұнымен қысқаша таныстырсақ: ...Март айының аяқ кезінде бізге жасы он жетілер шамасындағы бір қыз түсті. Қабылдау үстінде ата-анасы қыздың өзін-өзі бірнеше рет қылғындырып, өлтірмек болғанын айтты. Маңындағылары аман алып қалған. Ал қыздың өзі мүлде басқаша баяндайды. Ол Маған қастандық жасаған — мынау, бұл менікі емес, мүлде бөтен қол, мені өлтіргісі келіп жүр, — деп өзінің оң қолын көрсетті. Бізде мұны ішкі тұлғаның екіге жарылуы деп атайды... Яғни, бір дененің ішінде екі түрлі жан иесінің кезектесіп, не қатар өмір сүруі.

...Мен палатаға кіргенде Алма кереуетте жатыр екен. Оң қолы кеңірдегін тас қылып қысып алған. Сол қолымен жанталасып айырмақ болады. Сестра екеуміз оң қолға қатар жармастық. Қолын қайырып кереуеттің астына апарғанда, түрі көкпеңбек болып кеткен Алма көзін ашты. Тұла бойы қалшылдап, көпке дейін өзіне-өзі келе алмады...

Жазушы Төлен Əбдікұлының шығармаларының бірден-бір ерекшелігі, жеке адамның санасындағы, ойлау жүйесіндегі сан алуан сезімдік, психологиялық, философиялық құбылыстарды, сана қозғалысының пластикасын беру мен жан диалектикасын монологқа, ой ағымына, түс көруді талдауға жəне де психологиялық сыртқы детальдарға (ым мен ишараттарға, іс-əрекеттегі, дауыс ырғағындағы, порттегі физиологиялық, физиономиялық, сезімдік құбылыстарға) да көңіл бөлген.

«Оң қол» əңгімесінде кейіпкер — Алманың түсі арқылы автор адам санасында үздіксіз жүріп жатқан процесті, үрей мен қорқынышты, өмір мен өлім арасындағы арпалысты, жан толғанысын көркемдікпен кестелей білген. Парктегі гүлді жұлдырып, дəрігер жігіттің сезімін сынайтын сұлу да, тəкаппар, адал да, ерке Алма ұйқыға ене бастаса-ақ алқымына ұмтылатын оң қолдың опасыздық əрекеті тұқым қуалаған қауіпті сырқат; оны медицинада дененің екі жарылуы дейді, ал əдебиеттануда адам ішіндегі адам деген тəсілді жазушы тігісін жатқыза пайдалана білген. Шығарма сюжетін берудегі суреткер шеберлігі сондай, əңгімені оқып отырып, көз алдында өтіп жатқан кинолента куəгеріндей кейіпкерімен бірге қуанасың, бірге қайғырасың, бірге қорқасың. Жазушының кез келген туындысының кейіпкерлері сөз саптасынан бастап дүниетанымына дейін ерекшеленіп тұруымен оқшауланады. Бұл əңгімедегі оң қол — бірден беріле салған нақты шындық — ақиқат. Оң қол — Алманың, яғни, он жеті жасар сұлу да аққу жанды нəзік, қияли қыздың ерекше тағдыр иесі екендігінің көрінісі. Алма трагедиясы сонымен қатар адам жанының беймəлім сырларының ашылған тұсы. «Оң қолдағы» Алма өз бойындағы əзəзілдің (оң қолдың) темір құрсауына шы- дай алмай жантəсілім береді. Өйткені оң қол — Алманың ықпалынан шығып, өз алдына тіршілік ет- кен (тұншықтыру) нақты күшке айналады. Жоқ! — деп баж ете қалды Алма. — Жоқ, жоқ. Менікі емес... Жоқ, жоқ!

Оң қол әңгімесіндегі бақытсыз қыздың арғы аталарының бірі өзін-өзі өлтірмек болып, бірақ идея іске аспай қалған. Енді генетикалық ақпаратқа енген осы идея пәленбай ұрпақтан кейін қыздың жадында жаңғырып, ақыры жүзеге асып қыздың мерт болуымен аяқталады. Барлық әрекет ең алдымен ойдан басталады десек, жаман ой, жаман әрекетпен аяқталуы тиіс. Ендеше үлкен жауапкершілік осы ой арқылы басталуы керек. Егер әрқайсымыз өзімізден кейінгі ұрпақтың біз ойлаған қиянаттар мен біз жасаған қателіктердің отына күйюі мүмкін екенін сезіне алсақ онда, біздің тіршілік бұдан гөрі мәнділеу, маңыздылау болар ма еді. Әңгіменің негізгі идеясы осы. Жақсылық атаулымен қатар жүретін зұлымдық іс- әрекеттер мен жауыздықтың түп-төркіні ой мен соны іске асыратын қолда жатыр. Міне бұл авторлық түйін, автордың концепциясы [1].

        Төлен Әбдікұлы жазу үшін ғана жазатын жазушы емес, жазбауға болмайтын халге жеткенде жазатын жазушы. Негізгі тақырыбы  адамзат мәселесі. Қазақ әдебиетіндегі көркем сөз шебері  М. Әуезов «Заман шарты» деген мақаласында: «біз адамның сыртқы ісін көп баяндап,оның ішкі дүниесіне аз үңілеміз,образды даралау,характер дәрежесіне жеткізу үшін психологиялық  талдауға  көңілді  аса  бөлген  жөн», - депті. Ф.Достоевскийше айтсақ : «Адам дегенiмiз – құпия. Бүкiл ғұмырыңды осы құпияны шешуге сарп етер болсаң, уақытымды босқа өткiзiп алдым деп өкiнушi болма. Мен осы құпияны шешуге тырысамын, өйткенi адам болғым келедi» деп жазған ұлы жазушы өмірінің соңына дейін адам құпиясын ашуға тырысты. Сол секілді Төлен Әбдікұлы да адамның ішкі жан толғанысына, сыры ашылмаған жұмбақтарына басты назарын аударды.

   Адамның санасында екі тұлғаның өмір сүруін, оның ішкі жан сарайында ұйқыда жатқан әлдебір сезімдердің бой көрсетуін өз қаламында суреттеген. Ойлап қарасаңыз, қазақ әдебиетінде адамның екі ұдай күйге енуі туралы әуел бастан бар құбылыс.Тіпті қасиетті «Құран» кітаптың өзінде  адамның екі иығында екі періште отыратыны,  оң жақтағысы оң істерді, сол жақтағысы кемшіліктеріңді жазып отыратыны баяндалады.

Төлен Әбдікұлының қаламынан туған  дүниелерінің ішінде ерекше назар аудартатын, бітім-болмысы басқаша суреттелетін «Оң қол» әңгімесі. Бұл шығарма  дарынды жазушының дүйім жұртқа танылуына әсер етті.​ Бұл «Оң қол» әңгімесі негізінен сюрреалистік бағытта жазылған туындыға келеді. Яғни сюрреализм дегеніміздің өзі – француздың «шындықтан жоғары көрініс» деген сөзі. Бұл атауды алғаш қағаз бетіне түсірген ақын Гийом Аполлинер «Тирезияның кеудесі» драмасы арқылы ХХ ғасырдың басында Франция поэзиясындағы сюрреализмнің негізін қалаушы ретінде есімі алтын әріппен тарихта қалды. Көркем шығармаларда сюрреалистік образдар өзінің оқырман қауымынының бойына қорқыныш сезімін ұялата отырып терең ойға батырады. Сюрреалистердің тағы бір ерекшелігі, кейіпкердің сандырақтап, түрлі түстер көруі арқылы қоғам алдында келе жатқан дағдарыстарды оқырманға қорқыныш пен үрей арқылы да жеткізуге де тырысады. Задында, бұндай шығармаларда көңіл жадыратып, көңілді бір сезімге бөлемейді. Керісінше, оқып болғаннан кейін оқырманның көңіліне ауыр ойлар қалдырады. Егер қаншалықты қорқынышты болса, ол соншалықты әсері мықты болмақ. Шығармалардағы тартыстар кейіпкерлердің ізгі қарым-қатынасына құрылмайды, кейіпкердің іштей екіге жарылуына, өзімен өзі айтысуына, кеңесуіне негізделеді. Кейде осы психологиялық тартыс өз кемеріне жеткен кезде кейіпкердің өзін өзі жоюына алып келеді. Нақтылай айтқанда, адамның өз ақыл ойы мен дене мүшелерері өз ырқына бағынбай, үрейге салынып, ақыр соңында өз өзіне қол жұмсауға алып келеді. Сюрреалистік шығармалардың соңында кейіпкердің асылып, буынып өлетіні сондықтан болса керек [2, 253-255]. Оған осы Төлен Әбдіковтің «Оң қол» әңгімесіндегі Алма образы дәлел.

Әңгіме адам жанының  сан алуан екенін көрсетеді.Әңгіме жас дәрігердің айтуынша суреттеледі. Басты кейіпкері Алманың тағдыры кім-кімді болсын бей-жай қалдырмасы анық. Жас дәрігер өзіне ғылыми нысан табылғанына қуанады. Ауруды бақылауға күнделік арнайды. «Оң    қол   Алмаға  терең   қалың    ұйқы   құшағында     енгенде  шабуыл   жасайды.  Яғни   қанша   түсініксіз   болғанымен,  өзін-өзі  өлтіру    ниеті   қыздың    миында   бар   деген   сөз.  Бірақ  ол   ниет кімнің    ниеті,    қайдан   келген.   Алманың   бүкіл   өткен   өмірін,   мінез-құлқын,  адамдармен   қарым - қатынасын   зерттей    келіп,    мұны   өз басынан   туған   ниет   деуге   себеп   таба   алмадым. Бұл    қалайда  қанмен,   тұқым    қуалап  келген   деген    ниет   деуге  болмайды. Науқастың шешесі,   иә   әкесінің     әкесі   бір   кезде   өзін – өзі өлтірмек болған. Енді   олар   әлде   бір  құпия    заңдылықпен   Алманың   санасында  тұрып, өздерін - өздері   өлтіргілері   келеді.  Бірақ   олардың   өздері   жоқ. Сананың   иесі   қыз  өлуге   тиісті» [3,317].


 Бұл   сырқат аз да болса,   өмірде   кездеседі    екен. Оны   медицинада   дененің   екі   жарылуы   десе,    әдебиеттануда   адам   ішіндегі   адам  деген   тәсілді   жазушы өте ұтымды пайдаланған.   Шығарма   сюжетін   берудегі    қаламгер   шеберлігі   керемет. Бұл   адам   бойындағы    қос   қасиеттің   тартысқа   түсіп, оның   бірде – бірі,бірде-екіншісі   жеңіліске  ұшырап  отыратын   психологиялық   құбылыс.Адамның ішкі жан дүниесіндегі қарама қайшылықтар мен үйлеспеушіліктердің психологиялық көрінісін сипаттаған.

Қазақ   драматургиясын   зерттеген   белгілі   ғалым   Р.Рүстембекова «Оң   қолды»  тіпті фантастикалық  шығармалар   қатарында  атап   өтеді. Зерттеуші: «Өмірде   дәл   сондай   жағдай   болды   ма ,   жоқ   па,   мәселе    онда    емес,  өмірде   болғандай   етіп  сізді   сендіруі – міне  әңгіме  түйіні   осында  жатыр... [4, 86].


Ғылымды генетикалық жад (память) деген ұғым бар. Жаңа туған жәндік өмір сүру үшін не керек екенін үйретпей-ақ біледі. Жұмырқадан шыққан тасбақаның баласы бірден теңізге қарай жүгіреді. Не істеймін деп ойланып жатпайды.  Америка құрлығын он жылдан астам уақытта айналып шығатын көбелектің бір түрі бар екен. Көбелектің он жыл өмір сүрмейтіні белгілі. Әр ұрпақ өзінің мерзімдік ғұмыры біткенге дейін белгіленген маршрутпен ұшып отырады да, тіршілік мерзімі бітер кезде сол жерге өздерінің тұқым-құртын қалдырады. Келесі жылы одан пайда болған жаңа көбелектер қалыптасқан маршруттан жаңылмай әрі қарай ұша береді [5,8]. Өйткені, генетикалық жад арқылы не істеу керек екендігін жақсы біледі. Мұны ғылымда инстинг дейді.


                   



      Пайдаланылыған әдебиеттер:


1. Алаш айнасы, 23 қазан, сейсенбі 2012 жыл. №188 5 бет 

«Оң қолдан» басталған оң жол...

2. «Қазақ әдебиетіндегі модернизм» Б.Қанарбаева Алматы, 2011 ж.

3.«Оң қол» Алматы, «Атамұра» баспасы 2002 жыл.

4.Р. Рүстембекова Қазіргі қазақ әңгімелері. Алматы. Жазушы, 1988/

5.Нұр Астана, 16 сәуір 2008 жыл. 8 бет

«Оң қол» үнемі жүрегімді жылытып тұрады(мақаласынан).

 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!