Материалдар / Торғай жерінің қысқаша тарихы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Торғай жерінің қысқаша тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
барлық білім алушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Ақпан 2019
1786
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бүгінгі таңда егемендігімізді алып, тәуелсіз елге айналған шағымызда өз билігіміз өзімізге дара тиіп, төл тарихымызға деп қойылып, ақтаңдықтар ашылуда, жаңа тарихтар жазылуда. Сол жаңа тарих ортамызға қазақ халқының Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, сынды азаттық үшін күрескен кемеңгер азаматтарын қайта оралып, елімен қауыштырды. Тарихшылар көтерер жүк өте ауыр. Олардың алдынан құм жұтқан қазақтың қалаларының тарихын зерттеу міндеті түскен жоқ. Қалалардың тарихы тұтас елдің тарихымен сабақтас, өз кезегінде жеке адамдардыңда тарихынан бөліп алып қарауға болмайды. Тарихтағы жеке тұлғалар сияқты әр қаланың да қалыптасуы, даму немесе құлдырау кезеңдері бар. Талай кезеңдерді жас болса да басынан өткізіп отырған қаланың бірі – Арқалық. Сондықтанда Арқалық тарих деп халықтардың қалай тіршілік еткенін, олардың өмірінде қандай өзгеріс болғандығын адамзаттық өмір сүруі қалай өзгеріп, бүгінгі күнге қалай жеткенін зерттейтін ғылым. Қаланың өмірі, тағдыры, ол туралы өңір қандай да болмасын өлкемен тығыз байланысты, сабақтас. Сондықтан да Арқалық тарихын тілге тиек етер болсақ, Торғай өңірінің төкіне таққан шаржандай болып аз ғана жыл көлемінде дүр ете қалғанын кейін талай жыл тақырауда басынан өткізген Арқалық қаласының тарихын зерттеу бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі болып отыр.

Зерттеу нысан болып отырған тақырыптық өзектілігі – Торғай өңірінде орнаған, ондағы мекен еткен халықтардың баспанасы, орталығы болған Арқалықтың бұрынғы да бүгінгі тарихын, оның әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуын терең зерттеп, таразылау мен сараптау арқылы қаланың қазіргі кезеңдегі жағдайын және келешектегі даму болашағын ашып көрсетуде.

Тақырыптық зерттеу деңгейіне келсек, 1990 жылы облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ы.Сариева, облыс әкімі Ж.Қосабаев, Торғай боксит кен басқармасының директоры болған Л.Ситников көрнекті мемлекет қайраткері, тарихшы – этнограф, өнер зерттеуші, ғалым, партияда қызмет атқарған Ө.Жәнібековтер жалпы Торғай елінің тарихы, Торғай дарабоздары мен ел ішіндегі атақты өнер жұлдыздары және 1956 жылы Арқалық құрылғаннан бастап 1988 жылы жабылғанын, одан 1990 жылы ашылып, торыққан Торғай жері 1997 жылы тағы да тоқырауға ұшырап, нарық қыспағына алынғанын өз еңбектерінде сөз етті. Олардың қатарына тоқтала отырып, талдау жасайтын болсақ, Ы.Сариева өзінің «Текті Торғай» кітабында тым ертедегі өлке тарихынан бастап, қазіргі кезеңдегі тарихында баяндайды.

Ө.Жәнібеков атты естелік кітабында өзі қызмет еткен қала тынысына, ондағы мәдени орындарды, көркем де әсем қаланың бір кездері шырқау шегіне жеткендігін, алайда нарық қыспағына шыдамай жабылғандығын паш етті. Сонымен бірге «Торғай тоқы» газетінің бетінде 1990 жылдан бері қала әкімі мен ел азаматтарының қаланың әлеуметтік – экономикалық жағдайына байланысты мақалалар, жылдық қорытындылар мен есептері басылып отырады, атап айтсақ, Торғайда 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1864 жылы Торғай жерінде мектеп ашқан Ы.Алтынсарин, қазақтың бір туар азаматтары Ақаң мен Жақаң елге жақсы танымал қылған ақын Күрдері Жолдыбайұлы, Нәзипа Кулжанова сынды алаштың аяулы азаматтары туралы жазады. Сондай-ақ атақты ақын, этнограф, жазушы, музыкант әншілер мен өнер шеберлері Қоғабай Сәрсекеев, Сейіт Кенжахметұлы, кеңшілік Мырзабек, күйші Сағын Жәнішов, сазгер-күйші, домбырашы Айтбай Муздаханов, оның қызы Анар Мұздаханова туралы сыр шертеді.

Ал, Л.Ситников тың «Торғай алабының тынысы» кітабында бұрын құрлығызыған кең далада қатантты метал-боксит кенінің пайда болуы, оның өркендеуі мен келешегі туралы жан-жақты әңгіме болады. Сонымен бірге кәсіпорын жұмысшылары, олардың қыпсырлы да жемісті еңбегі баяндалады.

Өнер зерттеушісі, ғалым Өзбекәлі Жәнібеков болса, «Тағдыр тағылымы» атты естелік кітабында өзі қызмет еткен кездегіқала тынысына, ондағы мәдени орындар мұражац, «кенші» мәдениет үйінің құрылысының салынуы мен пайдалануға берілуі, ондағы алғашқы қойылған спектакль, облыстық филармония, «шертер», «метелица» - фальклорлық этнографиялық ансамбльдері, «цирк тобы», «Отырар сазы» оркестірің құрылуы туралы сөз етілген. Сондай өңір тарихына байланысты тың және тыңайған жерлерді игеруге арналған мынадай еңбектерді атап көрсетуге болады: «Жизнь замечательных людей в краю хлеба и металла». Бұл кітаптар жинағын құрастырушы Қозыбаев болды. Сонымен қатар В.В.Владимиров пен Х.Ш.Абрашитов «Всенародный подвиг на целине» т.б. деген кітабын атауға болады. Бұған қоса «Торғай таңы» газеттерінің беттерін қала әкімі мен жергілікті ел азаматтарының, қаланың әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайына, бала да көптеген мәселелерге байланысты мақалалары, дала дамуының жылдық қорытындылар мен есептері жарық көріп отырды.

Осылайша көріп отырғанымызда аталған кітаптар авторлары өлке тарихына тоқтала отырып, Арқалық қаласына қатысты кейбір мәліметтерді тек дерек ретінде келтірген. 1973 жылы 23 қарашада ашылып, 1988 жылы жабылып, 1990 жылы екінші рет қайта ашылған Торғай облысының орталығы болған Арқалық қаласының тарихына тікелей арналған, оның қала типтес поселка болып құрылғанна облыс орталығы статусын алынған дейінгі тарихы, қазіргі жағдайы мен тыныс тіршілігі жайлы жазылған жеке еңбек жоқтық қасы.

Сондықтан да диплом жұмысының ғылыми жаңалығы сонда, ал тұңғыш рет ғылыми айналымға арнайы зерттеу объектісі ретінде еніп отыр. Диплом жұмысының негізгі мақсаты - өлке тарихын тереңнен зерттеу негізінде Арқалық қаласының тарихы, әлеуметтік – экономикалық жағдайы, өнері мен мәдениеті және бүгінгі жағдайын, даму болашағын ашып көрсету.

Осы мақсатқа сәйкес бітіру жұмысы төмендегідей міндеттерді алға қояды.

1. Торғай өңірінің қысқаша тарихымен таныстыру.

2. Арқалық қаласының қалыптасуы мен облыс орталығына айналуы және оның әлеуметтік –экономикалық жағдайына тоқталу.

3. Жергілікті жердегі өндіріске нарық экономиканың әсері, қала кәсіпорындарының тығырыққа тірелуі мен оның нәтижесін жан-жақты ашып көрсету.

4. Қаланың экономикалық - әлеуметтік жағдайының тұрақтануы мен мәдениетінің дамуын тереңнен зерттеп, саралау;

5. Қазіргі кезеңдегі Арқалық қаласының жағдайына тоқтала отырып, оның болашағына сеніммен қарап, жастардың бойында елжандылық тәрбиесін қалыптастыру.

Бұл жұмыстың практикалық маңыздылығына келетін болсақ, болашақта жұмысты орта мектептерде, арнайы оқу орындарында, тарих үйірмелерінде, өлкетану, факультатив сабақтарында кеңінен қолданып, қосымша құрал ретінде пайдалануға болады. Деректі база ретінде тарихи өлкентау Мұражайы материалдары №2 облыстық кітапхана, ғылыми-техникалық кітапхана қорлары, статистикалық деректер, ғылыми мақалалар, кітаптар, баспасөз материалдары алынды.

Диплом жұмысының құрылымы. Кіріспе бөлімнен үш тараудан, оның ішінде алғашқы тараудың әрқайсысы екі параграфтан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Торғай өңірінің қысқаша тарихы.

Баланың өмірі, тағдыры ол тұрған өңір, өлкемен тығыз байланысты, сабақтас сондықтанда Арқалық тарихын тілге тиек етер болсақ Торғай өңірін сөз етпеу, қысқаша тарихына тоқталмау мүмкін емес. Есіл мен Торғай өңірінің төсіне шыққан маржанындай болып аз ғана жылдар көлемінде дүр ете қалған, кейіннен талай тоқырауды басынан өткізген Арқалық тарихы мен тағдырына бүгін күні біз қарай алмаймыз.

Тарихқа жүгінсек Торғай есімі тым әріге сілтейді. Халық қамқорышысы, би, философ дана Асаққойғы Торғай өзеніне қарап «Ақсуың бал татитын, ақ шабағын май татитын екен» - деп тамсанған дейді. Бұған қосымша тағы бір дерекке назар салсақ, Торғай даласының сан ғасырлардан белгілі екендігіне көзіміз жете түседі, «Торғай даласы ескі болғанымен Ресей жеріне қатынастың ең маңызды керден жолы болды» деп жазды, Гладышев пен Муравев деген зерттеушілер бұл жолмен 1283 жылы Италия саяхатшысы Рубик Еділден бастап, Жайықтың жоғары жағынан созақ, құмкент арқылы Іле қаласына дейін жүріп өткен. Орта Азиямен байланыстыратын маңызды керуен жолы болды. Ол жолмен тауар тиеген керуендер жүретін еді, сондай-ақ бұл жолмен талай Ресей және Батыс емшілері жүріп өтті» - деп сол заманның өзінде-ақ Торғай даласы деген сөз тарихқа енгендігін көрсетеді.

Мына дерек те назар аударуға тұрарлық; 1694 жылы тобылдық Тәке ханға Ресей елшісі Прашин мен Скибин Торғай даласындағы керуен жолымен жіберілген» деген архив деректерібар. Тұтас бір ұланғайыр өлкеге есімін беріп тұрған Торғай өзені – тіршілік көзі, оның ұзынды,ы 825 шақырымға созылып жатыр.

Ресей патшаларының қай қайсысы болмасын қазақ даласын отарлауды басшы мақсат еткені тарихтан белгілі Ресей пастшасының 1732 жылы берген уәдесі далада қалып, қазақ жері бөлшектенуге түсті, орыс отарлаушылары Жайық бойымен ішке қарай 744 шақырым, жоғарғы Жайыққа дейін 561,5 шақырым, жоғары Жайықтан үйге дейін 753 шақырым, Үйден Омбыға дейін 641 шақырым, Омбыдан Өскемен –Ертіске дейін 950, барлығы 3590 шақырымдық орыс пайдасы үшін желі тартылды. Оңтүстік жағын Сырдария – Жетісу жерлері мен түйсіктіріп, қазақ даласын түгел әскери күшпен қоршауға алды». Әскери отарлаушылар қазақ жерін шарлап, үлкен 3 бөлікке бөліп тастады. Олар Шығыс, Орта және Батыс бөлік болып аталады. Торғай даласы осы үш бөліктің шығысына қарады, 1845 жылы Торғай өзенінің оң жағасына бекіністің іргесі қаланып, оған Орынбор қазақтарының бірнеше отбасы көшіріліп әкелінді. Оларды жерсіндіріп тұрақтандыру үшін әскери міндеттен, салықтан босатты. Оларды жергілікті халық шабылуынан қорғау үшін 2 рота солдат ұстады. 1868 жылы патша әкімшілігінің шешімімен қазіргі Арқалық қаласынан 289 шақырым қашықтықтағы Торғай бекінісі қола болып аталады. Ресей отарлаушылары көздеген мақсатына жету үшін қазақ даласына басқару жүйесін күн сайын жақындатуды көздеген. Сөйтіп, 1868 жылы 21 қазанда орынбор даласындағы және Сібір ведомствасына қарайтын қазақтарды қиындықтан құтқару үшін деген желеумен жаңа Ереже шығарды. Бұл Ереже бойынша Торғай, Орал, Ақмола облыстары құрылды. Бұрынғы Орынбор облыстық басқармасы таратылып, орнына Торғай облыстық басқармасы құрылды. Торғай облысы солтүстігінде Орынбор губерниясымен, батысында Орал, оңтүстігінде Сырдария, шығсында Ақмола облыстары мен шектесті. Торғай облысы Торғай, Ырғыз, Елек, Николаев деген төрт уезге бөлінді. Жаңа ереже қазақтардың қалыптасқан басқару жүйесін быт-шыт қылды. Аға сұлтандық билік жаратылды. Сұлтандар, ел билеуші ру басшылары мен билердің, дін иелерінің ісіне шек қойылды. Сот құрылымы өзгеріп олардың бәрінің орнына ауылдық, болыстық, уездік жүйе құрылды.

Қазақ күн көрісінің негізгі – малдық өрісі, шабындағы халық жер-жерде көтерілістер жасап жаты. Олар: Торғай облыстарының Арыстанов Ханғали (сурет) Сұлтан патша үкіметінің жаңа ережесіне қарсы көтеріліс жасады. Ашал не қамтыған және қаруланған орыс әскеріне көмек бере алмады, «Жаңа Ереже бойынша Торғай уезінің географиялық жағдай, бұрынғыға қарағанда билік жүргізуге оңай, «ықшам» - деп жазды уезд бастығы А.П.Яковиев, 1888 жылғы есебінде «Торғай облысына орыс қарашекпенділері ХІХ ғасырдың аяғына жақын еркін ене бастады. 1882 жылғы мәлімет бойынша Торғай 501 келімсек болса, 1901 жылы оның саны бірнеше есеге өскен. Келімсектер саны өскен. Келімсектер саны өскен сайы қазақ халқының да мінзе-құлқы, дәстүр –салты өзгере бастағанын көреміз. Амал не, ел, өзгерістер оң өзгеріс емес еді.

Қазақ даласында, онымен қатар Торғай өңірінде де отаршыларға қарсы жекелеп күресу, қарсылық көрсету нәтижесіз екенін қазақ зиялылары жақсы білді. Сондықтан да күш біріктіріп, жаппай жұмыла қарсы күрес мәселесін көрерді. Бұл мәселе жөнінде өзінің әділ сөзін Ә.Бөкейханов «Қазақ» газетіне 1913 жылғы 23 қарашадағы №39 сонында жазды.

Торғай өңірі халқының өмірі жыл сайын құлдырап бара жатқандығы жөнінде «Тургайская газета», «Қазақ» басылымдары қатты алаңдаушылық білдірді. Торғай түнегі кешеңгер Ахмет Байтұрсынов: «Қазақтар жылма жыл кедейленіп, халық күш-қуатынан айырылуда, егіншілікті дамытуға қаражаттары жоқ. Сондай-ақ, құнарлы жерлерді переселендер иеленіп келіп жатыр» деп патша саяхатын әшкерленген еді. Сол кездегі қазақ ахуалына ара түскен қазақ зиялылары бірен-саран болса да болды. 1941 жылғы 23 қаңтарда «Қазақ» газетінің №97 санында Досымжал Қылышбай.

«Өткен жылдарда Есіл өзені бойындағы ата-бабаларымыздан бері мекен етіп атқарған қыстаулық, жаздық, егіндік жерлерімізді мұжықтарға тартып алып берді.

Өзімізді тақыр далаға айдап шықаннан кейін ол жерде молымызға жайлым болмай, арық болып қыстан қырыла бастады» - деп жазды.Мақалада орыстардың қарсылық көрсеткен қазақтарды заңсыз өлтіргенде жазады.

Бұл 1941 жылғы жағдай болғанмен орыс отаршыларының қазақ жеріне тұяғы тигеннен бергі әрекеті екені даусыз.

Халқының тағдыры таразыға түскен осындай ауыр күндерде Торғайдың тонжарған түлегі Мыржақып Дулатов, «Қалғанша жарты жөңқом мен сенікі, пайдаланып шардақа жараса, Алаш» деп жария салды. «Оян, қазақ» кітабында.

Торғай елі, көпке томырақ шаша алмай шұрайлы жерлерінен айырылды. Жоқшылық пен кедейшіліктің зардабын тарты. Оның үстіне бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Рсей мемлекетіне жылу жинауға отырған Торғай халқына патша үкіметіне 1916 жылғы 25 маусымдағы қазақтарды майданның қара жұмысына алу жөніндегі жарлығы жераның алдын алды. Қазақ даласында, жорлық шыққан кейін бес күн өткенде Қостанайдың Қарабалық болысында көтеріліс алауы бұрқ етті. Ол көтерілісті Осман, Әбдіғапор, Айжорқын, Кейкі, Амангелді сияқты батырлар басқаларды. Торғай өңірінде, әсіресе Түйікше, Бетпаққарада, Құмкешуде, Доғалда, Ақшығанақта, Татырда патша әсеріне қарсы, ірі шайқастар өтті. Бобайшығына дейін қаруланған жаулаушылары қарсы айбалта, шоқпар найза

1. Ы.Сариева «Текті Торғай» Алматы, 2000 ж.

Қылыш ұстаған сарбаздар жан қиярлықпен қарсы тұрды. 1916 жылғы 25 маусым жорлығынан бұрын-ақ яғни сәуірдің 24 күні Ахмет Байтұрсынов: «Оқушының көбі өртті көрмейді, біз сабырлы болғанмен үкімет көшіп барады» деп заман ағымын ескеткен екен. Оның үстіне 25 маусымнан кейін Әлихан, Ахмет, Мыржақып аталарымыз « ... қазақ шын қарсылық қылатын болса, елге отряд шығады. Елдің іргесі бұзылады» - деп халықты сабырлыққа шақырып, ақыл кеңестерін айтты. Халық бірлікке, бүтіншілікке алақырды.

Көтерілісті патша жендеттері асқан қатыгездікпен басты. Жазалаушы әскер халыққа зұлымдықтың не бір түрін жасап, елдің мол мүмкін тонады. Ашу-ызадан ғана тұрған көтеріліс, ықпалды пікірлер, ойласпаған ғылыми-әскери тактика болмағандықтан осылай басылып жаншылып қалды. Бірақ «көшпенділер көне береді» деген патшалық пікірінің быт-шыты шығып, қазақ халқы өз намысын таптатпайтынын дәлелдеді.

Кеңес үкіметі, Торғай уезінде 1917 жылдық желтоқсан айының аяғында құрылды. Осы аласапыран кезінде Ахмет Байтұрсынов 4 шілдеде «Сарыарқа» газетінің 45 – санында «Болшевиктерден келер зиян-тынышсыздық. Олар мемлекет қалпына лайық істердің бәрін аздырды, бұлдірді, жайды мемлекет қазынасын құртты өнеркәсіптің бәрі тоқтады ...» деп болшевиктердің бет пердесін елге айқындап берді.

Ақыры большевиктер қазақ даласын қанға бояп, дегеніне жетті Ресейге әбден тәуелді Қазақ Автономиясын Социалистік Кеңес Республикасын орнатты.

Осы астан-кестен заманда Торғай даласы тағы да қанды майдан алқабына айналды. Патша әскері де, қызылдар да, халыққа ойранды салып бақты. Ел тонаудан, жылаудан көз ашпады. Торғай даласы талай-талай бөлістерге түсіп, дағдылы шаруашылық, әлеуметтік қалпынан айырылып, естері шықты.

Елдің есін жиғызбау мақсатында коммунистік партия 1936-1938 жылдарда тағы да қасырет науқанын бастады. Торғай өңірінің ғана емес бүкіл қазақ халқының кемеңгері атанған А.Байтұрсынов, М.Дулатовтан бастап талай азаматтар осы қасірет құйынына ілікті, Торғай топырағында- -адам жазықсыз жазаланып, «халық жауы аталды», Бүкіл саналы ғұмырларын халыққа, ұлтына, еліне, жеріне арнаған, сол үшін өмірлерін де қия алатын азаматтар сондай атақ алды. Бұл іс ұлтты «мәңгүрттендірудің» басы еді. Ал, бұл өрттен аман қалғанда 1941-1945 соғыстың өртіне шалдықты. Ал, 1954 жылы «Тың игеру» науқаны басталды.

1. Ы.Сариева «Текті Торғай» Алматы 2000 жыл 29 бет

2. Бұл да сонда.

Жер асты байлығы – қала орнауының себепшісі.

Арқалық қаласының тұрған жері байтақ Торғай даласының бір өңірі. Ол 1941 жылға дейін Қызылқозы атанып келген еді.

Жер, ел, мекен атауларын бабаларымыз ешқашанда адам атымен атамаған. Өйткені ағын судай бұл өмірде талай пенде келеді, талай кетеді. Ал, жер мәңгілік, оны даланың дана философтары ықылым заманнан-ақ білген.

Ертедегі атауларға көз салсаңыз, қазақтың кеменгерлігіне тоқ қаласыз. Мысалы, қара-қызшы «Мендіқара», «Дәмді», «Мойынды» тағы басқа «Қызыл қозы» - да сонда дәлдікпен қойылғандай. Бұл өлкенің байлығы ертеден ақ зерттелуін күтіп еді. Соның бір ойдағы, сонау 1816 жылы-ақ М.Шыгин бастаған экспедиция Терісаққан бойын жүріп өтіп, Торғай бокситіне тұңғыш назар аударушы болып еді. Зерттеулеумен қорланған Н.Н. Тихонович, Н.Тулейков және Кнорье есімді ғалымдар 1916 жылы Торғай даласын аралап, жер байлығының картасынжасады. Ал, өңірдегі алтын, боксит тағыда басқа кендердің геологиялық нақтылы картасын жасаған әйел ғалым М.С. Васкова- Быкова еді.

Ол кісі бір жырадан үлкен боксит түйірін тапқан еді, зерттеу содан кейін қыза түсті. Будан кейінгі зерттеулерде Торғайда боксит бар екендігіне көзщ жеткізеді. Алайда кен орнының дәлдігі белгісіз еді.

1947 жылы А.Н. Волков басқарған барлау жұмысы жанданып, Арқалық кен іздей бөлімі Ақжар сайы бойына өздірінің шатырларын тіккен еді. Қысқа қарай «Жер кене» поселкесі пайда болды. Кен зерттеулердегі қара жұмыскерлер соғыстан, әскерден қайтқан жер ілікті жігітер болатын.

Осы кен іздеу шығын партиясының кейге Торғай кен борлау экспедициясы (ТГРЭ) пайда болады.

1948-1954 жылдары төменгі жіне жөғарғы Ашутасты (Ашу-деп аталып кетті) кен тобы ашылады. 1950 жылы геолоиялық портле, жоғарыда айтылғандай ірі экспидицияаға айналып, жұмыс көлемі артты. Есімізде елуінші жылдар алюмини өнеркәсібінің көптеген жаңа рудниктер мен заводтарын салу, ал бұрынғыларын қайта жабдықтау жөнінде үлкен міндеттер қойылды. Соның ішінде Павлодар алюмини заводы және Шымкент базасы- Торғай баксит рудниктеріне көмек көрсетілді. Бұл заңды да еді, өйткені республикамыздағы түсті металурнияның жаңа саласы алюмини өнеркәсібі өркендену мықтап қолға алынған болатын.

Рудниктың салынуна байланысты кенишілер қаласы болашақ Арқалықтың ірге тасы 1956 жылдың мамыр айында қаланды. Бұрын ешқандай қоныс болмаған жерде қала орнату қиндыққа түскені рас. Құрлыс материалдары темір жолдық жоқтығынан тіркемемен тасылды.

1. Арқалық қалалық тарихи өлкентану мұражайы 88 папка.

1956 жылдың 24 тамызында Арқалық қаласын шын мәнінде қала етіп салуға косомол десанттары келе бастады. 1957 жылы қала құрылысына 10 мил сом қаржы бөлінді. 1959 жылдың күзінде Есіл мен Арқалық аралығында темір жол қатынасы орнады. Осы жолмен кен орнына қанатті бөлшектер құрлыс материалдары келе бастады. Торғай өңірінің жаңару, жылдары басталып еді. Осы жылдың 5 қарашасында бірінші темір жол составы Арқалыққа келіп тоқтады. Сөйтіп Торғай даласының өркениетпен байланысы орнады.

1958 жылы 30 шақырым жердей Ашутасты өзен құбырымен судың келуі сол кездей жаңалық болып, халықты бір серпілтіп тастады. Кең көзі ашылып, қала салынғалы жақсылық естіген қазақтар да осы жақа келе бастады. Торғай, Аманкелді, Атбасар, Есілден келген қазақ жастары әр түрлі кеншілік, қүрлысшы мамандығы игеріп, басқа ұлттармен сіңісіп. қоян-қолтық араласып кетті. Олар үлкен еңбек жетістіктерінде де жетіп жатты. Мысалы жергілікті жерден шыққан алғашқы дәнекерлеуші Мағжан Ахметов, өз мамандығын тез арада игеріп, басқа үлттар алдында абройға бөленді бір кездей ауыл жұмысшысы М. Ахметов сол кездей ең жоғарғы награда, Ленин орденімен марапатталды. Қалада көптен үйлер салынып, құрылыс жанданып, өндіріс күн өткен сайын өсіп, азаматтар зәулім үйлерге кшіп жатты. Осы кезеңдерде қаланың орысша аталар кетуі кәдік еді. Қазақ зиялылары соның алдын алып, Арқалық деген атау алды. Сол кезде поселкелік кеңестің төрағасы болып істегенғ марқұм Құрманғали Қасымов бұл жйында: «Кейбір еулер ертеде осы шақ Арқалық деген батырдың мекені болған екен, сол үшін осылай аталыпты дегенді айтады. Енді біреулер, ертеден байлар жайлауға көшер жолда осы араға кідіреді екен. Яғни, ел мен жайлау арасын қосатын арқалық тәрізді екен бұл жер» деседі. Мұның бәрі де дұрыс емес. Алғаш келгенде байқағанымыз бұл жер белес-белес, арқа-арқа екен. Кен басқармасының алғашқы директоры Абдолла Тоқсанбаев, геолог Мұхаладжан Қойманов бәріміз ақылдаса келіп, Арқалық деп атауға келіскенбіз. Содан осы атау қалыптасып кетті.

Мұның шындығы осы деп бағалаған еді, 1947 жылдан 1950 жылға дейін қазақтар жағы Арқалық руднигі тұрған арынның арғы жағындағы сайдың іргесінде жартысы жерден қазылып, үстіне шым қаланған үйлерде тұрып келеді. Оның «жер кепе» немесе «Капай город» деп аталатын.

1. Л.Ситников «Торғай алабының тынысы» Алматы 1979 ж. 13-14 беттер.

Ригадан екінші эшалон болып құрлысқа тағы да жастар ағылып келеді. Солардың бірі қатарында, кейіннен үздік құрылысшылар аталып, талай марапаттауларға ие болған Н.Крюков, С.Циуме, оның зайыбы Р.Циуме, Анатолий Ванда Дудиналар, Н.Малиновская, Г.Алексевтер бар еді.

Сол кезде осылардың және басқа да құрылыстағы жастардың еш мамандығы жоқ болатын. Балташылық, сылақшы-сыршылық, тасқалаушылық мамандықтардың күндіз жұмыс істеп, кешкілік түнделікте қысқа мерзімді курстарға қатысып, мамндық игеруге тура келді. Соған қарамастан 8,20,21-қала шаруашыларының ірге тастарын қалаған, алғашқы жатақхана екі қабатты сегіз пәтерлі тұрғын үйді, бу қазанын салған солар еді, Трестің өнеркәсіп базасын, жылу электр орталығын, Рудник объектілерін салу қолға алынды.

1961 жылдың 30 наурызында Арқалық руднигінің бірінші бөлімінде Ф.Р.Иммель басқарған экипаж кен бетін аршыды. Ал, М.И. Демченко басқарған экипаж тау жынысын тұңғыш рет КРАЗ-222 автотүсіргішіне тиеді. Кен қазу 1961 жылы басталғанымен Торғай боксит рудниктерінің бірінші кезегі 1963 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілді. Ал, екінші кезегі 1968 жылдың ақпанында іске қосылды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!