Материалдар / «Түлкібас ауданының кәсіпкерлікті дамыту үшін инвестицияларды тарту бағыттары»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Түлкібас ауданының кәсіпкерлікті дамыту үшін инвестицияларды тарту бағыттары»

Материал туралы қысқаша түсінік
аудандағы кәсіпкерлікті дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Маусым 2021
246
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Түлкібас ауданының кәсіпкерлікті дамыту үшін инвестицияларды тарту бағыттары»

Кәсіпкерлікті дамыту ол – кез келген ел экономикасының негізі. Дамыған елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту экономиканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды. Атап айтқанда, салалық және өңірлік монополизм жойылады, рынокта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады. Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік жүздеген мың адамдар үшін тартымды сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады.

Қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Ел басшылығы ол істі табысты жүзеге асырудың мемлекеттің одан әрі экономикалық және саяси дамуын айқындайтынын жақсы түсінеді.

Шағын және орта бизнестің дамуының бірден-бір шешу жолы болып оларды қаржылық ресурстармен, яғни, несиемен қамтамасыз ету болып табылса, оларды несиелейтін екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің жағдайына да тоқталған дұрыс. Бүгінгі күні отандық банктеріміздің барлық капиталының мөлшері әлемдегі ірі банктердің капиталынан жүз есе кем екендігін ескеретін болсақ, онда банктерге ең алғашқы кезекте өздерінің ресурстарын нығайту қажеттілігі туып отыр. Әрине,қазіргі уақытта қатаң нарықтық экономика аясында өзін-өзі сақтандыру, өзін-өзі көрсете білу, бәсекелестікке төтеп беру үшін банктер тарапынан біраз жұмыстар жасалуы қажет. Ал, коммерциялық банктердің шағын бизнесті несиелеу механизімі мәселелеріне әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістемелік нұсқауларды ендіру керек. Ал коммерциялық банктер экономиканың нақты секторын несиелеуі ұлттық экономиканың өсуіне қосқан үлесі болмақ. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттіктерінің шаруашылық өмірі үшін әрі тиімді де пайдалы.

Осылайша, мемлекет бүгінгі күні кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің нарық экономикасының толыққанды қатысушысы ретінде өз қызметтерін жүзеге асыруларына қажетті жағдайды қамтамасыз етіп отыр. Шағын және орта кәсіпорындармен жұмыс істетуді көздейтін жалпыұлттық институттар құрылуда. Шағын және орта бизнеске атаулы қолдау көрсетуді жүзеге асыратын арнаулы «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қоры» құрылып, табысты жұмыс жүргізуде. Кәсіпкерлікке қолдау көрсету үшін бес мемлекеттік бағдарлама қабылданып, жүзеге асырылуда. Кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға және бизнестің билікпен арадағы іс-қимылдарының жаңа моделін құруға бағытталған "Жеке кәсіпкерлік туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Кәсіпкерлердің белсенділігін ынталандыруды көздейтін айтарлықтай салықтық жеңілдіктер заңдық деңгейде қарастырылды. Оның сыртында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және салық салуды жақсарту жөнінен үлкен жұмыстар атқарып жатыр. Мәселен, осылайша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, шағын және орта бизнесті жеделдете дамыту шаралары жөнінде бағдарламалар әзірленіп, салық заңына түзетулер енгізілуде. Мемлекетке елдегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды одан әрі ынталандыру үшін алда бірқатар міндеттерді шешуге тура келеді. Жоспарлы түрде, заң жүзіндегі бастамалар арқылы және қазірде күшінде тұрған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шағын және орта кәсіпкерліктің ІЖӨ құрылымындағы үлесінің айтарлықтай артуына қол жеткізіп, сол арқылы мемлекеттің экономикалық және саяси тұрақтылығының берік іргетасы – орта тапты нығайту қажет.

Түркістан облысында Түлкібас ауданы ерекше орын алады. Ауданның экономикасында туризм саласы ерекше орын алады. Ауданның даму бағдарламасына сәйкес 2020 жылы ауданға жалпы 19500 турист келеді деп жоспарланса, жыл қорытындысы бойынша 4285 турист келіп, оның ішінде 68 шет ел азаматтары келген. Себебі дүние жүзінде COVID-19 індетінің таралуына тосқауыл қою мақсатында, орын алып жатқан карантиндік шектеулерге байланысты жоспар орындалмай отыр.

Ауданымыздың 49,5 мың га жер телімі табиғаты әсем ерешке қорғалатын аймаққа жатады.

Түлкібас ауданы табиғи ресурстарға бай және көрікті жерлері мол болғандықтан туризм саласының бірнеше бағыттарына қолайлы аймақ (ауылдық туризм, этно туризм, емдік сауықтыру туризм түрлерін дамытуға мүмкіншілігі мол).

Ауданға батыс қақпадан кірген тұста Машат шатқалы орналасқан. Бұл шатқал өзіне сай табиғи сұлулығымен танымал. Шатқалда 6 балаларға арналған оңалту сауықтыру лагері, 10 туристік аймақ және қонақ қабылдау үйі орналасқан. Алайда шатқалда орналасқан демалыс орындарының қызмет көрсету сапасы төмен. Осы шатқалда орналасқан ең сұлу орын «Тамшы» әулие.

«Түлкібас» әулиесі кесенесін 2018 жылы ауданның 90 жылдық мерей тойы қарсаңында аудан бюджетінен қаржы бөлініп, абаттандыру, кеңінен көркейту жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда іске қосылған.

«Ақсу-Жабағылы» МҰТҚ-ның мұражайы және қорық аумағы. Қазіргі таңда қорық әкімшілігі арнайы төрт тіл білетін гиттермен қамтылған. Алыс жақын шет елдерден және Республикамыздың туристерге қызмет көрсетуде. Қорық аумағында 2 туристік аймақ, 2 қонақ қабылдау үйі орналасқан.

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағыттарының бірі – мемлекеттің қаржы-несиелік және инвестициялық климат жасау және несиелеу жүйесін жетілдіру басты мәселелер болып саналады. Шағын кәсіпкерлікті қаржы-несиелік және инвестициялық тұрғыдан қолдау мынадай жолдармен жүзеге асырылады:

- Екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерліктің өндірістік секторына жергілікті және республикалық бюджеттің, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген, мемлекеттік емес сыртқы қарыздардың есебінен, заңдарда белгіленген тәртіппен несие беруі;

- Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беруді, сондай-ақ несие алған

кәсіпкерлердің міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету үшін, аймақтарда қалыптасатын кепілдік қорлар есебінен екінші деңгейдегі банктерді ынталандыру тетігін әзірлеу;

- Тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте аталған мақсатқа қаражат көзделген жағдайда жобаларды екінші деңгейдегі банктермен қоса, бюджеттен қаржыландыру;

- Қоғамдардың өзара несие беру және өзара сақтандыру қызметін ұйымдастыру тетіктерін әзірлеу.

Шағын бизнесті қаржы-несиелік және инвестициялық қолдауды қамтамасыз ету мамандандырылған институттарды дамыту мен шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін қолайлы несие беру шарттары мен рәсімдерін белгілей отырып, олардың мақсатты топтарын қаржы-несиелік қамтамасыз етудің деңгейлі схемасын енгізуді көздейді.

Айналым қаражаты мен өтімді кепілдің жетіспеушілігімен ұштасқан бизнестің неғұрлым күрделі және жауапты кезеңінде тұрған кәсіпкерлерді қолдау мақсатында шағын кәсіпкерлікке несие берудің кепілді жүйесін жасау үшін жағдай жасалады. Осы жүйе несиені өтеу қабілетсіздігі жағдайында шығындардың орнын толтыру жолымен несиелік мекемелермен тәуекелдерді бөлісуге және өміршең жобаларды жүзеге асыруға ниет білдірген, бірақ жеткілікті қамтамасыз етілмеген немесе несие беруші банктің талаптарын қанағаттандыра алатын несие тарихы жоқ кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Бұл мәселе шағын кәсіпкерлерліктің салалық құрылымын жетілдіру, бастапқы капиталды қаржыландыру арқылы перспективалы қайта өңдеуші өндірістерді дамыту қажеттігіне байланысты ерекше маңызды.

Бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне:

- несиелер беру рәсімдерін және онымен байланысты шығыстарды;

- шағын бизнес субъектілері үшін несиелерге қызметтер көрсету төлемдерін азайту жөніндегі тетіктерді әзірлеу және енгізу;

- шағын бизнес кәсіпорындарын оларды жеңілдетілген нысан бойынша жобаның техника-экономикалық негіздемесімен ауыстыра отырып, несие берілетін іс-шара бойынша бизнес жоспарларды міндетті түрде ұсынудан босату;

- қарыз алушы – шағын бизнес кәсіпорындарының қаржы жағдайын бағалау өлшемдерін, сондай-ақ несиелерді қамтамасыз ету түрлеріне қойылатын талаптарды жеңілдету жолымен оңтайландыру қажет болады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несие ресурстарына қол жетімділігін кеңейтуге байланысты мәселелердің шешілуі, қарыз алушылардың тізілімдерін жасау мен жүргізу оларға несие тарихын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл шағын кәсіпорындар саны мен өнімділігінің тұрақты өсуіне ықпал ететін болады.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!