Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түлкібасы-құт мекен
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
8
|
|
|
|
|
|
Мазмұны
Кіріспе
Тақырыбы:
Түлкібасы-құт мекен
Кіріспе.
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ТАРИХЫ
Aудан Сырдария округіне қарасты, Шымкент уезі, Майлыкент болысының аумағында, орталығы Түлкібас стансасы болып, 1928 жылы 17-ші қаңтарда құрылғандығын мұрағат құжаттары растайды.
1930 жылы 17-ші желтоқсандағы Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің қаулысына сәйкес, осы жылдың 23-ші шілдесінде Түлкібас ауданы, Жуалы ауданына қосылды. Бес жылдай Жамбыл облысының қарамағында болып, 1935 жылы 9-шы қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында қайта шаңырақ көтеріп, орталығы Ванновка селосы болып бекітілді. 1963-1966 жылдары Сайрам ауданында болды. 1928 жылдан тәуелсіздік алған жылдарға дейін ауданды 19 азамат басқарған. Тәуелсіздік алғаннан бүгінгі күнге дейін ауданды 8 әкім басқарған.
1993 жылы 7-ші қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қазақтың қайсар ұлы Тұрар Рысқұловтың 100 жасқа толу құрметіне орай, аудан орталығы Ванновка селосы Тұрар Рысқұлов ауылы болып өзгертілді. Қазіргі таңда аудан орталығы - Тұрар Рысқұлов болып аталады.
Аудан басшылары: Әбдуәлиев Қайрат Аманкелдіұлы - аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары - Жанисенов Марат Сүгірәліұлы, Маткерімов Отепбай Амалбекұлы, Ізтілеуов Нұржан Жақсылықұлы.
-
• Құрылған уақыты: 1928 жыл
-
• Көлемі: 2,3 мың шаршы км.
-
• Облыс орталығына дейінгі қашықтық: 98 км.
-
• Аудан орталығы: Тұрар Рысқұлов ауылы
-
• Ауыл округтерінің саны: 15
-
• Елді-мекендерінің саны: 63
-
• Халқының саны: 106,5 мың адам
-
• Ұлттық құрамы: қазақтар-87,3% орыстар-3,5%, өзбектер-3,1%, әзірбайжандар-2,3%, түріктер-2,2% басқа ұлттар-1,6%
Индустриалды — экономикалық профиль
Аудан өзі
өндіретін өнімдердің сан-алуан түрлілігімен ерекшеленеді:
дәнді-дақылдар, майлы дақылдар, бақша дақылдары, сонымен бірге
картоп, жүзім және жеміс-жидектер. Тамақ өнеркәсібінің қайта
құдейтін кәсіпорындары ауданның өнеркәсіп потенциялының жалпы
көлемінде 40 пайызды құрайды. Мұнда «Сана» Корпорациясы» ЖШС-не
тиесілі екі қуатты ұн тартатын комбинат жұмыс
істейді.
өнеркәсіп
өндірісінің тағы бір бағыты – пайдалы қазбалар қойнауы мен жатағын
өңдеу болып табылады. Түлкібас ауданына Қазақстан бойынша жалғыз
түрлі-түсті цемент шығаратын зауыт орналасқан. Ал, Түлкібас әк
зауытының 80 жылдық тарихы бар.
Ерекшеліктер мен көрнекті орындар
Ауданға «тамаша
витаминді өнімдер өндіретін алқап» деген абыройлы ат бекем
бекітілген. Бұл жерлерде алманың, алмұрттың, іріктің, жүзімнің
түрлі сорттарын өсіру үрдісі бірнеше онжылдар бұрын
қалыптастырылған. Ал, дәмді ірі экологиялық тұрғыдан таза жемістер
Түлкібас ауданының визиткалық карточкасы болып
табылады.
Ауданның ең
басты көрнекті жері Ақсу Жабағлы қорығы. Ол 1927 жылы құрылған.
қорық флора мен фаунаға бай. Қорық территориясында 55-тен астам
құстар пен аңдар түрі және 200-ден астам өсімдіктер түрі бар.
Олардың көпшілігі қызыл кітапқа
енгізілген.
Әкім
Абдуалиев Кайрат Амангелдиулы
Әкимат мекен-жайы
Турара
Рыскулова 487960
Т.Рысқұлов
көшесi, 201
Телефон: +7
(72538) 5-29-88
Факс: +7
(72538) 5-27-75
Табиғаты
Мақтан тұтар байлығыныз бірі - Ақсу-Жабағылы қорығы. Қоғамымыздың бір туар қайраткері Т.Рысқұловтың ұсынысымен жиырмасыншы жылдары Ақсу-Жабағылы қорығы жарияланды. Ақсу-Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Бұл қорық Талас Алатауының Солтүстік-Батыс бөлігінің және оған көршілес Өгем жотасын алып жатыр. Оның негізгі аймағы Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төле би және Бәйдібек аудандары және Жамбыл облысы Жуалы ауданы жерінде орналасқан. Сонымен қатар, қорық құрамына екі палентологиялық бөлім кіреді. Бірі Қарабастауда жер көлемі 126 га., екіншісі - «Әулие», жер көлемі 100 га. Екеуі де Бәйдібек ауданында қорықтың негізгі аймағынан 120 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Қорықтың қазіргі жер көлемі 85754 га. Оның ішінде: Түлкібас ауданында-21255 га., Төле би ауданында-53597 га, Бәйдібек ауданында-231 га., Жамбыл облысы, Жуалы ауданында-10682 га. Қорықтың орталығы Түлкібас темір жол станциясының шығысында, 18-20 шақырымдай жердегі Жабағылы ауылында. Қорықтағы ең ірі өзен - Ақсудың ұзындығы 120 шақырым, ені 10 метрге жетеді, тереңдігі жарты метр. Ақсу-Жабағылы қорығында аң мен құстың 550 түрі, өсімдіктің 200-ден астам түрі бар. Олардың көпшілігі Қызыл кітапқа енгізілген. Аудан орталығы Тұрар Рысқұлов ауылында 20 мыңнан астам адам тұрады. Ауылды қақ жарып өтетін орталық көше бұрын Ленин атында еді, 1994 жылы Тұрар Рысқұлов есімі берілді. Аудан орталығында бүкіл Әлемге белгілі тарихшы-ғалым, қолбасшы - қайраткер Мұхаммед Хайдар Дулати мен түрік жұртына ортақ тұлға Тұрар Рысқұловқа ескерткіш орнатылған.
Көне тарих - бұрынғы ата-бабаларымыздың жолы. Өткен ғасырдан біздің дәуірімізге дейін сан қилы құпиясын қойнына алып, ежелгі дүниенің көне көз елшісіндей болған тарихи ескерткіштер біздің ауданымызда да жетерлік. Аудан аумағында бұрындары болған «Шарафкент», «Будухкент», «Томтодж», «Абардадж» деген үлкен қалалардың орны анықталған.
|
|
|
|
|
|
|
|
Әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Өнеркәсіп
Аудандағы өнеркәсіп өнімін өндірудің негізгі үлесі «Түлкібас әк зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Састөбецемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Түлкібас мелькомбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «ЭкоПродуктГруп» акционерлік қоғамы және «Үміт СД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемелеріне тиесілі.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2007 жылдың I-жартыжылдық қорытындысымен - 2 млрд. 441 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,9 пайызға өскен. (2006 жылдың алты айында - 2 млрд. 350 млн. теңге).
Ауыл шаруашылығының көрсеткіштерін статистика мәліметіне қарап, талдап өтетін болсақ: сүт өндіру 2006 жылдың I-жартыжылдығымен салыстырғанда 103,1 пайызға өсіп, 24021 тоннаны, жұмыртқа өндіру 104,4 пайызға өсіп, 9036,0 мың дананы, ірі қара мал басы 102,8 пайызға өсіп, 36641 басты, оның ішінде сиырлар саны 101,9 пайызға өсіп, 16956 басты, қой мен ешкінің басы 100,9 пайызға өсіп, 113619 басты, жылқының басы 101,7 пайызға өсіп, 10895 басты құрады.
2007 жылдың I-жартыжылдық қорытындысымен 6065 бас ірі қара мал қолдан ұрықтандырылып, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 119,9 пайызға артқан (2006 жылдың тиісті кезеңінде 5059 ірі қара мал ұрықтандырылған).
Үкімет тарапынан 2007 жылға ауданға-40 млн. теңге субсидия бөлінді. Қазіргі уақытта 816 шаруашылықтың құжаттары облыстық ауыл шаруашылығы департаментіне-34177,2 мың теңгеге өткізілді, яғни 85,4 пайызға игерілді.
«Түлкібас несие серіктестігі» ЖШС арқылы аудан шаруашылықтарына-108,1 млн. теңге несие берілді. Оның-13,9 млн. теңгесі егістік жұмыстарына, мал шаруашылығымен айналысуға-94,2 млн. теңге берілді.
«Ауыл тұрғындарын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы аудан тұрғындарына-13,8 млн. теңге шағын несие (60 мыңнан-130 мыңға дейін) таратылып берілді.
Аудан бойынша Европалық банктің қайта өндеу саласын дамыту секторы арқылы аудандағы-14 шаруашылыққа 3-4 жылға 16 пайызбен-21 млн. теңге қаржы берілді.
Шағын кәсіпкерлік
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 2007 жылдың І-жартыжылдық қорытындысымен өнім көлемі-573,8 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 147 пайызға өсті. (2006 жылдың І-жартыжылдығы-390,72 млн. теңге). Өнім көлемінің артуынан бюджетке-93,9 млн. теңгеге салық түсімдері түсіп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда-43 млн. теңгеге өсті ( 185 пайыз ).
Келтемашат ауылында «МАSHAT Марсель» газдалмаған табиғи ауыз суы шығарыла бастады. Бұлақ суы арнайы орнатылған Қытай-Ресейдің желілерінде тазаланып 5 литрлік полиэтиленді ыдыстарға құйылады. Бұл желіден сағатына 350 ыдыс су шығаруға болады. Қазіргі уақытта жұмысқа осы ауылдың жиырма тұрғындары тартылып, екі ауысымда жұмыс істеуде.
Бюджет
Аудан экономикасы дамуының негізгі көрсеткіші болып саналатын бюджеттің кіріс бөлігіне салықтар мен түсімдер контингент бойынша 2007 жылдың І-жартыжылдығында жоспарланған-402,3 млн. теңгенің орнына-416,9 млн. теңге түсіп, жоспар 104 пайызға орындалды. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 141 пайызға өсті (2006 жылдың І-жартыжылдығы-294,8 млн. теңге).
Аудандық бюджетке салықтар мен түсімдер 2007 жылдың І-жартыжылдығына жоспарланған-249,5 млн. теңгенің орнына-259,3 млн. теңге түсіп, жоспар 104 пайызға орындалды. Алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 139 пайызға өсті. (2006 жылдың І-жартыжылдығында-186,3 млн. теңге).
Әлеуметтік сала
2007 жылдың І-жартыжылдық қорытындысымен жұмыссыздықты төмендету барысында аудан бойынша 303 хабарласқан жұмыссыздың барлығы жұмыспен қамту бөлімінде тіркеліп, 203 адам жұмыспен қамтылды.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 2006 жылдың І-жартыжылдығында 1102 адам болса, осы жылдың І-жартыжылдығында 854 адамды құрады (22,5 пайызға төмендеген). Ауданда 154 отбасыға-3 млн. 897 мың теңгеге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге төмендеген.
Ауыл округтері бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларының 18 жасқа дейінгі балаларға-15,5 млн. теңге балалар жәрдемақысы тағайындалып, төленді.
Мұқтаж отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындау жұмыстары жүргізіліп, 238 отбасына-2 млн. теңгеге көмек көрсетілді.
Аудан экономикасының барлық салаларында 2007 жылдың І-жартыжылдығында жаңадан жалпы 151 жұмыс орны ашылды.
Денсаулық сақтау
2007 жылдың денсаулық сақтау саласына жоспарланған-403,2 млн. теңгенің-387,7 млн. теңгесі игерілді. Бір тұрғынға шаққандағы бөлінген қаржы-8762 теңгені, бір күндік дәрі-дәрмек қаржысы-509,9 теңгені, бір күндік тамақ қаржысы-290,7 теңгені құрап отыр.
Балалар өлімінің 1000 балаға шаққандағы көрсеткіші 83,9 пайызды құрап отыр.
2007 жылы күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен-201,8 млн. теңге бөлінген, соның ішінде:
-аудандық аурухана ғимаратына-181,5 млн. теңге бөлініп, қазіргі уақытта 80,5 млн. теңгесі қаржыландырылды;
-Машат дәрігерлік амбулаториясына-5,5 млн. теңгесі;
-аудандық емхана ғимаратына-14,8 млн. теңге бөлінген.
"Ырыс алды- ынтымақ" Түлкібас ауданында жалғасты
Оңтүстiк Қазақстан облысында жыл сайын өткiзiлетiн «Ырыс алды — ынтымақ» қоғамдық форумы биыл Түлкiбас ауданындағы таңғажайып тау баурайында жалғасын тапты. Өзге аудандарда, Шымкент қаласында бұл iс-шара әдетте Наурыз мейрамымен астасып жататын. Форумның бұл жолы кешеуiлдеуi көктемгi су тасқыны салдарынан болды. Дегенмен, игiлiктiң ерте-кешi жоқ, халыққа пайдалы жиынның мәртебесi әрқашан биiк, нәтижесi мол болмақ.Жиынға облыс әкiмi А.Мырзахметов қатысып, сөз сөйледi.
Биылғы форум «Ақсақалдардың абырой-беделiн көтеру – уақыт талабы» тақырыбына негiзделдi. Мұнда ел iшiнде адамгершiлiк, имандылық, инабаттылық, мәдениеттiлiк, сабырлылық, iзеттiлiк сынды қасиеттердiң ортаймауында ақсақалдардың рөлi үлкен деген мән жатыр. Шынында да ұлтымызға тән асыл қасиеттер бүгiнде толық сақталып келедi деу қиын. Себебi ұлтжандылық қасиеттерiнен алыстай бастаған жандар аз емес. Ақсақалдардың абырой-беделi мен ықпалын қалай көтеремiз? Елдiң тәлiм-тәрбиесiне қариялардың септiгiн қалай тигiземiз? Осындай өзектi мәселелер ортаға салынған қоғамдық форумға облыс орталығынан және барлық аудан, қалалардан ақсақалдар мен арнайы делегациялар, депутаттар, қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi, мекеме басшылары қатысты.
Қызыл төбешіктің көркі болып келген әйгілі грейг қызғалдағы құрып барады
Түлкібас ауданындағы Қызыл төбешік - Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген грейг қызғалдағы ең көп өсетін аумаққа жатады. Табиғат жанашырлары осы гүлдердің жойылып кету қаупі барын айтып дабыл қағуда. Жергілікті билік қаржы тапшылығын сылтауратып, гүлді түп-тамырымен жұлатын суыққолдыларға тосқауыл қоя алмай отыр.
Оңтүстік өңірде өсетін өсімдіктердің үш мыңнан
астам түрінің 118-і «Қызыл кітапқа» енгізілген. Алайда, табиғатта
аса сирек кездесетін өсімдік түрлерін қорғау жағы ақсап тұр.
Солардың бірі аумағы 20 гектар жерді алып жатқан Қызыл төбешік
гүлдердің элиталық санатына жататын грейг қызғалдағы ерекше көп
өсетін жер ретінде танылған.
Жылына бір рет небәрі 10-15 күн ғана гүлдейтін қызғалдақтар көктем
келіп, тіршілік жаңарған шақта бүкіл алқап қызыл кілемге оранғандай
әсем түрге енеді. Қызғалдақпен көмкерілген төбешік табиғат-ананың
адам баласына деген мейірімі түсіп, құшақ жайып тұрғандай әсер
қалдырады.
Табиғатқа тамаша сулулық беріп, жайқалатын осынау ерекше жер қазір
қараусыз жатыр. Қарауыл жоқ. Қорушысыз жерге демалуға келушілер
құшақ-құшақ қызғалдақтарды аяусыз жұлып, гүлдерді басып-жаншып
жатады, дейді табиғат қорғаушылар.
Қызғалдақ тауына күзет қоюға Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімшілігінің қаржысы жоқ. Мемлекеттің бар қолынан келетіні –
облыстық орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
саласының қызметкерлері және табиғатты қорғау прокуратурасы мен
полиция қызметкерлерінің қатысуымен жылына бір мезгіл арнайы
рейдтер ұйымдастыру ғана.
– Қызыл төбешік ерекше табиғи ескерткіштердің бірі. Өкінішке қарай,
жыл өткен сайын бұл жердің сұлулығы сейіліп барады. Заң бойынша,
«Қызыл кітапқа» енгізілген қызғалдақтың бір түбі үшін 636 теңге
залал мөлшері қаралған. Өткен жылы 2 оқиға анықталып, шара қолдану
үшін құжаттар Түлкібас аудандық ішкі істер басқармасына жолданған
еді. Бірақ, белгісіз себептермен аяқсыз қалды. Бұл қылмысты
дәлелдеу қиын. Сондықтан заң бұзғандар, жауаптан жалтарып жатады.
Дегенмен, айыптылардың үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодексінің 290-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып,
жауапкершілікке тартылуы керек. Аса сирек кездесетін өсімдіктерге
нұқсан келтіргендер, заң бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан
айрылуы мүмкін. Биылдың өзінде бірнеше күн ішінде 6 оқиға
анықталып, тергеу жүргізілуде. Солардың ішінде қызғалдақтың 150
түбін жұлғандар бар, – дейді облыстық орман шаруашылығы және ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы реттеу мен басқару бөлімінің
бастығы Нұрмахан Жұмағұлов.
Мамандардың айтуынша, грейг қызғалдағы көктемде
гүлдейтін өсімдіктердің ішінде ең әдемісі. Бұл өсімдік топырақ пен
ауаның қолайсыз жағдайына да өте төзімді. Тіпті қарсыз қыстағы -40
градусқа жететін сақылдаған сары аязда, жаздың шіліңгір аптап
ыстығында, жердің қызуы 50 градусқа дейін барып, 1-2 метр
тереңдікке дейін су болмай қалған жағдайда да өсе береді екен. Дала
гүлі дауылға да төтеп беруге бейімделген.
– Қызыл төбешікке табиғат-ананың өзі сыйға тартқан грейг
қызғалдағын «Жауқазындар королі» деп те атайды. Бұл гүлдер Қаратау,
Алатаумен шектесіп жатқан Қазығұрт, Төлеби, Түлкібас, Бәйдібек
өңірлеріндегі таулы аумақтарда кездеседі. Ең көп шоғырланған жері
осы Қызыл төбешік. Бокал тәрізді гүлінің ұзындығы 8 сантиметрге
дейін жетеді. Жапырақтары да ірі келеді. Табиғатта жабайы өсіп
жатқан өсімдіктің бұл түрі соңғы жылдары сиреп барады.
Қызғалдақтарды түбімен қазып алып, сатып пайда таппақ боландардың
кесірінен, олардың мүлдем жойылып кету қаупі бар, – дейді
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аға ғылыми
қызметкері Шолпан Анарбаева.
Қызыл төбешікке деген қызығушылық шетелден келген саяхатшылар
тарапынан жылдан жылға артып келеді, дейді мамандар. Олардың
айтуынша, табиғи ескерткішті туристтік аймаққа айналдыруға әбден
болады.
Ең бастысы, табиғаттың берген сыйын сақтап, келер ұрпаққа сол
күйінде жеткізу. Ал ол үшін Қызыл төбешік қызғалдақтарын қорғауды
мемлекет жедел қолға алу керек, дейді табиғат
жанашырлары.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Түлкібас ауданы
Керейт ауылы
О.Ағыбайұлы атындағы жалпы орта мектебі
Курстық жоба жұмысы
Тақырыбы:
«Түлкібасы-құт мекен»
Тексерген: Есназарова Ұ.А.
Орындаған: Бекешова З.А.
Алматы-2013