Материалдар / Тұманбай Молдағалиев - ақ ниеттің адал жыршысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тұманбай Молдағалиев - ақ ниеттің адал жыршысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақын, Қазақстанның халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтың шығармашылығымен кеңірек таныстыру. Студенттердің әдебиетке деген ынтасын арттыру, көркем сөз оқу шеберлігін, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, әдебиетті, өнерді, сезімді, өмірді бағалауға үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
1860
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтан тыс шараның тақырыбы: Тұманбай Молдағалиев - ақ ниеттің адал жыршысы

Мақсаты: ақын, Қазақстанның халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтың шығармашылығымен кеңірек таныстыру. Студенттердің әдебиетке деген ынтасын арттыру, көркем сөз оқу шеберлігін, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, әдебиетті, өнерді, сезімді, өмірді бағалауға үйрету.

1 жүргізуші: құрметті ұстаздар, студенттер. "Тұманбай Молдағалиев - ақ ниеттің адал жыршысы" атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер.

2 жүргізуші:

Бүгінгі әдеби кешіміздің ой қазығы:

Өлең - менің тіршілігім,жер-көгім, Ертелі-кеш таусылмайтын еңбегім. Мені өлеңнен бөлген күні бітем мен, Өлеңсіз күн - өлген күнім ол менің.

1 жүргізуші: Тұманбай Молдағалиев - еліміздің аяулы азаматы, ардақты ақыны. Бұл - жүрекке сіңген, бәріміз іштей сезінген ұғым, түсінік. Оны өзі де жырымен дәлелдейді:

Жанымдағы отымды өзім үрлеймін,

Жарылқайды іздеп келіп жыр кей күн.

Мен халықтың тілегінен бастау ап,

Мен халықтың жүрегінде гүлдеймін.


2 жүргізуші: әрине, Тұманбай ақынның жомарт жүрегі жырдан жаралған, жыр - ақынның тірлігі де, тынысы да, қуанышы да, қиналысы да. Тыңдап көрсек:

Күндіз - түні көңілімді тербеткен,

Өлеңдерім - өміріме белгі еткен.

Бұл Тұманбай - ел баласы деген ат,

Елу жылда абыройыммен кеп жеткен.


1 жүргізуші: Ақынның ғұмыры - жырға, жыры - ғұмырға айналған. Оны осы бір өлең шумақтары айқындайды: Өлең - менің тіршілігім,жер-көгім, Ертелі-кеш таусылмайтын еңбегім. Мені өлеңнен бөлген күні бітем мен, Өлеңсіз күн - өлген күнім ол менің.

"Өмірбаян очеркі" әдісі. Студенттер шығармашылық тапсырманы дайындап келеді.

Презентация қорғайды.

Калия: Ақын неғұрлым халық өмірімен тығыз байланыста болса, оның өнері де өмірлі болмақ. Ал халықпен үні үндес, ұраны бір өнер жанашыры жұртшылық жүлдесіне ие, әрдайым ел ардағы, қауым құрметтісі саналмақ. Поэзияны, өнерді таптырмайтын тәрбие құралы деп ұққан, саналы өмірінде туған еліне өлең сөзімен қалтқысыз қызмет еткен ақын Тұманбай Молдағалиев есімі ерекше аталады. 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы Жарсу ауылында дүниеге келген ақын саналы ғұмырын тағылымды істерге жұмсаған. Талай қауымның талғамына татырлық шығармалар жазған Тұманбай Молдағалиевтің алғашқы өлеңдер жинағы 1957 жылы «Студент дәптері» деген атпен жарық көрді. Содан бергі уақыт ішінде ақынның қырықтан астам кітабы шықты. Бірнеше жинағы орыс тілінде Мәскеу, Алматы баспаларынан жарық көрген. 

Алтынай: Ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы – адамның рухани дүниесімен астасқан гуманистік, адамгершілік мұраттар. Шығармалары халықтың ең ізгі ойымен, арманымен астасып жатқан Тұманбай Молдағалиев үміт, күйіну, сүйіну, өкініш т.б. сезім күйлерін ерекше тебіреніспен өлеңге айналдыра біледі. Туған елінің өнер дариясынан еркін сусындап, бойындағы бар асылын жұртына қалтқысыз жұмсаған ақын тағдыры – бақытты тағдыр. Ақынның ақындық сыры шынайы адамдық қылықтарға, жас адамға лайық сезім шыншылдығына, терең астарлы ойға құрылған.Тұманбай ақынның өлеңдерін оқып отырып, ақын бойындағы сүйіспеншілік сезімі туған табиғат арқылы келгендей күй кешесің. Сонымен қатар халықтың ғасырлар бойына аңсап күткен асыл арман, үмітін, бар талап-тілегін айтуды да ұмытпайды. Ақын ылғи оқырманын толғанысқа бөлеп отырады.

"...Өмір деген – алысқа аттаныс,

Қайда ұшсаң да, қасиетіңді сақтап ұш.

Бүгін дырдай көрінгенмен, күні ертең,

Мен сендерге бола алам ба мақтаныш?"  ... Бұл тамаша өмір – қол жетпес қиял, арман емес, қазіргі біздің шын, күнделікті бақытты өміріміз деген өзінің қуанышын білдіреді. Қазақ ақыны Тұманбай үшін Отаны, елі, жерінің тағдырын жырлау – негізгі мақсат, биік мұрат іспетті.

1 жүргізуші: Ақынның туған әдебиет айдынында сонау елуінші жылдан қанат сермегелі ақындық сапар - жолы бақытты басталып, ел - жұрты бірден алақанына салып аялай жөнелген.

2 жүргізуші: иә, содан бері жырдың қыран тұғырынан түсіп көрген емес.

Ақынның жыр бұлағы тек ақиқатты әйгілейтіні туралы ақындардың да, әншілердің де өз айтары бар. Ендеше, сұхбатқа кезек берейік.


2. "Тікелей радиоэфир" әдісі


Жүргізуші:

Бүгінгі студия қонақтары КСРО халық әртісі, әнші Бибігүл Төлегенова, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Әкім Тарази, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Темірхан Медетбек. Қош келдіңіздер. Таңғы шықтай нәзік жырлы Тұманбай ақын туралы сіздердің ойларыңызбен бөліскім келеді.


Темірхан Медетбек: Тұманбай Молдағалиев қазақ лирикасының королі. Тұла бойы тұнып тұрған сезім.Махаббат пен сүйіспеншіліктен жаратылған.Ол дүниедегі тербеністер мен тербелістердің ақыны.


Әкім Тарази: Басқа көптеген ақындар ақ қағазға көк сиясын малып отырып өлең жазса, Тұманбай тек жүрегімен ғана жазады. Тұманбай өзін халқымен бірге, қазағымен бірге сезінген адам.


Бибігүл Төлегенова: Тұмағаң музыканы терең түсінетін, оның нәзік иірімдерін терең түйсінетін ақын. Ол кісі сияқты сазгердің әуенін, әншінің жанын түсінетін ақындар сирек. Тұманбай Молдағалиев поэзияда өшпестей, өлместей мұра қалдырды. Ендеше6 "Куә бол" әнін орындап берейін.


1 жүргізуші: Ақын ой шоғын, өлең отын маздатқан шақта тек шындыққа, әділ қазыға, қатал қазыға ғана тағзым етеді.

2 жүргізуші: мейлі анаға, мейлі дала аруына жыр арнасын, ол әлемдік философиялық ой түйеді. Ендеше, микрофон өздеріңізде.


"Еркін микрофон" әдісі


Ақын өлеңі оқылады.

1. Ұмытпаспын осыңды. Ұлболсын

2.Бала күннің достары. Жұлдызай

3.Элегия. Жадыра. Ұлпан

4. Сыр. Элмира

5. Өмір, қымбаттым менің. Гүлдана


"Әнім сен едің" әні орындалады.


3. "Жүйрік қиял" әдісі

Өлеңдеріне сатылай кешенді талдау жасау. Үлгі.

1.Авторы

2. Тақырып - бұл туындының іргетасы

3. Жанр түрі - өлең, себебі өлең дегеніміз - белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.

4.Идеясы: автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде оны өз қарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді.Сол арқылы өз мақсат, мүддесін, арманын білдіреді.

5. Өлең - 4 шумақты. Шумақ аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.

6. 16 тармақты. Тармақ - өлеңнің әр жолы.

7. Бунақ - белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. Өлең 3 бунақты.

8. Буын саны - сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына бай ланысты. Өлең 13 буынды.

9. Ұйқас түрі - (мысалы: а-а-б-а - қара өлең ұйқасы, а-б-а-б - шалыс ұйқас)

10. Сөздікпен жұмыс

11. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні - мысалы: өлеңде туған жерді, Отанды сүю, қорғау, оқушыларды өздеріне артылған әлеуметтік, азаматтық жүкті сезінуіне, тәрбиелеуге арналған.

2 жүргізуші: ендеше, студенттерге өлеңдері талдауға таратылады.

Ана

Құлайын деп бара жатам құлдырап,

көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап.

Сол кездегі бір ән естимін жақыннан,

Аққан бұлақ секілденген сылдырап.


Есім жиып, өз бойымды тік ұстап,

тіршіліктің әуенімен тыныстап.

Сергимін де сезім гүлін құлпыртам,

Кел дегендей болады бір күміс бақ.


Сөндім-ау деп, өлдім-ау деп ышқынып,

қалған кезде бойымдағы күш бұғып.

Сөнбейсің деп дауыстайды анашым,

мен орнымнан жығыламын үш тұрып.


Ойнап шығам содан кейін құрақтай,

Жарқылдаймын жүрегімді жылатпай.

Мүмкін, мүмкін ана махаббаты шығар бұл,

Мені сүйіп келе жатқан құлатпай.

Өлеңді сатылай кешенді талдау

1.Авторы

2. Тақырып -

3. Жанр түрі -

4.Идеясы:

5. Өлең -

6. Тармақ -

7. Бунақ -

8. Буын саны -

9. Ұйқас түрі - (мысалы: а-а-б-а - қара өлең ұйқасы, а-б-а-б - шалыс ұйқас)

10. Сөздікпен жұмыс

11. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні -

Күз

Сап-сары күз сонымен келді ме,

Ағаштардан жапырақтар төгілді.

Несібесін жинап жатыр ел міне,

Ауыл маңы бұрынғыдай көңілді.


Жылы жаққа топ-топ болып түзеді бет,

Жаз қызығын көрген біздің құстар да.

Алма ағашты күз желі бір сілкіп ет,

Өзі келіп дәл алдыңа түсті алма.


Суық түсер, бізден жылы озар күн,

Түнге қарай жасырынар ай бұлтқа.

Қауын-қарбыз баяғыда ақ базардың,

Сөрелерін толтырып тұр байлыққа.


Суық та емес, ыстық та емес, рахат

Жел де оңаша байқатпайды екпінін.

Жүзім, өрік, мөлдіреген қарақат,

Бақша тұрмақ, базарда да жоқ бүгін.


Қолғабыс қып әкеменен шешеге,

Балалар да рахатқа батады.

Ал күн шыға олар толып көшеде,

Мектептерге кетіп бара жатады.



Өлеңді сатылай кешенді талдау

1.Авторы

2. Тақырып -

3. Жанр түрі -

4.Идеясы:

5. Өлең -

6. Тармақ -

7. Бунақ -

8. Буын саны -

9. Ұйқас түрі - (мысалы: а-а-б-а - қара өлең ұйқасы, а-б-а-б - шалыс ұйқас)

10. Сөздікпен жұмыс

11. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні -


1 жүргізуші: Жиырма екі жасында "Студент дәптері" атты тұңғыш жыр жинағымен -ақ жұртшылыққа танылып үлгерген Т.Молдағалиев поэзиясының басты ерекшелігі - баттастырған бояу, орынсыз әшекейден ада, кестесі келіскен, аяулысын ақ махаббаттың аспанында әуелетті.

2 жүргізуші: оқырманын төгіліп тұрған сезім-нұрдың шұғыласына бөледі, арман-қияллын жұлдызды көкке самғатты. Тұманбай Молдағалиев жүректің нәзік қылын шертетін көптеген тамаша ән мәтіндерінің де авторы. Ақын өлеңіне жазылған "Құстар әні" өлеңімен аяқтайық.

Құстар әні

1 жүргізуші: тобықтай сөздің түйінін қазақ тілі және қазақ әдебиеті оқытушысы Джакаева Гульзира Баженовна беріледі.































































































































"Қайда жүрсем, ойлап сені жүремін,

Сүйікті елім, момын елім, ұлы елім.

Саған ғана арқамды мен сүйедім,

Саған ғана аяғымды тіредім", - деп ақын үлкен тебіреніспен сыр шертеді. Тұманбай Молдағалиевте өмірден, тұрмыстан алшақ алынған тақырып жоқ. Ол үнемі күнделікті өмір құбылысын, адам тіршілігін жырлады.

Ақын өлеңдерінің бір тобы – арнау өлеңдер. Олардың әрқайсысы белгілі бір адамға, көрнекті тұлғаға арналып жазылғанымен, әр өлең философиялық ойға бейім. Атап айтқанда, ол үшін Абай, Мағжан, Қасым, Әбділдалар көркем ойдың келісті үлгісі сынды. Өлеңмен арнау, халықпен сырласу – Тұманбай Молдағалиевтің творчестволық әдісіне, сүйікті жанрына айналады. Ақын жүрегінен жалын боп атқан жыр оты жыр сүйер қауымға мұқалмас қайрат қосты.

Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып,
Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып.
Зымырайды менің бала кезімдей,
Бір жалт етіп өте шыққан сезімдей.

Құстар, құстар сызылтып ән салады,
Сол әнімен тербетеді даланы.
Ал, адамдар күліп бастап өмірін,
Кетерінде жылай да алмай қалады.

Біздің жаққа бауыр басып кеткен бе,
Тамаша әнмен келіп еді көктемде.
Өскен жерге сыймай кетіп барады,
Өскен жерін қимай кетіп барады.











Өлеңдері он екі өрім қамшыдай шебер өріліп, жырлары жақұттай жарқыраған Тұмағаң туралы жазушы, Ресей Әдебиет академиясының академигі, «Парасат» орденінің иегері Сәбит Досанов өз естеліктерінде былай деп жазады: «Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов сынды талғамы биік, талабы зор сазгерлердің Тұманбай Молдағалиевтің өлеңін таңдауы тегін емес. Оның терең сыры тегеурінді таланттың адам жанының нәзік пернелерін шерте білетін сыршылдығында болса керек. Сырбаз мінезді сыршыл жырлардың авторы Тұмағаң теңіздей терең ойлы жақұт жырларды да өмірге әкелген талассыз талант. Ақын шығармашылығының ол ерекшелігі оның ән мәтіндерінен-де айқын, аңғарылып тұрады».  Нұрғиса Тілендиевтың «Құстар қайтып барады» әнінің де сөзін Тұманбай Молдағалиев жазған. Бірде, ақынға ол «Сенің өлеңдеріңе алда талай ән жазамын. Бірақ та, дәл осындай ән қайта шықпайды. Мені, ақтық сапарға осы әнді айтып, шығарып салыңдар», — деп аманат етіпті. 

Өмір маған кейде бір тау сияқты,

Шыңына шыққым келеді.

Өмір маған кейде бір жау сияқты,

Аяққа жыққым келеді.

Өмір маған кейде бір бел сияқты,

Гүлдерін тергім келеді.

Өмір маған кейде бір шөл сияқты,

Сусын бергім келеді.

Өмір маған кейде бір от сияқты,

Жылынып алғым келеді.

Өмір маған кейде жақсы дос сияқты,

Күнде көргім келеді.

Өмір маған үлкен керуен көш сияқты,

Жетектегім келеді.

Өмір маған кейде адал жар сияқты,

Еркелеткім келеді.

Мені күткен бір бақыт бар сияқты,

Ерте жеткім келеді.

Өмір маған кейде сұлу қыз сияқты,

Құшақтап сүйгім келеді.

Өмір маған кейде, апа, сіз сияқты,

Қуаныш үйгім келеді.

Өмір маған шаттық сезім сияқты,

Мәз боп күлгім келеді.

Өмір маған кейде өзім сияқты,

Өмір сүргім келеді.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!