Материалдар / «Тұтықпа балаларға жүргізілетін логопедиялық ырғақтық түзету-тәрбиелік жаттығулары»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тұтықпа балаларға жүргізілетін логопедиялық ырғақтық түзету-тәрбиелік жаттығулары»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тұтықпа балаларға жүргізілетін логопедиялық ырғақтық түзету-тәрбиелік жаттығулары» туралы кеңестер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қырқүйек 2021
1293
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

31 «Күншуақ» балабақшасының логопеді

Ямалетдинова Жулдуз Юлайевна


«Тұтықпа балаларға жүргізілетін логопедиялық ырғақтық түзету-тәрбиелік жаттығулары»

Тұтығу – сөйлеу кемістігінің ішіндегі ауыр түрі. Негізінен жүйке жүйесінің әлсіздігінен, сонымен бірге бір сырқатпен ауырып тұрған балаларда кездеседі. Ол баланың психикасын Ол баланың психикасын жарақаттап, дұрыс өсіп келе жатқан тәрбие үрдісін тоқтатып,сөйлеу қатынасына кедергі жасайды, айналасымен, әсіресе балалар арасындағы қарым-қатынасын қиындатады. Кекештік - сөйлеу аппараты бұлшық еттерінің дірілдеп тырысу салдарынан болған сөйлеу шапшаңдылығының бұзылуымен сипатталады. Кейбір жағдайда кекеш бұдан да кеш басталуы мүмкін. Қалай болғанда да бұл ауру бала мектепке барған кезде де бой көтереді. Баланың мектепке барысымен осыған дейін қалыптасқан тәртібі де өзгереді, ойын оқумен алмасады, ой мен санаға бұрынғыға қарағанда салмақ көбірек түседі. Алайда ғалымдардың басым көпшілігі тұтығу негізінен 2-5 жас аралығында пайда болады деген тұжырымды қолдайды. Баланың сөйлеп тұрып, кейде дауысты не дауыссыз дыбыстарға келгенде тұтығатыны болады. Онда тұрған ешқандай заңдылық жоқ екенін айта кеткені жөн. Кекеш деген ұғым сөз басында, сөйлеп тұрған кезде, сөз тіркесінің ортасында тұрып қалумен, мүдірумен белгілі бір сөздерді, дыбыстарды болмаса тіркестерді қайталап айта берумен шектеліпқана қоймайды. Кекештену кезінде баланың дем алысы әддеттегіден тыс бұзылады. Бала кекештенген кезде оған қолдан келгенше көмектесуге тырысу керек, бала еркін сөйлейтін құрбыларынан ұялады, өз кемшілігіне қатты қиналады. Сонымен, тұтығу қандай себептерден пайда болады? Ата-аналардың басым көпшілігі бұл сұраққа: «Балам қорыққаннан кейін, үрейленгеннен соң кекештене бастады», - деп жауап берді. Кейбір жағдайларда жұқпалы аурулардан кейін немесе қатты шаршаудан кейін де пайда болуы мүмкін.Кекештік тырысуына қарай тоникалық, клоникалық, аралас болып бөлінеді. Тоникалық таралуда бұлшық еттердің жиырылып тырысуының салдарынан сөз басында немесе ортасында ұзақ тоқталып қалу байқалады «К-іт-ап». Клоникалық тырысуда дыбыс немесе буын қайталана беруі «М-м-м мысық». Тұтығу күшейіп ауыр түріне айнала бастаған кезде ілеспелі жалғас қимыллдар байқалады. Ілеспелі жалғас қимылдар – сөйлеу кезінде бетте, мойында, денеде, аяқ-қолда болатын дірілдеп тырысу құбылыстары. Ол қимылдар әртүрлі болып келеді: мысалы көз қысу, денесін түрлі қозғалыстарға келтірулер жатады. Кекештенген адам ойын жеткізу үшін қиын сөздерді немесе дыбыстарды айтар кезде үрей пайда болады. Бұл құбылыс логофобия деп аталады.

Тұтығу үш дәрежеге ажыратылад: жеңіл, орташа, ауыр.

Тез сөйлеген кезде немесе толғанып сөйлеген кезде ғана тұтықпа ол - жеңіл түрі. Орташа дәрежесінде бала өзіне таныс ортада аз тұтығады, бөтен адамдар арасында тұтықпа күшейеді. Ауыр түрінде бала барлық сөйлеу түрінде тұтығады, ылғи да ілеспелі қимыл-қозғалыстар байқалады.

Кекештікті ойын арқылы да түзетуге болады. Логопед топпен 20 минут, жекелей 5-10 минут сабақ өткізеді. Нүктелі массаждар, қосымша аутотренинг жаттығулары, аутотренинг жаттығуларының негізгі мақсаты – баланы өзіне-өзі сендіру болып табылады. Сабақ барысында бала өзіне-өзі сеніп, асықпай кекештенбей сөйлейтін болады. Сол секілді логопедиялық түзету кезінде логопедиялық ырғақ әдісі қолданылады. Мұнда баланың қимылын дамыта отырып, неше түрлі музыкамен байланысты сергіту жаттығулары өткізіледі. Өз тәжірибемізден тұтықпа балаларға жүргізілетін логопедиялық ырғақтық түзету-тәрбиелік жаттығуларын ұсынып отырмыз.

Тез және дұрыс жауап қайтаратын белгілерді қалыптастыратын жаттығулар.

«ӘУЕН АРҚЫЛЫ ЖАЛАУДЫ БЕРУ» жаттығуы.Балалар шеңбер құрып, әуен басталғанда жалауды бір-біріне береді. Әуен тоқтаған кезде жалау кімнің қолында болса, сол бала жалауды көтереді. Әуеен басталған кезде қайта жалауды бір-біріне беруді жалғастырады.

ӘУЕН АРҚЫЛЫ ДОПТЫ БЕРУ. Балалар шеңбер құрады және допты бір-біріне береді. Әуен тоқтаған кезде доп кімнің қолында болса, сол бала доппен ойнайды, мысалы,3 рет жерге ұрып немесе жоғары лақтырады (мұғалімнің нұсқауымен). Әуен басталғанда допты қайта жалғастырып ойнайды.



ШЕҢБЕР ІШІНДЕГІ ҚОЗҒАЛЫС(бірнеше нұсқада). Балалар шеңбер болып қозғалады, әуен тоқтағанда қозғалыс тоқтайды. Бұл жаттығуды жалауларды пайдалану арқылы жүргізуге де болады: әуен тоқтағанда жалауды жоғары көтеру қажет. Балалар дөңгелене жүреді, әуен ырғағына сәйкес кері бұрылып немесе отырып тұрады. Балалар қол ұстасып тізбектесіп кез келген бағытта жүреді. Күтпеген жерден әуен ырғағына сәйкес тізбекті бастап жүрген бала бір аяқпен отырады. Тізбек қозғалысты қайта жалғастырады. Келесі әуен ырғағына сәйкес алдында жүрген бала бір аяқпен тізерлеп отырады. Ойын барлық бала осылай тізбектесіп отырғанға дейін жалғаса береді. Келесі әуен ырғағына сәйкес бірінші бала тұрып, балалардың ортасымен жүріп оларды тізбектеп жинайды.

ДОППЕН ШЕҢБЕР ҚҰРЫП ЖҮРУ. Балалар дөңгелене тұрады, әр баланың алдында бір доп жатады. Әуен басталғанда балалар допты алып және оң қолымен жоғары көтеріп дөңгелене жүреді. Әуен тоқтағанда барлығы бір орында тоқтап, допты еденге қояды.

ШЕҢБЕР СЫЗУ. Жаттығуға қатысқан балалар санына сәйкес мұғалім шеңбер сызады. Әуен басталғанда әрбір бала өз шеңберінің айналасында жүреді. Әуен ырғағына сәйкес өз дөңгелегінің ішіне секіріп келесі белгіні күтіп тұрады. Белгі берілгенде дөңгелектен секіріп шығып, қозғалысты жалғастырады.

ШЕҢБЕР АРҚЫЛЫ ЖҰПТАСЫП ЖҮРУ.

Топ мүшелерінің барлығы жұптасып шеңберқұра тұрады. Барлық жұпқа шеңбер беріледі.Дөңгелектің ішінде тұрған бала оң қолымен, сыр-тында тұрған бала сол қолымен ұстап тұрады. Күтпеген жерден әуен ырғағына сәйкес шеңбердіңсыртында жүрген бала, шеңберден қолын алмай, шеңберге бет бұрып ішіне кіреді (сол аяқпен). Осыдан кейін қозғалысты жалғастырады. Келесіырғаққа сәйкес дөңгелектің ішінде жүрген балада дәл осылай шеңбердің ішіне кіреді (оң аяқпен).

ДӨҢГЕЛЕК ҚҰРУ. Балаларға ешкімнің нұсқауынсыз алаңда өз еркімен қозғалып қайта құрылуды ұсынамыз (дөңгелек болып немесебөлмеде шашырап қозғалыс жасайды). Әуен ырғағына сәйкес балалар қозғалысты өзгертіп отырады.

ДӨҢГЕЛЕКТІ АЙНАЛДЫРУ. Балалар әуенырғағына сәйкес қайта құрылуды үйренеді. Барлықтоп мүшелерінің белсенді қатысуымен балалар әуен ырғағына қарай құрылады. Әуеннің біріншібөліміне балалар оңға қарай дөңгелек бойыменқозғалады, екінші бөлімде жұптасып жүрген балалар қолдарын жіберіп, дөңгелектен теріс бұрылыпқарама-қарсы бағытта жүгіреді. Әуеннің соңына қарай жұптасқан балалар дөңгелекке қарай бұрылып қайта қол ұстасады (орталыққа артпен қарай). Бірінші бөлімді қайталау үшін балалар оңға қарай қозғалады, ал екінші бөлімді қайталау үшін жұптасқан балалар қолдарын жіберіп әртүрлі бағытта жүгіріп, дөңгелектің ортасына бет бұрады. Балалардың зейіні ырғақтың, әуеннің орындалуына қарай бағыттау керек.Бір қозғалыстан екіншіге ауысу жаттығуы.

ЖАЛАУМЕН ЖАТТЫҒУЛАР. Балалар жұптасып бөлменің соңында тізіліп тұрады. Екі жалау бөлменің келесі басында екі орындықта жатады (қызыл және көк). Әуен қосылғанда бірінші жұп жалауға жүгіріп, оны алған соң бөлмеде еркін жүреді. Әуен қайта басталғанда, балалар тез қимылдапорындыққа қарай жүгіріп, жалалауларды қайта орындыққа қойып, тізбектелген саптың аяғына барып тұрады. Бұл жаттығуды келесі жұп қайталайды.

ШЕҢБЕР МЕН ОРЫНДАЛАТЫН ЖАТТЫҒУЛАР.Белгі берілгенде балалар тізбектесіп бір-бірінің артынан жүреді. Әуеннің ырғағы өзгергенде олар бөлменің ортасында жатқан шеңберге қарай жүгіреді, (мұғалімнің нқсқауымен) оң және сол қолымен дөңгелекті ұстап, әуен қайта өзгергенге дейін жүгіреді. Шеңберді еденге қойып бір-бірінің артынан тізбектесіп жүреді.

ДӨҢГЕЛЕК ІШІНДЕГІ ҚОЗҒАЛЫС ЖАТТЫҒУЫ. Балалар екі дөңгелек құрады, бірінші дөңгелек шеру арқылы қимылдайды. Әуен ырғағы басталғанда екінші дөңгелек тоқтайды. Шеру басталғанда балалар дөңгелектің ішінде жүреді. Әуен тез қосылғанда, залда еркін жүгіреді. Әуен тоқтаған кезде балалар дөңгелектің қай жерінде тұрса сол орнында отырып қалады. Әуен қайта қосылғанда орындарынан тұрып, жаттығуды қайталайды.

ТАСТАРДЫ ЖИЯМЫЗ. Балалар (мұғалімнің нұсқауымен) әуен ырғағына сәйкес қимыл жасайды. Бұл жаттығудың мақсаты балаларды әуен ырғағына қарай өз бетінше қимыл-қозғалыс жасауды үйретеді

АҚЖЕЛЕКТЕР АДЫМДАЙДЫ. Балалардың зейінін әуеннің қызық, күлдіргіш, ақжелек бейнесін сомдайтындай ырғаққа аударамыз. Жаттығудың екінші бөлімінде мұғалім балаларға әуеннің ырғағына сәйкес өздерін көрсете алатын қимыл жасауын сұрайды. Осы мақсатпен мұғалім балаларды әртүрлі бағыттағы әуендермен таныстырады. Басында ырғағы жоғары әуендер ұсынылады. Балалар бұл әуенді жақсы түсініп, тез ажыратады. Мысалы, әуен ырғағы көтерілгенде балалар жалауды жоғары көтереді, оларды бұлғайды, ал төменгі ырғақта - жалауларды төмен түсіріп бұлғайды. Сабақтан сабаққа дейін қозғалыстар өзгеріп тұрады. Жаттығу әуеннің өзгеруіне қарай 3 бөлімнен тұрады. Әртүрлі қимыл-қозғалыстар қолданылады: жоғары ырғақта балалар саусақтарын айналдырады, орта ырғақта - шапалақ ұрады, төменгі ырғақта – қолдарын беліне қойып дөңгелектің ішінде жүреді.

ӘУЕНМЕН ШЕРУ. Балалар әуенмен шеруетеді.Содан соң, жаттығу қиындай түседі: әуен тоқтап, балалар әуенсіз шеру жасап жүру керек.

Қатарласып орындалатын қимылдарды есте сақтауға арналған жаттығулар.

Бір - қолдарды жоғары көтеріп, екі – қолдарды белге түсіру, үш - бастапқы қалыпқа келеді.

Бір - қолдарды екі жаққа, екі - қолдарды жоғары, жалауларды басқа тигізу, үш - бастапқы

қалыпқа тұру.

Ойды қалыптастыратын, қимыл топтамасынші қызықты ете түсетін жаттығулар.

ШЕҢБЕР СЫЗУ.Жаттығуға қатысқан балалар санына сәйкес мұғалім шеңбер сызады. Әуенбасталғанда әрбір бала өз дөңгелегінің айналасында жүреді. Әуен ырғағына сәйкес өз дөңгелегініңішіне секіріп келесі белгіні күтіп тұрады. Белгіберілгенде дөңгелектен секіріп шығып, қозғалысты жалғастырады.

ТЫЙЫМДЫ ҚОЗҒАЛЫС. Алдымен мұғалімкөрсетіп, содан соң балалармен қайталайды. Жаттығу барысында алдын ала келісіп алынған қимылды орындамау керек. Қателескен бала ойыннан шығады. Осы жаттығу бір сарыңда бірнеше рет жай қайталанып, сосын тез қайталау қажет.Бұл ойын аса көңіл бөлуді қажет етеді.





Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Иншакова О.Б. Альбом для логопеда. 2-е изд., испр. и доп. - М.: Гуманитар. изд. Центр ВЛАДОС, 2011.

2. Глухов В.П. Формирование связной речи у детей дошкольного возраста с ОНР. - 2-е изд., испр., и доп.- М.: АРКТИ, 2004.

3. Жукова Н.С. Логопедия. Преодоление недоразвития речи у детей. - М.: Педагог, 2004.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!