Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
"Туберкулез - жұқпалы дерт" ашық сабақ, 7 топ
Материал туралы қысқаша түсінік
Аурудың алдын алу және сақтану жолдарын түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1762
2 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Туберкулез – жұқпалы дертМақсаты: туберкулез ауруының таралу жолдары,аурудың алдын алу шаралары туралы түсінік беру, салауатты өмір салтын насихаттау; салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып өз денсаулығын күте білуге,зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға,адамгершілікке,мейірімділікке тәрбиелеу;өзін қоршаған ортаға деген оң көз қарасын қалыптастыру.Ұйымдастыру. (Оқушылармен амандасу)Денсаулық – бар байлығың басыңдағы,Жайнаған өміріңнің жасыл бағы.Қастерлеп мәпелесең,аяласаң,Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы.Барысы.Бүгінгі тәрбие сағатымыз еліміздегі өзекті мәселелердің біріне айналған туберкулез ауруы туралы болмақ. Сабағымыздың тақырыбы «Туберкулез-жұқпалы дерт» деп аталады.Сабақта әлемді жайлаған туберкулез ауруы,оның таралу жолдары,алдын алу шаралары туралы әңгімелейтін боламыз. 1 бөлім
2 бөлім 1.Туберкулез деген не? (Сұрақтар слайд арқылы беріледі, әр жауаптың мазмұнына байланысты өкпенің, спортпен шұғылданған адамдардың,ет,сүт,тағамдарының суреттері көрсетілді.) Туберкулез- дүниенің төрт бұрышын түгел жайлаған жұқпалы індет.Туберкулезді жұқтырудың негізгі көзі – дерттің ашық түрімен ауыратын адам. Адамның өкпесінде туберкулез ауруын тудыратын бактерияларды 1882 жылы Р.Кох анықтады.Туберкулез (Кох таяқшасы)-өкпе басқа ағзаларды зақымдайтын қатерлі дерт.Туберкулез бактериясы өте төзімділікпен ерекшеленеді.Күннің көзі жоқ табиғи жағдайда оның өміршеңдігі бірнеше ай бойына сақталады,көше шаңында екі аптаға дейін, кітап беттерінде үш айға дейін,қарда бірнеше жылға дейін сақталады.Тіке түскен күн сәулесі туберкулез таяшаларын 5 минут ішінде өлтіреді. Өкпе туберкулезінен басқа ағзалардың мысалы шеткі лимфа бездерінің,сүйек,буын,несепжыныс жүйесінің,іш қуысы ағзаларының,тері,көз,орталық жүйке жүйесінің туберкулезі өкпеден тыс туберкулездер тобына жатады.2.Туберкулез қалай беріледі? Туберкулезді жұқтырудың негізгі көзі – дерттің ашық түрімен ауыратын адам.Науқастың қақырығынан туберкулез таяқшасы бөлінеді.Егер науқас адам қақырықты еденге немесе жерге түкірсе,ол шаңмен араласады.Осындай шаңды жұтқан сау адам ауруды жұқтыруы мүмкін,туберкулез қоздырғышы науқас адам сөйлегенде,жөтелгенде,түкіргенде,гигиена құралдары,ыдыс арқылы ауамен таралады. Сондай-ақ туберкулезбен ауыратын малда инфекция жұқтыра алады. Туберкулезге шалдыққын сиыр сүтін қайнатпай ішу,стерилизациядан,өңдеуден өткізілмеген сүт тағамдарын пайдалану адамның туберкулез жұқтыру қаупін туғызады.Туберкулез таяқшалары адам ағзасына көп жағдайда тыныс алу мүшелері арқылы түседі, туберкулезге шалдыққан малдан өндірілген ет,сүт өнімдерін пайдаланғанда да туберкулезді жұқтыруы мүмкін.3.Туберкулез ауруының белгілері қандай?- екі аптадан асқан жөтел;-қақырықтың бөлінуі;-кеуде тұсының шаншуы;-түнде терлеу;- дене қызуы 37,-37,5 С көтерілуі;-әлсіздік;- шаршау;-қан түкіру.Осы белгілердің біреуі байқалса тез арада дәрігерге қаралып,қақырықты зерттеуге тапсыру қажет.4. Туберкулез ауруының алдын алу шаралары қандай? Туберкулез жұқпалыы дерт болғандықтан,оны емдеуден гөрі алдын алу жеңілірек.
3 бөлім СауалнамаТуберкулез ауруымен ауыратын адаммен қалай қарым-қатынас жасау керек. Дұрыс жауап (+) таңбасымен белгіленеді.
4 бөлім(Жағдаяттан шығу)1. Сен бір баламен танысып дос бола бастадың.Кейін ол баланың туберкулезбен ауыратынын білдің. Сенің әрекетің?2. Сенің досың туберкулез ауруына шалдықты. Ата-анаң онымен араласуыңа тиым салды. Сенің әрекетің?3. Сен аталмыш ауруға шалдықтың.Достарығ сенен сырт айналды. Не істейсің?4. Досың туберкулез ауруының алдын алу шаралары туралы ақыл-кеңес бересің :Қорытынды.
2 бөлім 1.Туберкулез деген не? (Сұрақтар слайд арқылы беріледі, әр жауаптың мазмұнына байланысты өкпенің, спортпен шұғылданған адамдардың,ет,сүт,тағамдарының суреттері көрсетілді.) Туберкулез- дүниенің төрт бұрышын түгел жайлаған жұқпалы індет.Туберкулезді жұқтырудың негізгі көзі – дерттің ашық түрімен ауыратын адам. Адамның өкпесінде туберкулез ауруын тудыратын бактерияларды 1882 жылы Р.Кох анықтады.Туберкулез (Кох таяқшасы)-өкпе басқа ағзаларды зақымдайтын қатерлі дерт.Туберкулез бактериясы өте төзімділікпен ерекшеленеді.Күннің көзі жоқ табиғи жағдайда оның өміршеңдігі бірнеше ай бойына сақталады,көше шаңында екі аптаға дейін, кітап беттерінде үш айға дейін,қарда бірнеше жылға дейін сақталады.Тіке түскен күн сәулесі туберкулез таяшаларын 5 минут ішінде өлтіреді. Өкпе туберкулезінен басқа ағзалардың мысалы шеткі лимфа бездерінің,сүйек,буын,несепжыныс жүйесінің,іш қуысы ағзаларының,тері,көз,орталық жүйке жүйесінің туберкулезі өкпеден тыс туберкулездер тобына жатады.2.Туберкулез қалай беріледі? Туберкулезді жұқтырудың негізгі көзі – дерттің ашық түрімен ауыратын адам.Науқастың қақырығынан туберкулез таяқшасы бөлінеді.Егер науқас адам қақырықты еденге немесе жерге түкірсе,ол шаңмен араласады.Осындай шаңды жұтқан сау адам ауруды жұқтыруы мүмкін,туберкулез қоздырғышы науқас адам сөйлегенде,жөтелгенде,түкіргенде,гигиена құралдары,ыдыс арқылы ауамен таралады. Сондай-ақ туберкулезбен ауыратын малда инфекция жұқтыра алады. Туберкулезге шалдыққын сиыр сүтін қайнатпай ішу,стерилизациядан,өңдеуден өткізілмеген сүт тағамдарын пайдалану адамның туберкулез жұқтыру қаупін туғызады.Туберкулез таяқшалары адам ағзасына көп жағдайда тыныс алу мүшелері арқылы түседі, туберкулезге шалдыққан малдан өндірілген ет,сүт өнімдерін пайдаланғанда да туберкулезді жұқтыруы мүмкін.3.Туберкулез ауруының белгілері қандай?- екі аптадан асқан жөтел;-қақырықтың бөлінуі;-кеуде тұсының шаншуы;-түнде терлеу;- дене қызуы 37,-37,5 С көтерілуі;-әлсіздік;- шаршау;-қан түкіру.Осы белгілердің біреуі байқалса тез арада дәрігерге қаралып,қақырықты зерттеуге тапсыру қажет.4. Туберкулез ауруының алдын алу шаралары қандай? Туберкулез жұқпалыы дерт болғандықтан,оны емдеуден гөрі алдын алу жеңілірек.
- -0-4 күнде жаңа туылған сәбилерді БЦЖ вакцинасымен егу.БЦЖ вакцинасымен сәби шағында иммунизациялау ауру – сырқаушылықты 15 есе төмендетеді және көптеген ағзалар мен жүйелерді зақымдайтын туберкулездің ауыр түрлері дамуының алдын алады. БЦЖ егуден кейін пайда болған иммунитет орта есеппен 5 жыл сақтлады. Сондықтан қайталап вакцинациялау 6 жаста жүргізіледі.
- Салауатты өмір салтын сақтау: тиімді тмамқтану (тамаққа ет, сүт өнімдерін,балықты,дәнді-дақылдарды,көкеністер мен жемістерді жеткілікті мөлшерде қолдану).
- Үнемі дене шынықтырумен айналысу,жақсы демалу,жыл сайын флюрография арқылы тексерілу;
- Темекі шегуден,ішімдіктен,есіркілерден бас тарту;
- Жеке гигииена ережелерін сақтау: қолды,ыдысты тазартқыш құралдар мен ағын суды пайдалана отырып жуу,бөлме ішін дымқыл шүберекпен сүрту.
3 бөлім СауалнамаТуберкулез ауруымен ауыратын адаммен қалай қарым-қатынас жасау керек. Дұрыс жауап (+) таңбасымен белгіленеді.
№ | Қарым-қатынас түрлері | Дұрыс | Дұрыс емес |
1 | Туберкулезге шалдыққан адамды сырт келбетіне қарап анықтауға болады. | ||
2 | Ауру адаммен қол алысып амандасқанда туберкулез жұғады. | ||
3 | Ауру адаммен ауыр сөздер айтып сойлесу керек. | ||
4 | Дәрігерге қаралуға кеңес беру керек. | + | |
5 | Ауру адам екенін бетіне айту керек. | ||
6 | Ыдыстарын бөлек ұстау керек. | + | |
7 | Таза ауаға серуендеуге ертіп бару керек. | + | |
8 | Туберкулездің алдын алу шараларының бірі-шылым шегу. | ||
9 | Туберкулезбен ауратын адаммен мүлдем қарым-қатынас жасауғаболмайды. | ||
10 | Туберкулезден емделуге болмайды. | ||
11 | Сүт өнімдерін қайнатып беру керек. | + | |
12 | Ауруға шалдыққан адам кез-келген жерге қақыруға болады. | ||
13 | Екі аптадан артық жөтел – туберкулездің алғашқы белгілерінің бірі. | + | |
14 | Туберкулез- жұқпайтыг ауру. |
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)