Батыс Қазақстан облысы.Орал
қласы. «БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНДУСТРИАЛДЫ КОЛЛЕДЖІ»
МКҚК
Өндірістік оқыту
шебері:Тулегенова Бакитжан Карабековна
Тəуелсіздігіміздің 30
жылдығы
Биыл – Елімізді шексіз
қуанышқа бөлеген, арманымызды ақиқат еткен, іргелі ел, дербес
мемлекет екенімізді əлемге жария қылған Тəуелсіздігіміздің 30
жылдығы.
Ата-бабамыздың азаттық
жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер
төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін! Талай жыл
болған соғыстар мен шайқастардан кейін болашақтың жарқыраған таңы
атып, еркіндік пен азаттық өзінің есігін ерекше қуанышпен айқара
ашты. Қазақ батырлары еліміздің ар-намысы мен қазақ елінің абыройын
асқақтатып, тудай желбіреткені барлығымызға белгілі. Әрине, қазіргі
күн оңайлықпен келе салған жоқ. Осы үшін ата-бабамыз басын
тау-тасқа ұрып, батпақ жол кешіп қанша қиыншылықтардан өтсе де,
шыдамдылық пен табандылық таныта білді. Өйткені, олар келер
ұрпақтың болашақта бақытты өмір сүргенін
қалады.
Қазақ халқында туған
жерді ардақтап, қадірлей білудің де маңызы өте зор болып табылады.
Ата-бабаларымыз қиын кезең болса да, жауынан қорғана білді. Тіпті,
келешек ұрпақ үшін өздерінің жандары аямай шайқасқан. Қазақ
халқының осы бір ерекше қасиеті бізді осы күнге жеткізіп отыр деп
ойлаймын.
Туған жер-әрбір адамның
киелі мекені. «Туған жер» деген киелі сөзді естісем, керемет
табиғат пен ананың балаға деген махаббаты көз алдыма елестей
бастайды. Әр адамда балалық шағынан бастап өз туған жеріне деген
махаббат пен ерекше сүйіспеншілік пайда болады. Қандай адам болса
да, туған жерінің топырағын басып, таза ауасын жұтып, мөлдірдей
таза суын ішу арқылы туған елінің қадірін, Отанының қасиетін
сезінеді. Осы жылдар бедерінде тағылымы мол, тамыры терең
дəстүріміз жаңғырып, күллі əлемді аузына қаратқан, күн түбіне
жортқан бабалардың ұрпағы ретінде Қазақ хандығынан Алтын Ордаға,
Көк Түркке ұласатын ұлы тарихымыз ұлықталды. Барша түркі жұртының
киесі – Күлтегін алтын айдарлы астана төріне қонды. Əралуан
мəдениетін байлығына балаған, татулығымен ту алған жасампаз қоғам
қалыптасты. Дəуір дағдарыстарын еңсере жүріп, елдігіміз шыңдалды,
мемлекетіміз нығайды. Сан түрлі сынақтан білекке білек қосып өт кен
халқымыз тонның ішкі бауындай тұтаса түсті. Сырт елде қалған
қаракөз қандастарын атамекенге жинап, бауырына тартты. Əлеуетті
елдермен ынтымақтастық орнатып, барша əлемге бейбіт бастамалармен
танылды. Ұлы Дала елінің төрінде төрткүл дүниеге төрелік айтқан,
тамам елді татулыққа шақырған алқалы жиындар, келелі келіссөздер
өтті. Қоңсы қонған бауыр жұрттың бірлігі ыдырап, берекесі кеткенде
абдыраған ағайынға да пана болды. Аумалы-төкпелі заман сынағына
ұшырап, тоқырауға түскен елдерге де қол ұшын созды. Бірлігін берік
ұстаған Қазақ елі билік тің бейбіт ауысуының да ерек үлгісін көр
сетті. Еліміз осы ширек ғасырдан сəл асатын қысқа мерзімде Ұлы
даланың зеңгір көгіндей көк Туымызды көкке көтеріп, елдіктің көшін
түзеп, жүзжылдықтардың еншісіндегі тарихи үдерістерді абыроймен
өткерді. Тəуелсіздіктің əрбір таңын қуана қарсы алып, əр күнін
қажырлы еңбекпен, еңселі ерлікпен өрнектеген Қазақстан жаһан
жұртшылығына алуан ұлысты бір шаңырақта ұйытқан жерұйық мекен
ретінде
танылды.
Бүгін міне ынтымақ,
бірлік, татулық салтанат құрған елдің мəртебелі биігінде, мерейлі
белесінде тұрмыз.
Төтеннен келген тосын
індетке қарсы күрес те жүйелі жүрісіне түсті. Бұл тұста да
халқымыздың өзгенің қайғысы деп бөл мейтін ізгілігі, қайырымдылығы
сынды ежелден қанында бар қасиеттері айрық ша айшықталып, білекке
білек қосқан да ең серілмейтін қиындық жоқ екенін көрсетті.
Өкінішке қарай, əлемді жайлаған пандемия əлі жалғасуда. Бірақ
əлеуеті бүгінгіден əлдеқайда аз болған заманда да егемендік
туын еңкейтпеген қабырғалы
халқымыз бұл кезеңнен де абыроймен өтеріне бек
сенеміз.
Елдіктің еңсесін тіктеген
Елбасы жүзеге асырған сарабдал саясаттың сабақ тастығын халық
сайлаған Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың серпінмен жалғастырып,
соңғы жылдардың үлесіне тиген сынақтарды да абыроймен еңсере
білдік. Мемлекет басшысы жаһандық жаңа ахуал жағдайындағы жүрер
жолымызды, барар бағдарымызды белгіледі. Халықтық реформалар арқылы
жаңа деңгейдегі мемлекетке айналуды көздейтін ілкімді бастамалар
іске асырыла
бастады.
Қазіргі таңда, Қазақстан
мемлекетінде көптеген ұлт өкілдері бейбіт өмір сүреді. Бұл-қазақ
елінің кең пейіл болғандығының айқын дәлелі. Дәл осы туған жерімде
уайымсыз, қайғысыз, балғын балалық шағымның қуанышты сәттері
өтуде.Басқа қонған бағын бағалайтын ел байлығын еселей отырып, тек
алға ұмтылады. Біздің басты байлығымыз – пейілі даладай дархан,
бірлігі болаттай берік, Алатаудай алып халқымыз! Тамыры терең,
қазығы берік осындай елі бар мемлекеттің Тəуелсіздігі де баян ды
болады. Мемлекетіміз мəңгілік жасай берсін! Жаңа жылда –
Тəуелсіздіктің 30 жылдығында алар асуларымыз көп
болғай!
Туған жерді қадірлеу, оны
келер ұрпаққа жеткізу-біздің міндетіміз. Туған жерім-мақтанышым!
Мен Қазақстандай дархан далада, кең байтақ жерде туып өскенімді
мақтан етемін!