Материалдар / Туған жерім-тұғырым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Туған жерім-тұғырым

Материал туралы қысқаша түсінік
ғылыми жоба қорғайтындарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
561
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шетпе-тұнып тұрған шежіре

Кәрі Маңғыстаудың орта тұсында жатқан , түбектің көне жадын бойында сақтап отырған Шетпе кентінің атауының сыры әлі күнге дейін белгісіз. Кезінде осы сөзге қатысты екі түрлі жорамал айтылған еді. Біріншісі- оғыз не түрікпен тіліндегі «чешме» сөзінің кейінгі сыртқы өзгерісі нәтижесінде «Шетпе» атауының шығуы болса, екіншісі-әлдебір ортағасырлық «шетпе» деген тайпаның атының, яғни этнонимнің болуы. Бірақ қолда бар құжаттардан да, шежірелерден де біз «шетпе» атты этнонимді кездестіріп көргеніміз жоқ. Ал «чешме» сөзіне келетін болсақ, оның «шетпеге» айнала қоюына да толық сенімділік жоқ. Рас, «чешме» сөзі «чешпе»-«чечпе» болып өзгеруі мүмкін, бірақ бұл өзгеріс чөздің өзгеруі заңдылығына қайшы келеді, сондықтан осындай өзгеріс бола қойғанның өзінде, бұл өзгеруді сирек кездесетін, ерекше жағдай деп қарауға тура келеді. Ал, біз тілге байланысты мұндай ерекше жағдайлардан гөрі, кең таралған, түсінікті заңдылықтардың болғанын қолайлы көреміз. Сондықтан, «Шетпе» атаының бастапқы «чешме» вариантын дұрыс деп есептей алмаймыз.

«Шетпе» сөзіне дыбыстық өзгеру жағынан ең жақын келетін сөз- «жетіммек» атауы. Яғни «жетімек»- «джетмек»-«четмек»-«шетпе(к)» өзгеруі сөздің өзгеру заңдылығына толық сай келеді. Тек осындай ықтималдықты баянды ететін тарихи айғақтарымыз жоқ.





Өткен күннен сыр шертіп (Шетпенің қалыптасуы, ел басқарған азаматтары)

Көнекөз қарттардан қалған сөздерге қарағанда Шетпенің орнында көктемгі және күзгі жауын-шашын суы жиналатын көлшіктер болған көрінеді. Жаңбыры мол болған жылдары Қосбұлақтан Шақырғанға дейінгі аралық тұтас көлшіктер мен батпақтар тізбегіне айналып, қамысы қаулап өскен, құсы мол алқапқа айналады екен. Тек бүгінге Ескі Шетпе ауылы орналасқан тау етегіне судан биік тұратын. Шетпе-Ақтау қаласынан,- 158км қашықтықта орналасқан. Шетпеде-13270 адамдар тұрады, басқа ұлт өкілдерінің ұлысы- 0,7%.

Маңғыстау ауданының орталығы Таушықтан Шетпеге Гурьев-Маңғышлақ теміржолының салынып, Маңғыстаудағы мұнай, кен орындарының ашылуына байланысты 1966 жылдан кейін орналаса бастады.

1966 жылдан бастап Шетпе селосы аудан орталығы болып аталып, аудандық мекемелер көшіп келе бастады. Қазіргі аудандық прокуратура орналасқан жерге «Госбанк» мен «Сбербанк» , қазынашылық орналасқан жерге Ішкі істер бөлімі, аудандық партия комитетіне жеке ғимарат, бір барақ босатып аудандық совет атқару комитеті, бір барақ босатылып прокуратура мен аудандық сот орналасты. Жекелеген аудандық мекемеден жоғарғы орындарынан қаржы сұратып, қызметкерлеріне тұрғын үй сала бастады. Сол жылдың ішінде аудандық мекемелер түгелдей көшіп келді.

1965 жылы мұнай тасыған алғашқы жүк пойызы, 1966 жылы алғашқы жолаушылар пойызы жүрді. Қазіргі Шетпе үлкен құрылыс алаңына айналды. Сельстрой пресіне «ПМК-1203» , «Казсельхозтехника», кәсіпорындар, тұрғын үй, мәдениет үйі, мектеп, балабақша салынып ауыл күннен-күнге жаңарып өсе берді.

Сансызбай ағамыз басшы болғаннан кейін бірқалыпты жүріп жатқан ескі тіршілік жұмыстары жаңа арнаға тез арада бет бұрды. Колхоз жұмысын өндірістік бағытта жедел ұйымдастырып өзгертті.

Бірінші 1965 жылы теміржол салып жатқан «СМП» кәсіпорнының және Шевченко қаласындағы тоқ жүйесі кәсіпорын басшыларымен жақсы байланыс орнатып, қазіргі Ескі Шетпе аталып жүрген «Жаңажол» елді мекеніне толықтай электр қуатын тартып,барлық үйлерді электр жүйесіне қосты.

Сәкең басқарған кездерде 3-4 жылдан кейін колхозда мал бастары өсіп, қой 40 мыңға, жылқы 3 мыңға, түйе мың басқа жетті. Колхоз орталығынан мал сою пункті салынып барлық малдары сол жерде сойылып, ет өнімдері жанындағы дүкеннен сатылатын етіп ұйымдастырды.

Аудан орталығы Таушықтан Шетпеге көшпей тұрып, «Жаңажол» колхозында 40 орынды балабақша, асхана ашылды. 10 орындық қонақ үй қызметін бастады, электр қуатынан жылытылып, парды пайдаланатын монша қызмет жасады.

Колхоз орталығынан типтік жаңа үлгідей гараж, жөндеу шеберханасы салынып жұмыс жасады.

Гараж, жөндеу шеберханасы, селолық совет,колхоз кеңесі, балабақша, қонақ үй, барлық әлеуметтік кеңселер мен мекемелер орталықтан жылытылды.

Ол сонау 1965 жылы артта қалған Маңғыстау ауданындағы колхоз үшін бұл үлкен жаңалық еді.

Ауданда тұңғыш рет сельхозтехника базасы есебінде әуе қорғанысынан қорғанатын 15 мыңдай адамға арналған газға әсері бар жер асты орнын дайындады.

Сонымен қатар сметалық құны 3 млн.сомдық 400 автомашинаға техникалық күтім жасйтын станция құрылысы басталды. Онда осы сельхозтехника ауылын сумен қамтитын су желісі, жылумен қамтитын жылу қазандығы, электр желілер т.б. әр түрлі өндірістік бағыттағы кәсіпорындар салынып, аудан орталығында

400-дей адам қызмет жасайтын өндіріс болуы қажет еді, бірақ қоғам өзгере бастады, қаржы тапшылығы байқалып бітпей қалды.

Аудандық сельхозтехника білестігінің базасының өте жақсы дамуына сол кездегі облыстық сельхозтехника бірлестігі бастығы марқұм Сапуан Амировтың орынбасарлары Ануарбек Қадырғалиев, Қарақұлшықов Майдан мырзалардың еңбектері өте көп еді.



Түбегіміздің ең байырғы қаржы саласының қара шаңырағы біздің аудандық қаржы бөлімі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен біздің ауданымызда 1939 жылы 1 қарашада Маңғыстау аудандық қаржы бөлімі ұйымдастырылған еді. Ол кезде ауданымызда 29 колхоз болды.

Солардың қаржыландыру, ел арасында салық жинау, бюджет қаржысын ұйымдастыру бағытында нақты да тыңғылықты шаралар тынбай жүргізіледі.

Сол бір кезеңде финанс қаржы саласының мамандары саусақпен санарлықтай дәрежеде ғана болды. Кадрлар жетіспеді.осындай қиындықтарға қарамастан бұл салада ұйымдастыру жұмыстары жүйелі түрде қолға алынды. Қолынан іс келетін есеп қызметіне бейім, өз ісіне жауапкершілігі мол, адал азаматтар қызметтер атқарады.

Алғашқы қаржы бөлімінің ұйымдастырушы басшысы Қарабасов Құспан деген азамат болды. Ол екі жылдан соң аудандық Кеңес атқару комитетінің төрағасына дейін көтерілді.

Бұдан соң аудандық қаржы бөлімінің Н.Адайбеков, К.Сарғожаев,К.Нұрбатыров, Ж.Айдаров, Б.Жұмалиевтер басқарды.

Біздің ауданымыздың тарихында да қаржылық есеп жұмысының өз жолы, сүрлеуі бар. Өмір бойы есеп қызметімен көз майын тауысқан есепшотын сартылдатып өткен тарландарымыз да аз болған жоқ.

А.Жұмабаев, Н.Еңсегенов, А.Абдуллаев, О.Қазиханов және күні бүгінде көзі тірі құрметті еңбек демалысында жүрген К.Қосбергенов, К.Қиынов, Н.Рахметов, С.Қашағанов, Ә.Бөлеубаев, және басқалары есеп қызметінде елеулі еңбектерімен көзге түсті.

Шетпенің Шетпе болып гүлденіп көркеюіне осынау жарты ғасырлар ішінде аудан басшылары болған К.Самешев, О.Көшеков, С.Тәжібаев, А.Өтеуов, С.Керелбаев, А.Қартбаев, Қ.Сейілханов, Ә.Төлегенов, А.Еділханов, К.Үйсінбаев, Ж.Албытов, Т.Қағазов, О.Сармурзин, М.Бекжанов, Х.Есполов, Ж.Жапақов, Қ.Боқанов,Д.Сейбағытов және басқаларының еңбегі өлшеусіз зор.

1966 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі президиумының жарлығымен Шетпе поселкелік советі құрылды. Алғашқы поселкелік совет атқару комитетінің председателі Түркменбаев Төребай болды, оған дейін №471 темір жол сегіз жылдық мектебінің директоры еді, хатшысы Өмірбаев Сатиман болды.

1969-1970 жылдар поселкелік совет атқару комитетінің төрағасы болып Нәубетов Шүренбай жасады.

1971 жылдың басында ол Куйбышев совхозы партия комитеті хатшысы болып сайланып, поселкелік совет атком төрағасы болып Дүйсенбаев Жауынбай келді,оған дейін Куйбышев совхозының кәсіподақ комитеті төрағасы еді.

1966 жылы ағаштан салынған орта мектеп ашылып, аудан балалары оқыды. Бұл мектептің директоры Темиралиев Бегелді болды.

Шетпеде ірі сауда орындары орналасып, тұрғындарды халық шаруашылығы тауарларымен, азық-түлікпен қамтуда қыруар жұмыстар жүргізіліп отырды. Орталық сауда базасы, аудандық тұтынушылар одағы құрылды. Бұл сауда орындары ондаған сауда нүктелері арқылы ауданның, поселкенің халқын саудамен қамтыды.

Бұл қызметті ұйымдастыруда Б.Жаңбырбаев, А.Накиманов, А.Ұзақбаев, Т.Жаңбыршина , С.Оңайбаев басқа да жүздеген азаматтардың еңбегі өлшеусіз болды.

2-3 жылдан кейін 2 орта мектеп,Жаңаорпадағы Атымов мектебінің құрылыстары ПГМК-ПУС мекемелерінің демеушілік көмектерімен салынып, пайдалануға беріле бастады. Осылайша аудан орталығында мәдениет үйі, орталық аурухана, халыққа қызмет көрсететін комбинат, байланыс үйлері салынып пайдалануға берілді.

1966 жылы ауданда халыққа қызмет көрсететін комхоз мекемесінің бастығы Дүйсенбаев Бижан болды. Мекемеде 1-зил, 1-Газ-51 бортовой, 1-Газ-51 лас су соратын, 1-Газ-51 су таситын машиналары ғана болды. Аудан орталығында судың болмауына қатысты тұрғындарға ауыз су водовоз көліктерімен тасыла бастады.

Осы кезде басшылықта болған Жүсіпов Қыдырбай, Нұржанов Сұлтанбек, Тұрбаев Қайрат, Қаржаубаев Қамысбай, мырзалар жоғарғы орындар алдына тұрғындарға су жеткізу туралы мәселелерді қойып, колхоздың автопаркі водовоз көліктермен толыға бастады.

Ел үшін қызмет-мерейлі міндет (өнері,жетістіктері)

«Елу жылда-ел жаңа» демекші, осыдан 50 жыл бұрын Шетпеге әкімшіліктер мен жекелеген мекемелер келіп орналаса бастағанда бұйығы жатқан бұйра далаға жаңа леп , жаңа серпін енген болатын.

Ол кезде теміржолдың екіқабатты үйлері салынып, солдаттар күшімен Берекет Жұмалиев атындағы мектептің құрылысы жүргізіліп жатты. Атқару комитеті, жекелеген мекемелер, мектеп, тағы басқа ұйымдар ұзын жатақхана үйлерге орналасып, қызметкерлердің жанұялары ағаштан салынған, кейбіреулері теміржолшыларға арналған көп қабатты үйлерге орналасты. Мәдениет бөлімі де сол үйде қоныс теуіп, алғашында теміржолшылар үшін салынған кинозал (қазіргі «Балүміт» мейрамханасының орны) баракқа орналасты. Кейін спортзалға көшіріліп, онда сахна, көрермендер залын жасаған ағаш шебері марқұм Тәнов Біләл еді.

Алғашқы мәдениет бөлімінің меңгерушісі Ыбраев Салахаддин, мәдениет үйінің директоры Нұритден Мұхамбетжанов болды, көп ұзамай «Жаңажол» колхозының клуб меңгерушісі болған Орын Құлсариев келді. Түрлі өнер байқаулары өткізіліп, үйірмелер жұмыс жасады.





Сол спортзалда қиындықтарға қарамастан облыстық фестивальға дайындық жүріп, алғаш рет Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсынан үзінді көрсетіліп, режиссер Н.Мұхамбетжанов, музыкамен және әншілермен жұмысты О.Құлсариев пен Р.Еңсегенов жүргізсе, басты кейіпкер Сараны Н.Туғанбаева, Біржанды Әбіл Жұмағалиев облыс көлемінде 1-ші орынға ие болды. Сол кездегі көрініске Ж.Жылқышиев, Б.Байекеева, Б.Дүйсенбаев, Т.Атшыбаев, С.Бердібеков, Б.Сәтжанов, т.б. өнерпаздар қатысты.

Мәдениет үйі жанынан құрылған «Жастар» вокальды-инструментальды ансамблі аудан халқының ықыласына бөленгені қалың жұртшылықтың әлі есінде болар. Бұл ансамбль құрамында М.Ордабаев пен Б.Смағұлов өнер көрсетті.

1982-1983 оқу жылында алғашқы қобыз класы ашылды. Қобыз класынан Жұмабекова Бәтима сабақ берді. Лақбаева Оңайгүлдің жетекшілігімен хор ұжымы облыстық өнер байқауынан 1982-1983 жылы 2-орын, 1984-1985 жылы 3-орынды жеңіп алды.

Марқұм сазгер А.Ербозовтың келуімен мектепке жаңа леп келді. Ауданға белгілі «Ұран-от» фольклорлық ансамблі құрылып, халық назарына ұсынылды. Алғаш ауданның мәдениет үйінің сахнасында фольклорлық ансамбль Есірдің күйі «Тоғыз түйені» боздатқанда көрермен қауым орындарынан тұрып қол соққан еді. Ансамбль ауыл сахналарында өнер көрсетіп, халық ықыласына бөленді.

Оқушыларға білім берумен қатар, оларды сахнаға өздерімен қатар алып шығуды да өздеріне міндет санап, өнер жолына баулыды. Осындай өнер жолына түскен осы мектептің төл түлектері республика, облыс көлемінде мәдениеті мен өнерінің дамуына өз үлестерін қосып жүр.

Қазақстанға белгілі әнші Ақылбек Жеменей 1991-1992 жылдары Марат Ордабаевтың жетекшілігімен республикалық «Әнші балапан» байқауына қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ хабар телеарнасының дикторы, ұлты орыс болса да, қазақга сөйлегенде қазақтың өзін жаңылдыратын Игорь Сахар-біздің мақтанышымыз. Облыс көлемінде қызмет атқарып жүрген Қондыбаева Күнсұлу, Айдарбеков Жомарт, Сисенбаева Алмагүл, Зейілова Ақмарал, Шаухаров Самат, Құрақов Әлібек, Нұрлыбайқызы Айгүл ел алғысына бөленіп жүрген жандар.

«КаспийЦемент»- бұл Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының маңындағы Шетпе ауылында орналасқан жаңа цемент зауыты.

2013 жылғы қарашада зауыттың алғашқы іске қосылуы жүргізіліп, клинкердің сынамалық топтамасы шығарылды. Ал 2014 жылғы жаздағы президент Нұрсұлтан Назарбаевпен жүргізілген телекөпір барысында зауытта цемент өндірісі ресми түрде басталды.

Цемент қоршаған ортаға барынша аз ықпал тигізетін ең озық және таза технология бойынша құрғақ жолмен шығарылады.



Кәсіпорын толығымен автоматтандырылған, зауыттың экологиялық тұрғысымен бірге оның ең басты артықшылықтарының бірі болып ккелетін ең заманауи жабдықтар орнатылған.

«КаспийЦемент» зауыты цементтің көп көлемдерін қажет ететін мұнай және газ өнеркәсібі шоғырландырылған Қазақстанның батыс аймағы үшін өте маңызды. Қазіргі таңда «КаспийЦемент» құрылысшылардың цементке қатысты қажеттіліктерін толығымен қанағаттандырады. Сондай-ақ, өнімдерді Каспий маңындағы көрші елдерге сатады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Маңғыстау ауданының құрылуына 50 жыл толуына орай жер қойнауын пайдаланушылар ауыл тұрғындарына сыйлық жасады.

Ұзындығы 106,59 метр және биіктігі 8 метр болатын жеңе жер үсті өткелі «Жаңаорпа» көшесін Шетпе ауылының орталығына қосады. Көпір құрылысының қажеттілігі туралы мәселені аудан ардагерлері өткен жылы облыс әкімімен өткен кездесу кезінде көтерген болатын.

Маңғыстау ауданының Шетпе кентінде заманауи медициналық орталық жұмысын бастады. «Өркен» деген атпен жаңадан ашылған орталық тұрғындарға ақылы түрде қызмет көрсетеді. Жаңа нысанды кәсіпкер Байқадам Кусимбаев «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «Даму» қорының кепілдігімен алынған қаржыға іске қосты.



Қорытынды

Ауылымның ғимараттары қаладағыдай дамымаған, кішкене ғана болса да, менің өмірімнің ажары. Ауыл көлемі кішкентай, толық жағдайсыз болса да, мынау барлығымыздың жүрегіміздің бір бөлшегі. Кіндік қанымыз тамып, жеті жасқа келгенше таяқ жеп, сүрінген топырағымыз, жер-анамыз. Мен ауылымның даму жолында барлығына да дайынмын. Мен туған өлкемнің тарихын ,азаматтарын, табиғатын барлығын дерлік білемін. Қанша жерден зауалы көп өлке болса да мен онымен мақтанамын. Әрбір жаманның бір жақсылығы, әр кесірдің бір тиімді жолы болады ғой. Чол чекілді, менің туған өлкемнің де берері көп.

Мен бүгінде бар болғаны алтыншы сынып оқушысымын. Мектеп шағында ауылымның мәселесін көтердім. Студент болсам жоспар жасаймын. Жеке тұлға атанғанымда осы мәселемен қоса болашақтағы мәселесін ұштастыра отырып шешемін,іске асырамын. Сөйтіп, менің жасаған ғылыми жобамның болашағы іске асады. Ғылыми жобаны жасап,айтып, орынды алып қана қоймай, материалды жағынан қорытынды көрсетейңк. Сөзімнің соңын Қадыр Мырзалиевтің өлеңімен аяқтайын:

Маған бүгін керек емес ертегі,

Ертегіні балам өзі шертеді.

Тарих керек-іргетасы қазақтың,

Іргетассыз қаланбайды ертеңі.

Ұсыныстар:

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!