Материалдар / Туризм туған жерден басталады
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Туризм туған жерден басталады

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазігі өмір талабына сай Халықаралық туризм мен мемлекетімізге деген туристік сұраныс күн сайын өсіп келеді. Келешек жас ұрпақты осы бағытта даярлаудың маңызы зор.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
497
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Туризм туған жерден басталады

Оразбаева Ляззат Ержановна - Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі


«Жақсыны көрмекке» - дегендей, жер жәннаты - Жетісу өлкесі табиғатымен ғана емес, әлемді өзінің тарихи орындарымен де қызықтыра алатын керемет жер. Жетісу жерінің туристік мүмкіндіктері бай әрі сан алуан. Оның мәдени – тарихи нысандарға қатысты танымдық түрінен бастап, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің сирек кездесетін түрлерін анықтауға арналған экологиялық түріне дейін, одан басқа да шытырман және белсенді демалыс түріндегі туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіндігі бар. Қазақстан - Азия мен Еуропаның ірі мемлекеттерін жалғастырушы торапта орналасқан. Бұл географиялық орналасу халықаралық туристік байланыстарды дамытуға ықпалын тигізеді. Қазақстандағы туристік ресурстарға – туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру орталықтары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экологиялық, спорттық, әлеуметтік, діни, т.б. туризм түрлеріне бөлінеді.

«Турист» ұғымына келіп – кетушінің жеке жағдайы ретінде күнделікті ортасынан тыс жерге шығып, іскерлік және тағы басқа да туристік мақсаттармен саяхаттайтын тұлғалар жатқызылады. Тек осы белгілердің барлығының болуын саяхаттаушы тұлғаның турист ретінде қарастырылуына мүмкіндік береді. Туризмнің дамуы барлық қарап келгенде тек оң әсерін тигізеді. Мысалға, мұнай өнеркәсібі қоршаған ортаны қатты ластайды, жергілікті тіршілікке үлкен зиянын тигізеді. Ал, туризм саласы , керісінше табиғаттың күтілуімен тазаруын талап етеді. Қоршаған ортаға пайдасын тигізеді. Туризмді дамыту тек туристік ғана емес, сонымен қатар, бірнеше басқа да бизнес түрлерін дамытудың кепілі. Туризм Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыруда көптеген апектілердің жетекшісі болып табылады. Туризм қысқа мерзім ішінде эканомиканың ең табысты саласына айналуы мүмкін.

Әлемдік тәжірибеде табыс көзі жағынан туризм – мұнай мен газдан кейінгі орынды иемденеді. Туристік бизнесті дамытуда, әсіресе Алматы қаласының мүмкіндігі мол. Алматы қаласының маңайында туристерге әсемдеп көрсететін көрікті жерлер, демалуға ыңғайлы орындар, жергілікті халық та тамашалайтын мән – мағыналы жерлер жетерлік. Атарихи – мәдени ескерткіштер өте көп. Алматы қаласының туризімін дамытуда қайталанбас ғажайып тарихи - мәдени ескерткіштер ерекше рөл атқарады. Мәселен: тәуелсіздік манументі – сәулет және мүсін өнері ескерткіші, Алматы, Алатау, Алтынемел, Іле – Алатауы ұлттық бағы, Айғайқұм, Шарын шатқалы, Шымбұлақ тауы, Ш.Уалиханов кесенесі мұражайы, т.б. Елімізде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тобының бір түрі мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар болып табылады. Республиканың әсем де әдемі жерлерінде бірнеше туристік базалар орналасқан. Оларға Іле Алатауындағы “Шымбұлақ” шаңғы базасы. Алакөл – туристік индустрияны дамытуға бағытталған мекен. Көл ортасындағы аралдар, онда орналасқан республикалық ұлттық табиғи қорық , бір - бірінен кейін тізбектеле орналасқан Жалаңашкөл, Алакөл, Ұялы, Сасықкөл, көлдер жүйесі туристік маршруттарды ұйымдастыруға таптырмайтын табиғат нысаны. Жетісудың тағы бір ғаламаты ащы да тұщы суының емдік қасиеті мол - Алакөлі бар. Жетісу жеріндегі көрікті жердің бірі Шарын шатқалын қақ жарып Шарын өзені ағып өтеді.

Қазігі өмір талабына сай Халықаралық туризм мен мемлекетімізге деген туристік сұраныс күн сайын өсіп келеді. Келешек жас ұрпақты осы бағытта даярлаудың маңызы зор. Облыста шетел туристері де, жергілікті халық та тамашалайтын тәрбиелік мәні зор орындар баршылық. Осындай мәліметтер мен әсем жерлерді көргісі келетін туристер күннен күнге көбейуде. Бұл нәтиже елімізге тек оң әсерін тигізуде. Мектеп оқушыларын жергілікті туризм арқылы патриоттық тәрбие беру мақсатында туризм нысандарына ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұраларының тізіміне енгізілген, Қазақстанда ашық аспан астындағы жалғыз мұражай болып табылатын «Тамғалы» қорық-мұражайы, Жамбыл аулында Жамбыл Жабаевтың, Үмбетәлі ауылындағы Үмбетәлі Кәрібаевтың, Қарақыстақ аулындағы Сүйінбай Аронұлының құрметіне әдеби- мемориалды мұражайларына және жергілікті жердің назар аударарлық жерлеріне оқушылармен ұйымдасқан саяхатқа шығу жоспарланып, жүзеге асты.

Әлеуметтік туризмді, оның ішінде өлкетану, спорттық, жеке, емдеу- сауықтыру, мәдени- танымдық, экологиялық туризмді, отбасылық туризмді, қарттарға және мүгедектерге арналған туризмді, жастар және балалар жасөспірімдер туризімін дамытудың тәрбиелік және патриоттық мәні зор. Нарықтық экономика – туризм дамуы үшін ең қолайлы орта. Туризм рекреациондық, танымдық және емдік қызметтерді орындайды, бірақ сонымен бірге мынадай экономикалық аспектілердің де үлкен маңызы бар: валюталық түсімдер ағыны және елдің төлем баланысының жақсаруы, шектес салалардың дамуы, қазіргі заманғы инфрақұрылым құру. Бұдан шығатын қортынды нарықтық экономикалы елдерде туризм саласы үлкен рөл атқарады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Жандаев М.Ж.«Природа заилийского Алатау», «Казахстан», Алма – Ата,

1978 жыл, 148 бет

  1. Әбілхан Әбілсан, «Қазақстанның тарихи – танымдық географиясы.», «Глобус» Алматы, 2007 жыл, 30, 37 бет


  1. Бейсенова А.С, «Исследования природы Казахстана», «Казахстан», Алма – Ата, 1979 жыл, 223 бет

  2. Ғаламтор желісі - www.diplomkaz.kz сайты

  3. Ғаламтор желісі - http://group-global.org/ сайты

  4. Ғаламтор желісі - http://szh.kz/ сайты

  5. http://www.inform.kz/kz/zhetisu-zhakuttary-turizm-torine-aynalama_a2939152

  6. https://kk.wikipedia.org/wiki/Алматы_облысы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!