Материалдар / Ұйымдастырылған оқу қызметі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет Тақырыбы : «Бауырсақ» ертегісі Мақсаты:Ертегіні тыңдауға қызығушылықтарын арттыру. Сөздік қорын молайту,тілін дамыту. Қажетті құрал: Бауырсақ ертегісінің суреттері,атрибуттар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Мамыр 2022
246
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Picture 27

ЖШС «KIDS PLANET-1»











Білім беру саласы: Қатынас 
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет 
Тақырыбы : «Бауырсақ» ертегісі


Кіші «Жұлдызша» тобы

Батырбаева Балжан Ержановна

















Қарғалы 2021-2022 оқу жылы



Мерзімі: 06.01.2022ж

Білім беру саласы: Қатынас 
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет 
Тақырыбы : «Бауырсақ» ертегісі 


Мақсаты:Ертегіні тыңдауға қызығушылықтарын арттыру. 
Сөздік қорын молайту,тілін дамыту. 
Қажетті құрал: Бауырсақ ертегісінің суреттері,атрибуттар. 

Кіріспе бөлім:


Шаттық шеңберге тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын айтып, қимылдар жасайды. 
Ән саламыз күнде біз, 
Шаттық толы іргеміз. 
Біз мәңгілік достармыз, 
Біз әрқашан біргеміз. 
Шеңберге тұрып,тақпақты қимылмен айтады. 
Негізгі бөлім:

Миға шабуыл:

-Біз бүгін Көркем әдебиет ҰОҚ-де ертеден келе жатқан «Бауырсақ» ертегісі. Бұл ертегіні бәрімізде білеміз. 
Ертегіні есімізге түсірейікші. Ертеде шалмен кемпір болыпты,шалы кемпіріне бауырсақ пісіруін сұрайды. Кемпір бауырсақ пісіріп, суысын деп терезе алдына қояды. Жата-жата жалыққан бауырсақ, терезеден секіріп түсіп домалай жөнеледі. Жолда қоянға,қасқырға,аюға кездеседі, түлкі бауырсақты жеп қояды. Міне балалар,бауырсақ сәтсіздікке ұшырайды. 
-Түлкі қандай? 
-Бауырсақты жеп қойғаны аянышты ма? 
Ал енді бүгін «Бауырсақ»ертегісінің жаңа нұсқасында бауырсақ сәтсіздікке ұшырамайды,керісінше жақсылыққа кенеледі. Олай болса,

Қуыршақ театыр арқылы сахналау: «Бауырсақ»ертегісінің жаңа нұсқасымен таныс болайық. Балаларымыз рольдерге бөліп ойнап көрейік. 
«Бауырсақ» ертегісін тамашалаңыздар. 
Тәрбиеші: 
-Кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып. 
Шал: 
-Кемпір-ау,маған бауырсақ пісіріп берсеңші. 
Кемпір: 
-Неден пісірейін? Ұн жоқ қой! 
Шал: 
Әй,кемпір-ай! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар. 
Тәрбиеші: 
Кемпір солай істейді,қойма түбін қырнап-қырнап екі уыс ұн табады да,қаймақ қосып,қамыр илеп,бауырсақты майға пісіріп,терезе алдына суытқалы қояды.Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан домалап түседі де,одан әрі жолмен зырлай жөнеледі.Бауырсақ жолда зымырап бара жатса,қарсы алдынан қоян шыға келеді. 
Қоян: 
Бауырсақ!бауырсақ!Мен сені жеп қоямын! 
Бауырсақ: 
Жоқ,сен мені жеме саған өлең айтып берем. 
-Мен бауырсақ,бауырсақ, 
Атамнан қаштым, 
Әжемнен қаштым. 
Ал сенен қашу,қоян, 
Қиын емес маған. 
Осылай әндетіп бауырсақ домалай жөнеледі. 
Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса,оның алдынан қасқыр шыға келіп 
Қасқыр: 
Бауырсақ!бауырсақ!Мен сені жеп қоямын! 
Бауырсақ: 
-Сен мені жеме,мен саған өлең айтып беремін. 
-Мен бауырсақ,бауырсақ 
Мен атамнан қаштым 
Әжемнен де қаштым 
Қасқыр,сенен де құтылам-деп домалай жөнеледі. 
Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады. 
Аю: 
Әй,бауырсақ!Мен сені жеп қоямын! 
Бауырсақ: 
-Сен мені жеме,мен саған өлең айтып берейін. 
-Менен бауырсақ,бауырсақ 
Мен атамнан қаштым, 
Мен әжемнен қаштым. 
Қояннан да қаштым, 
Қасқырдан да қаштым 
Аю сенен де қашам-деп 
Тәрбиеші: 
Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі. 
Түлкі: 
Амансыңба,бауырсақ!Көргендерге ұнайды,жүзің қызыл шырайлы! 
Тәрбиеші: 
Бауырсақ мақтағанға мәз болып,өлеңін айта бастайды.Түлкі болса қыбырын білдірмей,жақындай береді. 
Түлкі: 
-Оңай құтыла алмайсың,менің тапсырмаларымды орында,жұмбақтарымды шешіп көріңдер,сені жемеймін. 
Жұмбақтар 
1.Қыста ақ, 
Жазда сұр. Қоян 
2.Қорбаң-қорбаң етеді, 
Орманда ол жүреді. Аю 
1 тапсырма 
-Бауырсақ неден жасалады? 
-Ұннан жасалатын тағамдар 
Бауырсақ,нан,торт,печенье 
Жарайды бауырсақ мен сені жемеймін,сенің достарың көп екен. 
Сау болыңдар! 
Сергіту сәті. 
Мынау-менің жүрегім, 
Бәрі осыдан басталған. 
Мынау-басым ақылды, 
Бәрін осы атқарған. 
Мынау-менің оң қолым, 
Мынау-менің сол қолым, 
Барлық істі атқарған. 
Балалар ертегіні мұқият тыңдайды. 
-Айлакер,қу. 
-Әрине. 

Дьенеш блоктары: «Орманда келе жатқан бауырсақ»
Қорытынды бөлім:

-Жарайсыңдар,балалар. 
Кәне бүгінгі сабақты қортындылайық. 
Бауырсақ кандай аңдарға кездеседі? 
-Түлкі қандай? 
Балалардың жауабы 
-Қоян 
-Қасқыр 
-Аю 
-Айлакер,қу. 
Күтілетін нәтиже: 
Біледі: Балалар жағымды,жағымсыз қасиеттерді айыра білді. 
Түсінеді:Ертегі туралы түсінік беру. 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!