Материалдар / Ұйымдастырылған оқу қызметі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мерзімі: 14.01.2022жыл Ортаңғы«Бәйшешек» тобы Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным» Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сөйлеуді дамыту», «Көркем әдебиет», «Жаратылыстану» Тақырыбы: «Достарға көмек»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Мамыр 2022
241
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ж ШС «KIDS PLANET-1»














Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі:

«Сөйлеуді дамыту», «Көркем әдебиет», «Жаратылыстану»

Тақырыбы: «Достарға көмектес»



Ортаңғы«Бәйшешек» тобы

Толыбаева Маржан Амантаевна















Қарғалы 2021-2022 оқу жылы


Ұйымдастырылған оқу қызметі

Мерзімі: 14.01.2022жыл

Ортаңғы«Бәйшешек» тобы

Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сөйлеуді дамыту», «Көркем әдебиет», «Жаратылыстану»

Тақырыбы: «Достарға көмек»

Мақсаты: Балалардың ой – өрісін ертегімен ұштастыра білу, ізденіс іс – әрекеттерін бекіту. Өлең – тақпақтар, мақал – мәтелдерді жатқа, дыбыстарды анық айтуға машықтандыру. Өлең – тақпақтар, мақал – мәтелдерді жатқа, дыбыстарды анық айтуға машықтандыру Достық, өз ара қарым – қатынас, көмек ұғымдары туралы білімдерін бекіту. Түстер туралы білімін бекіту, түстердің үйлесімдігін сезіне білдіру. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктер арттыру, қорғауға және сүюге тәрбиелеу. Ертегі кейіпкерінің қимылын өз бетімен көрсете білуге машықтандыру.

Алдын – ала жұмыс: «Қызыл телпек» ертегісін оқу, мазмұндату, сахналату, табиғат туралы тақпақтар, мақал – мәтел, тиым сөздер, жаттау.

Керекті құрал – жабдықтар: слайд «Көбелек гүлге қонды», «ағаштар», «жол», «Шалқан ертегісі» кейіпкерлерінің костюмдері, «шалқан», «жасыл шөп», тас, бұтақтар, «көл».

Билингвалдық компонент: дос – друг, жол – дорога, корзина – себет.

Барысы:

Кіріспе бөлім:

-Балалар, бәрінде бері келіңдер, қарандаршы, бізге көп қонақтар келіпті.

-Балалар, мен сендерге бүгінгі күндерін сәтті болсын деймін. Ал, сендердің қандай тілектерің бар?

Балалар, қонақтармен амандасады:

Шеңбер болайық тұрайық

Алақанды ашайық.

Таза ауаны жұтайық,

Жүрекке жылу салайық.

Мейірімділік шоғын алайық,

Жиналған жылы шуақты

Қонақтарға шашайық.

-Балалар тілектерін айтады:

Күніміз жақсы болсын.

Аспанымыз ашық болсын.

Балалар аман болсын.

Балабақша жайнай түссін...

Негізгі бөлім:

Миға шабуыл:

-Балалар, бұл кім келе жатқан?

-Қызыл телпек, сен қайда бара жатырсың?

-Балалар, «Қызыл телпекке» әжесіне баруға көмектесеміз бе?

-Біз қандай баламыз?

«Қызыл телпек» бізге енді кім болады?

-Досты жарты жолда тастауға бола ма?

-Балалар, достық туралы сендер не білесіңдер?

-Жарайсыңдар, балалар, енді «Қызыл телпекке» жол көрсетейік.

Тапсырмалар: БӘ "Лабиринт"

-Балалар, мынау нелер?

-Балалар, сендер басқа мағынасы қарама – қарсы сөздерді білесіңдер ме?

-Балалар, алдымызда не жатыр?

-Судан қалай өтуге болады?

-Балалар, секіргенде байқамай аяғыңды су қылып алсаң не болады?

-Аяқты неге сулауға болмайды?

-Балалар, оң жақта неше кірпіш бар?

-Сол жақта неше кірпіш бар?

-Балалар енді оң жақта қараңдаршы нелер орналасқан?

-Көп ағаш болса не дейміз?

-Сол жақта нелер өсіп тұр?

-Нелер ұшып жүр?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар, жағалай көбелектер ұшып жүр. Қараңдаршы көбелек тағы да қонып алыпты.

-Балалар, қараңдаршы жолда тағы не жатыр?

-Балалар, ағаш бұтақтарын сындыруға бола ма?

-Бұтақтарды кім сындыра- ды?

-Балалар, сендер ағаш бұтақтарын сындырасыңдар ма?

-Табиғат туралы кім тақпақ айтып береді?

-Сергіту сәті

-Балалар, қараңдаршы,

Қызыл телпектің қолында не бар?

-Қызыл телпек, себетіңде не бар? Балалар, біз әжеге сыйлық дайындайық,менде қауырсын бөліктері бар, сонда моншақ жасасақ қарай қарайсыңдар?

-Балалар, әр қауырсында жіпке ілген сайын әжеге жақсы тілек айту керек.

-Ой, балалар, қандай әдемі моншақ жасадыңдар, әже енді қуанып қалатын болды.

-Балалар, қараңдаршы есікте құлып тұр, енді қалай ашамыз?

-Балалар, бұл құлып емес, сиқырлы құлып, оны ашу үшін сиқырлы сөздерді айту керек, ал сендер білесіңдер ме?

(Музыка ойнап әже келеді)

-Ой, балалар, келіп қалыпты ғой қонаққа.

-Қызым, сен неге көп жүрдің?

-Бәсе, мен сенің ұялы телефоныңа қоңырау шалдым, ал сен жауап бермедің.

-Әже, біздің балалардың да сізге жасаған сыйлықтары бар, қабыл алыңыз.

-Ой, балалар қандай шебер балалар.

-Әже, біздің балалар шебер ғана емес шеттерінен өнерлі, енді соны тамашалаңыз.

(Музыка ойнап «Қызыл телпек» кіріп келеді)

Мен әжеме бара жатырмын, адасып кеттім.

Ия, көмектесеміз.

Тату, дос, ақылды балалармыз.Көп баламыз.

«Қызыл телпек» бізге дос болады.

-Досты жарты жолда тастауға болмайды.

-Мен дос туралы мақал – мәтел білемін.

-Доссыз өмір – тұзсыз ас.

-Досы көпті жау алмайды.

(Жолда үлкен және кішкентай тастар жатады)

-Үлкен және кішкентай тастар.

-Аз – көп, ауыр – жеңіл, ұзын – қысқа, суық – жылы, жұмсақ – қатты...

-Шалшық су.

-Секіріп, кірпіштерді төсеп.

-Аяқты су қылуға болмайды.

-Аяқ су болса ауырып қаламыз.

-Оң жақта үш кірпіш бар.

-Сол жақта екі кірпіш бар. (балалар кірпішті төсеп, судан өтеді)

-Оң жақта ағаштар орналасқан.

-Көп ағашты орман дейміз.

-Сол жақта гүлдер өсіп тұр.

-Жағалай көбелектер ұшып жүр.

(Көбелек гүлдерге кезек – мезек қонады, балалар қандай гүлге қонғаны жайлы айтады, бақылау нәтижесімен)

-Жолда сынған бұтақтар жатыр.

-Ағаштың бұтақтарын сындыруға болмайды.

-Ағаштар көп болса ауа таза болады.

-Жаман балалар ағаштың бұтақтарын сындырады.

-Жоқ, сындырмаймыз, біз оларды қорғаймыз

-Табиғат кенің ғой

Ауырсаң емің ғой

Бәрінен бұрын сен

Аяла еліңді! (2 бала оқиды)

-Кәне қанат жаяйық

Қарлығаштай ұшайық

Ұшып – ұшып алайық

Орнымызға қонайық.

Қарлығаш боп ұшайық

Торғай болып қонайық

Сауысқан боп секіріп

Тоқырдақ боп шоқиық.

-Корзина – себет бар.

-Әжеме арналған сыйлық бар.

-Ой, алақай, біз де әжеге сыйлық жасаймыз.

-Әже ауырмасын.

-Әженің немерелері көп болсын.

-Әже күлімдеп жүрсін.

-Әже көп жасасын

-Әже бақытты болсын...

Балалар ризашылық білдіріп отырады. (Әженің үйіне қарай жүреді)

-«Қызыл телпекте» кілт бар.

-Ия, білеміз.

-Кешіріңіз, өтінемін, рахмет, мархабат, қайырлы таң, сәлеметсіз бе, сау болыңыз, кеш жарық....

-Біз «Қызыл телпекті» алып келдік.

-Мен адасып кеттім, достарым маған көмектесті.

-Мен ұялы телефонымды үйде қалдырып кетіппін. («Қызыл телпек» әжесіне сыйлығын береді)

Балалар жасаған моншақтарын әжеге сыйлайды.

Белсенді әдіс: Рөлдік ойын «Шалқан» ертегісі

Балалар «Шалқан» ертегісін «Кюизенер» таяқшалары арқылы бейнелеу.

Қорытынды бөлім:

-Әже: «Жарайсыңдар, балалар, өркендерің өссін. Менің де сендерге арналған сыйым бар: қызыма арнап пісірген самсаларым бар сендер де бөліп жеңдер»

Кері байланыс: «Бағдаршам»

Әже балаларға сәтті жол тілейді:

- Ата- ананы сыйлаңдар

Апайларды тыңдандар

Достарыңды қолдап

Қиын шақта қорғаңдар

Сау болыңдар, балалар!

-Балалар, біз бүгін қандай жақсылық жасадық?

Балалар жамырасып қуанып қалады. (Тәрбиеші самсаны топқа барғаннан кейін қолымызды жуып жейміз деп балалармен келісімге келеді)

Балалар әжемен қоштасып жолмен кейін қайтады.

Достық шеңберіне тұрады:

Отбасымыз аман болсын

Деніміз сау болсын

Ата – ананы тыңдайық

Айтқанынан шықпайық

Ал, достарды қорғайық

Қиын шақта қолдайық!

Балалар өз ойларын айтады.

Күтілетін нәтиже: Балалардың өлең – тақпақтарды, мақал – мәтелдерді, жатқа, мағынасықарама – қарсы сөздерді айта, байланыстыра сөйлеу керектігін ұғынады

Достық қарым – қатынас, достық ерекшеліктерін түсінеді

Ертегі кейіпкерлерінің іс – әрекеттерін саналы түрде жасай алуы








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!