Материалдар / Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту Өтпелі тақырып: Туған өлкенің табиғаты Тақырыбы: Қыс қызығы (әңгіме құрастыру) Мақсаты: тәрбиешінің үлгісімен әңгімелерді құрастыруды жалғастыру; киімдер атауларың, әрекеттерді, түстерді белгілейтін сын есімдерді атауды үйрету; антонимдерді қолдануды үйрету; дыбыстарды дұрыс айтуға әзірлеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Мамыр 2022
434
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ж ШС «KIDS PLANET-1»














Білім саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: Туған өлкенің табиғаты

Тақырыбы: Қыс қызығы (әңгіме құрастыру)



Ересек «Күншуақ»тобы

Күні: 21.01.2022ж

Тәрбиеші: Джазыкбаева Меруерт Ерболаткызы



















Қарғалы 2021-2022 оқу жылы


Ересек «Күншуақ»тобы

Күні: 21.01.2022ж

Тәрбиеші: Джазыкбаева Меруерт Ерболаткызы

Білім саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: Туған өлкенің табиғаты

Тақырыбы: Қыс қызығы (әңгіме құрастыру)

Мақсаты: тәрбиешінің үлгісімен әңгімелерді құрастыруды жалғастыру; киімдер атауларың, әрекеттерді, түстерді белгілейтін сын есімдерді атауды үйрету; антонимдерді қолдануды үйрету; дыбыстарды дұрыс айтуға әзірлеу

Билингвальді компонент: Шана-сани,қыс-зима,сырғанаймыз-катаемся, аққала-снеговик.

Алдын-ала жұмыс: қыс қызығы әңгіме оқып беру

Ресурстармен қамтамасыз ету: қыс мезгілінің суреттері.

ҰОҚ барысы:

I Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалармен бірге шаттық шеңберге тұрамыз

Шақырамын сендерді

Жолдастарым кел бері

Толтырайық шаттыққа,

Дөгеленген шеңберді.


ІІ Негізгі бөлім:

Миға шабуыл әдісі: «Қыс көрікті» тақырыбында видеоролик

Бейнероликте жылдың қай мезгілі туралы көрсетілді? Қыс мезгілі.

Қыз мезгілінде неше ай бар? 3 ай бар (3 месяца)

Қыс айларын атайық. Желтоқсан- декабрь, қаңтар-январь, ақпан-февраль.

Қазір қыстың қай айы? Қаңтар айы
- Қаңтар айы қыстың екінші айы.

Тәрбиеші: - Балалар енді мына суретке қарап қай мезгілге байланысты? Балалар не істеп жүр екен әңгіме құрастырайық.

Суреттер: Аққала, коньки, шаңғы,
-Балалар біз қыста қандай ойындар ойнаймыз?

-Бүл суретте не көріп тұрсындар?

-Балалар не істеп жатыр?

-Қандай ойындармен ойнап жатыр?

-Қандай киім киінген,женіл ма әлі қалын ба?

-Кім маған сурет бойынша әнгіме құрастырады?
-
Жарайсыңдар енді орнымыздан тұрайық сергіту сәтін жасайық.
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап дем алам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
Орнымызға отырайық.
- Жақсы балалар сендер қыс мезгілін білдіңдер.
Мен сендерге жұмбақ жасырайын, кім шешуін табады екен?
Ақ жібек асыл көрпедей,
Қыс болса жерді жабады.
Жазғытұрым болғанда
Су болып сайға ағады (Қар)

Топтық жұмыс: «Ызылдаған топтар»

1 топ «Аққала» Дьенеш блогынан аққала құрастырып әңгімелейді

2 топ «Ақшақар» Кюизенер таяқшаларынын шырша құрастырып әңгімелейді.

ІІІ Қорытынды бөлім:

- Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

- Енді балалар ойын ойнайық

Кері байланыс: «Ұйқыдағы түлкі!» қимыл-қозғалыс ойыны Балалар арасынан "түлкі" сайланады. Ол алаңның бұрышына тұрады да, ұйқыға кеткендей кейіп танытады. Балалар алаңда жан-жаққа шашырап жүгіріп ойнайды. Жүргізуші: "Түлкі оянды" дегенде, барлық бала "түлкіден" сызықтың арғы жағындағы "үйге" қашады. "Түлкі" оларды қуалап ұстауға тырысады.

Тақпақ жаттау:

Жапалақтап ала қар
Жауды күнде қайталап,
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қыс мезгілінін ерекшеліктерін.

Түсінеді: сұрақтарға толық жауап беру

Қолдана алады: тәрбиешінің үлгісімен әңгімелерді құрастыру




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!