Материалдар / Ұлт көсемі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлт көсемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқырмандарға қажет деген ойдамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2020
240
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлт көсемі


«Үкіметтің қара қуғын жасаған күндерінде айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшін басын құрбан қылған ат төбеліндей ғана азамат тобы болды. Бұл топты баулыған – Әлихан...»


Қошмұхамбет Кемеңгерұлы



Қазақ халқының елдігін сақтап, ұлттық мүддені қорғау үшін аянбай күрескен ХХ ғасыр басындағы ұлттық элитасы-Алаш зиялылары болды. Олар әртүрлі деңгейдегі қызметтерде жүріп, ылғида ел басына күн туған заманда халқының қасынан табылып, қазақ ұлтына шын жанашыр, адал перзенті бола білді. Өздерінің жеке бастарына кеңестік биліктен қауіп төнуіне қарамастан, ақыр соңына дейін пікірлерінен тайып, елін сатқан жоқ. Ұлт мүддесін қорғау жолында соңғы демі біткенше қызмет етті. Бұл ұлт зиялылары шын мәнінде нағыз ұлтжанды тұлғалар еді.

1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында өткен екінші жалпы қазақ съезі Алаш автономиясы деп аталатын Ұлттық мемлекет құрылғандығын мәлімдеп, оның үкіметін сайлады. Әлемнің алтыншы бөлігін алып жатқан Ресей империясы көлемінде бұл аса зор оқиға болмағанымен, отарлық езгідегі қазақ қоғамы үшін оның тарихи маңызы ерекше еді. Өйткені мұның бәрі қазақ елінің ХVІІІ ғасырдан бергі өз бостандығы мен теңдігі жолында орыс империясына қарсы жүргізген азапты күресінің қорытындысы болатын.

Жетпіс жылдан астам уақыт жүріп өткен тарихи жолымыз көрсетіп бергендей, қазақ қоғам қайраткерлері тәуелсіз дербес мемлекет құру жолын таңдай отырып, қателескен жоқ еді. Ұлттық қанау мен ұлттық теңсіздік болған жерде езілген елдердің табиғи талаптары мен мүддесін қорғайтын саяси институттарға сұраныс та қалыптаспақ. Ал, осы негізде пайда болған мемлекеттің саналы түрде жалпы ұлттық-мұраттарға қол жеткізуді көздейтін шараларды іске асыруы да табиғит нәрсе. Өздерінің саяси еркіндігін алған елдердің бәрінде де осылай болған. Осы тұрғыдан алғанда, әрине, Алашорданың өмірге келуі тарихи қажеттіліктен туған болатын.

Ұлттық саясатта түптеп келгенде ұлыдержавалық, империялық мақсатты көздеген бұл екі саяси жүйе де ұлттық мемлекеттік идеясынан қорықты. Сондықтан да, ұлттық шет аймақтарда бұл ойға қозғау салушылардың есімін атауға да тыйым салынды. Міне осыған байланысты біз соңғы уақытқа дейін қазақ ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің өмір жолымен, олардың артында қалдырған творчестволық мұраларымен таныса алмай келдік. Халқымыздың өз еркіндігі үшін күрес жолында мәңгі өлмейтін терең із қалдырған сондай қайраткерлердің бірі-Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов.

Ә.Н.Бөкейханов 1866 жылы бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының жетінші ауыл879 жылы әкесі Нұрмұқан ұлын Қарқаралы медресесіне апарады. Одан жеткіншек үш сыныптық қалалық орыс-қазақ мектебіне ауысады. Бітірді деген аттестатқа уезд бастығының өзі қол қояды. Аттестатта: «Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысының сұлтанының ұлы Қарқаралы қырғыз ер адамдар мектебінде 1879 ж 16 қыркүйектен 1886 ж 16маусымға дейін тәрбие алды және оқыған кезде өзін өте жақсы жағынан көрсетті. Оқушыларды ақтық тексеруден өткізгеннен кейін Қарқаралы үш сыныптық қалалық училищесінің аттестатын алып шықты. Оқып жүрген кезінде аяқ-киім тігу өнерімен айналысып, бұл қол өнерімен өз бетінше де айналыса алады», - делінген еді. Осы 1886 жылы Бөкейхан Қарқаралы уезінің басқармасы берген мінездеме хатпен Омбыға жолға шығады. Жолға ол екі қара шұға шұлғау, бір халат, бір тон және екі іш киім ғана алған еді. Омбыда ол салынып жатқан Сібір темір жолына мамандар даярлап жатқан жергілікті техникалық училищеге түседі. 1890 жылы оқуы аяқталады. 4 жылдық оқуды 20 жасар Әлихан орыс тілі, орыс тарихы, геометрия, алгебра, тригонометрия, физика, механика, ағаш және металл өңдеу, есеп айырысу және құрылыс өнері пәндерін «өте жақсы» бағаға, аяқтады. Училище ректоры Н.Е.Доброхотов Қарқаралы уездік бастығына Ә.Бөкейхановқа өте жақсы жетістіктеріне байланысты жоғары оқу орнына түсуі керек деп және 200 сом ақшалай стипендия одан әрі беріле берсін деген өтініш жазады. Ауылдастарымның көмегімен, далалық генерал губернатордың мінездеме хатымен 18+90 жылы сұлтан Ә.Бөкейханов Санкт-Петербургке императорлық Орман институтына түсу мақсатымен аттанып кетеді.

1905-1907 жылдардағы революциялық оқиғалар ХІХ ғасырдың аяғымен хХ ғасырдың басы қазақ ұлтының нығаюының айрықша кезеңі болды. Ресей мемлекетінде тұрақты өзгеріп тұрған болмыстарға, сонымен қатар, колониялық аумақтарға басқару құрылымының әсер ете алмауынан болған саяси дағдарыс жиіледі. Ондағы тұрақты орыс қоғамының динамикалық даму қаупі, капиталистік қатынасқа итермелейтін жағдай, Орта Азия аумағының халықтары біртұтас болып империалистік метрополияға қарсы шығып, өз орталарынан өкілетті өмірге жас ұлттық интеллигенцияларын ұсынды. Ұлттық сана сезімнің оянуының негізінде түрік халықтарының бірігуі болды. 1905-1907 жылдары І-ІІІ Ресейлік мұсылмандар съезі шақырылды, «мұсылмандық партия қоғамы» құрылып, Мемлекеттік Думада мұсылмандық фракция болды. Сөйтіп, 1905-1907 жылдардағы Ресейдегі революциялық оқиғалар қазақ даласынан үнқатулар тапты. Міне, осы жылдары Әлихан Бөкейханның саяси көзқарасы қалыптаса бастады. Оны өзінің халқының ескі феодалдық қатынастардан босамағаны, өзара ауыр күрестегі тағдыры қатты алаңдатты. Ол халқын қараңғылық пен сауатсыздықтан босату үшін ең алдымен білімнің керек екендігін түсінді. Архивтік құжаттар бойынша, осы жылдары Ә.Бөкейхан жандармериялық басқарманың назарын аударды. Осы саяси жағымсыз, сенімсіздердің «қара тізіміне» ілігеді. 1905-1907 жылдары қазақ ұлттық қозғалысының көсемдері Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, Ж.Ақбаевтың, Б.Қаратаевтың басшылығымен қоғамдық қозғалыс санасын конституциялық монархия жәнелибералдық реформа үшін күреске бұруға ұмтылыс жасады. 1905 жылдың жазында Қоянды жәрмеңкесінде бұл кісілермен қоса қазақ зиялылары халық атынан патша өкіметіне петиция жазды. Петицияны құрғандар қуғынға ұшырады. 1906 жылы Әлихан Бөкейхан тұтқындалып, А.Байтұрсынов пен Ж.Ақбаев бақылауға алынады. Алайда, патша жандармериясы бұнымен тоқталмай 1908 жылы Ж.Ақбаев соңынан 1909 жылдың шілде айында А.Байтұрсынов тұтқындалады. 1905 жылдың күзінде Қарқаралыда ірі демонстрация жүргізіледі. Бірақ, патша үкіметінің өкілдері бұл демонстрацияны «бунт», «бүлік», қазақтар мен орыстар арасындағы талас деп көрсетті. Прогрессивті әрі жоғары білімді адам ретінде Ә.Бөкейханов бұл ресми жалғанды әшкеорелеп шыншыл мақалалар жазды. Бірінші орыс революциясын шын жүрекпен қарсы алған ол жанданып келе жатқан саяси өмірге белсенді араласып, «тәуелсіздік және бостандық күндермен» байланысты түрлі бұқаралық мерекелердің ұйымдастырушысы да болған еді. Ә.Бөкейханов өз газет шығарылымдарымен қоғамдық көзқарасқа ықпал етіп, Омбыдан Қарқаралыдағы көтерілісті басуға шыққан жазалау экспедициясын тоқтатып, бұл туралы земстволық съездің Мәскеулік бюросына хабар бергені жөнінде құжат куәліктемелер де бар. 1905 жылдың бірінші орыс революциясы қарсаңында, не одан кішкене кейін ол «Халықтар еркі» партиясының құрамына кіреді. Әлихан осы партияның қазақ интеллигенциясы мен белсенділерінің арасындағы ұйымдастырушысы болып табылады. Уақыт өте оның публицистикалық мақалалары «Степной край», «Степной вестник», «Степной пионер» сияқты демократиялық бағыттағы газеттерде шыға бастайды. Сонымен қатар, олар белгілі Санк-Петербургтік баспалар: «Северная пчела», «Наша жизнь», тағы басқаларға шығады.1905 жылдың қараша айында Ә.Бөкейханов миллионнан астам қазақ халқының атынан Мәскеуде Ресейдің земстволық қалалық қайраткерлерінің кезекті съезіне қатысады. Соның бір жиналысында ол мына сөздермен шығады: «Мен Оралдан Алтайға, Сібір темір жолынан Омбыға дейінгі территорияны алып жатқан төрт миллион қазақ халқының өкілі болып табыламын. Мен осы жердеполяктар, малоросстар, латыштар және тағы басқалардың айтқандарын естігенімде, бір ескі кітапты оқығандай болып отырмын. Біз де қырғыз, қазақ тілдеріндегі мектептер қуғынға ұшырап, біз де цензура қысымында отырған халықпыз... Сондықтан, мен де съезге қойылған жергілікті тілдерге барлық шектеулерді тез арада жоюды талап еткен азаматтардың ұсыныстарына қосыламын»! Мәскеуден оралған Ә.Бөкейханов сайлау алдындағы кампанияға тез арада кірісіп кетті. Өзкүресін ол қазақ тілінде газет шығарудан бастады. Оған «біздің өмір» атты кадеттік газеткуә. Бірақ, үкімет оның Мемлекеттік Думаға сайлануынан қауіптенді. Оның 1906 жылы 15 сәуірдегі заңсыз тұтқынға алынуына байланысты заң қорғау органдарына жіберген бірнеше хаттары нәтижесінде ол Павлодар түрмесінен Омбы түрмесіне ауыстырылады. 15 күннен кейін оның бір ауыздан өз болысында сайланғаны белгілі болып Ә.Бөкейханов түрмеден босатылады. Кенеттен, 1906 жылдың 9 шілдесінде алғашқы Мемлекеттік Дума таратылды. Мәжбүрлі тарапуменкеліспегенскөптеген Дума мүшелері, оның ішінде Ә.Бөкейханов, жасырын түрде Финляндияда Выборгта жиналып, «Выброгтік қайта өрлеу» атымен патшаға мәлім жолдауды дайындады. Ол жолдау 200-ден артық қол жинады. Осы әрекеті үшін Ә.Бөкейханов жауапкершілікке тартылды және Петербургтің округтік сот шешімі бойынша 3 айға Семей түрмесіне жабылды, сәл кейін Самараға шақыртылды.

Әлихан Бөкейхановтың Самаралық өмір кезеңі 1908-1915 жылдар аралығында Самарада өмір сүре жүріп, өзінің саяси күресін тоқтатпады.Ол Кадет партиясының Самаралық тобын ұйымдастырушыларының бірі болып белсенділік көрсетті. Дәл осы уақытта оның «Қазақтар» атты мақаласы А.И.Костилянскийдің редакциясымен басылған «Қазіргі кезеңдердегі мемлекеттердегі ұлт-азаттық қозғалыс үлгілері» атты жинағында орын алған. Бұл 1910 жылы Санкт-Петербургте жарық көрді. Осы мақала қазіргі таңда Қазақстан тарихына қызығушылар ұшін өзінің құндылығын жоғалтқан жоқ. Онда автор қазақ даласында екі саяси ағым барлығын атап көрсетеді. Оның бірі-Бұқара мен Түркістанға негізделген дәстүрлі панисламдық ағым. Екіншісі Батыс өркениетіне бейімделген пантүріктік ағым. Бұл ағымға Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев, А.Ермеков, М.Дулатов басқарған орыс қоғамында өскен қазақ интелегенциясы өкілдері жатады. Бұл топ патша үкіметінің әрекеттеріне абайлы түрде қатынасқа түсіп, Ресей империясына ашық күреспен шығудың ерте екендігін түсініп, саяси ұстамдылыққа сүйенді. Сондықтан да олар ең алдымен халықтың санасын көтеру және оны іс жүзінде айналдыру мақсатында барлық күш-қайраттарын салды. Олар либерал партиясымен және солшылдармен келісімге келудің мүмкіндігіне үміт артты. Самаралық кезең Әлихан Бөкейханов үшін 1914 жылы Семей қазақтары оны өздерінің «Мұсылман съезінде» өкілі ретінде сайлауымен сипатталады. Ол сол жылы шақырылып, Ресей империясы бойынша мұсылман халқынан барлығы 35 депутап жиналды. Бұл съездеБүл съезде Әлихан Бөкейханов Бақытжант Қаратаевпен және Сералы Лапинмен бірге ислам, жалпы дін мәселелерін қозғады.

Ә.Бөкейханов қазақтардың 30 өкілімен бірге сібірлік автономистердің съезіне қатысады. Томскіден Орынборға оралғаннан соң, олқазақ тарихында алғашқы саяси партияны ұйымдастыруға кірісіп кетеді. Әлихан Бөкейхановтың ойынша, конституциялық демократтар платформасынан сайланған депутаттар қазақ халқының мүддесін қорғамайды. «Алаш партиясының басты мақсаты-Ресейдің құрамында автономды қазақ мемлекеттілігін құру болды. Ресей демократиялық федеративтік республика болуы қажет. Жалпы алғанда Алаш мемлекеттің топтық табиғатына қарсы болды. «Алаш» партиясы құрылуынан бастап барлық зорлық-зомбылыққа қарсы шықты. Оның озаттары қазақ халқына тәуелділікті заңдық, конституциялық жолмен, қазақ халқының ұлттық сана – сезімін оятуға бағытталған саяси күрес арқылы алып бермекші болды. Партияның барлық өкілдері Ресей патшалығының қоныс аудару саясатына бірауыздан қарсы болды. «Алаш» партиясы өркениетті қоғамға тек білім арқылы жету керектігін түсініп, халыққа білім беруді жоғары орынға қойды. Бағдарламада түлғаның жеке даралығы, сөз, баспа, одақ еркіндігі ұсынылды. Сол уақытта Алаш мемлекеттен діннің бөлінуін де жақтаған. Өзінің іс-әрекеттерін партия озаты Әлихан Бөкейханов былай деп түсіндіреді: «Франция, Ресей және басқа да халық тарихына көз жүгіртсек, мемлекет тарапынан жалақы алатын дін өкілдері үкіметке тәуелді болады. Осы себептен біз мемлекеттен дінді бөлуіміз керек, сонда ғана қазақ-қырғыздардың дін жұмыстары алға басады»

1917 жылы құрылтайшыларжиналысындағы сайлауда алынған дауыстар саны бойынша ол Октябрь революциясының қарсаңында Ресейде өмір сүрген 50 партияның арасында сегізінші орынға ие болды. Бірақ, Кеңес билігі мен «Алаш» партиясы мемлекет, топтар, әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша бірдей келісімге келмеді. Партия мүшелері заңсыз болып жарияланды. Партия таратылды., оның ресми органы –«қазақ» газетінің қызметі тоқтатылды. Осылайша Әлихан Бөкейханов пен оның қол астындағылар өз халқының тәуелсіздік пен тең құқық алудағы қозғалысын басқарды. Қазақ даласында қоғамдық-саяси өмірдің үлкен оқиғасы Бірінші және екінші жалпы қазақтық съезі болып табылады. 1917 жылы желтоқсан айында Орынборда өткен Екінші жалпы қазақ съезінде қазақ халқының саяси тағдырына әсер ететін маңызды құжаттары қабылданды. Осылайша «Алаш» атты қазақ облыстарының құрылуы туралы Үкім қабылданды және де бұл қазақ мемлекетінің құрылуына негіз болу керек. Бұл үкімде осы кезеңнің өте қатаң сәттері көрсетілген. 1.Бірыңғай қазақ халқын, мәдениеті, тарихы, тілі бір Бөкей Ордасын,Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария облыстарын, Ферғана, Самарқанд, Амудария уездерін территориалды ұлттық автономияға біріктіру. 2. Қазақ облыстарының автономияларына «Алаш» атауын беру. 3. «Алаш» иоблысының автономиялы территориялары, жер асты, жер үстінің барлық байлықтарымен Алаш меншігін құрайды. 4.Қазақтар арасында тұратын барлық тұрғындарға кішілік құқығы кепілденеді. Алаш автономиясының барлық мекемелеріндегібасқа ұлт өкілдері пропорционалды таныстырылуы керек. 5. Алаш облысын жалпы күйреу мен анархиядан құтқару мақсатында «Алаш-Орда» атты уақытша халық кеңесін өқұру керек, ол 25 адамнан, 10 орыннан тұру керек, осының ішінде қазақтар арасында тұратын орыстар мен басқа халықтарға да орын берілу керек. Алаш-Орданы уақытша Семейге орналастыру керек. Алаш-Орда өз қолына қазақ халқының атқарушы билігін алу керек. 1917 жылы желтоқсанда Орынборда қазақ автономиясы жарияланғаннан кейін, оның бірінші төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. Осылайша артта 8 жыл жер аудару қалды. Ал, алдында күресін, қуғын-сүргін, атыс-шабыстың қиынжолдары күтіп тұрды. Өмірінің соңғы жылдары демократия мен реакция күштерінің қайшылықтарының өсуі Ә.Бөкейханов пен «Алаш» партиясының басқа да жетекшілерін қазақ мемлекетін сақтаудың компромистік жолдарын іздеуге итерді.

1937 жылы тамыз айында Әлихан Бөкейхановты Сталиннің жендеттері түрмеге қамайды. Оған мынадай жала жабылды: «Кеңес өкіметіне қарсы контрреволюциялық күресті басқарды, Қазақстанда және Мәскеуде террористік орталық жетекшілерімен байланысты болды». Сонымен қатар өмірі қазалы аяқталды. 1937 жылы 27 қыркүйекте ол ең жоғары жазаға кесілді. Жаза сол күні орындалды. Осылайша атақты саяси қайраткер, «қырғыз даласына үлкен өзгеріс әкелген бас жетекші» өмірі аяқталды.

Нарықтық қиыншылықтарға қарамастан, біз егемендік алғаннан бері өзімізді өте жеңіл әрі еркін сезінудеміз! Бұл үшін біздер Әлихан Бөкейханов сияқты дарынды адамдарға рахмет айтуымыз керек, олар өздерінің бүкіл өмірімен, қоғамдық-саяси қызметімен, ғылыми ізденістерімен, ізденістерімен, кітаптары, мақалаларымен халық өмірін тәуелсіздік пен еркіндікке, шығармашылыққа жақындатты. Сондықтан да олар туралы ойлар ешқашан да ұмытылмауы қажет. Ә.Н.Бөкейхановты ақтау туралы құжат 56 жылға кешікті. Бірақ, саяси реабилитацияны, тарихи шындықты жаңғырту ешқашанда кеш емес. Өйткені Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың аты тарихта ешқашан да өлмейді.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


[Әлихан Бөкейханов: Тарихи тұлғалар.-Алматы «Қазақстан», 1994, 5-7 б]

[Әлихан Бөкейхан: Таңдамалылар.-Алматы, 1995ж, 76-бет]

[«Сарыарқа» газеті, 1917 ж, № 29]

[«Айқап» газеті, 2015 ж, №1 28-бет.]




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!