Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Ұлт тілінің мәдениеті" мақала
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ғылыми жобаның тақырыбы: Абай мен Мағжан шығармаларындағы көңіл лексемасының қолданыс ерекшеліктері
Аты-жөні: Атажиева Диляра
Ғылыми бағыты: Гуманитарлық
Секциясы: қазақ тілі мен әдебиеті
Жобаның жетекшісі: Ақылбаева Гулнар
Аннотация
Абай- қазақ әдебиетіндегі ұлы құбылыс, халқының жарық жұлдызы. Абайсыз- қазақты, қазақсыз Абайды көз алдымызға келтірудің өзі қиын. Өйткені Абай жалпақ жұртты жақсылыққа үйретіп, жамандықтан жиренткен қазақ халқының кемеңгер ақыны әрі дана көсемі.
Мағжан - нағыз сыршыл лириканы қазаққа алып келген дара ақындардың бірі. Жастайынан ауыртпалықты сезініп өссе де, мойымай халқының қамын жеп өткен бірегей ақынымыз. Кез-келген адам Мағжан өлеңіндерін оқыр болса, өзінің қалай сезімге беріліп, қалай жүрекке сөздің жеткенін білмей қалады. Оның дара ақын болуының да себебі осы болса керек.
Біздің қарастыруымыз бойынша Абай мен Мағжан өлеңдерінде кездесетін «көңіл» сөздері мағыналық жағынан ғана байланысып қоймай, өзара үндестік те тапқан. Себебі, Абай көрген заман шындығын Мағжан өзінше өз заманымен салыстырып, шындықты жаза білген. Осы арқылы екі ақынның шығармаларынан бірдей мағынада, бірдей тіркестерде «көңіл» сөзі кездесіп отырады.
Осыған орай жұмысымыздың мақсаты, екі ақынның да шығармаларынан табылған «көңіл» сөзді тіркестерді тауып, олардың өлең арқылы мағынасын ашып, салыстыру арқылы біздер екі ақын шығармашылығындағы үндестікті байқадық. Ақындардың өлеңдерінен көңіл деген сөзге баса назар аудару арқылы адамның көңілі көзге көрініп ұстатпаса да адам үшін ең маңызды рөл атқарады деген қорытындыға келдік. Жүрек жылулыққа толса, оны сыртқа көрсетіп, сезіммен жеткізетін осы көңілдің ісі екеніне көз жеткіздік.
Аннотация
Абай – яркая звезда казахского народа, великое явление казахской литературы. Трудно представить казаха без Абая, Абая без казаха. Потому что Абай мудрый поэт и вождь, который учил простой народ хорошему.
Магжан оди из мудрых поэтов, который принес в казахскую литературу таинственную лирику. Он прожил нелегкую жизнь, но его не сломала жизнь. Поэт думал о судьбе своего народа. Любой человек, читая стихи Магжана, уповается в его поэзии.
По нашему исследованию слово «чувство» встретившиеся в стихотворениях Абая и Магжана, связаны не только по смыслу, но и они созвучны. Потому что Магжан сравнивал правду своего времени со временем Абая.
Магжан, сравнивая правду своего времени со временем Абая, сумел показать правду. Поэтому в стихотворениях слово «чувство» встречается в одинаковых словосочетаниях и в одинаковых значениях.
Целью данной работы является:
• найти в стихотворениях словосочетания со словом «чувство»;
• сравнить стихотворений обоих поэтов;
• определить сходство и созвучность этих слов.
Мы пришли к такому выводу, что в стихотворениях поэтов чувство человека невидимое, но играет важную роль в жизни челове
Annotation
Abay is a bright star of Kazakh nation, a great phenomenon of Kazakh literature. It’s hard to imagine Kazakh nation without Abay. Because Abay is a wise poet and leader, who taught people good.
Magzhan is one of the wise poets, who brought mysterious lyrics to Kazakh literature. His life was hard, but he didn’t give up. Poet was thinking about his nation. Anyone who reads Magzhan’s poems will be delighted.
In our researches, the word “sense” in poems of Abay and Magzhan are bounded not only with their meanings, but they are also in tune with each other. Because Magzhan compared the truth of his time, with the truth of Abay’s time. When comparing this truths, he showed the real truth. Because of this the word “sense” in their poems, appears in a same meaning.
The aims of this work are:
• To find collocations with the word “sense”;
• To compare poems of both poets;
• To define similarity of the word “sense”.
We concluded that in poems, sense of human is invisible, but plays significant role in human’s life.
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Зерттеу бөлімі
а) Көңіл сөзінің ақындар шығармашылығынан алатын орны
ә) Абай мен Мағжан шығармаларындағы «көңіл» лексемасыныңерекше қолданысы
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Кез келген ақын – жазушылар өз шығармасын міндетті түрде өз қоғамымен байланыстырып, сол кездегі әлеуметтік маңызды тақырыптар туралы жазуға тырысады. Қай қоғамды алсақ та осы ереже заң іспетті. Неге деп сұрасаңыз, қай кезде болмасын адам өз қоғамынан алшақ ешқайда кете алмайды. Себебі, ол сол ғасырда туып, сол ғасырды көрді, сол кездің суын ішіп, дәмін татты. Яғни, ол кезеңді автордан басқа ешкім дәл айта алмайды. Осындай өз кезеңінің кемеңгері болған, халқымен бірге жасап, оның тауқыметін өзінікі санаған, өзін халықпен көріп, бірге қайғысына қайғырып, қуанышына ортақтасқан қазақтың маңдайына біткен шоқ жұлдыздары болған Абай мен Мағжанның әдебиеттегі орны тым бөлек.
Абай қазақтың дара тұлғасы, дана тумасы. Абайсыз қазақты қазақсыз Абайды көз алдымызға келтірудің өзі қиын дүние. Себебі ол қалдырған сара жол біздерді болашаққа жетелеп, бірі бойға күш берсе, бірі ойға нәр берері сөзсіз.
«Қазақтың бас ақыны- Абай Құнанбайұлы. Онан басқа бұрынғы- соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ»,- деп Алаш арысы атанған Ахмет Байтұрсынұлы айтпақшы, Абайдың қазақ әдебиетінде алатын орны бір төбе болса, қосқан үлесі де жоғары екені сөзсіз. Абай бір ғана Құнанбайдың баласы боп туған жоқ, ол халқы үшін туған жарық жұлдыз болды. Абайдың қай шығармасын оқып, қайсысын мақсат етсек те адаспасымыз хақ. Алланың әмірін алға қойып, қанша жерден бақуатты отбасында дүниеге келсе де жайбарақат жатып, алаңсыз ғұмыр кешкен емес. Керісінше қазақтың қамын жеп, болашағына алаңдап, өзі үшін емес, халқы үшін қам жеген біртуар перзент болды.
«Мағжан – алдымен, сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы» тиетін үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жаспен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса да сырлы, көркем, сәнді жазады»[10].
Ж.Аймауытов Мағжан поэзиясының қазақтың шынайы өмірінің өзінен өрілген нағыз халықтық өнер туындысы екендігін дөп басып айта білген.
Мағжан поэзиясы бізге несімен танымал деген мәселеге сол кезде өзі де қуғын көріп жүргендігіне қарамастан қазақтың тағы бір алашшыл ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов те қалам тербетті[8-73].
«Әдебиет әдебиет үшін деген таңба айқын болмай, нәрлі әдебиет болуға жол жоқ. Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқалардың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін» [2].
Поэзия әлемінде айырықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, өрнек тудырған, терең сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгіге аманат етіп қалдырған ақын – Мағжан Жұмабаев. Өзі де, өлеңі де қиын-қыстау тауқымет жолын көп кешкен. Қалың бұқара оқушы қауым арасында әуелден-ақ қаншалықты белгілі, аты мәшһүр ақын болып танылса да, ресми ортада барған сайын айдаудан көз аша алмай, тыныштық дүниеден қара үзіп, кешегі қуғын-сүргін заманда есімі біржолата өшуге айналған жан[1,5].
М.Жұмабаев қазақ поэзиясының ғана емес, түркілік деңгейге көтерілген, одан қалды әлемдік әдебиеттің көгінде жарқыраған жарық жұлдыздардың біріне айналды. Ақынның түркілік бірлік туралы айтқан пікірлері күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Керісінше, жаһандану дәуірінде түркі әлемінің болашағына кепілдік беретін бірден-бір жол ретінде күн тәртібіне өткір қойылуда. Осы бір ұлт болашағы үшін аса маңызды мәселені өткен ғасырдың басында-ақ сезініп, түркі халықтарын достыққа, ынтымақтастыққа шақыруы Мағжанды ұлы ойшыл, гуманистердің қатарына қосады [2].
Мағжан туралы айтқанда, өлеңін майда сөзбен жеңіл етіп берген, шығыстық сарынның үлгісін өрнектеген, жастарға сеніп, болашақтан зор үміт күткен, Алаш деп алаштап қазақ үшін жанын берген нағыз ер азаматты көреміз.
Осыған орай біздер айтқан екі ақынның да әдебиеттен алар орны қаншалықты жоғары болса, олардың шығармаларының да орны соншалық биікте. Ендеше біздің жобамыыз бойынша Абай мен Мағжан шығармаларын қарастырып, оларда кездесетін «көңіл» сөзді тіркестердің мағынасын ашып, байланысын айқындау. Және түпкі айтар ойын анықтап, екі ақынның да көңіл сөзін қолдану арқылы өзі сүрген қоғамның ащы шындығын танытып, қазақты адамгершілік қасиетке осы сөз негізінде үндеу жүргізу.
Негізгі бөлім
«Көңіл» сөзін қай ақыннан қарастырсақ та оның барлығында кездесері анық.
2.1. Көңіл – адамның сезімімен бірге жүретін, сол сезімдер арқылы биігірек көрінетін, дерексіз, адамның нәзік тұсы. Көңілді адамның дәл мына жерінде, мына ағза деп көрсету мүмкін емес. Бірақ көңіл жүректің ішіне орнатылса керек.
Көңіл сөзінің негізгі мағынасына тоқталсақ :1. Ішкі эмоциялық сезім. 2. Ой, қиял, арман. Мысалы, көңілі ауды, көңілі бар, көңіліне дақ салды. Көңілі толмады, т.б. [2]
Көңіл — айналадағы ортаға, жаһанға, ғаламға, ақиқатқа, дүниеге назар салумен байланысты, олармен өзара үйлесім табуы нәтижесінде орын алатын қилы құбылысты сіңіріп-қорытатын адам жанының сырлы әлемі. Көңіл абстрактілі ұғым, сондықтан да Көңілдің сан алуан күйін және тұрпатын айқындай түсетін ұғымдар бейнелі ойлаумен ұштас меңзеу тіркестермен беріледі. Көңілдiң әсершілдік және танымдық мүмкіндігі шексіз. Ғалам ғажайыбынан, сазды әуезден, сөз өнерінің құдіретінен эстетикалық ләззат алып, олардың "көңілге түрлі ой салар" әсерімен ғибраттанып, хақтықтың шапағатын иеленетін де осы көңіл. "Көңіл көзі, "көңіл айнасы", "көңіл құсы", "көңіл пырағы" сөздері көңілдің танымдық мүмкіндігінің түрлі қырларын ашып, әлемнің құпиясына бойлар сырларын бейнелейді. "Көңіл қалу", "көңіл көтеру", "көңіл аулау", "көңіл қобалжуы", "көңіл ағаруы", "көңіл тазаруы", "көңіл шалқуы", "көңілдің шарқ ұруы", т.б. ұғымдар адам көңілінің түрлі күйінен хабар берумен қатар, адамның бейсаналық психикалық халін де танытады. Көңіл – жүрек, діл ұғымдарымен ұштас, сонымен катар, өзіндік ерекшеліктерімен де айшықталады. Абайдың: "Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз қол емес, Ынталы жүрек, шын көңіл, Өзгесі хаққа жол емес" — деген сөзінде жүректің әуел бастан иман ұясы екендігін нұсқап тұр. Сондықтан да жүректің хаққа ынтығуымен ұштас, оның ықыласының көрсеткіші ретінде риясыз көңіл бой көрсетеді. Яғни көңілді жүрек қалауы десе де болады. Адам ешқашан көңілдің ықпалынан тыс 6ола алмайды. Қашан, қандай күйде болмасын адам баласы көңілін әйтеуір бір күйінде болмақ. Әйтсе де "кісі көңілі — түпсіз теңізбен тең" (Ж.Баласағұни). Көңіл қалауы, көңіл көтеру, көңілқалудың барлығы өзгермелі дүниенің үздіксіз алмасып тұратын сәттерінің, яғни көңіл күйінің көріністері. Көңіл қалауының ерекше қалпының бірі — хаққа ғашықтық. Көңілдің ақиқатты қалауы өмірінің мәніне айналғанда, адамның рухы кемелденіп, оның көз-қарасы айқындала бастайды.
Ендігі жерде адам көңілі деген қайда болады? Ол қандай сезімдерден тұрады? Оны кім басқарады? Осы сауалдарды қарастырар болсақ, жоғарыда айтылғандай көңіл тек адам баласына тән. Себебі, ол адамға берілген бүкіл сезім мен жүрек арқылы қабылданатын адамдық қасиеттердің көрінісі. Көңілдің басшысы – адам. Көп жағдайда біз көңіл көтерілді, көңіл- күйім жоқ, көңілім жабырқап тұр деген тіркестерді жиі айтамыз. Бірақ оған аса қатты мән бере бермейміз. Ойлап қарасақ, адамның жағдайы, ондағы эмоция қай дәрежеде болса да біз бәрін көңілмен байланыстырады екенбіз. Сондықтан да шығар көңіл сөзін көп қолданғанымызбен оны нақтылап білмейміз. Яғни, адамда ғана бар осы көңіл қаншалықты дерексіз болғанымен, соншалықты белсенді қызмет атқарады.
Көңіл мен адам көбіне ажырамастай көрінеді. Неге? Себебі, ойлап қарасаңыз көңіл кімде бар? Адамда. Көңілді боп кім жүреді? Адам. Ренжіп, көңілі қалатын кім? Адам. Көңілі түсетін де адам. Ал осы көңіл сөзін басқа сөзбен ауыстыра аламыз ба? Жоқ. Өйткені көңіл Алла тағаланың жүректің ішіне мықтап орнатып берген құрылғысы тәрізді. Ауа райы болмаса біз төрт мезгілді ажырата алмағанымыздай, көңіл-күйіміз болмаса ештеңеге зауқымыз соқпай, бір сарынмен, еш қызықсыз тек сағатымыз өтіп жатады, өмір сүргенімізбен мәні жоғалады. Осындай адамда мәнсіз өмір болмас үшін жаратушы көңіл деген құрылғыны бізге орнатқандай. Яғни адам үшін көңілдің орны бөлек болып тұрғаны ғой.
Біздер қарастырған Абай мен Мағжан өлеңдерінен көптеген ұқсастық байқауға болады. Мәселен, екі ақынның да өлеңдері адамды адамгершілікке үндеген. Екі ақынның стилінде де шығыстық сарынның үлгілері көрінеді. Дегенмен басымдық танытатын Мағжанның қолданысы. Екі ақында да жүрекке қатысты тіркестер, халыққа үгіт-насихатты, болашаққа деген зор сенімді өлеңдерінін оқудан байқауға болады. Екі ақынның өлеңдерінен ақ көңіл, көңіл бөл, көңілі қаяу және т.б. тіркестердібірдей қолданысқа қолданғандарын байқаймыз. Бұның өзі жай сәйкестік емес. Бұның өзінен ақындардың табиғатындағы бар жақындықты байқатады. Ендігі жерде мұы дәлелдеу үшін өлеңдерге толық беттейік.
2.2Көңіл сөзіне қатысты өлең жолдарына назар салсақ: Психологиялық сөздік конфликтіні өткір эмоциялық уайымдармен байланысты, қиындықпен шешілетін қарама-қайшылық деп анықтайды. Оның тұлғаішілік, тұлғааралық және топаралық конфликтілер сияқты формалары бар. Бұл өлең Абай атамыздың 1888 жылы жазылған өлеңі болып табылады. Он бір шумақтан тұратын өлеңнің ең соңғы шумағында:
Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ[3, 117]Өлең мазмұнынан ақының негізге мақсатын толық аңғаруға болады. Мақсұтым, яғни мақсатым тілді насихаттап, өнерді меңгерту. Білім мен өнерді қатар игерту. Қаншама той-думанды жасап өмір сүргенімізбен оның да мәңгілік еместігін мәңгілік тек оқу мен білім екендігін көрсеткісі келгендей. Ары қарай өлеңнің не екенін, оның адам өмірінде, ақын өмірінде алатын орнын атап көрсетеді. Шортанбай, Бұхар, Дулаттардың өлеңді халыққа қалай жеткізгендігін айтып өткен. Сондай-ақ соңғы жағына бұл өлеңді жазудағы мақсатым- тілдің алар орнын халыққа жеткізіп, өнерді дәріптеу, наданның көңілін қойып, көзін ашу, яғни осы істерімнен жас жігіттер үлгі алсын, жастар сезінсін деген ниетпен айтып отырмын. Ал думан мен сауықты айту арқылы осы нәрсені түсіндіргім келді. Әйтпесе, той-думан туралы айту әуелден – ақ ойымда болмады,- деп жеткізген. Өлеңді оқып отырып, түйгеніміз, ақын өзі айтқан мақсатты тек соңғы ғана шумақта айтып көрсетеді. Өлеңді алғаш оқитын болсаңыз, басында той-думандат, одан кейін өлең қалай жазылады, өлең деген не деген сұрақтарға жауап іздегендей де, ең соңында келіп өзінің айтқысы келген ойын бір ғана шумақпен келтіреді. Мұның өзін оқып отырып, расымен де бір ойды айту үшін осынша тақырып қозғап, оны ашу шебердің шеберінің қолынан келетін дүние емес пе?!
Өлеңде кездесетін тіркес - наданның көңілін қойып, көзін ашпақ.
Наданның көңілін қою яғни надан дегені Абайдың адамды меңзегені анық. Надан – көкірек көзі жабық, яғни білім ала алмай, өзі ойлап шешім қабылдамай, біреудің айтқанына көніп кете берген адам болса керек. Ал ақын айтқан наданның көңілін қойып, көзін ашу деген қарапайым халықтың алдына шындықты көрсетіп, олардың назарын аудару. Олар жасап жатқан әрекеттің дұрыс еместігін, бас көтеріп, өз таңдауын жасай алатын, білім алып, көзі ашық халыққа айналуын тілеуден шыққан тіркес. Осы өлеңге назар салсақ, өзіміз қарастырып жатқан наданның көңілін қою деген тіркеске көзіміз түседі. Ал бұл тіркес қазіргі таңда көңіл аудару немесе көңілін аударту кейде ден қою деп те қолданылуы мүмкін. Бірақ Абай қисынынан құрастырып бергендей көңілін қою керек деп қолданылуы көп кездесе бермейді. Мұның өзі ақынның шеберлігінен туып отыр ғой.
Ал осы өлеңді біз Мағжанның «Сорлы қазақ» деген өлеңімен салыстырмақпыз.
Қозғал, қазақ, білімге жүгір, кез келді,
Қылыш алып, надандық саған кезенді.
Шетке лақтыр, тымақтай алып, тұра кеп,
Ертеңді-кеш басына мініп езгенді.
Байғұс қазақ бас көтеріп тұрар ма?
Көңілі түсіп, басы-мойнын бұрар ма?
Күні туып оң жағынан, солдан – Ай,
Оқуменен жайнатып дүкен құрар ма?[1,41]
Бұл өлеңде ақын өз ойыннақты әрі тік жеткізген. Ішіндегі күйінішін, наласын, ашынған сезімдерін өлеңді оқу арқылы бірден аңғарамыз. Өлеңде айтылған қылыш алып жүгірген надандықты шешіп, білімге құмартып, еңбекке әуес болсақ, айымыз бен күніміз оңымыздан туып, болашағымызды жарқын қыламыз,- деген ойды ақын айтатындай. Және соңғы шумақ арқылы әлі де ақынның күмәнмен қарап, қазақ басын көтере ме екен, көңілі түсіп, мойнын бұрып қарар ма? Өзі оқып, ілім іздеп, жағдайын жасап, күнін көрер дүкен құратын халге жете ме? –деп, сұрақ қою арқылы қазаққа ой тастап кеткендей. Әй, қазағым, жатқаның енді жарамас, оян, көтер басты, жұрт еңбек қылып, білім алғанда сен әлі надандықтан оянбадың ғой,- деп, қазаққа бір сілкініс керек екенін осы өлеңмен дәлелдегендей.
Ендігі жерде екі өлеңнің ұқсастығы ретінде көңіл деген сөзді алсақ болады. Наданның көңілі түсіп деп Абай қолданса, ал Мағжан көңілі түсіп, басы-мойнын бұрар ма деу арқылы ақын да халықтың надандықты шешіп, көңілі түсу арқылы басы-мойнын бұрар ма еді деген толғаныспен қолданғанын байқаймыз. Екі автордың өлеңінен де байқайтынымыз – «надан мен надандық» деген сөздерді қолданғанын және көңіл сөзді тіркестер бірдей – көңілі түсіп деп қолданылуында.
Яғни бұл ұқсастықтар қазіргі қоғаммен салыстырып айтар болсақ, біздегі надандық оқу оқымағанымызда емес, керісінше біліп тұрып, оқып тұрып жалқаулануымызда. Көзі ашық бола тұра, көкірегіміз соқырлануында. Білгенімізді жасамай, уақытты надандыққа тәуелді етуімізде. Өзіміз үшін керекті алмай, жүректі қарайтып, миды ұйықтатып, көңілді қалдырып бәрін істен шығарып жатырмыз. Мағжан айтқандай білімге надан болмасақ та біздер қазір біле тұра надан атанып жатқандаймыз. Сол себепті дұрыс адам болып қалыптасу үшін, ғылым іздеп, еңбекке құмарту үшін, кәсіп алып, пайдалы іс жасай алуымыз үшін қазіргі жалқаулық деген надандықтықтың қазіргі түрін шешіп, оны қайта кимейтіндей әрекет жасауымыз керек. Сонда ғана біздер Абай айтқан көңілі түскен надандардан емес, басы-мойнын бұрар Мағжан айтқан қазақ боламыз!
Келесі өлеңіміз Абайдың «Ата-анаға көз қуаныш» өлеңі.
Ата – анаға көз қуаныш –
Алдына алған еркесі,
Көкірегіне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі.
Еркелік кетті.
Ер жетті,
Не бітті?
Ата көңілі жанбаса бір,
Артық өнер шықпаса
Ел танымай, үй танып құр,
Шаруасын да ұқпаса.
Үміті қайда?
Соны ойла,
Абайла![4,177]
Бұл өлеңді оқып отырып – ақ басқа өлеңдерден өзгешелігін байқауға болады. Себебі өлеңде ата-ана берген тәлім-тәрбие туралы сөз қозғалады. Ата-анаға көз қуаныш болған бала ерке болады. Бетін қақпаймыз. Одан зор үміт күтіп, болашағын қиялдаймыз. Өзімізді ойша алдап, жұбатып, баладның тағдырын Алладан бөлек шешіп қоямыз. Сөйтіп жүріп ол баланың қашан ер жеткенін байқамаймыз. Не біт