Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ұлттың Ұлы ұстазы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Қостанай қаласы білім
бөлімінің № 11 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі Маликзадинова Райхан
Маликзадиновна
«Қазақ халқының рухани көсемі- Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына шолу»
Ұлт Ұстазы, әдебиет зерттеуші
ғалым, публицист, түркітанушы, қоғам қайраткері, ұлттық жазудың
реформаторы Ахмет Байтұрсынұлы қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы,
Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы
Байтұрсын шаңырағында 1872 жылы
18 қаңтарда дүниеге келген. Қалың қазақ ортасы, қаймағы бұзылмаған
сахара тұрмысы табиғатынан дарынды туған баланың сезім дүниесін, ой
әлемін тербеп толқытады. Табиғатынан аса дарынды туған туған
талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары әуелі көзіқарақты адамдардан
өз үйінде хат танып, кейін жақын жердегі ауыл мектебінен сауат
ашады. 1886-1891 Торғай қаласындағы екі сыныптық орыс-қазақ
училищесінде оқиды. 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік
мектепте білім алады.
1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы
уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық
училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кеменгер, білімді
тұлғаның бірі. Жары Бәдрисафамен Әулиекөлде мұғалімдік қызмет
атқарып жүргенде танысып, 1896 жылы некелерін қияды.
Байтұрсынұлының саяси қызмет жолға түсуі 1905 жылға тұспа тұс
келеді. 1905 жылы Қоянды жәрменкесінде жазылып, 14500 адам қол
қойған «Қарқаралы петициясы» авторларының бірі Ахмет Байтұрсынұлы
болды.
1909 жылы тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды. 1913-1918 жылы
өзінің ең жақын сенімді достары Алихан Бөкейханов, М.Дулатұлымен
бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп,
тұңғыш жалпы ұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Газет қазақ
халқын өнер, білімді игеруге шақырды. Байтұрсынұлының Орынбордағы
өмірі мен қызметі Ресей өкіметінің қатаң бақылауында болды. Ол
қазаққа жабылған негізсіз жала салдарынан абақтыға отырып шықты.
1917 жылы революциялық өзгерістер арнасында өмірге келіп, қазақ
тарихында терең із қалдырған Қазақ съездері мен қазақ комитеттері
сияқты тарихи құбылыстың қалың ортасында жүрді. Оларға тікелей
араласып, «Қазақ» газеті арқылы саяси, теориялық бағыт-бағдар беріп
отырды. А.Байтұрсынұлы Алаш партиясының бағдарламасын дайындаған
шағын топтың құрамында болды. 1919 жылы наурызда Алашорда үкіметі
атынан Мәскеуге кеңес өкіметімен келіс сөзге аттанды. Осы жылғы
шілдеде Халық комиссарлар кеңесі мен қазақ әскери революциялық
комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Байтұрсынұлы түрлі
мемлекеттік қызметке атсалыса жүріп, сонымен бірге өзінің жанымен
сүйген оқытушылық ұстаздық жұмысынан да қол үзбеген. 1921-1925
жылдары Орынбордағы, 1926- 1928 жыл Ташкенттегі Қазақ Халық ағарту
институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен
сабақ берді. 1926 жылы Бакуде болып өткен бірінші Түркалогиялық
құрылтайдың төралқа мүшесі болады. 1928 жылы Алматыда Қазақ
Мемлекеттік педагогика институтының ашылуына байланысты ректордың
шақыруымен осы оқу орынына профессор қызметіне ауыстырылады. 1929
жылы 2 маусымда 43 Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге ол
Алматыда тұтқынға алынып, осы жылдың соңына қарай тергеу үшін
Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді. КСРО Халық Комиссарлар
кеңесі жанындағы үштігінің 1930 жылы 4 сәуірдегі шешіміне сәйкес
Байтұрсынұлы ату жазасына кесілді. Бұл шешім бірнеше рет
өзгерістерге ұшырады. 1929 жылы қарашада 3 жылға Архангелскіге жер
аударылсын деп ұйғарылды. 1931 жылы қаңтарда
10 жылға конслагерьге ауыстырылды. Әйелі мен қызы «Халық жауының»
әйелі деп Томскіге жер аударылды. 1933 жылы мамырда денсаулығына
нашарлап кетуіне байланысты қалған мерзімді Батыс Сібірде айдауда
жүрген отбасымен бірге өткізуге рұқсат беріледі. Алматыға оралады .
Бұл жерде тұрақты жұмысқа қабылданбай, түрлі мекемелерде қысқа
мерзімдік қызметтер атқарады. 1937 жылы 8 тамызда тағы да қамауға
алынып, екі айдан соң, яғни, 8 желтоқсанда атылды.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілі білімін 20 ғасырдың бас кезінде
қалыптастырып, іргетасын қалады. Тіл туралы сөйлегенде Ахмет
Байтұрсынұлының ардақты есімі қоса айтылады. Себебі, қазақ ұлтының
ана тілін ғылыми жүйеде негізін қалаған, айдай әлемге танытқан да
Ұлы ұстаз болатын. ХХ ғасырдың басында ел мүддесі үшін күрескен
ақын замандастары қазақ халқының рухани көсемін «қазақтың ақыны»
деп дәріптеген. Ұлтының, елі мен жерінің дербестігі, тілі мен діні,
ділі үшін «малым жанымның, жаным арымның садағасы» деген толағай
тұлға халқымен қайта табысты. Еліміздің тәуелсіздігімен бірге
Ахметтің екінші мәңгілік өмірі басталды. Ахмет Байтұрсынұлының
өмірі де, шығармалары да көпшілік үшін жабық болды. Тек тәуелсіз
Қазақстан жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық көріп, мұралары
зерттеле бастады. 1988 жылы ақын ақталғаннан кейін «Шығармалар
жинағы» 1989 жыл, «Ақжол» кітабы 1991 жылы жарық көрді.
Шығармашылық мұрасы артында аса мол ғылыми, әдеби еңбектері қалды.
Ол өз заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды.
Ақынның 1909 жылы Петербург қаласында «Қырық мысал» деген атпен
шығарылған алғашқы кітабында негізінен орыс мысалшысы Крыловтан
аударған аударма мысалдар жинақталған. Бұрын мысал арқылы тұспалдап
айтқан ойларын Ахмет 1911 жылы Орынбор қаласында шыққан «Маса» атты
жинағында өз сөзімен ашықтан ашық жария етті. 1913 жылы жазылып,
«Қазақ» газетінде жарияланған «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласы
Ахметті білікті әдебиет танушы ғалым ретінде танытты. Ахмет
мұрасының ең маңызды сласы оның ел аузынан жинап, жүйелеп баспа
бетінде жариялаған ауыз әдебиетінің үлгілері. Атап айтқанда,
жинаған фольклор негізінде Мәскеу қаласында 1923 жылы «Ерсайын
жыры», 1926 жылы «23 жоқтау» кітаптары жарық көрді.
«Маса» кітаптарына енген өлеңдерінде жеке бастың мұң шері,
тұрмыс-салт, әлеуметтік, қоғамдық ойлар, азаматтық идеялар
айтылады. Өзін-өзі күйттеген, маңсап, байлық үшін абыройын сатқан,
жақсылығы өзінен артылмаған бос белбеу, босаң туған бозбала, бір
тйғанын азық қылмаған шалдар, қайырсыз, сараң байлар, мәз болып құр
жылтыраған түймеге оқығандар сыналады. «Масада» А.С.Пушкиннен,
И.А.Крыловтан аударған шығармалары
берілген.
Қинамайды абақтыға
жапқаны,
Қиын емес, дарға асқаны,
атқаны,
Маған қиын осылардың
бəрінен,
Өз аулыңның иттері үріп- қапқаны.. деген
жолдарда өз уақытының сыры айтылса,
Тән көмілер, көмілмес еткен
ісім,
Ойлайтындай мен емес бір
күнгісін.
Жұрт ұқпаса, ұқпасын,
жабықпаймын,
Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін... деген
уақытта ақын болашақпен сырласқандай өлместігіне сенеді. «Қырық
мысал», «Маса» атты екі жинақта қазақ әдебиетінің жаңа
тақырыптарымен, идеяларымен, өрнектермен, ойлармен байытты.
Ахмет Байтұрсынұлы оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен
өмірінің мақсаты деп санаған. Ол 1911 жылдың
өзінде:
Ызыңдап ұшқан мынау біздің
маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын
маса:
Өзіне біткен түсі
өзгерілмес,
Дегенмен қара, яки қызыл
маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала
ұшып,
Қаққы жеп, қанаттары
бұзылғанша,
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе
екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?!... деп білім,
ғылымнан кенже қалған, мал бағып, марғау жатқан қазақ халқын сол
қараңғылықтан «маса» болып оятып алып шығуды күрес жолының мақсаты
етіп қояды. Бұл мақсатын өлеңдерінде де, публицистикалық
мақалаларында да жақсы білдіреді. «Надандықтың кесапаты әр
жерде-ақмаңдайымызға тисе де, ата жолдасымыз болған соң, біз де
қиып айрылмай-ақ келеміз. Олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, жоралы
жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты...» деп батыра
айтады. Ахмет Байтұрсынұлы ұлт ұстазы, қазақ тілі білім саласына
орасан зор еңбек сіңірген көрнекті
ғалым. «Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет
қылды... халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын
бәйгеге тікті» деген екен Сәкен Сейфуллин. Ақын есімі халықтың
жадында мәңгі өшпейді.