Материалдар / Ұлттық ойындар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлттық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық ойындар туралы қысқаша түсінік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2018
500
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аларман. Ойнаушылар бірінің белінен бірі ұстап тізбек құрып тұрады. Бір ойыншы «ал ар ман» (қасқыр) болып, тізбектің ба сын дағы ойыншымен қарама-қарсы тұрады. «Аларман» тізбектің біресе оң жағына, біресе сол жағына шығып, ең соңғы ойыншыны (қойды) қақшып кетуге тырысады. Ал тізбектің басындағы топ басшысы (қойшы) «аларманның» алдын орай жолын бөгеп, «қойын» бермеуге күш салады. «Аларман» орайын тауып «қойды» ұстап әкеткен жағдайда, өзі топтың басына (қойшының орнына) тұрады да, қолды болған «қой» енді «аларман» болады. Ойын осы ретпен жалғасады.



АРҚАН ТАРТЫС Ойынды жаздыгүні көкалда ойнауға болады. Ой ыншылардың саны он баладан көп болмағаны жөн. Ойынға ұзындығы 8–10 метр екі ұшы түйілген арқан керек. Арқанның ортасына белгі ретінде қы зыл мата байланады. Ойынға қатысушылар бойына қарай қатарға тұ рады да, ойын жүргізушінің тапсыруымен «бір, екі... бір, екі...» деп санап шығады. Содан кейін «екі» дегендері (жұп) бір жаққа, «бір» дегендері (тақ) екін ші жаққа бөлінеді. Арқанның қызыл мата байланған жерін күні бұ рын жерге сызылған белгі сызықтың үстіне дәл келтіреді. Ал ойыншылар арқанның белгісінен бастап ұшына дейін қос қолдап ұстап тартып тұрады. Арқанның бойына сыймағандары бірбі рінің белінен ұстауға болады. Ойын жүр гі зушінің белгісі бо йынша екі топ арқанның екі жағынан екі жаққа тартады. Ойынның мақсаты – қарсылас топтың бір не бірнеше ойыншысын ортадағы сы зықтан өткізіп, өз жағына тартып шығару. Ортаңғы сызықтан қар сылас жаққа өтіп кеткен ойыншы ойыннан шы ғып қалады. Егер ойыншыларының сандары азайып қалған топ қаласа, ойынды тағы да жалғас тыруға болады. Сөйтіп, ең соңында ойыншылары әбден азайып, арқан тартысуға шамалары жетпей қалған жақ жеңілген болып табылады. Арқан тартыстың екінші түрін ойнау үшін он-он бес бала тартқанда үзіл мейтін арқан және үлкен адамның ала қаны көлеміндей екі тақтай дайындалады. Ол тақтайлардың ортасы арқан өтетіндей етіп тесіледі. Содан кейін қар жентектеліп, аққала іспетті үйіледі. Оның орта шені таяқпен тесіледі де, әлгі арқан өткізіледі. Сосын тақтайшалар аққалаға екі-үш қарыстай тақап әкелініп, арқан түй ілетін болады. Тақтайшалар өздігінен жылжып кетпейтіндей жағдайда болуы керек. Бәрі дайын болған соң балалар екі топқа бөлінеді де екі жаққа ерсілі-қарсылы тартыс басталады. Аққала қай топқа қарай құласа, жеңіс солардікі болады.





Сабақ жоспары № 45 Сынып: 8 e Тексерілді Есбергенова Г Пәні: Дене шынықтыру Мерзімі: Пән мұғалімі: Балтабаев А Сабақ тақырыбы:«Түйілген орамал» ойыны. Сабақ мақсаты: 1.Ұлттық ойындардың мазмұнымен, ережелерімен оқушыларды таныстыру. 2.Оқушылардың ептілігін шапшаңдығын дамыту 3.Оқушылардың дене тәрбиесіне деген белсенділігін, ұлттық ойындарға қызығушылығын арттырып, патриоттық сезімге тәрбиелеу.Сабақ типі: АраласСабақтың түрі: Ойын сабағыӨтілетін орны: Спорт залКеректі құрал-жабдықтар: Ысқырық,секундомер

Сабақ мазмұны

Уақыты реті

Әдістемелік нұсқаулар

I.Кіріспе дайындық бөліміСапқа тұрғызу.Кезекшінің мәліметін қабылдау. Амандасу,түгендеу.Саптағы жаттығулар:Оңға,солға,артқа бұрылу.Жүріп жасалатын жаттығулар:аяқтың ұшына,өкшеге,ішкі ж/е сыртқы қырымен,отырып,секіріп.Жүгіріп жасалатын жаттығулар: оң ж/е сол жақ жанымен жүгіру Ж.Д.Ж. қозғалыста ж/е орнында.А)Бастапқы қалып.Оң қол жоғарыда. – Б.қ аяқ иық мөлшерінде, қол белде, 1-2 басты оңға, 3-4 солға айналдыру.- Б.қ аяқ иық мөлшерінде, қол иықта, 1-2 иықта алға, 3-4 артқа айналдыру;- Б.қ аяқ иық мөлшерде, 1-2 оң қол жоғарыда, 3-4 сол қол төменде, қолды тік ұстап керу;- Б.қ аяқ иық мөлшерінде, қол кеуде тұсында, 1-2 қол бүгулі, артқа сермеледі, 3-4 қол жазылып артқа сермеледі;- Б.қ аяқ иық мөлшерінде, сол қол белде, оң қол жоғары созылған, 1-2 солға еңкею, 3-4 қолды аустырып оңға еңкею;- Б.қ аяқ иық мөлшерінде, қол белде, 1-4 оңға, солға белді айналдыру.- Б.қ Аяқ алшақ, екі қол саусақтарын бір-біріне кілттеп, 1-3 алға еңкею, 4 артқа шалқаю;Тыныс алу жаттығулары. Сабақ мақсатын түсіндіру.

12-15мин





3-4 рет







4-5 рет

3-4рет

4-5 рет



4-5 рет

4-5 рет

Оқушылардың спорт киімі оның тазалығына жалпы сабаққа даярлығына баса назар аударуБерілген бұйрық бойынша орындау керекҚатардан шықпау керек.Жүгіргенде қолдың үйлсімді қимылдауын жіті қадағалау 

Оқушылардың жаттығуды дұрыс орындалуын қадағалау 



Көзді жұмбау

Шынтақты тізеге тигізбеу

Тізені бір-біріне тигізбеу

II.Негізгі бөлімі: Ұлттық ойын. «Түйілген орамал» ойыны. «Түйілген орамал» ойыны баскетбол ойынына ұқсас. Ойын жүргізушісі ойынды бастайды. Ойыншылардың бірінің қолында түйілген орамал болады. Ойын жүргізушісі ойыншыларды өзінің айналасына жинап алып, «бір, екі, үш» деп дауыстайды.Осы кезде ойыншылар жан-жаққа бытырай қашады. Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар ойыншыны қуады. Ол ойыншы ойын жүргізушісі жете бергенде қолындағы түйілген орамалды басқа ойыншыға лақтырады. Орамалды қағып алған ойыншы қаша жөнеледі. Ойын жүргізушісі енді оны қуады. Ойын осылай жалғасады. Ойын барысында жүргізушіні ауыстыруға болады. Оқушылардың қалауымен қозғалмалы ойын.

20-25мин







Қауіпсіздік ережесінқатаң сақтау. 

III.Қорытынды бөлімі: Сапқа тұрғызу. Дем алуға арналған жаттығулар жасау.Сабақты қортындылау. Үйге тапсырма беру. Оқушыларды бағалау.Қоштасу.

5-7 мин







Сабақтың өтілгені туралы ескертулер жасау.Оқушылардың бағаларын айту





«Қандық-сандық» – сайыс

Бүкіл жастағы оқушы ұлдар ойнайды. Ойнаушылардың саны 2-ден бастап 40 адамға дейін.

Ойын ойнаушылары капитандармен екі құрамаға бөлінеді, қайсылары ережелерді сақтауын байқап тұрады. Алаң ортасына әрбір құрамадан бір-бір ойнаушыдан бірінші жұп шақырылады. Бір-біріне арқасымен қарама-қарсы тұрып, олар шыңтақтармен ұстасады. Жүргізушінің бұйрығы бойынша әрқайсысы өзінің қарсыласының аяқтарын жерден (едеңнен) көтеріп алуға тырысады. Бұны жасауға оңай емес, өйткені жүргізушінің белгісі бойынша екеуі жартылай отыру қалпына отырады. Қарсыласын көтеріп алған жеңіске жетеді. Көп жеңіске жеткен құрама жеңімпаз атанады.

Ережелер: 1) құрама капитандары күштерімен ақырғы болып санасады;

2) әрбір сайыс басқарушының белгісі бойынша басталады.



Тақырыбы: Қимыл-қозғалыс ойындары. Допты қуып жет ойыны

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға ойынның ойнау ережелерін үйрету, қимыл-қозғалыс ойындардың әдіс- тәсілдерін үйрету.

2.Оқушылардың денсаулығын күшейту, спортқа деген ынтасын арттыру және

күш-жігерлерін дамыту.

3.Шапшаңдыққа, икемділікке, ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: көрсету, үйрету, жаттығу, қайталау.

Өтетін орны: спортзал.

Құрал-жабдықтар: секундомер, ысқырық, уақыт өлшеуіш, доптар. т.б.

Сабақтың мазмұны

Уақыт мөлшері

Әдістемелік нұсқаулар

I

Дайындық бөлімі:

Оқушыларды сапқа тұрғызу.Сәлемдесу. Кезекшінің баяндамасы. Оқушыларды түгендеу. Жаңа сабақты түсіндіру.Тақырыптың мақсатымен таныстырып өту.Үйге берілген тапсырманы сұрау.

Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жүру бағытында орындалатын жаттығулар. Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар.

Жалпы дамыту жаттығулар:

Б.қ: қол белде,басымызды оңға және солға айландыру.

Б.қ: қолымызды иық үстіне қойып алдыға және артқа айландыру.

Б.қ: қолдар алдында отырамыз,қолдар белде тұрамыз.

Б.қ: секіру жаттығулары.

10-мин

5-8 рет

5-8 рет

5-8 рет

Оқушылардың спорттық киімдерін тексеру.

Зейін қойып тыңдауларын бақылау.

Жеңіл жүгіріспен жүгіру.

Жаттығуларды дұрыстап орындау.

II

Негізгі бөлімі: Ойындар қимыл- қозғалыс ойындары және спорттық ойындар болып бөлінеді.

Қимыл –қозғалыс ойындары аса көңілді әрі пайдалы қимыл әрекет түрі: Қимыл-қозғалыс ойындарының көңілді әрі пайдалы болатын себебі, бұл ойындарды ойнай жүріп, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, тепе- тендік сақтау және мінез-құлықты тәрбиелеу сияқты барлық негізгі қимыл –қозғалыстарды дамыта аласыңдар. Жарыс элементтері –айналып жүгіріп шығу, қарсыласыңды басып озу-ойынға өту тартымды, әсерлі сипат береді. Мақсатқа қол жеткізу сипатына және ойынға қатысушылардың аз-көптігіне қарай қимыл-қозғалыс ойындары мынадай түрлерге бөлінеді:

Доппен орындалатын жаттығулар.

Түрлі заттарды айнала доппен қозғалу

Допты белдің көлемінде айналдыра алып жүру. Допты қабырғаға соғып ойнау. «Қуып жет» ойыны. Ережесі: «Кім бірінші» (доппен). Оқушыларды екі топқа бөліп бірінің артынан бірі тұрады. Тізбектердің алдына сөре сызығы сызылады, олардан 2-3 м қашықтықта сызық сызылады. Бұл сызықта әр топтан капитан командасы қарама-қарсы тұрады. Бергі берісімен капитан командасы допты өз командасындағы 1-ойыншыға лақтырады,

ол допты қайтадан капитанға лақтырып отырады,

ойын осылай жалғаса береді. Кім бірінші болып ойынды бітірсе, сол команда жеңіске жетеді.

«Айдаһар» ойыны.

Ойынның ойнау ережесі:Оқушылар бойларына қарай екі топқа бөлінеді.Ойыншылар алдыңғы тұрған баланың белінен қапсыра құшақтап тұрады. Әр тізбек бір «Айдаһар». Белгіден соң, бірінші ойыншы тізбектен бөлініп кетпей, оңға-солға тез бұрылып, артындағы тізбекті күшпен сүйреп жүріп, қолын алға соза «құйрығын», яғни соңғы түрған ойыншыны ұстап алуға тырысады. Ойынды бірнеше рет қайталау.

«Допты колоннада беру» ойыны.

Оқушыларды екі топқа бөліп бірінің артынан бірі тұрады. Тізбектердің алдына сөре сызығы сызылады, олардан 2-3 м қашықтықта сызық сызылады. Бұл сызықта әр топтан капитан командасы қарама-қарсы тұрады. Бергі берісімен капитан командасы допты өз командасындағы 1-ойыншыға лақтырады, ол допты қайтадан капитанға лақтырып отырады, ойын осылай жалғаса береді. Кім бірінші болып ойынды бітірсе, сол команда жеңіске жетеді.

25-мин

Қауіпсіздік

ережелерін

сақтау.

Ойын кезінде қауіпсіздік

ережелерін

сақтау.

III

Қорытынды бөлімі: Оқушыларды сапқа тұрғызу.

Денені бір қалыпқа келтіру.

Оқушыларды бағалау. Жіберген қателерін айту.

Үйге тапсырма беру.

Ұлдар тартылу 4-рет. Белді бүгіп жазу жаттығулары

5-мин

Оқушылардың жіберген қателерін дұрыстау.

Сабақты аяқтау,

сау болыңдар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!