Ұлттық ойындар: Асық ату

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық ойындар: Асық ату

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түсінік хат.

Үйірме бағат: Ұлттық ойын.

Тәрбие бағыты: Асық ойынының түрлерін үйрету арқылы эсетикалық, патриоттық, мәдени тәрбие беру.

Мақсаты: Ұлттық асық ойынының жандандырып, жоғарғы денгейде оқушылардың ұлттық ойынға деген қызығушылығын қалыптастыру. Шығармашылық, іздемпаздық, ойлау қасиеттерін дамыту, шыдамдылықтарын арттыру, ұжымдасып жұмыс істеуді қалыптастыру. Асық ойынын жоғарғы деңгейде меңгеріп, ойлау стилімен рухани мәдениетті қалыптасқан, спорт саласында – эстетикалық сауатты тұлға тәрбиелеп даярлау.

Міндетті: Мектеп базасында дене тәрбиесі сабағында алған білімдерін шыңдап, шеберліктерін қосымша білім беру арқылы әрі қарай дамыту. Оқушының дарынын ашу. Асық ойынын жетік меңгере алатын тұлға қалыптастыру. Жоспарда асық ойынының жүрістері, ойнау деңгейлігі көрсетілген. Жоспардабазалық оқулықтар мен қатар көптеген әдебиеттерден, методикалық журналдардағы қажетті мағұлматтардан жасақталған. Қазіргі ұрпақтың санасынан алыстап бара жатқан бабаларымыздың ұлттық ойын түрлерін әсіресе асық ойынын жандандыру басты міндет болып табылады.

Спортқа деген қасиет – оқушының бойындағы сана белсенділігі, таным белсенділіг, тума қабілеті. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми салалардан білім алу арқылы және тәжербиелі ұстаздардың көмегі арқылы ашылады. Бірақ бала бойындағы қабілет, дарындылық қасиетінің тұқым қуалаушылық та болуы мүмкін. Ата – бабаның дарын қасиеті, ұрпақатн – ұрпаққа берілетіні өмір ақиқаты. Дегенмен де , спортқа деген дарын қабілеті өздігінен жетілмейді, оған белгілі бір жакторлар ықпал жасайд:


- Мектеп өмірі

- мектептегі оқыту мен тәрбие жұмысы

- оқушалар мен мұғалімдер арасындағы қарым қатынас

- отбас жағдайы

- физиологиялық даму үрдісі

- білімның берілу сапасы

- сайыстарға, жарыстарға қатысу

- баланы үнемі қызықтарып отыру

- жеткен жетістіктері арқылы мадақтап отыру, өз күшіне сендіру.

Қай заманда болмасын адамзатбаласының алдында тұратын ұлы мақсат мұраттарының ең бастысы өз халқының, өз ұлтының тәжірибесін жалғастыратын ұрпақ тәрбиелеу. Ұлттық ойын түрлері қашан да қамқорлықты, оған асқан жауапкершілікпен қарауды қажет етеді. Әсіресе осы ұлттық ойын түрлерін оқыту жайы, оған жастай баулап тәрбиелеу ісі баршамыздың алдымызға байыпты міндеттер таратады. Осыған орай,мектептен тыс жұмыс орталығында мектеп оқушыларының ұлттық ойын түрлерінен білімін тереңдету, толықтыру үшін «Асық» үйірмесі енгізілді.

«Асық» үйірмесінің бағдарламасы жыл бойына 216 сағатқа,аптасына 6 сағат,орта сыныптардың оқушылары үшін жасақталған. Бағдарлама көнеден келе жатырған асық ойынын зерттеп, жаңа әдістерді қолдана отырып меңгерту көзделді. Сонымен қатармектепшілік үйірме жұмысына арналған жылына 34 сағат,аптасына 1 сағаттық бағдарлама қарастырылған:

Оқушы асық ойынын ойнау барысында:

-тарихын,жүріс,тәсілдерін меңгерді

-ойлау қабілетін арттырды

-ойынды ойнау барысында жаңа әдістерін қарастырды

-өз ойындарына талдау жасайды

-бір-бірінің жаңа тәсілдерін сынай отырып талдайды.

Берілетін білім мен тәрбие және дағды:

-халқымыздың ұлттық ойындарын бойларына сіңірту

-ұлттық,патриоттық, эстетикалық тәрбие беру

-жаңа әдіс-тәсілдерді жасауды үйрету

-ойын ережесін сақтай білуге үйрету

-ойын жүрістерін дұрыс орындауға бағыт бағдар беру

Өзектілігі:

Қазіргі замандағы ұлттық ойындардың зияткерлік өнері маңызын түсіну.

Пәнаралық байланыс:

Ден шынықтыру, алғашқы әскери дайындық,математика,физика,сызу,тарих пәндері мен тығыз байланыста.

Үйірмені ұйымдастыру формасы:

Лекция,жарыстар,сайыстарға қатысу.

Болжамы:

Егер үйірме меңгерілсе, онда оқушы сауатты, көркем-эстетикалық біліктілігі дамыған,ойлау қабілеті дамыған ұлттық ойын түрлерін білетін сауатты тұлға қалыптасады.


Оқушы біліміне қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:

-ойын ережелерін сақтауды

-асық жатыстарының атқаратын қызметтерін

-ұлттық ойын түрлерімен жұмыстана білуі

-ұлттық ойынның ойнау ерекшеліктерін

-ұлтымыздың ойын түрлерін,тарихын білуі тиіс

Оқушылар орындай алуы тиіс:

-ойынның түрлі әдіс тәсілдерін білуі

-атқарылған ойынға талдау жасап, баға бере алуы керек


Күтілетін нәтиже:

Оқыту барысында оқушылар болашақ маман иесі ретінде икемдік, ойынның түрлі әдіс-тәсілдерін жетік меңгеріп орындай алады және өз жұмыстарын қортындылап,дәлелдеп береді.

-алдымен баланың ұлттық спортқа,асық ойынына деген қызығушылығы пайда болады.

-ойынға деген бейімділігі мен икемділігі қалыптасады

-ойлау қабілеті артады

-өз идеясы, өзіндік пікірі, көзқарасы қалыптасады

-жаңа әдіс тәсілдері меңгеруде ізденіс пайда болады

-жаңа қабілеттеріашылады

-шеберлік,іскерлік дағдылары ашылады

-кәсіби шеберлігі өседі


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2018
745
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі