Ж.Молдағалиев атындағы №2 жалпы орта білім
беретін мектебі
«Ұлттық ойындар: дәстүр мен заманауи
қолданыс»
атты интеллектуалдық
сайыс
Өткізген: дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Ж.А.Жұмағалиев
2024-2025 оқу жылы
Сайыстың
тақырыбы: «Ұлттық ойындар: дәстүр мен
заманауи қолданыс»
интеллектуалдық сайыс
Сайыстың
мақсаты:
-
Оқушылардың білімдерін
тексеру, пысықтау, пәнге қызығушылығын арттыру, өзбетімен іздену,
шығармашылық пен ойлау қабілетін дамыту.
-
Ойын арқылы логикалық ойлау
қабілеттерін шыңдау, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа баулу, өз ойларын
еркін жеткізе білуге, ұлтшылдыққа
тәрбиелеу.
-
Олардың пәнге деген
қызығушылықтарын арттыру, білімдерін, ой – өрістерін дамыту және
халқымыздың салт – дәстүрін құрметтеуге
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: сайыс
сабақ.
Сабақ
типі: Сұрақ-жауап, топпен
жұмыс.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайдтар,
арқан, асықтар т.б.
Пәнаралық
байланыс: Әдебиет, дене тәрбиесі,
математика
Сайыстың барысы І.
Ұйымдастыру.
Мұғалім: Қайырлы кеш, құрметті ұстаздар
және оқушылар! Бүгінгі 6 в сынып оқушыларының арасында өткелі
отырған «Ұлттық ойындар: дәстүр мен
заманауи қолданыс» атты интеллектуалдық
сайысымызға қош келдіңіздер!
Біздің болашақ жастарымыз
жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты,
бабаларыңның игі дәстүрін сақтайтын, өз елінің патриоттары болу
үшін білім өрісін кеңейтетін «Ұлттық ойындар: дәстүр мен заманауи
қолданыс» атты интеллектуалдық сайысымызды бастауға рұқсат
етіңіздер.
Біз қазір Flippity.net
(флипити) платформасы арқылы 4 топқа бөлінетін
боламыз. Назарымызға тақтаға аударсақ. Тақтада есімі көрсетілген
оқушылар өз тобымызға отырайық. https://flippity.net/rp.php?c= (5
минут)
1-топ: «Аламан»
тобы
2-топ: «Тұлпар»
тобы
3-топ: «Сұңқар»
тобы
4-топ: «Жігер»
тобы
Ендеше, сайысымызға әділ
баға беретін әділқазылармен таныс
болыңыздар:
1.
2.
3.
Олай болса, сайысымыздың
кезеңдерімен таныстырсам. Әр кезең 5 баллдық жүйемен
бағаланады.
І кезең: «Таныстыру» әр топ
өзінің ұраны ретінде, топ атауына сәйкес келетін мақал-мәтелді
айтады.) берілетін уақыт 7 мин (2 мин
дайындыққа);
ІІ кезең: «Алтын сақа»
(сұрақ-жауап әдісі. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады) берілетін уақыт
10 минут;
ІІІ кезең: «Құпиясы ашық
ойын» (Әр топқа қазақтың ұлттық ойынының атауы жасырылған белгілі
бір мәтін беріледі.Соны тауып айту керек) берілетін уақыт 10
мин;
Ендеше топ дайын
болса, сайысымыздың І кезеңін «Таныстыру»
кезеңін бастайық.
Әр топ өзінің ұраны
ретінде, топ атауына сәйкес келетін мақал-мәтелді айтады.
Дайындыққа 2 минут уақыт беріледі.
ІІ кезеңімізді бастаймыз.
«Алтын сақа» (сұрақ-жауап
әдісі). Әр топқа 10 сұрақтан
қойылады. 10 секунд ішінде ойланып, жауап беру керек. Егер жауап
бере алмаса, басқа топ жауап беруге болады. Жауап берген топқа ұпай
қосылады. Әр дұрыс жауапқа 1 балл.
1-топ: «Аламан» тобына
арналған сұрақтар.
-
Сері жігіт ойыннан ұтылса,
қамшымен таяқ жеген. Қазақтың қай ұлттық ойыны туралы айтып
отырмыз? (Қыз қуу)
-
Тоғызқұмалақ ойынында әр
ойыншыға қанша құмалақ беріледі? (81)
-
Мына ойынның қайсын түнде
ойнаған? (Ақсүйек)
-
Асықтың ең үлкен түрі қалай
аталады? (сақа)
-
«Жамбы ату» ойынының
қатысушысына төмендегілердің қайсы қажет? (Садақ пен жүйрік
ат)
-
Мына ойынның қайсы жылқысыз
ойналған? (Ақсүйек)
-
"Теңге ілу" қалай ойналады?
(Ойыншы шауып келе жатқан аттың үстінен еңкейіп, жердегі шүберекке
түйілген теңгені алып, лақтыруы қажет.)
-
7 жасқа толған со отбасына
бұрыннан отырған көршілерің балаға жаңа киім кигізіп, оқу
жабдықтарын дайындап, шағын той жасау қалай аталады?
(тілашар)
-
Жаңадан көшіп келген,
жапсарлас қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонағасы
береді, бұл қандай салт-дәстүр? (Ерулік)
-
Грек-рим күресінен қазақтан
шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, даңқты балуан (Жақсылық
Үшкемпіров)
2-топ: «Тұлпар» тобына арналған
сұрақтар
-
Асық алшысынан түскенде асыққа таласатын о йын
қалай аталады? (Ханталапай)
-
«Атсырау» деген не? (Тоғызқұмалақта ойыншының
құмалағының таусылуы)
-
Қазақ күресі спортындағы күртеше түсі
(көк-қызыл)
-
Қазақ күресінде спортшылардың
ұпайы тең болған жағдайда, берілетін қосымша уақыт қалай аталады?
(белдесу)
-
Тұздық дегеніміз не?
(Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың
отауын ұтып алу)
-
Суреттегі асық қалай
түскен?
-
Көкпар тартудың түрін белгіле.
(жаппай)
-
Алыс сапарға, сауда жолына
шыққан адамдардың үйіне, көрші-қолаң, сыйлас адамдарына, жас
балаларға, жерлестеріне әкелетін ірілі-ұсақты сыйлықтар,
тарту-таралғы қалай аталады? (Базарлық)
-
Бала алғаш рет жолға шыққанда
жасалатын басқосу. (Тоқымқағар)
-
Қазақ тарихындағы тұңғыш
кәсіпқой балуан. (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
3-топ: «Сұңқар» тобына
арналған сұрақтар
-
"Аламан бәйге" дегеніміз не?
(алыс қашықтарға атшабыс)
-
"Көкпар" ойыны неше кезеңнен
тұрады? (2 кезең)
-
"Салым" сөзін қандай сөзбен
алмастыруға болады? (ұпай)
-
"Көкпар" ойынына неліктен
семіз серке таңдайды? (терісі жыртылмайды)
-
Төмендегі ойынның қайсы малға
байланысты? (Қасқұлақ)
-
«Тәйке» сөзі қай ойында
қолданылады? (Асық)
-
Қай ұлттық ойында атты итеріп
шеңберден шығарады? (ат омырауластыру)
-
Қазақ дәстүрінде үйленген
баласын отауға шығарғанда ата-анасының бөліп беретін мал-мүлкі,
балаға тиісті үлесі. (Енші)
-
Құрметті қонаққа немесе
жақын-жуыққа арнап сақталған кәделі ет мүшелері, тағам
(Сыбаға)
-
2024 жылы дзюдо күресінен алтын алған спортшы.
(Елдос Сметов)
4-топ: «Жігер» тобына арналған
сұрақтар
-
«Көшпенділер» ойыны соңғы рет қай елде өткізілді?
(Қазақстан)
-
Бұл ойын көбіне үлкен
дастарқан басында, ет жеп отырғанда басталатын, серттесіп ойнайтын
ойын түрі. (Тобық тығу ойыны)
-
Тымық кеште, айлы түнде, ауыл
сыртында, , үш арқанмен ойналатын қазақтың ежелгі ұлттық ойыны.
(Алтыбақан)
-
Ұзындығы 10 метрдей жуан
кендір арқанмен, жазда көгалды алаңда, спорт залында ойналатын
ұлттық ойын (Арқан тартыс)
-
«Күзем алу» дегеніміз не?
(Халықтың қой бағуға байланысты еңбегін бейнелейтін мерекеге
ұласатын ойын-сауық ойындарының бірі)
-
"Жамбы атудың" ең көп тараған
түрін атаңыз. (айқабақ)
-
Қазақтың ұлттық ойындары
нешеге бөлінеді? (5, аңға байланысты, малға байланысты, түрлі
заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет
ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар)
-
Жаңа туған нәрестеге арнап
тігілген қырқынан шыққанша киетін ғұрыптық көйлек
(Иткөйлек)
-
Сәби дүниеге келгеннен кейін
қырық күн өткенде орындалатын ғұрып.(
Қырқынан
шығару)
-
БҚО шыққан Самбодан 4 дүркін
Әлем чемпионы. (Ерболат Байбатыров)
ІІІ кезең: «Құпиясы ашық
ойын» (Әр топқа қазақтың ұлттық ойынының атауы жасырылған белгілі
бір мәтін беріледі.Соны тауып айту керек) берілетін уақыт 10
мин;
1-топ: «Аламан»
тобы
Бұл – жастардың кешкілік бас қосып, ән
айтып, домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып айтысып, бір-бірімен
әзілдесіп көңіл көтеретін ойын-сауығы. Қазір де үлкен тойларда
құрылады. Оның екі басына 3 қатар арқан байланады. Бұл қандай
ойын?
ЖАУАБЫ- АЛТЫБАҚАН
2-топ: «Тұлпар»
тобы
Бұл ойынға дайындығы
жеткіліксіз, тәжірибесі аз спортшылар үшін өте қиын. Сондықтан
қазіргі тәртіп бойынша сайысқа 18 жасқа толғандар ғана
қатыстырылады. Сайысқа қатысушылар үш салмақтық категорияға
бөлінеді. Ойынға салмақтың категорияны енгізудің мақсаты —
қатысушыларға неғұрлым теңдік жағдай туғызу. Ойында аты белді,
жарамды, өзі мықты, атқа отырысы мығым, білікті жігіттер жеңіп
шығады. Бұл ойында негізгі рольді ат пен ойыншы жігіттер атқарады.
Оспадарлық, жұла қашу, салып қалу, қол қайыру сияқты айла-амалдарды
қолдануға болмайды. Бұл қандай ойын?
ЖАУАБЫ-
АУДАРЫСПАҚ
3-топ: «Сұңқар»
тобы
Бұл ойынның жеке
кісілік, жеке командалық және командалық түрлері бар. Оны арнайы
ағаштан жасалған төрт бұрышты тақтада ойнайды. Тақтаның екі қатарға
тоғыз-тоғыздан ойылған сопақша келген ұясы (оны кіші отау деп те
атайды), әрқатар үшін бір-бірден жасалған екі қазан (үлкен отау)
болады. Олар екі түске ақ пен қараға боялады. Оны кейде тақтада
немесе қалың қағазға ұялар мен қазанның кескінін сызып та ойнайды.
Әр ұяның 1-ден 9-ға дейін өзінің реттік саны болады, олар солдан
оңға қарай есептеледі. Бұл қандай ойын?
ЖАУАБЫ-
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ
4-топ: «Жігер»
тобы
Бұл ойын - жекпе
–жек күш сынасатын ежелгі халық ойыны. Жігіттер тойда, жазғы
сауықта сайысқа түседі. Көгал алаң таңдалады. Ұзын арқанның екі ұшы
тұйықталып түйіледі. Алаңның ортасынан белгі үшін белдеу сызық
сызылады. Қос қанаттан ұзындығы тепе-тең мөлшерде сайыскерлер
тұратын меже белгіленеді. Ойынды басқарушы тұйықталған арқанды
сайыскерлердің мойнына кигізіп, екі саласын қолтықтың астынан
өткізеді де, тартысушыларды жерге тағандатып қояды. Белгі
берілгенде екеуі екі жаққа қарай тартуы керек. Дайындық шаралары
біткеннен кейін бастаушы тартысқа рұқсат етеді. Сайыскерлер
бірін-бірі шегіншектетіп сүйрей жөнеледі. Алаң ортасындағы белдеу
сызықтан қарсыласын шегіншектете сүйреп өткізген сайыскер женеді.
Бұл қандай ойын?
ЖАУАБЫ- МОЙЫН
АРҚАН
Қорытынды: Әділқазылардан сайыстың
қорытындылауларын сұраймыз. Жеңімпазды анықтаймыз. Жеңімпаздар
марапатталады
Мұғалім: Талаптанайық жас дос ғылым
деп,
Ғылыммен ұлтымызда, ұлт болып
білінбек,
Ғылыммен тереземіз теңдік
алып,
Болашақтың атар таңы
күлімдеп,- дей келе, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Қатысқандарыңызға рахмет! Қош сау
болыңыздар