Материалдар / «Ұлттық салт—дәстүріміз мәңгі өшпес».
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Осы тақырыптағы материалдардың барлығын көріңіз!

«Ұлттық салт—дәстүріміз мәңгі өшпес».

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақта қазақ халқының ұлттық салт - дәстүрі қамтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қазан 2020
504
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық салт—дәстүріміз мәңгі өшпес».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға атадан балаға мұра болып келе жатқан қазақ халқының салт – дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу шеберлігін, ойлау қабілеттерін, сұрақ-жауап арқылы тіл байлықтарын, шығармашылық ізденістерін және танымдық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушылардың ұлттық сана –сезімін ояту, салт – дәстүрден нәр алған иманды, ибалы, бойында игі қасиеттері мол қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд-шоу, кеспе қағаздар, плакаттар, т.б.

Сабақтың түрі: қорытынды.

Технологиясы: сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың әдісі: Алтын қақпа арқылы баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Негізгі бөлім:

Мұғалім: Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі ашық сабағымыз «Ұлттық салт—дәстүріміз мәңгі өшпес» тақырыбында. Біз қазақпыз, біз қазақтың ұлдары мен қыздарымыз. Сондықтан да біз өз ұлтымыздың ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрімізді ұмытпауымыз керек. Салт әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі ретінде қалыптасқан.

Дәстүр – халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени – тұрмыстық, кәсіптік, салт – сана, әдет-ғұрып, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттің көрінісі. Дәстүр-мәдениеттің белгісі, дәстүр байлығы-мәдениет байлығы. Ол ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани байлық.

Олай болса, балалар бүгінгі сабағымыз «Алтын қақпа» атты танымдық ойыны арқылы өтеді. Ойын шарты: Ойынға қатыушыларды үш топқа бөлеміз:

  1. «Алғырлар» тобы

  2. «Тапқырлар» тобы

  3. «Білгіштер» тобы

1-ші кезеңде «Күміс қақпа» ашылады.

2-ші кезеңде «Алтын қақпа» ашылады.

3-ші кезеңде «Алтын сандық» ашылады.

«Алтын сандық» ашылғаннан кейін көмбеде «шаңырақ» бар. Шаңырақтың да өз тапсырмасы бар.

Ал енді, «Алтын қақпа» ойынымызды бастаймыз.

«Күміс қақпа» мынадай тапсырмалар жасырылған:

І-кезең «Білгенге маржан» сұрақ жауап бөлімі:

«Алғырлар» тобына:

  1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)

  2. Сүттен жасалатын тағамдарды ата. (Айран, сүт, ірімшік, құрт, қатық, шұбат, қымыз, қаймақ, май, т.б. )

  3. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)

  4. Наурыз көже неше дәмнен жасалады? (7)

  5. Үрлеп ойнайтын ескі музыкалық аспап? (сыбызғы)

  6. Асықтың түрлері (құлжа сақа, топай, жабайт, кеней т.б. )

  7. Жеті қазынаны ата. (Ер жігіт, сұлу әйел, білім, жүйрік ат, алғыр тазы, қыран бүркіт, мылтық.)

  8. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)

  9. Ою-өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4, жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық).

  10. Қыздың бұрымы дегеніміз не? (өрілген шаш)

«Тапқырлар» тобына:

  1. Қазақ қыздарының әсем бұйымдарын ата (шолпы, алқа, сырға т.б.)

  2. Табиғи жүнді, түбітті неден алады? (қой, ешкі)

  3. Жұма сайын пісірілуге тиіс мұсылман наны? (шелпек)

  4. Алты тесікті үрлеп ойнайтын аспап? (сазсырнай)

  5. Қазақта қонақтарға тартылатын табақтардың түрлері өте көп. Олардың ең негізгілерін ата ( бас табақ, сый табақ, қос табақ)

  6. Қолдан тоқылған суретті-кілем (гобелен)

  7. Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)

  8. Шашқа тағатын әшекей (шашбау)

  9. Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)

  10. Киіз үйдің жиhаздарын ата (кебеже, абдыра жүкаяқ, алаша т.б.)

«Білгіштер» тобына:

  1. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата (ет, қазы-қарта, ірімшік, айран, сүт т.б.)

  2. Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыз (асық, көкпар, қыз қуу, арқан тартыс, ақсүйек)

  3. Мойынға тағатын әшекей (алқа)

  4. Қымыздың түрлері (уыз, сары, түнемел, қысыр т.б.)

  5. Жігіттің үш жақын жұртын ата? (Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт)

  6. Жеті атаны ата ( Ата, Әке, Бала, Немере, Шөбере, Шөпшек, Немене)

  7. Төрт түліктің пірін ата?
    1) Түйе атасы –Ойсыл қара
    2) Жылқы атасы- Қамбар ата
    3) Сиыр атасы- Зеңгі баба
    4) Қой атасы- Шопан ата

  8. Көшпенді қазақтардың үйі қалай аталған? (киіз үй)

  9. Үш алысты ата. (Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын )

  10. Жеті санына байланысты ұғымдар. (Жеті қазына, жеті ата, жеті күн, жеті жұт, жеті жоқ, жеті жетім)

ІІ- кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр». Сиқырлы шаршылар шығады. Сол шаршының бетінен қалаған бір қаланы тандап ашуға рұқсат етіледі. Қаланың артында жасырылған жарты суреттеріне қарап салт-дәстүрлер мен ұлттық ойындарды атауын тауып сипатау керек.

«Бесікке салу». Шілдехана өткеннен кейін баланың әке-шешесі бесік тойын жасайды. Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен, қадірлі аналардың бірі әкеліп сыйға береді. Баланы бесікке салу рәсімін бесік сыйлаған анаға тапсырады. Бесікке бала халықшыл болсын деп тон, шапан жабады, ат жалын тартып мінсін деп қамшы іледі, көз тимесін деп тұмар тағады, қырандай көреген болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды. Тойға келгендер балаға батасын беріп, шашу шашады.

«Қыз қуу». Қазақ халқының өте көне ойындарының бірі. Ол республикамыздың халықтарының арасында кеңінен тараған ұлттық ат ойыны тобына жатады. Сонау ертеден келе жатқан спорт ойыны, ертеде «Қыз қашар», «Қыз қуалар» деп аталған.

«Тұсау кесу». Сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Ала жіппен тұсауды кесудің негізінде «болашақта бала ешкімнің ала жібін аттамасын » деген тілек бар.

«Көкпар». Ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан. Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 20-30кг-дай келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды.

«Беташар». Жаңа түскен келінді «беташар» дәстүрі жасалмай ешкім көре алмайды. Оны көру үшін әдейі «беташар» жасалады. Оған тойға жиналған туыс-тұғандар тегіс қатынасады. Жас келінің екі жағында екі көргенді келіндері тұрады. Мұнда «Беташар» жыры айтыла отырып, келінге оның атасы, енесі, оның басқа туыстары таныстырылып, келін оларға сәлем жасайды. Сәлем жасаған адамдар «көрімдік» береді. Бет ашатын жігіт ән-жырды желдірте, көңілді көтере жыр төгуі керек.

«Алтыбақан». Тымық кеште, айлы түнде, ауыл сыртында ойналады. Алтыбақан құру үшін 6 бақан немесе 6 сырық, үш арқан керек. Бақандарды үш-үштен бір басын буып, аралығын үш-төрт метр етіп, мосы тәріздендіріп орнатады да жоғары жағы сырықпен жалғастырылады. Бақандардың жоғарғы ашаларына екеуі жоғарырақ, бірі төмен етіліп үш арқан тартылады. Жоғарғы екеуі отыруға немесе бел сүйеуге арналады, төменгі арқанға табан тіреледі. Қыз бен жігіт қарама-қарсы орналасып, бел арқанның екі жақтауынан бекем ұстап, үшінші адамның демеуімен тербетіледі. Тербелушілер қосылып ән бастайды да оған тамашалаушылар қосылып, думандатып әкетеді. Бел, табан арқандарының орнына соңғы кезде жеңіл тақтайлар қолданылып жүр. Алтыбақан ойыны ежелгі көшпелі елдің бәріне кең таралған. 

Ендігі кезекте ««Алтын қақпа»» тапсырмаларын орындаймыз.

ІІІ- кезең «Мақал – сөздің мәйегі» салт-дәстүрге байланысты мақал-мәтелдерді жалғастыру.

  1. Саналы ... ел салтын сақтар.

  2. Салт –сана, дәстүр-дәулет, ... әдет-ғұрып.

  3. ... Ырыс-алды ынтымақ.

  4. Ат болатын тай саяққа үйір,
    Адам болатын бала ... қонаққа үйір.

  5. Алты жыл аш болсаң да, атаңның ... салтын ұмытпа.

  6. Қонақ келсе ... құт келер.

  7. Салт – дәстүрін ел бұзбас, Уәде – сертін ... ер бұзбас.

  8. ... Халық тәлімі-тәрбие бастауы.

  9. ... Ырым етсең, адал ет

Жамандықтан аман ет.

  1. ...Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.


ІV- кезең Ойлан тап». (қоржыннан әртүрлі түсті асықтарды алып, салт-дәстүрлерді сипаттайды).

1.Қызыл түс асық - Мықыныңды таянба (Жақын адамы қайтқан кісі мықынын таянып жылайды).

2.Көк түс асық - Сапарға шыққан адам адам тұз алып шықса ( жолы болмайды).

3.Сары түс асық - Тізесін құшақтамау (Бұл ешкімі жоқ адамдар ғана тізесін құшақтайды).

4.Ақ түс асық - Үйде ысқырмау (Үйдің ырысын кетіресін)

5.Жасыл түс асық -Үлкен адамның жолын кеспе (1.әдепсіздік 2.жолы болмайды)

6. Сұры түс асық - Ақты (сүтті, айранды) төксе малдың желіні кетеді.

7. Қара түс асық- Самауырын шуылдаса (қонақ келеді).

8. Ақшыл қызыл түс асық -Есінегенде ауызды қолмен жабу қажет. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) есінегенде, аузын оң қолының ішкі жағымен не сол қолының сырт жағымен жапқан екен. Өйткені адам есінегенде, шайтан оның аузына балаларын тастап жібереді екен. Міне, бұл да тыйымның бір түрі.

9.Ашық жасыл түс асық - Жуған қолды сілкісе, ырыс-несібе кетеді.
10.Көгілдір түс асық - Таңдайды қағуға болмайды.Үйдің ішін­де таңдай қағу- жаманшылық ша­қы­рудың белгісі.

11. Күрең қызыл түс асық - Егер өздері әкелген сыбаға немесе тамақтан жесе (ол үйдің әйелі қыз табады).

12. сәбіз түстес асық - Қазақ халқында «сәрсенбі - сәтті күн» дейтін ырым да бар. Осы ырымды берік ұстанған адамдар кез келген үлкен істі сәрсенбі күні бастағанды құп көреді.

Сонымен Алтын сандықтың тапсырмаларынада жеттік.

V- кезең «Кім жылдам?» ойыны. Оқушылар салт-дәстүрлердің мағынасын тауып құрайды.

«Алғырлар» тобына:


1.Шашу


Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі.

2.Қалың мал 

Ұзатылған қызға берілетін дүние мүлік.

3. Көрімдік

Қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр.

4. Жасау

Құда түсу рәсімі келісілген соң дала заңы бойынша күйеу жағы төлеуге тиіс. Бұл қазақ болғалы бұлжымаған

ежелгі дәстүр.


«Тапқырлар» тобына:


1.Сыңсу 


Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі- ұсақты сыйлықтар әкеледі.

2.Базарлық 

7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп, оқу жабдықтарын дайындап, шағын той жасайды.

3. Тілашар

Жаңадан көшіп келген, жапсарлас

қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонағасы береді, дәм-тұз татырып, ықылас –пейіл білдіреді.

4.Ерулік

Ұзатылған қыз өз босағасынан аттанар алдында ағайын туғандарын аралайды. Ол өзінің балалық дәуренінің, оң жақта бұлғақтап өскен бақытты күндерінің өткендігін, аяулы ата-анасының, туысқандарымен қоштасады.


«Білгіштер» тобына:


1.Мүше

Бұл құдалық дәстүр рәсімі болғанмен ұлт салт дәстүрінде орны бөлек жай. Екі жақ келісіп құда болған жағдайда оларға «құйрық бауыр» арнаулы сый әкеледі. Әкелуші әйел «бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар» деп тілек білдіреді. Одан барлық құдалар ауыз тиеді.Құйрық бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі құжат болып бекітілген.

2 Құйрық бауыр

Ойын тойда, мерекеде жас жігіттер атпен келіп мүше сұрайды. Жеңгелері оған орамал, сақина айна т.б. мүше береді. Жігіт оны ала қашады. Басқа жігіттер оны қуып алып қалуға тырысады.Қашқан жігіт мүшені өзі ұнатқан қызға апарып береді.

3.Сәлемдеме 

Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады.ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

4.Қырқынан шығару 

Біреу арқылы жіберілетін аманат зат; туыстық жағынан жақын адамдардың бір-біріне жіберетін сыйы.

VI-кезең. «Ой толғаныс».

  • Балалар сендердің ойларыңша, салт-дәстүрлер бүгінгі қоғамға керекпе? Неге?

VІІ- кезең. Ендігі сәтте көмбеде «шаңырақ» бар. Сол шаңырақтың ішінде жұмбақтар жасырылған.

  1. Иесі оның с

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!