Сабақтыңтақырыбы:«Ұлы даланың жеті
қыры: Алтын адам»
Сабақтың
мақсаты.
• Елбасымыздың « Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын оқушы санасына
жеткізе отырып, жан жақты білімін тереңдету. Соның ішінде Алтын
адам туралы білімдерін жетілдіріп, тарихи мұраларымызды дәріптеуге
үйрету
• Сақтардың рухани және материалдық мәдениет ескерткіштеріне сүйене
отырып, оқушыларды мәдениетті сүйіп, құрметтеуге, мәдениеттің адам
өмірінде алатын маңызын түсіне білуге тәрбиелеу. Отанын халқын
сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сыныптан тыс шара
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, география
Көрнекілік: слайд, кітаптар, постер т,б.
Сабақтың барысы:
-
Үйымдастыру
кезеңі.
А)Сәлемдесу, оқушыларды
түгелдеу,
Ә) жаңа сабақтың
тақырыбымен таныстыру
Б) Оқушыларды топқа
бөлу
ІІ. Жаңа сабақтың
жоспары:
1. «Ұлы даланың жеті қыры» Елбасы мақаласы
2. «Алтын адам» 3. Археологиялық
жұмыстар
Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл
оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт
тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес. Шын мәнінде,
немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына
көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы
жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға
қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды. Әрине, ежелгі
Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің тарихи
тамырымен мақтана алады. Бұл – орынды мақтаныш. Сол сияқты, ежелгі
готтар мен бүгінгі немістер де бір халық емес, бірақ олар да
Германияның мол тарихи мұрасының бір бөлшегі. Полиэтникалық бай
мәдениеті бар ежелгі Үндістан мен бүгінгі үнді халқын тарих
толқынында үздіксіз дамып келе жатқан бірегей өркениет ретінде
қарастыруға болады. Бұл – тарихқа деген дұрыс
ұстаным. Сол арқылы түп тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға
терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады.
Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында
қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс.
Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті. Біріншіден, қосқан
үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бірлестіктердің
дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этногенезінің
негізгі элементтерін құрап отыр. Екіншіден, біз айтқалы отырған зор
мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше,
көпшілігі осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен
Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды. Үшіншіден, кейінгі жылдары
табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең
озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін
айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына
тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Тіпті, қазақтың кейбір
ру-тайпаларының атаулары «қазақ» этнонимінен талай ғасыр бұрын
белгілі болған. Осының өзі біздің ұлттық тарихымыздың көкжиегі
бұған дейін айтылып жүрген кезеңнен тым әріде жатқанын айғақтайды.
Еуропацентристік көзқарас сақтар мен ғұндар және басқа да бүгінгі
түркі халықтарының арғы бабалары саналатын этностық топтар біздің
ұлтымыздың тарихи этногенезінің ажырамас бөлшегі болғаны туралы
бұлтартпас фактілерді көруге мүмкіндік берген жоқ. Сонымен бірге
ұзақ уақыттан бері біздің жерімізде өмір сүріп келе жатқан көптеген
этностарға ортақ Қазақстан тарихы туралы сөз болып отырғанын атап
өткеніміз жөн. Бұл – түрлі этностардың көптеген көрнекті тұлғалары
өз үлестерін қосқан бүкіл халқымызға ортақ тарих. Бүгінде төл
тарихымызға оң көзқарас керек. Бірақ қандай да бір тарихи оқиғаны
таңдамалы және конъюнктуралық тұрғыдан ғана сипаттаумен шектелуге
болмайды. Ақ пен қара – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Бұлар
өзара бірлескенде жеке адамдардың да, тұтас халықтардың да өміріне
қайталанбас реңк береді. Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен
қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік
тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады.
Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс
түсініп, қабылдай білуіміз керек. Біз басқа халықтардың рөлін
төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ.
Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық
тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз.
Сонымен, Ұлы даланың жеті қырына
тоқталайық.
1. АТҚА МІНУ МӘДЕНИЕТІ2. ҰЛЫ ДАЛАДАҒЫ ЕЖЕЛГІ
МЕТАЛЛУРГИЯ 3. АҢ
СТИЛІ
4. АЛТЫН
АДАМ
5. ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ БЕСІГІ6. ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ7.
ҚАЗАҚСТАН – АЛМА МЕН ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ
ОТАНЫ
АЛТЫН
АДАМ
Біздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен
қарауға жол ашып, әлемдік ғылым үшін сенсация саналған жаңалық –
1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған, өнертанушы
ғалымдар арасында «қазақстандық Тутанхамон» деген атқа ие болған
«Алтын адам». Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің
бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен
тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған.
Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын
өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартады. Сонымен бірге бұл
жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай
мифологияны паш етті. Дала халқы өз көсемдерін осылайша ұлықтап,
оның мәртебесін күн секілді құдірет деңгейіне көтеріп асқақтатқан.
Қорымдағы сән-салтанатты жасау-жабдықтар ежелгі бабаларымыздың
зияткерлік дәстүрлерінен де мол хабар береді. Жауынгердің жанынан
табылған күміс кеселердің бірінде ойып жазылған таңбалар бар. Бұл –
Орталық Азия аумағынан бұрын-соңды табылған жазу атаулының ішіндегі
ең көнесі
ІІІБіз «Алтын адам» жайында не
білеміз?
Ол үшін экранға назар аударайық! «Алтын адам»
жайында бейнематериал көрсетіледі. Оқушылар өз ойларын ортаға
салып, ауызша
талқылайды.
IV.Интерактивті тақтадан слайдтар
көрсетіледі. Слайд бойынша оқушылар постер
қорғайды.
-
Слайд:«Ұлы даланың жеті
қыры»(1 - топ)2 – слайд: Есік қорғаны (2 -
топ)
3 - слайд: Алтын адамды сипаттау (3
–топ)
4 - слайд: Кемел Ақышев туралы айту
(4-топ)
5 слайд: Алтын адамның киіміндегі әшекей
бұйымдарды суреттеу
Ү.Қорытындылау. Сабақты
қорытындылау мақсатында төмендегідей сұрақтар
қойылады.
1. «Ұлы даланың жеті қыры»
елбасы мақаласының мәні неде?
2. «Алтын киімді» адам кай
жерден табылды?
3. «Алтын киімді» адамды тапқан белгілі ғалым-археолог кім?
4. Сақ жауынгері мүрдесі басы кай жакка каратылып жерленген?
5. Қабірдің қай бөлігінен ыдыстар, зергерлік бүйымдар табылды?
6. «Алтын киімді адам» қанша алтын әшекейлермен жабдықталған?
7. Қабірден табылған қолөнер заттары қандай стильде
бейнеленген?
8. Сақтардың беліне бекітіп жүретін қанжары калай
аталады?