Материалдар / «Ұлудың пайдасы мен терапиясы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ұлудың пайдасы мен терапиясы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушы зерттеу жұмысы барысында көп ізденді. Ұлудың бойындағы қасиеттері, ұлулардың тамақтануы, оларды күтіп баптау жолдары туралы айтылған мәліметтерді жинады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2020
2149
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ТҮПҚАРАҒАН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ

Е. ӨМІРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ






Авторы: Лиас Арина Мирхатқызы

3 - сынып оқушысы

Жоба атауы: Ұлудың пайдасы мен терапиясы


Секция: Медицина


Жетекшісі: Смайлова Дамира Темірәліқызы

Дене шынықтыру пәні мұғалімі








2019 жыл

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы Есбол Өмірбаев атындағы мектептің 3 - сынып оқушысы Лиас Аринаның

«Ұлудың пайдасы мен терапиясы» тақырыбындағы іздену жұмысына


Пікір

Лиас Аринаның «Ұлудың пайдасы мен терапиясы» тақырыбында жүргізілген зерттеу жұмысының маңызы ерекше .

Оқушы зерттеу жұмысы барысында көп ізденді. Ұлудың бойындағы қасиеттері, ұлулардың тамақтануы, оларды күтіп баптау жолдары туралы айтылған мәліметтерді жинады.

Сонымен қатар ұлудың бет күтімі мен ішкі ағзасының қалыпты жұмыс жасау үшін пайдаланатыны дәлелденген. Арина өзінің шығармашылық жұмыстарына ұлудың пайдасы мен терапиясын анықтады.

Арина өзінің ізденіс, шығармашылық жұмыстарын қолдана отырып, ұлудың пайдасын анықтауда талдау әдістерін көптеген ғылыми – әдебиеттермен жұмыс істеудің әдіс – тәсілдерін үйренді.

Сондықтан да жұмысты әрі қарай жүргізу үлкен жетістіктерге әкелетіні сөзсіз.



Жұмыс жетекшісі: Д.Т.Смайлова


















Аңдатпа

Осы жобамда ұлу жорғалаушылар тобына жататын жәндік екендігі және оның түрлері, өмірде адам денсаулығы үшін ұлудың тигізер пайдасы мен оның көмегімен жүргізілетін терапия емі туралы келешек жас ұрпаққа насихаттамақпын.


Аннотация

В этом проекте я буду пропагандировать подрастающему поколению о том, что насекомое, относящееся к группе паломников, и его типах, о пользе улусов для здоровья человека в жизни и терапии с его помощью.



Annotation

In this project, I will promote to the younger generation that the insect belonging to the group of pilgrims, and its types, the benefits of ulus for human health in life and therapy with it.















1.Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты: Ұлудың классификасиясын жіктей отырып, оның пайдасы мен түрлері және денсаулыққа тигізер оң әсері туралы келешек ұрпаққа насихаттау, үлгі ету.

Міндеттері:

  • Ұлу туралы түсінік беру;

  • Оның көмегімен жүргізілетін терапияның маңыздылығы мен құндылығын таныту.

  • Түрлері туралы мәлімет беру.

Болжам: Ұлудың пайдалы тұстары турасында і қарастырылды.

Зерттеу кезеңдері:

1-кезең – Зерттеу тақырыбын табу, әдебиеттермен танысу және материалдар жинақтау;

2-кезең- Талдамаларды жобалау;

3-кезең- Жинақталған материалды сұрыптап, негізгі мақсатты ашуға жұмыстану;

4-кезең- Талдау жасап, жұмысты жүйелеу, рәсімдеу, қорытындылау, жазу.

Зерттеу әдісі: Зерттеуде іздену, жинақтау, саралау, әдеби-ғылыми талдау.

5.Зерттеу нәтижесі: Ұлу туралы жинақталған тарихи және ғылыми сипаттағы деректерді енгізе отырып, оқушыларға насихат жүргізіледі.

6. Күтілетін нәтиже:

–   Ұлудың құрылысы мен оның пайдасы аясында түсінеді;

–  Осы бағытта өз тарапынан не істеу керек екеніне мақсат қояды;

–  Денсаулыққа пайдасы туралы нақты білімі қалыптасады.


Қорытынды: Ұлу өте пайдалы жәндік. Оның әрбір жасаған қозғалысы мен жүргізген зерттеу жұмыстары оқушы үшін өте маңызды. Себебі өзі кішкене болса да, адамның денсаулығы үшін орасан зор көмегі бар бұл жәндіктің қасиеттері туралы келешек жас ұрпаққа насихаттамақпын.




Мазмұны

I. Кіріспе

1. Ұлудың классификациясы..............................................................3-5 бет

II. Негізгі бөлім

2. 1 Ұлудың түрлері...........................................................................6-8 бет

2. 2.Ұлудың пайдасы туралы қызықты мәліметтер........................ 9 бет

2. 3 Ұлу терапиясы............................................................................10 бет

III. Қорытынды........................................................................................11 бет

IV. Ұсыныстар.........................................................................................12 бет

V. Пайдаланылған әдебиеттер тізбесі.................................................13 бет


























І. Кіріспе бөлім







Ұлулар (Gastropoda) — жұмсақ тәнді жәндіктердің — моллюскалардың бір класы.

Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі айырмашылығы - денесі бунақтарға бөлінбейді. Сондықтан ішкі мүшелердің денеде орналасуы қайталанбай, атқаратын қызметі бірдей, біртұтас күйде болады. Айқын жіктелмесе де, олардың бас бөлігін ажыратуға мүмкіндік бар. Ұлулардың ішкі мүшелері бастан кейінгі тұлға қапшығында орналасады. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат - шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады.

Зәр шығару жүйесі мен жыныс тесіктері және артқы ішектің аузы шапанша қуысына ашылады.









3

Аяқ - ұлулардың негізгі қозғалу мүшесі. Ұлулар денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялы көпжасушалы омыртқасыз жәндіктер. Олардың денесі бастан, тұлғадан, аяқтан, бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан тұрады. Ұлулар типіне бұрын «былқылдақ денелілер» деген атау пайдаланылған. Ұлулар типінде 130 мыңнан астам түрі бар деп есептеледі.








Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі ерекшелігі – денесі бунақтарға бөлінбейді. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат – шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады.

Асқорыту жүйесі едәуір күрделі. Дененің алдыңғы бөлігіндегі ауыз тісшелері - үккі тілге және жұтқыншаққа жалғасады. «Бауыр» деп аталатын асқорыту безінің аузы қарынға ашылады. Көпжасушалы жәндіктерден бұрын кездеспеген асқорытуға қатысатын без бауырды ұлулардан бірінші рет байқаймыз.
Тағы бір ерекшелік – ұлуларда қантарату жүйесі ашық. Көптеген ұлулардың қаны түссіз. Қанның түсі көгілдір (басаяқтылар) ұлулар да бар. Жүректе бір немесе екі құлақша, бір қарынша болады.
Құрлықта тіршілік ететін ұлулар өкпемен тыныс алады. Суда тіршілік ететіндерінің тыныс алуы шапанша астында орналасқан желбезектер арқылы жүзеге асады.
Тұщы суда мекендейтін ұлулардың екі көзі - қармалауыштардың түбін ала (тоспа ұлу), ал құрлықта мекендейтіндерінікі

4

(жүзім ұлуы, жалаңаш шырыш) қармалауыштардың ұшында орналасады.

Ұлулардың зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады. Қан құрамындағы улы заттар бүйректен өтіп, сүзінді сыртқа бөлініп шығады. . Табиғатта қосжынысты да, дара жынысты да ұлулар тіршілік етеді. Қосжынысты ұлулар өзін-өзі ұрықтандыра алмайды. Сондықтан ұрықтандыруға өзге дарағы қатысады. Жұмыртқадан тікелей жәндіктер дамиды. Қосжақтаулы ұлулар және басаяқтылар - дара жынысты жәндіктер. Бұлардың даму жолдары түрліше өтеді.
























5

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Ұлудың түрлері

Бұлар - теңізде және құрлықта тіршілік ететін жәндіктер. Оларды көлдерден, тоғандардан, суқоймалардан да кездестіруге болады. Туйіртек, жұмырлақ көлдерде және тоғандарда өмір сүреді. Шалшық ұлуы, тоспаұлу және қошқармүйіздер баяу ағатын суқоймаларда кездеседі. Жузім ұлуын - жүзімдіктен, ал жалаңаш шырышты бау-бақшалар мен өзге заттар астынан кездестіре аламыз. Бұлардың көпшілігінің денесін бақалшақ қаптайды. Бақалшақтарының пішіні әр түрлі болады. Кейбіреулерінде, мысалы, жалаңаш шырыш денесінде бақалшақ қалдығы ғана сақталған. Денесі жұмсақ. Бақалшақты ұлулардың денесін жобалан бас, тұлға және аяққа жіктеуге болады. Аяғы дененің астыңғы бөлігі - бауырын толық қамтитындықтан, бұлар бауыраяқты ұлулар класына жатқызылады. Бауыраяқтылардың 80 мыңға жуық түрлері белгілі. Бау-бақшаға, жүзімдіктерге, баққа жалаңаш шырыш, жүзім ұлуы айтарлықтай зиян келтіреді.
Тоспаұлулар - паразиттік жолмен өмір сүретін таспақұрттардың аралық несі. Ұлудың жер астынан алынған қалдықтары (Маңғыстау ұлутасы) құрылыста пайдаланылады.

Қосжақтаулы ұлулар класы

Бұлар - Жер шарына кең таралған көпжасушалы жәндіктер. Олар мұхитта, теңізде, тұщы су қоймаларында, өзендерде тіршілік етеді. Құрлықта кездеспейді. Жануартекті жеммен қоректенеді, паразиттік жолмен өмір сүретіндері де бар. Қосжақтаулы ұлулар класының өкілі айқұлақ. Олардың бақалшағы ашып-жабылатын екі жақтаудан тұрады. Сондықтан бұл жәндіктер қосжақтаулы ұлулар деп аталған. Бұлардың бас бөлігі жойылып кеткен. Денесі тек тұлға және аяқтан ғана құралады. Мысалы, айқұлақтың аузы аяғының қасында орналасқан. Айқұлақта бас болмағандықтан, оның тілі

6

де, жұтқыншағы да жоқ. Сондықтан қорек тікелей өңешке түседі. Одан қарынға өтіп, ішекке барады. Қосжақтаулы ұлулар - дара жынысты жәндіктер. Олардың ғаламшарымызда 20 мыңға жуық түрлері мекендейді. Бұлар суды денесі арқылы өткізіп, оны бактериялардан, планктон және қалқып жүрген өлі қосындылардан сүзіп тазартады.
«Планктон» - грек сөзі, «кезбе» деген мағына береді. Ол - теңіздің қалың қабатында кезіп жүріп тіршілік ететін ұсақ тірі ағзалар жиынтығы. Теңізде тіршілік ететін кейбір қосжақтаулы ұлулар (мидия, устрица, гребешок) тағам ретінде пайдаланылады. Теңіз қосжақтаулыларының бақалшағынан түйме жасалады. Көптеген ұлулардың бақалшағынан ұн тартылып, ірі қараға жем ретінде беріледі.Мидия-калифорниялық мидиялар-"бисал тізбегі" деп аталатын талшықтары арқылы жартастарға жабысып тірішілік етеді.Гамбут хитондары-"қақпақша" аталатын сегіз тілемшеден тұратын ұлулар. Мүйізді ұлудың артқа қарай бағытталған мүйіз тәріздес өсінділері бар қарақошқыл қабыршағы болады. Қосжақтаулы ұлулардың ағаштан жасалған құрылыстар мен кеме түбін тесетін түрлері бар. Олар өте қауіпті зиянкестер болып табылады. Денесінің алдыңғы бөлігіндегі қосжақтаулы кішкене бақалшағымен сүректі бұрғылан теседі. Сөйтіп өзіне жол салады да, ағашты пайдалануға жарамсыз етеді.

Каракатица
Басаяқты ұлулар класы

Олар - ең жоғары құрылымды жәндіктер. Бұларда бақалшақ жойылып кеткен. Суы тұзды және оңтүстіктегі теңіздерде, мұхиттарда ғана өмір сүрелі. Басаяқты ұлулар - өте ірі жәндіктер. Мысалы, тереңсу кальмарының ұзындығы - 18 м, мұның 10 метрі қармалауыш. Қармалауыштың жуандығы 20 м. Басаяқтылардың денесі бастан және түлғадан құралады. Ауыз төңірегінде өте күшті 8 - 10 қармалауыштар болады. Қармалауыштардың ішкі жағында бірнеше қатар сақиналанған сорғыштар бар. Сегізаяқтар қармалауыштардың жәрдемімен су түбінде жүріп, қорегін ауданды. Сөйтіп

7

бұлардың басындағы қармалауыштар аяқ қызметін де атқарады. Каракатина және кальмар өте баяу жүру үшін қармалауышы мен басын алдыға қаратыл жүзеді. Өте шапшаң қозғалу қажет болған жағдайда денесінің артқы бөлігімен реактивті қозғалады. Аяғы (қармалауыштары) басында болғандықтан, бұл жәндіктер басаяқты ұлулар класына жатқызылады. Басаяқтылардың қазіргі кезде 800-ге жуық түрлері бар.
Басаяқты ұлулардың бір өкілі - кальмар. Шеміршекті бас сүйегінде ми орналасады. Бұл - оның басы. Бастың екі жағында үлкен көздері бар. Оның құрылымы адам көзінің құрылысына ұқсас. Бір қызығы: көздің біреуі бір затты, екіншісі екінші затты жеке-жеке көре алады. Кальмарлар су тереңінде сағатына 50 шақырымдық жылдамдықпен жүзіп, қорегін аулайды.
Каракатица да - басаяқты ұлу. Ол су түбін ала тіршілік етеді. Құмда жасырынып жатқан асшаянды аулайды. Жемін аулау үшін құмға бас бөлігіндегі ойыстан су атқылатады. Құм жан-жаққа ұшып, асшаян көрініп қалады. Енді оны ұстап жеу каракатинаға қиындық келтірмейді.
Қарсы алыңыздар, алдарыңызда  - Costasiella kuroshimae.  Бұл сүйкімді теңіз шырышты ұлуы. Көздері моншақтай, ал құлақтары болса рецептор, балдырлармен қоректенеді. Бір қарағанда мультфильмдегі сүйкімді қойға ұқсайды. Бұл ұлу әлемдегі фотосинтезді жүзеге асыра алатын жалғыз тірі мақлұқ. Шырышты ұлу 5 мм-ге дейін өседі. Жапония, Индонезия және Филиппин суларында мекен етеді.  Балдырлармен қоректенген кезінде шырышты ұлу хлоропластарды сорып, оны өзінің ішкі органдарына енгізеді. Бұл процестің арқасында шырышты ұлулар  күн батареялары сияқты.  





8

2. 2 Ұлу туралы қызықты мәліметтер

Ұлулардың жүйке жүйесі 20 000 нейроннан тұрады. Салыстырмалы түрде алсақ, адам миында бірнеше жүз миллиард нейрон бар. 

Ұлулардың мүйішелері - сыртқа қарай аударылынған мұрын. Адам мұрынындағы иіс сезу рецепторларының бәрі ұлуларда мүйізшеде орналасқан.

Ұлулар көре алмайды деп болжанады. Олар тек жарық пен қараңғыны ажырата алады.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!