Материалдар / Үш айлық жоба Аралар

Үш айлық жоба Аралар

Материал туралы қысқаша түсінік
Үш айлық жоба Аралар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Шілде 2024
45
0 рет жүктелген
225 ₸ 250 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

п





Shape1





Shape2











Екінші санатты

тәрбиеші:

Мыңжанова ГүлнұрКөкенқызы

Жобаның жоспары

«Балдырған» кіші тобы.

Айы

Іс-шараның атауы

Мақсаты

Өткізетін уақыты

Қыркүйек

«Ара» (сөйлеуді дамыту)







«Аралар» (сурет салу)












«Гүлдегі аралар» (жапсыру)





Серуен «Араларды бақылау»


Балаларды шығармашылық әңгіме құрастыруға үйрету; ара белгілері жайлы әңгімелесу.




Аралардын  табиғат әсемдігін көре білуге баулу.  Бояу түстері арқылы салынған суреттер бойынша балалардың ой - өрісін, қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін өрістету, сурет салуға икемділік дағдыларын қалыптастыру.









Аралар туралы білімдерін арттыру; аппликация дағдыларын қалыптастыру; кеңістікті бағдарлай білуге тәрбиелеу.


02.09.2023ж.

Қазан

Дидактикалық ойындар:

«Аралар».





«Аюлар мен аралар » қимылды ойыны














Араларға байланысты «Жұмбақтар жасыру».



«Гүлдегі аралар» (мүсіндеу)



Гүлді бақылау.


Мақсаты:Аяқ-қол бұлшық еттерін дамыту,
қимыл шапашаңдыққа үйрету.

«Аюлар мен аралар » қимылды ойыны



Ептілікке, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа үйрету. Зейінін дамытып,
шапшаңдыққа баулу.


Қараша

«Аралардың емдік қасиеті» (көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту)


Ата-аналармен көрме жұмысы: «Сұлу аралар»





«Сары алтындай аралар!» АҰІӘ.

















«Әсем аралар» (қоршаған ортамен таныстыру).




Балабақшадағы ара жәндігін зерттеу.














Балаларға аралардың емдік қасиеті түсініктерін жетілдіру.



Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.





Ара туралы мағлұмат беру. Ара өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету.












Үлкендердің еңбегін құрметтеу, олардың  еңбегінің нәтижесіне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.



Мақсаты: Балаларға экологиялық тәрбие бере отырып, айналамен таныстыру. Ара жәндігі туралы білімдерін кеңейту. Ара жәндігінің тіршілігі, адамға пайдасы мен зияны жайлы түсінік беру. Ата-аналар ақпарат құралдарын пайдалана отырып, балалармен бірге ара жәндігін зерттеп, мәліметтер жинақтап ортаға салу.

Міндеттері:
- Ара өсімдігінің суреттерін жинақтап альбомдар жасау.
- Балаларға ара жайлы мәліметтер жинақтау.
- Ара тақырыбына әр түрлі заттардан көрме ұйымдастыру.
- Бал түрлерін жинақтау.
- Жұмыс барысында ата-аналардың қызығушылығын орнату




Күтілетін нәтиже:

  1. Балалардың араға деген қызығушылығы артты;

  2. Балалар арасында қарым-қатынас қабілеті жақсы дамыды.

  3. Танымдық қабілеті артты.

  4. Ата-аналар балабақшадағы балалардың біліміне, оқу-тәрбие жұмысына деген қызығушылығы артып, белсенділік танытты.



  • Тәрбиешілер өз іс-әрекеттерінде жобалау

технологиясын қолданады.















Кіші «» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

Өткізу күні:

Тәрбиеші:

Қоршаған орта

Тақырыбы: «Сары алтындай аралар!»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Балаларды еңбекке деген қызығушылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық:Қолдарының ұсақ моторикасын ,кимылды икемділіктерін,құмарлықты, муызыкалық естуді дамыту.

Оқыту: Балаларды ара жәндігімен таныстыру, араларға қалай еңбектенетінін қысқа қалай дайындалатынын туралы түсініктемелерін беру (қорларды жасайды, шарбатты жинайды)

Педагогикалық технологиялар: Дамыту технологиясы,ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер, үн таспа, түрлі түсті қатты қағаз, үлестірмелі пішіндер, дәнді дақылдар, сакура талы, пластмасса бөтелке және сүлгі

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балаларды көктем жыры әуенімен елең еткізеді.

Балаларға қонаққа Гүл патшайымы келеді.

Балалар гүл патшайы-

мының келгеніне жене

құстардың , жаңбырдың дауысын естіп таңдана қуанады.

2.Негізгі кезең:

Балаларды гүлдер, дала гүлдері мен таныстырады.

-Балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер сол жұмбақтың жауабын тауып көріңдерші!

Ақ қар еріп, су көбейіп,

Сай салаға толады.

Ағаш басы бүршік ашып,

Гүл бәйшешекке толады.

Бөбектерім айтындаршы,

Бұ қай мезгіл болады? -Дұрыс балалар, қазір көктем мезгілі.

-Орыс тілінде көктемді весна деп айтамыз. Ағылшын тілінде spring деп айтады. Қане қайталап айтайықшы.

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Қазір көктемнің қай айы?

-Көктемде табиғат өзгерістері қандай болады?

- Дұрыс, балалар, көк-

темнің ерекшеліктерін жақсы біледі екенсіңдер.

- Ал, енді көктем гүлдерін тамашалайық, қане мына гүлдердің аттарын атайықшы.

-Гүлдер қайда өседі?

-Дұрыс айтасыңдар балалар, гүлдер орманда, далада, бөлмеде өседі екен.

-Гүлдер әдемі болып өсу үшін не қажет?

Гүл ханшайымы келеді.

Гүл ханшайымы:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Мен «Гүл ханшайымы-

мын». Мен гүлден жаралғанмын.

-Балалар сендер менің келгеніме қуанып тұрсыңдар ма? Сендерді таныстыруға өзіммен 
бірге сакура ағашының бұтағын ала келдім. 
Сакура – ағашы –Орта Азия елінің символы болып саналады.  Сакура мамыр қарса-ңында гүлдеп шыға келеді.

Тәрбиеші:-Балалар, біз қай елдің дәстүрлерімен танысып жүрміз.

- Корей тілінде қалай амандасамыз?

Гүл ханшайымы:

-Гүлдер туралы тақпақ білесіңдер ме?

Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер.

Өсе берші нұрланып,

Өсе берші ырғалып.

Зарина

Үлбіреген бақ-бақ,

Үлпілдеген аппақ.

«Уф», - десем бақ-бақ,

Ұшасың ғой қаптап.

Сөйге тәйөң гва иолини,

Сөйге джайоң, сөйге бум.

Сөйге тигу! Сөйге будин сәрам!

Муки косиано, кони да,Ле тит, кувно, по де бу, Айи тезет тека Буси, Айи мои горо дзелива.

Д\ойын: «Ара мен гүлдер»

Сергіту сәті:

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап демалам.

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам.

Жұмбақ

Өзі сондай нәзік, су құйсаң кетеді алақанын жазып.

3.Қорытынды:

Біз не білдік?

Балаларға сенің гүлің сондай әдемі деп мақтау айтады. Қонақтарға Сакура талын гүлдендіруге өтініщ жасайды.

Балалар Сакура талының гүлденгеніне қуанып қалады. Гүл патшайымымен қоштасады.

.

Жобалау әдісі бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім беру салалары: Қатынас, Таным,Шығармашылық.

Тараулары: Тіл дамыту, Айналаны қрошаған орта, Жапсыру.

Тақырыбы: Балабақшадағы ара жәндігін зерттеу.

Мақсаты: Балаларға экологиялық тәрбие бере отырып, айналамен таныстыру. Ара жәндігі туралы білімдерін кеңейту. Ара жәндігінің тіршілігі, адамға пайдасы мен зияны жайлы түсінік беру. Ата-аналар ақпарат құралдарын пайдалана отырып, балалармен бірге ара жәндігін зерттеп, мәліметтер жинақтап ортаға салу.

Міндеттері:
- Ара өсімдігінің суреттерін жинақтап альбомдар жасау.
- Балаларға ара жайлы мәліметтер жинақтау.
- Ара тақырыбына әр түрлі заттардан көрме ұйымдастыру.
- Бал түрлерін жинақтау.
- Жұмыс барысында ата-аналардың қызығушылығын орнату.

Әдіс-тәсілдер: Ара жәндігін іздену.

Керек құралдар: Суретті слайд, ара жайында альбом және бейне таспа, көрме ұйымдастыру.

Сөздік жұмыс: Жарғаққанатты.

Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші:
Айдай арайланып,
Күндей күлімдеп.
Жұлдыздай жарқырап,
Қонақтармен амандасып алайық.

Балалар: Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой,
Ал қанекей бәріміз.
Сәлемдейік үлкенге,
Сәлеметсіздер ме қонақ апайлар!

I-ші дайындық кезеңі: Топ балаларын және ата-аналарды 4 топқа бөліп үй тапсырмасы алдын-ала берілді және өздеріне берілген тақырыпты ашық сабақ барысында қорғайды.

Әр топқа берілген тапсырмалар:
I-топ:
Ара жайлы не білесіз және ол туралы мәліметтер.
II-топ: Бал ара отбасының тіршілігі.
III-топ: Араның адамға пайдасы мен зияны.
IV-топ: Балдың түрлері мен емдік қасиеттері.

II-ші кезең: Жобаның жүзеге асуы. Үй тапсырмаларын қорғау.

I-топ: Ара жайлы не білесіз және ол туралы мәліметтер.
Азамат Ара, үй арасы бал арасы жарғақ қанаттылар отрядының өкілі. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Ара топталып, үлкен ұя болып тіршілік етеді.
Әмина Бір ұяда бір ұрғашы Ара аналық ара, бірнеше жүз еркек Ара және ондаған мың жұмысшы ара болады.
Айдар Аналық ара ұяда ұрпақ өсіреді. Ол аралардың ішінде ең ірісі, жыл маусымына қарай денесінің ұзындығы 20-25 мм, ал салмағы 150-300мм-ге дейін жетеді.
Айдын Тәулігіне 2-3 мың, маусымына 200 мың ұрықтандырылған жұмыртқаға дейін салады.
Айдидар Бал аралардың түк басқан ірі басының екі жағында екі күрделі көзі, олардың аралығында үш жай көзшелері болады.

Айдидардың анасы ара жайлы толықтырып береді.

Тәрбиеші: Ара жайлы өлең шумақтарымызды, жаңылтпаштарымызды айтып берейік.

  1. Ара, ара, аралар

Гүл қауызын жағалар

Оны баққан ағалар

Шелек Шелек бал алар

  1. Баратыным – қыр

Қонатыным – гүл

Теретінім – нәр

Беретінім – бал.

Жаңылтпаштар:

1. Ара барда бал бар,
Қайда кетер бар бал?

2. Ара, ара, аралар
Ара алысқа бара алар.

3. Бала арадан алар,
Балды жалар балалар.

II-топ: Бал ара отбасының тіршілігі жайлы айтып түсіндіреді.
Әйгерім Аналық, еркек, жұмысшы аралар. Үлкен жанұя болып, аралар тіршілік етеді. Бір жанұя ішінде мыңдаған жұмысшы аралар мен бір аналық арадан бар.
Асылан Еркек аралар көктемнің соңында және жаздың басында пайда болады да, аз уақыт тіршілік етіп, күздің аяғында өліп қалады.
Дінмұхаммед Омарта тұрғындары бір жанұя болып тіршілік етеді де омартада қалыптасқан белгілі заңдар мен ережелерге бағынады.
Дария Мұнда тұратын әрбір ара өзінің жұмыс орны мен міндеттерін жақсы біледі және орындайды.
Талшын Ара отбасының басым бөлігін жұмысшы аралар құрайды. Олар шіре мен тозаң жинайды, ұяшықтар тұрғызады, дірнәсілдерді қоректендіреді, ұяшықты тазалайды және қорғайды.
Талшынның анасы толықтырып айтып береді.

Сергіту сәті: «Аралардың биі»

III-топ: Араның адамға пайдасы мен зияны жайлы айтып береді.
Ернар Араның тіршілігі гүлдермен тығыз байланысты болады, олардың негізгі қорегі –гүлдерден тәтті шырындар мен тозаңды жинайды.

Нұрсұлу Аралардың өсімдікке тигізер пайдасы орасан зор. Олар ұшып-қонып жүргенде гүлдерді айқас тозаңдандырады да, өсімдіктің өнімділігін арттырады.
Тұлыхан Араның беретін негізгі өнімі- бал әрі дәмді, емшілік қасиеттері мол.

Мадина Жұмысшы бал араларда құрсағының ұшында шаншары болады. Оны жануарлардың немесе адамның денесіне шанышқанда у құйып, қатты ауыртады.
Данияр Ұсақ жәндіктер араның уына өліп кетеді.
Алихан Ерегде ара бізді шағатын болса, ісіп кеткен жерді сабындап жуу керек, суық мұз басу керек.
Нұрсұлудың анасы толықтырып береді.

Үнтаспадан аралар жайлы видео көру.

IV-топ: Балдың түрлері мен емдік қасиеттері.

Нұрсұлатан Түйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық-янтарь болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.
Альмира Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы иол және ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.
Иса Шайқурай (киппей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады.
Әлімжан Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр алтын түсті болады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке,жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.
Абылай Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сортқа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.
Абылайдың мамасы толықтырып айтып береді.

Тәрбиеші: Ара жайлы көп мәліметтер жинадық, сол мәліметтерді ата- аналарымызбен бірігіп ортаға салдық. Енді ата-аналарымызбен бірге осы араны жасап көрейік. Араның бөлшектерін өзіміз дайындап қойған болған едік, енді құрастырып, жапсырайық. (жапсыру әдісін көрсетемін).
-Ал енді жұмысты бастамас бұрын қолымызды жаттықтырайық.

Әке ара келеді
Ана ара келеді
Бәрі бірге келеді
Күнмен бірге тұрады
Көйлектері сап-сары
Қара жолақ болады
Жүгіреді ғыр-ғыр-ғыр
Ұшып кетті ыз-ыз-ыз.

Қорытынды:

  1. -Аралар нешеге бөлінеді?
    -Аралар 3ке бөлінеді. Аналық, еркек, жұмысшы аралар.

  2. -Бал арасы қай жерлерде кездеседі?
    -Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі.

  3. Аралар қалай тіршілік етеді?

-Аралар топталып, үлкен ұя болып тіршілік етеді.

  1. Араның тіршілігі немен байланысты?

-Араның тіршілігі гүлдермен тығыз байланысты.

5. Аралардың өсімдікке тигізетін пайдасы қандай?

-Олар ұшып-қонып, жүргенде гүлдердің өнімділігін арттырады.

6. Ара бізге не береді?

-Ара бізге бал береді.

7. Балдың қандай түрлері бар?

  • Түйе бұршақ;

  • Жөке;

  • Шайқурай;

  • Шабындық;

  • Таңқурай.















АҰІӘ

Сабақтың өтілетін күні:

Тәрбиеші :

Тақырыбы

Мақсаты:

1. Балалардың жәндіктер жайында ойларын кеңейту,модельдермен танымдық тәжірибесін дамыту.

2.Жәндіктердің тіршілік ететін ортасын анықтау,олардың сыртқы келбетінің ерекшеліктері, саяхат жасайтын мекен ететін жерлері жайында айтып түсіндіру.

3. Түс атауларын білімдерінде жалғастыру, бекіту .

Қолданылатын құрал-жабдықтар: көрнекіліктер суреттер шегіртке, қаңқыз,көбелек,құмырысқа,инелік,ара.

Билингвальді компанент: Шегіртке-кузнечик ,инелік- стрекоза,

құмырысқа -муравей,

қаңқыз -божья коровка,көбелек -бабочка,ара -пчела.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Айдай арайланып,

Күндей күлімдеп.

Жұлдыздай жарқырап,

Қонақтармен амандасып алайық-балалар!

  • Сәлеметсіздерме қонақ апайлар!

Шаттық шеңбері.

Дала гүлге оранады,

Түрлі – түске боялады.

Нұрлы көктем келген кезде,

Табиғатта оянады.

Есікті қағып. Винни креді.

Амандасады.

Балалар сендер мені таныдыңдар ма?

Мен сендерге қонаққа келдім маған сендердің көмектерің керек.

Менің досым Пятачок маған жұмбақ жасырды, ал мен болсам оның шешуін таба алмай жүрмін.

Балалар маған көмектесіңдерші өтінемін.



Тәрбиеші :

- Көмектесеміз бе, балалар?

Жұмбақ:

Аралайды қырлайды

Шаң тозаңды жинайды

Әдемі гүл өсірсең

Саған балын жинайды

  • Ол не болды екен?



Балалар мұқият тыңдайды





Амандасады









Шаттық шеңберін орындайды



Хош келдің Винни! Амандасады.

























Балалар шешуін тауып айтады

(Ара )

Ұйымдастыру- шылық-ізденістік

Винни- Пух:

Балалар ,мен бір рет аралармен кездескен болатынмын

Олар суда жүзеді,құйрықтары ұзын,және олардың мяулай алатын қабілеттері бар.

Тәрбиеші:

Балалар Винни араны танымайтын көрінеді,араның қандай болатынын білсін.

Олай болса суреттерге көңіл аударайық

Суреттермен жұмыс

Шегіртке ,инелік,құмырысқа,

қаңқыз,көбелек,ара.

  • Бір сөзбен бұл жануарларды қалай атауға болады?

Билингвальды компонент

Шегіртке-кузнечик ,инелік- стрекоза,құмырысқа -муравей,

Қаңқыз -божья коровка,көбелек -бабочка,ара -пчела.

Тәрбиеші:

-Балалар қараңдаршы,,Винни сенде қарап мұқият тыңдап ал .

-Мен сендерге ара жайлы айтайын

Мынау ара,араның илеуі бар,

ара – жәндік,денесі,басы,көзі,мұрты және қанаты,аяқтары бар.Ара ұшып жүреді,жорғалайды.

-Балалар араның түсі қандай?



Араның қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар?

Зиянды немесе пайдалы жәндік пе?

Винни сен барлығын есіңе сақтадың ба?

Винни: – Енді білдім ол ұша,жорғалай біледі екен-Рахмет!

Дидактикалық ойын

«Кім қайда тұрады»

Алдын ала кілемде жәндіктер бейнеленген суреттер мен кестелер

Құмырысқаның илеуі,омарта,гүл шабындығы.



Жарайсыңдар , балалар!





Сергіту сәті

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп- өніп толамыз.

Көкке қарап талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Көбелектей са

Бір отырып,бір тұрып,

Біз тынығып аламыз.

Винни :

-Балалар мен сендерден көмек сұрай келе жатқанымда, бір жерде тағы қорапша көрген болатынмын.

-Қай жерде көргенімді ұмытып қалдым?

- Бірге іздейікші, балалар!

Шалғында қорапша тауып алады

Винни :

- Мында не бар екен?

Балалар қараңдар , аралар бізге не жасырып қойған.

Аралар балды қайдан алады деп ойлайсыңдар?

Тәрбиеші: - Балалар аралар шалғындықта әдемі гүлдерге қонып шырын сорады ол сорылған шырынды илеуіне омартаға ұшып келіп салады

Аралар өз илеуінде омарта кішкентай қорапшалар жасайды

Уақыт өте омарта балға айналады.

(Омартаны көрсетемін балаларға)



Әр балаға ыдыспен бал беріледі.

Эксперимент жасалады :



Балдың түсі қандай?



Балалар балдың исі барма?



- Қане балдың дәмі қандай екен көрейік

-Қолымызбен ұстап көретін болсақ қандай?

- Балалар, бал өте пайдалы.

-Кім біледі несімен пайдалы?







Балалардың жауабы






















Жәндіктер

















Жұмсақ ойыншық арқылы ұстап көріседі.

Жұмсақ ,жәндік,

денесі,басы,

көзі,мұрты және қанаты,аяқтары бар.



Ара ұшып жүреді,жорғалайды.

денесінде түсі қара,сары

жолағы бар







Балалар

топтағы табиғат бұрышынан ізеп

Балалар әр жәндіктерді тиісті орындарына орналастыру керек. Құмырысқаны илеуіне,араны омартаға, көбелек пен шегірткені гүл шабындығына.



Балалар тәрбиешімен бірге жаттығуды орындайды




Балалар қорапшаны іздейді.










Бал

Өз ойларын айтады.









Омартаны көрсету



Балалар көріп таңданады.









Сары, ашық – қоңыр түсті

Кәмпиттің, орманны,гүлдің.

Тәтті



Жабысқақ



Балдың жауаптары. Дәрі- дәрмектерге қосады,жасалады,

Суық тиіп ауырғанда пайдалы,жараны емдейді, денеге массаж жасайды , шаймен жеуге болады т.б

Рефлексиялық-түзетушілік

Мен ойлаймын араларға рахмет айтуымыз керек

Өйткені олар бізге көп пайда әкеледі бізге бал беру арқылы

Винни:

-Балалар сендер маған аралар мен бал жайында көп әңгімелеп бердіңдер

-Енді мен де оларды жақсы көріп құтқарып жүрем,және ренжітпеймін.

Тәрбиеші: Винни біз саған бал сыйлаймыз , ас болсын.

Винни:

Рахмет балалар!

Тәрбиеші:

Винни сен кетпе бізбен бірге бол

Балалар ,біз не жайлы бүгін қызықты және көбірек білдік?

Олай болса мен сендерге ара сыйлаймын.

Ата-аналарыңа көрсеті, пайдасы көп екендігін айтып беріңдер.

Ара,ара,аралар

Гүл қауызын жағалар

Оны баққан ағалар

Шелек – шелек бал алар































Сау бол!

Ара жайлы




Балалар қуанады.




Балалар барлығы бірге айтады.

Сау болыңыздар!













Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: берілген тапсырманы орындау
Түсінеді: шалғында өсетін кейбір өсімдіктер туралы мәліметті және табиғат аясында өздерін қалай ұстау керектігі туралы ережелерді.

Қолданады: жәндіктер және олардың тіршілік ету ортасы жайында , сұрақтарға толық жауап бере алуға, және өз ойларын жеткізе алуға.













Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!