Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұсақ моториканы дамыту аясында сөйлеу тілі кемістігі бар балаға ойындарды қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мүмкіндігі шектеулі балаларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Инклюзивті білім беруде дефектолог маманның атқаратын жұмысы мен қажеттілігі

«Білім беру – ұзақ жолға қадам жасау арқылы мақсатқа қол жеткізу,қоғамды негізге ала отырып, барлық балалар мен ересектер жасына, жынысына, этникалық ерекшеліктеріне, қабілетіне, дініне қарамастан білім алуға құқылы» Митчэлл Дэвид

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Білім туралы Заңының 1-ші бабына сәйкес инклюзивтік білім берудің мақсатын жүзеге асыратын жүйелі білім берудің барлық деңгейінде даму мүмкіндігі шектеулі жандарды біріктіріп дамуындағы ауытқулықты түзетуде және әлеуметтік бейімдеуде арнайы жағдайларды қамтамасыз етеді.

Инклюзия – заманауи білім берудің негізгі орталық идеясы, біз өмір сүріп жатқан қоғамның терең әлеуметтік және құндылық негізіне бағытталған. Инклюзияның негізгі идеясы қоғаммен тікелей байланысты. Инклюзияның идеясы ауқымды өзгерістер аясында:адамның құқытары, оның қадір-қасиеті, ұқсастығын түсінуде пайда болды. Осылайша, инклюзия – қарқынды дамып келе жатқан әлеуметтік қатынас жүйесіне оң әсерін тигізетін процесс. Инклюзияның идеясының дамуы қоғамның адамгершілік қасиеті мен денсаулығына байланысты. Инклюзивті білім беру – гуманизм идеясының даму нәтижесі, адамның ерекше құндылығына негізделген, жеке тұлғаның бірегейлігіне, денсаулығына, физикалық жағдайына, қабылдау деңгейіне, диагнозына, жас ерекшелігіне қарай отырып, дені сау балалармен бірге білім алуы.

«Инклюзивті білім» туралы ең алғашқы термин ЮНЕСКО отырысында қолданылады. Әлемнің озық білімді профессорлары даму мүмкіндігі шектеулі балаларды жаппай мектепке бағыттау керек екендігі туралы талқыланады. Сөйтіп, ең алғашқы тәжірибені Италия елінде жасайды. 1979 жылы Италия елінде алғаш рет инклюзивті білім беретін сынып ашылады. Ал, 1980 жылдардың соңында бірқатар Еуропа елдерінде инклюзивті білім беретін мектептер салына бастайды. Ресей елі 1990 жылы инклюзивті білім беру туралы Заңын қабылдап, бұндай білім беру жүйесінің оң әсері бар екенін мойындайды. Ал Қазақстан бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымы отырысы негізінде талқылап, арнайы Заң шығарды. Бұл мерзім 2006 жылдың 13 желтоқсаны болатын.

Бұл мақалада мен инклюзивті білім берудегі дефектолог маманның қызметі, қажеттілігі, жалпы білім беретін мектептерге дефектолог маманы қажет пе? деген қазіргі қоғамның маңызды мәселесіне тоқталғым келіп отыр.

Дефектолог (арнайы маман, түзету(коррекционный) маманы) – даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып, тәрбиелейтін, әлеуметтік шараларын ұйымдастыратын педагог. Дефектолог маманы-мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен, логопед маманымен, әлеуметтік ұстазымен, сынып жетекшісіні бір-бірімен байланыстыратын көпір іспеттес маман. Білім беру ұйымындағы дефектолог-мұғалімнің негізгі қызметі психикалық-физикалық ерекшеліктерімен және танымдық, сенсорлық, қимыл-қозғалыс, сөйлеу салаларында әртүрлі ілеспелі бұзылулармен негізделген негізгі жалпы білім беру бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға тап болатын мүгедек балаларды, мүгедек балаларды оңалтуға-абилитациялауға бағытталған.

Дефектолог-мұғалімнің кәсіби қызмет барысында келесі міндеттер шешіледі:

  • Іс-әрекеттің дамуындағы ерекшеліктерді, оқу материалын меңгеру қарқыны мен табыстылығын, жаңа жағдайда іс-әрекеттің алынған тәсілдерін пайдалану мүмкіндігін анықтау мақсатында педагогикалық диагностика жүргізу.

  • Оқу материалының неғұрлым табысты игерілуін арттыратын өзекті міндеттерді, қағидаттарды, әдістерді, формаларды, тәсілдер мен құралдарды анықтау, оқу мотивациясын дамыту және оқушының ынтасын арттыру.

  • Мүмкіндігі шектеулі баланы оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін критерийлерді анықтау.

  • Оқытудағы қиындықтары бар мүмкіндігі шектеулі баланы оқыту бойынша бейімделген жұмыс Білім беру бағдарламаларын, әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуге қатысу.

  • Меңгеру үрдісінде мүмкіндігі шектеулі баланың динамикасын жүйелі түрде зерттеуге қатысу.

  • Мектепте неғұрлым тиімді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мақсатында даму мүмкіндігі шектеулі баланың басқа мамандармен және отбасымен өзара іс - қимыл жасау.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.06.2021
565
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12