Материалдар / "Үшбұрыштың бұрыштары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Үшбұрыштың бұрыштары"

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сыныпқа геометрия пәнінен Үшбұрыштың бұрыштары тақырыбына есептер шығаруға арналған ашық сабақтың қысқа мерзімді жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Мамыр 2022
411
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Түзулердің өзара орналасуы

Мектеп: №36 ЖОББМ

Педагогтің аты-жөні:

Татиева Зауреш Орынбасаровна

Күні:


Сыныбы: 7 «а»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Үшбұрыштың сыртқы бұрышына есептер шығару

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.1.17 үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын есептер шығаруда қолдану;

7.1.1.18 үшбұрыштың сыртқы бұрышының анықтамасын білу және үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы дәлелдеу;

7.1.1.19 үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы қолдану;

Сабақтың мақсаты:

-Үшбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының қасиеттерін анықтай біледі,

-Алған білімдерін кеңейтіп, есеп шығаруда қолдана білуге дағдыланады..

-Рационал бөлшектерді қосу, азайту, көбейту мен бөлу кезінде алған теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

Бағалау критерийлері




-Тақырыпқа қатысты мәтінді оқи отырып, оқылым, айтылым әрекеттерін қалыптастырады.

-Үшбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштары туралы біледі. Ішкі және сыртқы бұрыштарды салу және мәнін табу

-Білімдерін қолданады, талдайды, жинақтайды;

-Өздерін және өзгелерді бағалайды;

Құндылықтарға баулу


Оқушыларды бірлікке, татулыққа, сыйластыққа баулый отыра ұжымдасып жұмыс істеуге қалыптастыру;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.




5 мин.


1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сынып тазалығына көңіл бөлу.

2. Топқа бөлу:

Оқушыларды танымдылық деңгейіне қарай әртүрлі үшбұрыштарды тарату арқылы топқа топқа бөлемін.

I топ «Тікбұрышты үшбұрыш»

II топ «Теңбүйірлі үшбұрыш»

III топ «Әрқабырғалы үшбұрыш»

Әр топ өз топтарының атауына байланысты үшбұрышқа анықтама айтады.

3. Үй тапсырмасын тексеру.

«Ауызша тексеру»

Шаттық шеңберін құрып «Өзіңе тілегенді,өзгеге тіле»! әдісі арқылы бір-біріне тілек айтып,жақсы көңіл күй сыйлайды.







Үй жұмыстың шешімі аукызша тексеріледі

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»


Әртүрлі үшбұрыштар





5 мин.





Өткен тақырыпты қайталау мақсатында «Кір жайғыш» әдісін қолданамын. Оқушылардың жауабы арқылы сабақтың мақсатын ашамын.


1. Сүйір бұрыш дегеніміз не?

2. Доғал бұрыш дегеніміз не?

3. Тікбұрыш дегеніміз қандай бұрыш?

4.Үшбұрыштың анықтамасын айтыңыз?

5.Үшбұрыштың сыртқы бұрышы дегеніміз не және ол неге тең?

6. Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы неге тең?

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі қолданылады.



Әр топтан бір оқушы келіп тақтада сұраққа жауап береді.












Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады.


Дескриптор:

-суракка жауап береді

Бағалау:

Әрбір дұрыс жауапка 5 балл қойылады


Сонымен қатар, өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.




Сұрақтар топтамасы.

Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. 3-басылымы. – Алматы : Атамұра, 2017. – 93 бет.




Сабақтың ортасы


12 мин.



Топпен жұмыс




Оқулықтың 92-бетінен

І топқа №16.27

ІІ топқа №16.28

ІІІ топқа №16.29

Есептерді топпен орындауға беремін. «Джигсо» әдісі бойынша оқушылар топпен орындап, бір оқушы келесі топқа түсіндіріп, дәптерге жазып алады. Осылай барлық топтар бір-бірімен алмасып шығады.

Саралау:

Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай топта оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді.

Бұл тапсырмада саралаудың «Қарқын» тәсілі көрініс табады.


Түсінбеген тапсырмаларды бір- біріне түсіндіреді. Топтар келесі топтың тапсырмасын алмасып тексереді.

Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, топтық талдау жасайды.


Дескриптор:

-үшбұрыш салады

-үшбұрыштың биіктігін сызады

-бұрышты табады


Бағалау:

Әрбір дұрыс орындаған топқа 10 балл қойылады

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»




7-сынып оқулығы.


Жеке жұмыс.

10 мин.

«Жекпе-жек» ойыны.

Әр топтан үш оқушыдан шығып тақтада тапсырма орындайды.

  1. Үшбұрыштың бұрыштарының қатынасы 2:3:4 қатынасындай. Осы үшбұрыштың бұрыштарын табыңдар.

  2. Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы 1:2:3 қатынасындай. Осы үшбұрыштың бұрыштарын табыңдар.

  3. Үшбұрыштың бұрыштарының қатынасы 3:3:4 қатынасындай. Осы үшбұрыштың бұрыштарын табыңдар.

Берілген тапсырма бойынша есепті жеке орындайды

Дескриптор:

ағалау:

Әрбір дұрыс шыққан есеп үшін тобына 5 балл қойылады




Ауызша тапсырма

3 мин














Жұппен жұмыс

5 мин

Шағын тест «Жылдам ойла!»


«Белгісізді тап» ойыны


Сұрақтардың жауабын ауызша табады.











Бір оқушы бұрыштарды тауып жазады, екінші оқушы тексереді.

Әр дұрыс жауапқа тобына 5 ұпай беріледі

Слайд


Жеке оқушымен жұмыс.



Сәйкестендіруді орында:

Берілген сызбаға сәйкес үшбұрыштың түрін анықтайды. Үшбұрыштардың түрлері мен қасиеттерін еске түсіреді.

Тиімділігі: Оқушының сын тұрғысынан ойлау дағдысы мен жазылым дағдысы қалыптасады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Тапсырма» тәсілі көрініс табады.

Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, талдау жасайды.

Дескриптор:

-сәйкестендіруді орындайды

Таратпа материал

Сабақтың соңы.


Ой толғаныс.

Рефлексия



5 мин.

Сабақты бекіту.

Кері байланыс. «Жетістік ағашы»


Үйге тапсырма беру. №16.29

(түсіндіме жұмыс)


Оқушылар өздерінің тақырып бойынша оқып, зерделегенін тұжырымдайды.

Мақсаты: Өз ойын айтып, сабақты бекіту, қорытындылау.

Тиімділігі:Оқушы алған білімін жинақтап, саралай білуге дағдыланады.

Маған бәрі түсінікті болды

Әлі де оқуым керек

Мен ештеңе түсінбедім деген сияқты пікірлерін айтып үйренеді

«Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.




Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Қарқын тәсілі арқылы жылдам орындайтын оқушылар және көмек қажет болатын оқушылар болады. Көмек қажет оқушыларға белгілі бір уақыт беріліп, уақыт біткен соң жылдам орындаған оқушылар аяқтай алмаған оқушыларға көмек көрсетеді.



10-баллдык жүйе бойынша багалау

Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу тұруына назар аудару.

Дәрісханадағы қауіпсіздік ережелерін еске түсіру сонымен қатар қарындашты, сызғышты қолдану кезінде сақ болу


Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!