Материалдар / «Ұшқан ұя»повесінің кейіпкерлері.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ұшқан ұя»повесінің кейіпкерлері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы «Ұшқан ұя»повесінің кейіпкерлері. Күні Сыныбы 8 Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.2.2.1.Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау. Күтілетін нәтижелер Оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды. Сабақтың түрі Аралас сабақ Пәнаралық байланыс Қазақ тілі Қажетті құрал – жабдықтар Интерактивті тақта, тақырыпқа қатысты слайдтар, дыбыс шығарғыш, ақ парақтар (А4). Оқу әдістері Сөздік, көрнекілік, практикалық, «Қораптағы сөздер», «Шынжыр», «Фрайер» моделі, «Жұмыс үстелі», «Конверттегі сұрақ» Дереккөздері 8-сынып әдебиет оқулығы Тапсырмалар Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс- әрекеті:
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қаңтар 2019
15119
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы

«Ұшқан ұя»повесінің кейіпкерлері.

Күні


Сыныбы

8

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.1.Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау.


Күтілетін нәтижелер

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі

Қажетті құрал – жабдықтар

Интерактивті тақта, тақырыпқа қатысты слайдтар, дыбыс шығарғыш, ақ парақтар (А4).

Оқу әдістері

Сөздік, көрнекілік, практикалық, «Қораптағы сөздер», «Шынжыр», «Фрайер» моделі, «Жұмыс үстелі», «Конверттегі сұрақ»

Дереккөздері

8-сынып әдебиет оқулығы

Тапсырмалар


Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс- әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушының іс – әрекеті

Оқушыларға психиологиялық ахуал туғызу

2 мин

Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендейді.


. “Сәлемдеме” әдісі – 6 сыныпта өткен алдыңғы білімді еске түсіреді. Сыныпқа умаждалған қағазды беріп, әр оқушыға бір қабатын алуға тапсырамын, әр қабатында төмендегі сұрақтар болады.
Жаттығу тапсырмасы:
суреттегі кім?
Бауыржан Момышұлы туралы не білесің?
Бауыржан Момышұлының қандай шығармасын білесің?
Жауынгердің тұлғасы атты шығарма есіңде ме?
Кейіпкерлерін есіңе түсір.
Б. Момышұлының туған жылы?
Б. Момышұлының туған жері?
Б.Момышұлы ең алғаш қандай қызмет істеді?

Жауынгердің тұлғасы шығармасы қандай оқиғамен есіңізде қалды?
Ұлы Отан соғысы туралы 3 ақпарат келтір
Ұлы Отан соғысында қазақ батырларын ата
Бауыржан аға ерлігі туралы не білесің?
Бауыржан Момышұлы туралы шығарма не фильм көрдің бе? Қандай әсер алдың?
Бауыржан аға туралы не білгің келеді?

Мұғаліммен амандасады. Оқу құралдарын дайындайды.

Сабаққа зейіндерін аударады.



Өткен сабақты тексеру

6 мин.

Үй тапсырмасы «Шынжыр» әдісі арқылы сұралады.



Әр оқушы үй тапсырмасына жауап берген сайын шынжырлар жалғанып отырады.

І.Қызығушылықты ояту

2 мин.

Сыныпты Себеттегі конфет әдісімен 3 топқа бөлемін.
І топ – Сары конфет
ІІ топ – Қызыл конфет
ІІІ топ – Көк конфет

Сыныпты Себеттегі конфет әдісімен 3 топқа бөлемін.
І топ – Сары конфет
ІІ топ – Қызыл конфет
ІІІ топ – Көк конфет

ІІ. Мағынаны тану

26 мин.





















6 мин


















5 мин




1-тапсырма. «Жұмыс үстелі».

Кітаптағы үзіндіні 3 топқа бөліп беремін.
(Үзінді оқуға 4-5мин)
“Кезбе тілші” әдісі арқылы әр топ оқушылары ретімен өз түсініктерін айтып, өз мәтіндерін барлық сыныпқа түсіндіреді. 
(Тапсырма орындауға (4-5 мин)
Дескриптор: 
Шығарманы сюжет бойынша айтып береді;

Шығармадағы эпилог, прологтарды анықтайды.

ҚБ: Басбармақ арқылы бағалаймын


2-тапсырма.

Ішкі/сыртқы шеңбер” әдісі – Сыныпты екі шағын топқа бөліп жартысын ішкі шеңберге, жартысын сыртқы шеңберге қарама қарсы тұрғызып, оқушылар кезекпен өтілген тақырып бойынша сұрақтар қойып бір-бірінен оның жауабын алады.

Дескриптор: 
Шығарманың кез келген жерінен қойылған сұрақтарға жауап береді;
Шығарма авторы мен шығарма желісін байланыстыра алады.

ҚБ:: “Отшашу” арқылы бірін-бірі бағалайды.

3-тапсырма.

Ойлан-Жұптас-Бөліс” әдісі – оқушыларды жұптастырып, тапсырма бойынша пікірлерімен бөліседі.
Тапсырма: Бауыржан Момышұлының бұл шығармасы неліктен Ұшқан ұя деп аталған?
Бұл жерде оқушылар жұптаса отырып өз пікірлерімен ашық бөліседі.

Дескриптор:
шығармадан нақты үзінділер келтіре отырып өз пікірлерін білдіреді;
повесттен нақты нақыл сөздерді тауып, шынайы өмірмен байланыстыра біледі.

ҚБ: әр жұп бірін-бірі Смайлик арқылы пікірлерінің ашықтығын бағалайды.






Ағайын-туған арасындағы алыс-беріс, көші-қон мәселесі, ас-той, дау-дамай — бәрі-бәрі Момыштың араласуынсыз шешілмеген. Әлдеқалай ол жол жүріп кетсе, сапардан қайтып келгенше тірлікті соған қаратып, жолын күтіп отыратын болған. Имаш бабамның көзінің тірісінің өзінде біздің шағын ауылды — Момыш ауылы дейді екен.

Шаруамыз шап-шағын еді. Біздің үйдің іші қартайған Имаш бабамнан бастап, есін енді-енді біліп келе жатқан баласына дейін жеген нанын табан ақы, маңдай терімен тапқан. Ешкімді жалдамаған, ешкімге жалданбаған.

Жас кезінде әкемді әйелдер жағы «Молда бала» дейді екен, кейін «Ұста бала» дейтін болыпты. Ал, әжем оны «Қара қатпа» деуші еді. Әкем орта бойлы, арық қара кісі еді. Маңдайы жап-жазық, қасы қалың, көзі шүңгіл еді. Сол арықтығына қарамай, керемет күшті болатын. Әжем оны «Тарамыс» деп те атайтын. Сол күштілігіне бола атаса керек.' Мен бірде әжеме: — Неге «Тарамыс» дейсіз? — деппін, әкемді кемсіткен екен деп.

2-тапсырма.


Бабастың кенже ұлы кім?

Орманқұл




















Қорытынды

3 мин.







Бекіту сұрақтары: «Конверттегі сұрақ»

  1. Б.Момышұлы 1910 жылдың нешінші желтоқсанында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында туған.

  2. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Рәзия қайтыс болады да, кімнің қолында өседі.

  1. 24 желтоқсан

  2. Әжесі Қызтумастың қолында өседі

ІІІ. Бағалау

1 мин.

Бағалау (Алған білімдерін қорытып, ойын түйіндейді)

Төрт сөйлем” әдісі - 
1. Пікір. Ұшқан ұя” повесінен өзіне ұнаған 4 қанатты сөзді теріп жазу. 
2. Дәлел. Алған 4 қанатты сөзін өз сөзімен түсіндіреді, дәйектейді, негіздейді
3. Мысал. Келтірілген қанатты сөзді өмірмен байланыстырады.
4. Қортынды. Өзі таңдаған нақыл сөздерінен өзінде қандай тәлім алғанын қортындылайды.

Дескриптор:
мәтіннен қажетті нақыл сөзді тауып, қортынды шешімді бір сөйлеммен келтіреді;



Оқушылар өз-өздерін бағалайды.

Кейін мұғалім бағалауды өзі қорытындылайды.

ІV. Үйге тапсырма

1 мин.

«Ұшқан ұя»повесіндегі кейіпкерлерге мінездеме жазу.Шығармадан пролог,эпиологты табу.


Үй тапсырмасын жазып алады.


V. Ойтаразы

2 мин.

«Нысана»

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлері мен не түсінгендерін айтады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!