Ұстаз- ұлылықтың,
адалдықтың символы
Мамандық - бұл әрбір
адамның сүйіп, әрі қуана
атқаратын ісі, оның ертеңгі
болашағы. Әр адам мамандығын өзі
таңдауы және оған құрметпен
қарауы керек. Себебі мамандық таңдау
үлкен жауапкершілікті қажет етеді.
Болашақта үлкен мамандық иесі
болатынын армандамайтын адам болмайды. Осы бір
сұрақ өмірге келіп, сана-сезімі жетілген әрбір адамды
толғандырары сөзсіз. Бір кездері мен де осы бір
сұрақтың жетегінде көп ойланып, қиялдап, өзім қалайтын,
өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім.
Білекке сенер заманда – ешкімге есе бермедік, Білімге сенер
заманда – қапы қалып жүрмелік» дегендей, XXI ғасыр
мықты мамандар ғасыры. Жақсы маман болу үшін
не қажет? Ең алдымен терең білім, еңбек,
дәлдік, ұқыптылық, қойған мақсатына жетуге деген өз
күшіне сенімділік қажет.
Елімнің биік болашағы.
Сауатты ұрпақ. Ойлай берсең, қиялдай берсең
еш тоқтағың келмес. Сол әлемнің бір бөлшегі болып, өз
қиялында қалқып жүре бергің келеді. Ал жетістіктерге қол жеткізу
үшін, әрекет етіп қана қоймай, қиялдауымыз да керек, жоспарлап қана
қоймай, сенуіміз керек. Ең бастысы – сенім. Алға қойған мақсаттарым
үшін еңбек етсем, сол мақсаттарым болашақта елім
үшін, мен үшін еңбек ететін болады. Мен оған
сенімдімін. Маған және Отаныма еңбек ететін мақсатты дұрыс
таңдағаныма сенімдімін! Менің өмірдегі бақытым –
жүрек қалауымен тәрбиеші болдым. Бұл
сөзді мен жай ғана айта салмаймын өйткені бұлай айтуым – маған
үлкен жауапкершілік жүктейді. Педагог болу – жай ғана
мамандық
емес. Ол
– адам өскелен ұрпақтың бағыт-бағдарын жасаушы, жол көрсетушісі.
Егер де өмір қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған,
тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірдегі үлкен мақсаттарға жету
жолдарын іздеп, талапшылдықпен, алға қарай ұмтылатын болса –
бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Өйткені мен
ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны
мақтаныш сезіммен айта
аламын
Мамандық тандау - бұл өте
маңызды іс. Өйткені біз өзіміз таңдаған мамандық саласында өмір
бойы қызмет атқарамыз. Мамандықтың саны әр алуан: дәрігер, мұғалім,
ұшқыш, есепші, аспаз, елші, қаржыгер, архитектор, механик, көлік
жүргізуші, сазгер, сатушы, ғарышкер және т.б. Бірақ бұларды
байланыстыратын маңызды факт - бұлар бәрі халық үшін қызмет
атқарады. Ал халық үшін қызмет көрсету маңызды мәселе. Түркі тілдес
халықтың "жеті рет өлшеп, бір рет кес" деген нақыл сөзін ұран етіп,
мамандықты дұрыс таңдауымыз керек.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
кетігін тап та бар қалан», — деп халқымыздың ұлы ақыны,
ойшылы, сазгері, қара сөздің қас шебері Абай Құнанбаев атамыз айтып
кеткендей, кез келген адам «Өмір» деген атты дүнеде өз орнын табуға
тырысады, яғни өседі,көреді, өнеді,тәрбиленеді. «Еңбекпен тапқан
нан тәтті» демекші, қалаған мамандықтарының қызығын көреді.
Балалық шақта кішкене сәби жүрек қиялшыл, жақсыға құмар
еліктегіш болып келеді. Бала кезден мен армандаған мамандық-ұстаз
болу еді. Қазіргі таңда сол мамандықтың иесі болып
табыламын.
Ұстаз болу – жүректің
батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің
ақылдығы.
Ұстаз болу – мінездің күн
шуағы,
Ұстаз болу – адамның
асылдығы,-
деген Ғафу Кайырбековтың өлең
жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғанымды
мақтан етемін. Себебі ұстаз болу-жай мамандық емес. Ұстаздық-қызық
та бейнеті көп мамандық.Осы орайда менің мақсатым: тек білім
қағидаларын меңгерту ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі тануға,
дамытуға ұмтылатын,ақылды да алғыр, қабілетті, өз көзқарасын ашық
айта алатын балаларды тәрбиелеу. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде
жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше
шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та –
ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалімнің бейімділігі,
дарындылығы көбінесе оқушының тағдырын шешеді. Мұғалім үнемі
шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, үйренсем, білсем,
таныссам деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді
мойнына алған маман. «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл,
ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға » дейді қазақ. Бұл басқа
емес, дәл ұстаз, мұғалім мамандығына арнап айтылған
мақал.
Қай заманның болсын
мұғалімі ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден
балаға» дегеніндей, ұстаз деген киелі мамандықтың сырын ашып, өз
еңбегімнің жемісін көріп, мектеп деген үлкен өзенде жүзіп келе
жатқаны — өз мамандығымды шексіз сүюден болар. Біріншіден — өз
мамандығымды сүйдім, сол өз мамандығымды сүю арқылы өз
шәкірттерімнің жүрегіне жол тауып, оларды өз істеріме сүйсіндіре
білдім. Бұл мұғалім үшін үлкен
қуаныш.
Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым
негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім,
ақпарат, кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір
сүруге, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуі керек. Ол нағыз
ұстаздың ғана қолынан келеді. Менің ойымша, ұстаз болу — кез-келген
адамның қолынан келе бермейді. Нағыз ұстаз шәкірттерін «біз жақсы
ұстаздан сабақ алдық» деп айтатындай дәрежеге жеткізу
керек.
«Орташа мұғалім баяндайды,
жақсы мұғалім түсіндіреді, тәжірибелі мұғалім көрсетеді, ұлы
мұғалім шабыттандырады» деген қанатты сөзді үнемі есіме
ұстаймын.Оқушыларды шабыттандыру менің негізгі
ұстанымым.
Менің түйгенім, мұғалім – ол
ең алдымен дамытушы,сондай -ақ өзі де дамып отыратын, өзгені
де дамытатын адам. «Әрбір бала- болашақ данышпан» деген қағидаға ой
жүгіртсек, мұғалім атаулының шәкітттерін дарынды және дарынсыз деп
жіктеуге қақысы жоқ. Балада «Туа біткен және келе-келе қалыптасқан»
дарын болады. Мұғалім міндеті дарынды, шабытты бала бойында
қалыптастыру мақсатында қажымай еңбек ету. Шабыттандыру -мұғалімге
жүктелген міндет. Жаман оқитын, қабілетсіз, дарынсыз бала болмайды.
Соны табу қызықтыру мұғалімнің міндеті. М.Жұмабаев :«Әр аламның
сұлулық сезімдері әртүрлі нәрседен оянымпаз болады». Біреудің
музыкадан, біреудің әдемі суреттен, біреудің поэзиядан, өнерден,
әйтеуір бір түрінен ләззат алмайтын , біреуіне құмарланбайтын адам
болмайды» -деген сөзіне сүйеніп бала қызығушылығын анықтап,
бағыттау керек. Осы мақсатқа жету жолында мен ұстаздықты таңдадым.
Қай тақырып болмасын сайыс, жарыс, топпен жарыс түріндегі жұмыстар
оқушылар белсенділігін арттырып дамуларына ықпал
етеді.
Қорыта айтқанда әрбір оқытушы
хакім Абайдың «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегін кетпес
далаға.Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға.» деген қасиетті
қағидасын әрдайым жүрегінің түкпірінде алса, өз мамандығының
нағыз шебері болары хақ.