Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстаз! Сіздің алдыңызда! сынып сағаты 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз! Сіздің алдыңызда! сынып сағаты 10 сынып.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып сағаты



Мекеме

«Кішішыған орта мектебі»КММ Оспанова З.С

Сыныбы:

10 «Ә» сынып

Сынып сағатының тақырыбы

Ұстаз! Сіздің алдыңызда…! 30.09.2024

Осы сабақта қол жеткізілетін Сабақтың мақсаты

Ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, кім болсада ұстаздың алдында бас ию керек екендігін, ұстаздарды құрметтеуді , сыйлауды, қадірлеуді оқушылардың бойына дамыту.

Ойлау дағылары

Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау , бағалау

Тілдік мақсаттар

Ұстаз мамандығының қиында, қызықты кездерімен, қыры мен сырын түсіндіру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы




Бастапқы білімді анықтау

5 минут







Жаңа тақырыпты ашу кезеңі

5 минут
















Жаңа тақырып

10 мин











Сабақтың ортасы













Тапсырма


10 минут

































10 мин
















































5 мин



Ұйымдастыру .

Егер өмір алтын болса, зергері оның– мұғалім

Егер өмір теңіз болса, гауһары оның – мұғалім

Егер өмір жүзік болса, оның көзі – мұғалім

Егер өмір ақын болса, оның сөзі – мұғалім.-демекші

Оқушылармен амандасып, Ұстаз туралы оқылған осы өлең жолдарын қалай түсінесіңдер деп сұраймын.

Оқушылар өз ойларын айтып жеткізеді.



Сабақтың мақсатын түсіндіру.

Психологиялық дайындық: «Менің сүйікті ұстазым» Оқушыларға өзіміздің мектепте жұмыс жасап жүрген, өздеріне ең жақын , жақсы көретін ұстаздарын атап, ол кісі несімен ерекше жан, не үшін ол ұстазды жақсы көретіндерін сұраймын.

Әр оқушы өзінің жақсы көретін ұстаздарын атап, өз ойларын айтады.



Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Үнемі бала көзінде болу, әрдайым жинақы, таза, әдепті жүруді талап етеді. Кез келген уақытта шәкірттің қандай да болсын сұрағына білімділікпен жауап беруге тура келеді. Оған нақты, дәлелді, сенімді, көркем, жүйелі, тартымды сөйлеу керек. Ұстаздың әділдігі, адалдығы, батылдығы, мінез сұлулығы, іс пен сөз бірлігі, шыншылдығы, ұстамдылығы күн сайын балалар тарапынан баға алып отырады. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз – білім беру сапасын арт­тыру саясатын тікелей жүзеге асыру­шы.

Балалар қазақтың тұңғыш ұстазын білесіңдер ме?



Ыбырай Алтынсарин.



Әрине, Ыбырай Алтынсарин. Қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, ғалым-жазушы Ыбырай Алтынсарин тұңғыш ағартушы, балаларға таза ана тілін үйрету арқылы халықтың бай тілін меңгеріп, өнер-білімге бастаушы. Ыбырай Алтынсарин туған халқына оқу-білімге шақырып, кенжелеген қараңғылықтағы еліне білімнің жарық сәулесін таратты. Тұңғыш қайраткер жас ұрпақ тәрбиелеуде жаңа ғылымның іргетасын қалады. Өзі бас болып, бірнеше жерде кездескен кедергі қарсылыққа қарамастан, 1864 жылы мектеп ашты.



Топтастыру. Оқушыларды 2 топқа біріктіремін

Цифрлық ұстаз , Жаңашыл ұстаз,

Топтық жұмыс:

Оқушыларды топтарға бөліп, әр топқа тапсырма беру: Тапсырманы топпен орындап, қорғап шығу керек.

1-топ: «Цифрлық ұстаз» тақырыбында постер дайындау.

2-топ: «Жаңашыл ұстаз» туралы постер дайындау.







Жеке жұмыс: «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі арқылы

Әрбір мамандықтың өз ерекшелігі бар, және әрбір адам өз мамандығына адал еңбек ете білсе, қоғамда өз орнын табады.

Алты қалпақты алты оқушы келіп алады. Қалпақтардың ішінде әртүрлі пән мұғалімдерінің мамандықтары жазылған.

Мысалы: Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі , оқушылар шыққан мамандықты қандай қиыншылдығы бар, қандай мақтанарлықтай қызықты кездері бар сол туралы барынша айтулары керек.



Видео ролик көрсету.


https://youtu.be/j-z_i5Zy1N0?si=EgtZ1LiCfPGrnJNI



Оқушыларға жағдайаттық сұрақтар. Ұстаз орнында болып жағдайаттан шығып көру.

Педагогикалық жағдаят №1

  1. Қоңырау  соғылды.  Сіз  сабақ  бастадыңыз. Он  минуттай  уақыт  өтті.  Сыныпқа  рұқсатсыз,  кешірім  сұрамай  бір  оқушы  келіп  кіріп,  өзінің  партасына  отырды.

Сіздің  әрекетіңіз?

Педагогикалық жағдаят №2

  1. Сіз  өз  сыныбыңыздағы  баланың  өзге  сынып  оқушысымен төбелесіп  жатқанын,  басқа  балалардың  айқайлап  тамашалап  тұрғанын  көрдіңіз.

Сіздің  әрекетіңіз?


Педагогикалық жағдаят №3

  1. Мұғалім  оқушыға  тапсырма  береді ол  орындағысы  келмейді:  «Мен  тапсырманы  орындамаймын», - деп ашық айтады.

Сіздің  әрекетіңіз.


Педагогикалық жағдаят №4

  1. Сіз сынып жетекшісіз. Оқушыларыңыздың бірінің сабаққа деген қызығушылығы төмендеп кетті. Күнделігінде «екіліктер» көбейген. Жағдайы нашарлап кетті: мұғалімдер оқушыны ұялтады, сабақтан соң алып қалады,  үйде көп өтірік айтып кетті, анасы ұлына сенбейді. Сіздің әрекетіңіз:


Педагогикалық жағдаят №5



  1. Мұғалім жаңа сабақ түсіндіріп жатыр. Сәл уақыттан соң сынып оқушылары мұғалімді тыңдамай шулап кетті. Осы жағдайда мұғалім не істеу керек?


Оқушылардың жауаптырын тыңдаймын.


Ұстаз- шәкірт алдында сыйлы адым.Ұстаз жайлы айтыр сырда, жырда көп. Ұстаз сенімін ақтау- адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық , білімдік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлық керек.

Мұғалім: Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.



Кері байланыс:, Бүгінгі сабаққа кері байланыс беру.







Тірек қағаздары








Мақал мәтелдер

Түрлі түсті маркерлер












Еңбектің адамзат тарихындағы маңызы, атақты ғұламалардың еңбек туралы айтқан ойлары мен нақыл сөздері.






































Бейнеролик

https://youtu.be/j-z_i5Zy1N0?si=EgtZ1LiCfPGrnJNI

Сабақтың соңы


Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.

Оқушыларға шағын тапсырма беру: «Мен ұстаз болсам» деген тақырыпқа өз ойларын жазып келу.


































Shape1 «Кішішыған орта мектебі»

комунналдық мемлекеттік мекемесі













«Ұстаз! Сіздің алдыңызда...!»

тақырыбында сынып сағаты







Сынып жетекшісі З.С.Оспанова











2024-2025 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.00.2024
274
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12