Материалдар / Ұстаздық еткен жалықпас

Ұстаздық еткен жалықпас

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың бір-біріне деген сыйластықтарын арттыру, ойын барысында әділ болуға баулу. Топпен, жұппен жұмыс барысында оқушыларға ынтымақтастық, достық, адамгершілік қасиеттерін дарыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2020
422
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ұстаздық еткен жалықпас ... »

Ұстаз болу - жүректің батырлығы,

Ұстаз болу - сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу - адамның асылдығы.



Picture 3


Ақтөбе қаласы

11 орта мектеп-гимназиясының

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Жумабаев Рустем Назарбаевич



Алға қойған мақсатым:


«Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында деңгейлі жаттығу жұмыстарын жүргізу»




Ұстаз деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын айқындап бағайық. Ұстазға тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшылық, намысын, тұлғасын жасына қарамай силау, құрмет тұту. Бұл ұстаздың терең дүниетанымы мен жүрегінен келіп шығады.

Ал, ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.

Осындай қиын да, қызықты мамандықты мен өз таңдауыммен таңдап, дене шынықтыру пәні мұғалімі болып жұмыс жасап келемін. Қай салада жұмыстанса да әр адамның алдына қойған мақсат-міндеттері болады. Сол секілді менің де педагогикалық салада жұмыстанып, өз алдыма қойған жоспарым бар, және де сол мақсатыма жетуге әрі қарай да еңбектенемін.

Мамандығым оқушылардың денсаулығымен тығыз байланыста болғаннан кейін, менің мақсатым оқушылардың денсаулығына кері әсер тигізіп алмай, олардың дене қасиеттерін дамыта отырып, денсаулықтың маңызын ұғындыру.



«Шынықсаң – шымыр боласың», деп адамның денсаулығына деген көзқарасты біз, мұғалімдер мектеп жасынан салауатты өмір салтына оқушыларымызды бағыттауымыз керек.

Мұғалім ең алдымен бала жүрегінің пернелерін дәл тауып, оны ойната білетін тамыршы болуы тиіс.Сондықтан да, сабаққа оқушылардың белсенділігін арттыру үшін, алдымен оқушы үнін естіп, оны ескеру қажет.

Оқушыларға өз ісіне баға беруге, сыныптасына көмектесуге мүмкіндік беру және оқушылардың өз ойларын соңына дейін тыңдап, қолдау көрсету. Алдағы уақытта сабақтарымды жаңа форматта өткізіп, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, денсаулықтың маңыздылығын тұжырымдау, дені сау, шымыр да сымбатты бәсекеге қабілетті оқушылар тәрбиелеп, әр түрлі спорттық сайыстарға,олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға жету - менің педагогикалық мұратым деп айта аламын.

Адамның рухани өсуі мен денесінің өсіп-жетіліуі балалық шақта қалып-тасады. Спорт ойындары мен жүйелі түрде және үздіксіз айналысатын бала-лар дені сау болып қана қоймай, дене жаттығуларын орындаумен айналыс-паған балаларға қарағанда сергек, саналы болып өсетін ғылым мен өмір тәжі-рибесін толық дәлелдеп отыр. Дене тәрбиесімен айналысатын балалар жақсы оқып білгендерін іске асыратын табанды, жігерлі азаматтар қатарына қосыла-ды.

    Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл- әрекеті- ойын, сондықтанда оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.

        Мен өз мамандығымды сүйемін және оны мақтан етемін. Ұстаздық жол -қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін мамандық. Сол кездескен қиыншы-лықтардан тапжылмай өтуге шәкірттерімнің маған деген сенімдері мен сүйіс-пеншіліктері көмектеседі.Өз алдыма ұстаз ретінде қойған мақсаттарға жету үшін жұмыс жоспарын жасаймын. Сол жоспарды негізге ала отырып, жыл бойы шәкірттеріммен бірге еңбек етемін. Пәнім бойынша түрлі сайыстар, сыныптан тыс  жұмыстары мен заманауи техниканы қолдана отырып ашық сабақтар өткіземін. Оқушылардың бойындағы жасырын қабілеттерін ашу және  дамыту, рухани жан –дүниелерін байыта түсуге негіз болатын мектепішілік үйірмелер жұмысын қолға алдым. Олар «Тоғызқұмалақ», «Теннис» үйірмелері. Оқушылар сабақтан соң  үлкен қызығушылықпен келіп қатысады.

Егер ұстаз әрдайым жаңашылдықты ізденіп, оны үйреніп, үздіксіз оқу, еңбектену үстінде болса ғана, шынайы  өз мамандығының хас шебері болады деп ойлаймын.

Ұрпақ тәрбиесі қай кезде де ұстазға байланысты. Ұстаз- ұлағатты есім. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандық. Мұғалім болашақ ұрпақтың бағбаны, келешектің кемелдендірушісі, баланың бойына біліммен бірге тәрбие сіңіруші, жанына жарық сәуле сеуіп, көкірегін нұрландырушы. Ең бастысы мұғалім адами қасиеті мол, басқаға көмегін тигізуден шаршамайтын, шалдықпайтын өмірінің әр шақтарын қиып, ұрпағының ертеңіне жол ашатын, шуағы мол шапағат иесі.Шәкірт тәрбиелеу-ұлы міндет. Бала тәрбиесіндегі ата-анадан кейінгі жауапты адам мұғалім. Қоғамға пайдалы жеке тұлғаларды әкелу, ұстаздарға, мұғалімдерге байланысты. Ұстаздық –ұлы құрмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымды да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді.

Мен жасөспірімдерді дене шынықтыру мәдениетіне тәрбиелеу барысында өз алдыма «Оқыту барысында ұлттық ойындарды пайдаланумен қатар, дене түзілісін дұрыс қалыптастыру және салауатты өмір салтына үйретіп, ақыл-ойын дамыту арқылы рухы мықты, шымыр, дені сау, батыл болып өсуіне ықпал ете отырып, жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру» мақсатын қойдым. Денсаулық, спорт, тәрбие, білім егіз ұғымдар. Олай болса, қоғамымызды өркендететін бүгінгі ұрпақтың денсаулығы мықты болуы үшін спорт қажет. Спорт арқылы тәрбие қалыптасса, бұлар жинақталып, білімді азамат шығарады деп ойлаймын.

Яғни, спорт жас ұрпақтың бойында күш, ептілік, төзімділік, мықтылық, сергектік секілді моральдық ерік сапаларын қалыптастырады. Жат қылықтармен күресуіне көмектеседі, ұжымдық және өзара көмек беру сезімдерін жетілдіреді. Сондықтан да Президенттің халыққа жолдауында айтылғандай «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» туралы, «Қазақстан -2030», «Қазақстан-2050» бағдарламалары осы міндеттерді шешуге бағыттайды. Онда «...бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтыны», сонымен бірге, жастар алдындағы жауапкершілік айтылған.

«Адам ұрпағымен мың жасайды»- дейді қазақ мәтелі. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес, миллиондаған жылдар жасап келеді. Ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болмасын көкейкесті мәселесі. Қазіргі жас ұландар – болашақтағы еліміздің тіректері, еліміздің болашақ өкілдері болып саналады. Адамның рухани өсуі мен денесінің өсіп жетілуі балалық шақта қалыптасады. Баланың дене бітімінің жетілуі мен жеке басының дамуына дене шынықтыру сабақтары үлкен үлес қосып отыр. Бала дене шынықтыру сабағында, жалпы дамыту жаттығулары арқылы күш-жігерін шыңдай түседі. Денсаулықтарын нығайтып, ептілікке, жылдамдыққа үйретеді, дене бітімдерін жан-жақты дамытып, келбеттері асқақтай түседі. Бала организмі тез жетіліп өседі.

Ұстаз – оқушы алдында мәртебесі қашан да биік жан. Тәрбиенің қайнар көзі әрине білімде. Білімді өскелең ұрпаққа тәрбие беруде ұстаз рөлі ерекше. Жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Жеке тұлға, яғни дарынды шығармашыл тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы.

Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын, оқыту мен тәрбиелеудегі ең тиімді ізденістерін, тәжірибиелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ