Материалдар / «Үстел теннисінің техникалары және теориясы».
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Үстел теннисінің техникалары және теориясы».

Материал туралы қысқаша түсінік
1.Теннисшілердің техникалық дайындығы 1.1.Қалақты ұстау тәсілдері 1.1.1.Қысқаша теориялық мәліметтер Кіріспе Үстел теннисі «дене тәрбиесі» пәнінде студенттердің білім жүйесінде өте кең тараған ойын. Бұл үстел теннисінің спорттық және қозғалыс ойындары ретінде аса көп материалдық шығынды және спорттық жарыстарда, жаттығуларда аса көп орынды талап етпейді. Сонымен бірге ойын кезінде жоғары қозғалыс белсенділігі мен ерекшелене отырып студенттердің бойына жылдамдық, ептілік, қимылды басқарушылық, зейінділігін арттыру , әрекет жасау, көзбен мөлшерлеу, ойлау сияқты қабілеттіліктерін қалыптастырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2021
670
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

10

9

8

9

беруге 10

доп

Әр

сол

және

жақтан

Оң

мин

5

мин

3

мин

1

с

30

алусыз

жоғалтып

Допты

орындау

бағытта

әр

алуды

сол жақ кесіп

Оң жақ және

1.

курс

4

курс

3

курс

2

1 курс

шарты

орындау

Жаттығуды

атауы

жаттығулардың

Бақылау

9

8

9

8

беру

тырмысу

10

берулер

сол)

(

доп

оң

арқылы

қозғалысы

қолдың жалған

Қалақшамен

9

8

7

9

беру

тырмысу

беруге 10

доп

Әр

берулер

доп

жақтан

айналуы бар оң

бүйірінен

Доптың

10

9

8

9

тырмысу

10

қайсысына

Әр

берулер

сол жақтан доп

Кері оң және

беру

тырмысу

доп берулер

жақтан келетін

«Үстел теннисінің техникалары және теориясы».

1.Теннисшілердің техникалық дайындығы

1.1.Қалақты ұстау тәсілдері

1.1.1.Қысқаша теориялық мәліметтер

Кіріспе

Үстел теннисі «дене тәрбиесі» пәнінде студенттердің білім жүйесінде өте кең тараған ойын. Бұл үстел теннисінің спорттық және қозғалыс ойындары ретінде аса көп материалдық шығынды және спорттық жарыстарда, жаттығуларда аса көп орынды талап етпейді. Сонымен бірге ойын кезінде жоғары қозғалыс белсенділігі мен ерекшелене отырып студенттердің бойына жылдамдық, ептілік, қимылды басқарушылық, зейінділігін арттыру , әрекет жасау, көзбен мөлшерлеу, ойлау сияқты қабілеттіліктерін қалыптастырады.

Үстел теннисі өте қызықты, жан жақты, әр жастағы адамдар үшін қол жетерлік ойын. Ол өте құмарлы және назданбайды Қимыл қозғалыстың тездігі, шабуылдардың шапшаңдығымен, техникалық қиыстырулардың кенеттілігімен оқиғалардың әсерлілігімен өзіне қатты қызықтырады. Қимыл қозғалыс, дағдылардың әр түрлілігімен, түрлі үйлестік пен күшейте түсуімен, барлық физикалық сапалардың дамуына жағдай жасайды.Ойын кезінде ойыншы жалынды, жігерлі күшпен бірге дене қозғалыына қосымша күш береді. Үстел теннисі негіздерін оқыту ЖОО бағдарламасына кіреді. Студенттер ойынның жаңа элементтері мен ойын тактикасын меңгеріп, ойынның негізгі ережелерімен танысуы қажет. Үстел теннисімен шұғылдану студенттердің физикалық дамуына, пәнмен, күн тәртібімен, гигиена және өз өзін бақылауымен танысуға бағытталуы тиіс.

Жақсы ойын үшін тек жылдам қозғалу ғана емес сонымен бірге қатты да, дәл соққы жасай білу керек. Үстел теннисін

Жақсы ойнау бұл өнер, ойынның териялық білімін ғана емес, сонымен бірге техникалық өзгешелігін де игеру керек.Ең алдымен қалақшаны қалай ұстау керектігін білу керек.көлденең (европалық) және тігінен (азиаттық) ұстау тәсілі.

Қалақшаны ұстау тәсілдері оның осінің көлденеңінен тұрғандағы салыстырмалы жағдайына сәйкес болады. Тік ұстаған кезде қалақшаның ұстағышын бас бармақ пен сұқ саусақпен, қалам ұстағандай етіп ұстау. Сондықтан да бұндай ұстауды «қалам ұстау» деп атайды. Бұл ұстау әдісімен қалақшаның алақан бетімен допты қайтару ыңғайлы.

Европалық үстел теннисінде және біздің елде «қалам» әдісімен қалақшаны ұстау кең таралмаған, сондықтан қалақшаны ұстаудың басқа әдістерін қарастырайық. «Қалам» әдісінде ойыншы үстелдің сол жақ бұрышына жақын орналасады, сөйтіп үстелдің оң жағындағы ойынды бақылай алады. Бұл ұстаумен, тәсілмен өзіңнен жақын допты қайтарған ыңғайлы. Сонымен бірге сол ақтан соққы беру, қия соғу, астынан алып соғу, доптың «топ спин» айналуы болады. «Қалам» үстел маңындағы ширақтықтылықтықажет етеді.

1-сурет Қалақты тік ұстау

Қалақтың тұтқасын көлденең ұстау кезінде үш саусақпен ортаңғы, аты жоқ, шынашақ саусақпен ұстайды. Ортаңғы саусақ қалақтың шетімен созыла, ал бас бармақ сырт жағына орналасады және ортаңғы саусаққа болар болмас тиіп тұрады. Бұл қалақтың екі жағымен де бірдей ойнауға тиімді. Бұл ұстау шабуылдау мен қорғаныс соққыларын сол жағынан да, оң жағынан да жасауға ыңғайлы.

2-сурет Қалақты көлденең ұстау

1.1.2. Оқыту әдістемесі

Қалақты жылдам және жеңіл қолға үйрету үшін, әртүрлі жаттығулар бар. Оларды қай жерде болмасын өз бетінше, үйде де, далада да жасауға болады.

Допты соғу.Допты қалаққа қойып алып, шамамен белуардан деңгейінде ұсталған қалақпен допты астыңғы жағынан соғу. Әуелі бір жағынан соғу, сосын екінші жағынан соғу, кейіннен сол және оң жағынан кезектестіріп соғу.

Қабырға жанындағы ойын. Қабырғадан 3-4 метр қашықтықта жартылай оңға бұрылып тұру, допты қалақсыз жайлап соғу, қалақпен оны қабырғаға соғылып, өзіңізге қайтып келетіндей етіп соғу керек. Бұл жағдайда допты әр соққыдан соң бос қолымен қағып алып отыруға, содан соң бұл қарапайым техникалық элементтен соң қалақпен соққыларды тоқтаусыз, соққы санына жасауға болады. Бұл жаттығуды күрделендіруге болады. Ол үшін ауадағы допты әуелі еденге соғып, сосын қабырғаға, одан кейін өзіңізге қайта соққы жасау үшін қайтып келуі тиіс. Жаттығулар жиынтығы;

  • қалақты дұрыс ұстау арқылы доппен жонглерлік ету:

  • қалақтың бір жағымен;

  • қалақтың басқа жағымен;

  • екі жағымен кезектестіріп;

  • қабырғадан ұшырып ойнау;

  • еденге тигеннен кейін қабырғаға соғу;

  • қалақпен допты соғу (бадминтон ойыны сияқты)

Жонглерлік жасау кезінде қалақ белуар деңгейінде болуы керек, ал доп бастың деңгейіне дейін көтерілуі тиіс.

1.2. Теннисшінің тұрысы мен қозғалысы

1.2.1. Қысқаша теориялық мәліметтер

Спортшының дұрыс тұруы, бұл аяқтарын иықтың көлемінен кеңірек, тізені сәл бүгіп, ішке қарай ұстау, табанды толық жерде ұстау, аяқ үші сәл ғана екі жаққа қаратылған, өзі аздап алға еңкейіп тұрады. әр ойыншы өзіне ыңғайлы тұрысты таңдап алады. Бұл ойыншының бойына, физикалық күшіне, қимыл қозғалысын басқаруына, ойын стилінің ерекшелігіне байланысты.

Қозғалыстың техникасын жылдам, әрі тез игеру үшін бастапқы қалыпты дұрыс таңдап ала білу керек, бұл соққы мен қозғалыстың жылдамдығының сапасына әсер етеді.

Ойыншының қозғалыстарының басты мақсаты, неғұрлым жылдам орын ауыстырып соққы беретін жерге жету, дұрыс, ыңғайлы тұрып, дәл соққыны жүзеге асыру.

Дұрыс бастапқы қалыпты таңдау техникалық соққының дұрыстығына ғана емес, сонымен бірге қозғалыстың жылдамдығына да әсер етеді.Үстел теннисі ойынындағы дұрыс тұруды қарастырайық.

Бейтарап жағдайда теннисші үстелге бетімен қарап, аяқтары иық кеңдігіндей немесе одан да кең, аяқ үштері сәл екі жаққа қарап, өкшелері көтеріңкі, салмақты аяқтың үшіне түсіріп, тізелері сәл ішке қарап, тізе тұсында аяқ аздап бүгіледі.

3- сурет Теннисшінің бейтарап тұрысы (алдынан және жанынан қарағандағы жағдайы)

Дене сәл алға еңкіш, иықтарды бос ұстау, қалақшаны ұстаған қол тік бұрыш жасай иілген және жоғары көтеріліп тұрады, доптың ұшуын бақылап көздері алға қарап, тұрады. Бұл қалып шамалы күш жұмсап керекті бағытқа қозғалу үшін өте ыңғайлы.

Ойында теннисшілер қозғалыстың мынадай түрлерін жиі қолданады; бір аттамалы тәсіл адымдар, қадам басу тәсіл айқастырылған және аяқты жылжытып отырып қадам жасау.

Адымдар теннисшінің шамалы жерге дейін ауысуы және дұрыс қалып алу үшін қолданылады. Бұл кезде ұшқан допқа қарай адымды допқа жақын аяқ жасайды, ал екінші аяқ соққы жасау үшін ыңғайлы жағдайда тұрады.

Адымды алмастыру бір орында тұрып айналыс жасауға және алға артқа шамалы қозғалыс жасау жасауға қолданылады. Ойыншы бір орында тұрғандай болады.

4-сурет Қозғалыстың бір адымдық тәсілі

Алға қарай қозғалыс негізінде қысқа немесе қиғаш келген доптарды қабылдау үшін қолданылады. Алға қарай қозғалыста допқа жақын аяқ кең адым жасайды және тізе қатты иіледі.

  1. сурет Қысқа допты қайтарудағы алға қарай қозғалыс.

  1. сурет Қиғаш келген допты қайтару. Шетке қарай қозғалыс жасау

Аяқты жылжытып отырып қадам жасау негізінен үстел жиегінде оңға солға қозғалу үшін қолданылады. Сонымен бірге негізгі қадам допқа жақын аяқпен жасалады, ал екіншісі негізгі тұрыстың деңгейіне дейін созылады. Ойыншының доптан сәл алыстауы кезінде «аяқты жылжытып отырып қадамдау» адымы жасалады.

  1. сурет Аяқты жылжытып отырып қадам жасау

Айқастырылған адымдар орта және алыс арақашықтықтарда қолданылады. Бұл тәсілдерді қозғалыста бірінші болып доптан алыс аяқ бірінші адым жасайды, салмақ салатын аяқтың алдында болады.(алдыңғы айқастырылған адым) немесе салмақ салатын аяқтың артында болады.(артқы айқастырылған адым) Сонан соң салмақ салатын аяқ созылып соққы соғуға ыңғайлы жерге қойылады.

8-сурет Айқастырылған адымдар

Доптың ұшу бағытында допқа жақын тұрған аяқ емес, алыс тұрған аяқ бастайтынына назар аударыңыздар.Мысалы; солға алға қозғалысында адымды оң аяқтан бастау керек. Диогоналды қозғалыста айқастырылған қадамды қолданған дұрыс.

1.2.2. Оқыту әдістемесі

Қозғалыстың техникасын дұрыс және жылдам игеру үшін және ең «жылдам » допты қуып жету үшін мына ақыл кеңестерді оқып, ойын және жарыс кезінде орнымен орындауға тырысыңдар.

  1. Соққы жасалмастан бұрын, дұрыс бастапқы қалыпты таңдап алыңыз, бұл сіздің соққыңыздың сапалығына ғана емес, сіздің жылдам қозғалысыңызға да әсер етеді.

  2. Қозғалыс кезінде теннисшінің негізгі тұрысын ұстаңыз, немесе аяқты қойған кезде дұрыс тұрыста болыңыз.

  3. Қозғалыстың түрлі тәсілдерін әр бағытта қолданған кезде салмақтың орталығы аяқ үшіне түсіп, соққы беретін бағытқа ауысқаны дұрыс.

  4. Әр соққы жасаған соң қысқа жолмен үстелдің орта тұсына келіп, келесі соққыға даяр тұрыңыз.

  5. Үстел жанында қозғала тұрып, асықпаңыз, жеңіл қозғалыңыз, артық қозғалыс жасамаңыз, бір адым жасауға болатын болса, екі адым жасамаңыз. Артық қозғалыстар алтын уақытыңызды алып, соққы жасауға дұрыс дайындалуға бөгет жасайды.

  6. Әрт

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!