Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
В есебі деңгейлік курс
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Абубакирова Арайлым «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» В есебі
ПШО ЖМ филиалы Мұғалім портфолиясы
Талдықорған қ. 24.02.17
Тиімді тәжірибе
Мектептегі мұғалім көшбасшылығын дамытудағы кәсіби құзіреттілікті қалыптастыруда 8-сыныпқа алгебра сабағының III тарауының тізбектелген сабақтарына 7-модуль идеясын кіріктіріп орта мерзімді жоспар жасаудағы мақсатым, оқушылардың формулаларды жаттап есепті шығаруда дұрыс қолдана алмай кедергілерге ұшырайтындарын білетінмін, осы кедергілерді ескере отырып, орта мерзімді жоспар құрдым. Сабақ барысында өткен білімдерін тиянақтау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін дамыта отырып, сұрақтарға жауап бергенде бала сыни тұрғыда ойланатындай сұрақтар қоюға бағыттадым. Сабақ өту барысында кері байланысқа сұрақтар қою арқылы оқушылар терең ойлана отырып, бақылайды, пайымдайды, ақпаратты ұғынады, бағалауға тырысады, және талдайды. Топтық жұмыста «Мозайка әдісін» қолдану арқылы тапсырмаларды орындағанда топ мүшелері бірлесе отырып, талқыға салады, пікірлерімен бөліседі, анықтамаларға сүйеніп, синтездеп, белгілі бір қорытындыға келеді. АКТ-ны қолдану барысында графиктерді интернет желісі арқылы көрсетумен «миға шабуыл» жасадым. Сабақта үй тапсырмасын тексеруде «Өкіл әдісін» қолдану барысында оқушыларға сенім арта отырып топ басшылары тексеріп шықты. Сабаққа деген зейіндерін аудару мақсатында «Мен серуендеуге барамын», «Жасырылған айнаны тауып, өз-өздеріне есеп беру», «Есту қабілетіне сәйкес ойын», «Сезім мүшелеріне сәйкес ойын» ынтымақтастық атмосферасын құру үшін пайдаландым. Тақырыпты меңгерту кезінде графиктердің суреттерін пайдалана отырып, тақырыпты ашуға тырыстым. Оқушылар тақырыпты ұғыну барысында белсенділіктерін байқадым. Тақырып күрделі болғанына қарамастан, оқушылар талпыныстары арқасында графиктер тақырыбын меңгергендіктерін көрсете білді. Топта оқушылар есептерді деңгейлеріне сәйкес әр оқушы өз тапсырмаларын орындады. Топтық жұмыста оқушылар топ ережелерімен, уақытқа бағынуды үйренуге тырысты. Оқушыларға бастапқыда уақыттың тиімсіз пайдаланғандықтарын ескере отырып, уақытқа бағыну қажеттілігін айттым. Кейінгі екінші үшінші тақырыптар барысында оқушылардың аз да болса, уақытқа есеп шығаруға тырысқандарын байқадым. Әрбір тапсырмаларды орындау барысында қадағалап отырдым. Айтқан дұрыс жауаптарымен есептеріне мадақтау арқылы, дұрыс орындалған оқушыны атап отыруды ескердім. Оқушыларға тапсырма орындалғаннан кейін сергіту сәтіндегі ойындар «Үш минуттық тест» «Әдемі-сұмдық» оқушыларға ұнады. Кері байланысқа сұрақтар қойылды. Оқушылар өз ойларын анық жеткізуге, сұрақтарды дұрыс қоюды үйренді. Сабақ соңында оқушыларға өз-өздерін бағалатуға тырыстым. Оқушылар бағалауда «Тепе-теңдік дөңгелегі», «BLOB TREE», «ОҮБ құралдары», «Алтын балық» стратегияларын пайдаландым. у=ах^2+n және у=а(х-m)^2+n түріндегі функциялары және олардың қасиеттері және графигін салуды үйренді. Функцияға сәйкес кесте құруды,төбелерін анықтауды, анықталу облысын қандай аралық екендігін, тармақтары қалай қарайтындығын оқушылар білді.
«Мектеп көшбасшылығы» бағдарламасындағы 7 модульді сабаққа енгізу мақсатында қысқа мерзімді сабақты жоспарладым. Сабақты жоспарлауда 7 модульді енгізу себебім, сабақты жақсарту, оқушыларға оқу мақсатына қол жеткізуде тиімді қолдануды көздедім. Жеті модульді басшылыққа ала отырып, жаңа белсенді әдіс-тәсілдерді қолданып, жаңаша үлгіде өтуге сабақты жоспарладым. Сабақ барысында өткен білімдерін тиянақтау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін дамыта отырып, дағдыларын қалыптастырады. Қысқа мерзімді жоспарлауда жас ерекшеліктерін ескере отырып, дарынды және талантты балаларды, топтық жұмыстың тиімділігін, бірлесе оқудың қажеттілігін, кері байланыс бере отырып, өз-өздерін бағалауға итермеледім. Сабақты өтудегі мақсатым у=ах^2+n және у=а(х-m)^2+n түріндегі функцияларын, оның қасиеттері және графигін координаталық жазықтықта қалай салу керектігін түсіндіру, өздері графиктерін салуды үйрету. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру үшін, «Мен серуендеуге барамын» ойынын ұйымдастырдым оқушылардың сабаққа деген ынтасын ояту мақсатында жүргіздім. Оқушыларды «Ранжирование» әдісін пайдаланып, төрт топқа бөліп отырғыздым. Үй тапсырмасын интерактивті тақтадағы жауапқа сәйкес, «Өкіл» әдісімен топ басшылары тексеріп шықты, артықшылықтары мен кемшіліктерін айтып өтті. Сабақ басында өткен білімдерін еске түсіру мақсатында миға шабуыл ретінде y=x^2 функциясынан y=x^2+n функциясы қалай шығады деген сұрақты қоя отырып, оқушыларға 7 сыныпта өтілген тақырыпты қайта ойлануға мүмкіндік жасадым. Оқушылар y=x^2 функциясын еске түсіріп, қасиеттерін, графигінің парабола екенін айтты. y=x^2 функциясынан y=x^2+n функциясының тек n нің қосылып шығып тұрғандығын қарап ажырата алды. Тақырыпты түсінініп, ұғыну үшін итерактивті тақтада графиктерді көрсетіп, сұрақ қоя отырып, тақырыпты түсіндіріп өттім. Тақырыпқа сәйкес есептерді шығару үшін оқушыларға А,В,С деңгейіне сәйкес топ мүшелеріне әрқайсысына тапсырмалар дайындап бердім. Оқушылар тапсырмаларын орындап, орындаған тапсырмаларын постерге жазып, топпен ақылдасып, жазып, қорғады. Топпен тапсырманы орындау барысында оқушылар бір-бірін тыңдауды, терең ойланады, сыйлауды, шешім қабылдауды, диалогқа түседі. Топтық жұмыста үлгерімі төмен оқушылар да өз ойларымен бөлісуге тырысты. Оқушылардың шаршағандарын кішкене сергіту мақсатында 3 минуттық тест алынды. Оқушыларға сергіту сәті ұнады. Оқушылармен келесі тапсырманы орындауға уақыт жеткіліксіз болған себепті шығаруға мүмкіндік болмады. Сабақтан кері байланыс ретінде оқушылардан қандай ой түйгендерін, кедергілерін айтуға мүмкіндік жасадым. Оқушылар өз ойларымен бөлісті. Өз-өздерін бағалау мақсатында «BLOB TREE» стратегиясын пайдаландым. Оқушылардан алған өзіме деген кері байланыстарын ескеріп, келесі сабағымды жоспарладым.
Мектептегі мұғалім көшбасшылығын дамытудағы кәсіби құзіреттілікті қалыптастыруда «топтағы бірлесіп оқудың тиімділігі» тақырыбын таңдап алдым. Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым мұғалімдердің сабақтарына аз да болса,жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы сабақты жаңашаландыру. Коучинг мақсаты мұғалімдерге оқыту мен оқудағы талапқа сай жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып сабақ өткізулеріне бағыт беру. Коучингке тәлім алушым математика пәнінің мұғалімі, жас маман география пәнінің мұғалімі, жас маман ағылшын пәнінің мұғалімі және тарих пәнінің мұғалімі қатысты. Коучингтің мақсатын мұғалімдерге басталар алдында айтып таныстырдым. Мұғалімдердің көңіл-күйлерін көтеру мақсатында психологиялық ойын түрін өткіздім. Ойын шартына сәйкес адамдардың белгілі бір қырларының ұқсастықтары болатындығын айтып өттім. Мәтінді оқымас бұрын терең оқылым болу керектігін ескерттім. Мәтіннің бірінші жарты бөлігі оқылғаннан соң, мұғалімдерге кері байланысқа «Мәтінді қалай жалғастырар едіңіздер?» деп сұрақ қойдым. Үш топқа бөлініп,өз ойларын қорғауды сұрадым. Мұғалімдер өз ойларын анық жеткізуге тырысты.Топпен ақылдасып, болжамдарын айтты. Мәтіннің жалғасы болжамдардан кейін көрсеттім. Оқып болғаннан кейін жеті неге? Деген сұрақтар топпен құрастыруларын сұрадым.Уақытқа сәйкес тапсырмаларды беріп отырдым. Басында үлгермей жатқан мұғалімдер, коучинг барысында уақытқа сәйкес тапсырмаларды орындай бастады. Құрастырған жеті неге сұрақтарын ашып, анықтап, қалай құрастырылғанын айтып өтті. Мұғалімдерге мәтінмен жұмыс жүргізілгенде,екі бөліп,болжатқызып барып қалған бөлімін оқыту қажеттігін ескеруді айттым. Сергіту сәті ретінде «Тест» бердім. Мұғалімдердің тесттегі тапсырмаларды орындап ,есімдерін айтып,секіріп,әріптесінің бетін сүйіп орындады. Уақыт аяқталғанда шартын айтқанда тапсырманы орындамай тұрып оқып шығып, есимдерін жазу керектігін ұғынды. Коучинг соңында мұғалімдерге сабақтарында қалай қолданасыздар деген сұрақ қою арқылы, коучинг тақырыбы сізге тиімді болды ма? Деген сұрақтарға сабақта қалай қолдануға болатындықтарын жазып айтты. «Екі жұлдық,бір тілек»пен коучингтен маған рефлексия жазып берді. Ұсыныс ретінде коучингке мұғалімдер саны көбейсе екен деп жазған екен. Болашақта келесі коучингте ескеретін боламын.
Мектептегі мұғалім көшбасшылығын дамытудағы кәсіби құзіреттілікті қалыптастыруда тәлім алушының сабақта топтық жұмыс,жұптық,жеке жұмыстарын жүргізу барысын ұйымдастыруда кедергілерінің бар екендігін білетінмін,осы кедергілерді ескере отырып,оқушыларды өзара әрекеттестіру мақсатында «Топтық, жұптық, жеке жұмыстарды ұйымдастырудың тиімділігі» деген тақырыпта тәлім алушыға бағыт-бағдар беруді көздедім. Сабақты жоспарлауда тәлім алушының топтық жұмыс, жұптық, жеке жұмыстарын жүргізу барысын дұрыс ұйымдастыруды мақсат етіп алып отырмын. Тәлім алушыны математика пәнінің мұғалімін таңдап алуыма мектеп басшылығының ұсынысы болды. Мен практикаға келмес бұрын жасалған жоспарда жас маманды таңдаған болатынмын. Практикаға келген соң таңдаған мұғалімім ауысты. Тәлім алушы таңдап алынған соң, биресми кездесуде таңдап алынған мұғаліммен әңгіме жүргіздім. Таңдап алынған себебін, мақсатым қандай екендігін ескерттім. Биресми әңгімеден байқағаным, тәлім алушым өте қобалжулы болды. Мен орындай аламын ба, тәлім алушының міндеттері қандай деген сұрақтарды қойды. Мен қобалжуын басу мақсатында қолыңыздан келеді деп өзіне деген сенімділігін арттырдым. Биресми әңгімеден кейін 5 сынып таңдалынып алынды. Сабаққа қатыспас бұрын ата-ана рұқсатын алдым. Рұқсат алынғаннан кейін сабаққа математика сабағына қатыстым. Сабақ барысында видеоға түсірдім. Сабақ соңында мұғалімге рахмет айтып, қашан талдауға отыра алатынымызды сұрадым. Тәлім алушымен келісіп, кәсіби әңгіме бастадық.Кәсіби әңгіме басында сабаққа қатыстырғаныңызға рахмет айтып,видеоны қосып қойып,сабақтағы жақсы ескерілген оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасының жақсы екендігін айтып, тарту әдісін пайдалануға тырыстым.Әрине осы кәсіби әңгіме барысында маған біраз қиындау болды. Бірақ кәсіби әңгіме өз деңгейінде өтті. Кәсіби әңгімеден соң,бірлесіп келесі сабаққа жоспар құрдық. Сабақ барысында топтық жұмыстың тиімді екендігін айтып,жоспарды соған сәйкес құрдық. Құрылған жоспарға сәйкес сабаққа қатысып,аз да болса,өзгерістер болғанын байқадым.Ол өзгерістерді оқушылардың сабақ соңындағы рефлексияда жазған сөздері айқын. Тәлім алушымен коучингке бірге қатыстық. Коучинг тақырыбы қысқа мерзімді жоспарды қалай құрастыруға болатындығы туралы өтілді. Коучингтен соң тәлім алушымен бірге талқыладық.Осылай тәлім алушыға бағыт-бағдар бере отырып, сабақты ұйымдастыруда оқу мен оқытуда өзгерістердің болғандығын байқадым.
3