Волейбол техникасын үйретудің әдістері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Волейбол техникасын үйретудің әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Волейбол ойынын ойнату техникасы мен әдістері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Волейбол техникасын үйретудің әдістері

«Дене шынықтыру» білім саласының мазмұны денсаулықты нығайтуға, негізгі дене сапасын дамытуға және ағзаның функционалдық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған; қозғалыс мәдениетін қалыптастыру, жалпы дамытушылық және түзету бағытындағы дене жаттығуларымен қозғалыс тәжірибесін байыту; дене шынықтыру – сауықтыру және спорттық-сауықтыру іс-әрекеттерінде дағдылар мен біліктілікке үйрету, дене шынықтыру жаттығуларын өз бетінше ұйымдастыруға негізделген.

Дене шынықтыру сабағының тиімділігі сабақты өткізу әдістемесімен ғана емес, сонымен қатар бірқатар ұйымдастырушылық шарттармен де анықталады:

- қолда бар жабдықтарды ұтымды пайдалану;

- оқытудың техникалық құралдарын қолдану;

- сабақты өткізу орнының ерекшелігін есепке алу (спорт залы немесе мектеп жанындағы спорт алаңы, стадион немесе саябақ, тегіс немесе тегіс емес жер);

- сыртқы ортаның сипаты және т. б.

Сабақтарда дене дамуына әсер ететін қозғалыс сапаларын ғана емес, шығармашылық қабілеттерді де дамыту, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру қажет. Қауіпсіздік ережелері сабақ кезіндегі жарақаттарды азайтуға бағытталған және оқу процесінің барлық қатысушылары үшін міндетті болып табылады.

Қауіпсіздік ережелері мынадай түрлерге бөлінеді:

1) дене шынықтыру сабақтарындағы қауіпсіздіктің жалпы ережелері;

2) сабақтың алдында, уақытында және соңындағы қауіпсіздік ережелері;

3) спорттық – бұқаралық және дене шынықтыру – сауықтыру іс-шараларын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары;

4) жазатайым оқиғалар мен төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік талаптары. Қауіпсіздік ережелерінің мазмұны спорт түріне және сабақ өтетін орынға байланысты. Әр спорт түрінің өз ережелері мен талаптары бар.

Волейбол - комбинациялық спорт түрі. Волейбол алаңында әрбір спортшы маңызды рөл атқарады. Волейбол ойыншысы биіктікке секіру қабілеті жоғары, реакциясы мықты, командаластарымен еркін түсінесетін, физикалық әлеуетін соққы жасау кезінде орынды пайдаланатын ойыншы болғаны жөн.

Волейбол (ағылшынша volleyball, volley — «қалқып ұру», ball — «доп») — спорт  түрі, анығырақ айтқанда, командалық спорт түрі. Мұнда 2 команда тордың екі жағына бөлініп тұрып, әр команда өздеріне тиесілі арнайы алаңда ойнайды. Ойынның мақсаты - волейбол добын команда өкілдері өздерінің алаңдарына түсіріп алмау керек, керісінше, қарсылас команданың белгіленген алаңына түсіріп, ұпай алу қажет. Егер команда өкілдерінің біреуіне доп тиіп, ол доп аутқа кететін болса, қарсылас команда ұпай еншілейді. Сондықтан қарсыласты қателестіру арқылы ұпай алуға болады. Доп белгілі бір команданың алаңында болған кезде, ол командадан тек үш ойыншы ғана допты келесі жаққа асыруға көмек ете алады, яғни, үш реттен артық допқа қол тигізуге болмайды (блок қойған жағдайда ғана төртінші рет допты алаңда ұстауға болады).

Волейболдың ережелерін бекітіп, басқа да волейболға қатысты маңызды істермен айналысатын басты кеңес – Халықаралық волейбол федерациясы,FIVB (ағыл )

Волейболдың бірнеше түрі бар:жағажай волейболы, мини-волейбол, пионербол, саябақтағы (парктегі) волейбол (1998 жылы Токиодағы  FIVB кеңесінде бекітілген).

Волейболдың тарихына келсек,мақтанатын мысал Қазақстанда алғашқы 1926жылы Қызылордада ұйымдастырылды. Қазақстан волейболы 20 ғасырдың 60-жылдары жақсы дамыған. Ол спорт шебері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Октябрь Жарылғаповтың есіміне тікелей байланысты. Оның құрған «Буревестник» ерлер командасы 1969 жылы КСРО-ның, 1970 – 71 жылы Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алды. Қазақстанда тәрбиеленген Валерий Кравченко, Олег Антропов, Надежда Смолеева 1968 жылы Мексикада өткен 19-Олимпиялық ойындардың, 1969 жылы Жәнібек Саурамбаев Еуропаның чемпионы атанды. Мұндай табысқа 1988 жылы Сеулдегі 26-Олимпиялық ойындарда Ольга Кривошеева, Елена Чебукина, Татьяна Меньшовалар жетті. Алматының АДК әйелдер волейбол командасы 1984 жылы КСРО-ның чемпионы атанды. Волейболшылардың халықаралық одағы 1924 жылы құрылған;

1992 жылдан осы одаққа Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы мүшелікке енді.

Адамгершілікке тәрбиелеуде үлкен нәтижеге жету үшін әр сабақта әр түрлі тәрбие құралдарын пайдалану қажет. Оларға мыналар жатады: - білім алушылар ұжымын біріктіруге ықпал ететін тапсырмаларды таңдау; - бірлескен іс-әрекеттерді ұйымдастыру, өзара көмек және т. б. Жеке қасиеттерді тәрбиелеу үшін білім алушыларға қиын, бірақ орындауға болатын міндеттерді қойып, мақсатқа жетуді ынталандыру қажет. Сонымен, батылдық пен табандылықты тәрбиелеу үшін шешім қабылдай алмау мен 60 қорқыныштан арылуға байланысты жаттығуларды қолдануға болады, мысалы, тірек секіру, гимнастикалық снарядтардағы жаттығулар және т. б.

Бұқаралық спортты насихаттау, білім алушыларды дене шынықтыру мен спортқа жүйелі түрде баулу, салауатты өмір салтын насихаттау аясында жыл сайын Ұлттық мектеп лигасы өткізіледі.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.02.2024
301
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі