Материалдар / Ы. Алтынсариннің ағартушылық идеяларының қазіргі білім беру үрдісімен үндестігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ы. Алтынсариннің ағартушылық идеяларының қазіргі білім беру үрдісімен үндестігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлт ұстазы – Ыбырай Алтынсариннің қалдырған мол мұрасы ұрпағына бүгінге дейін үлкен азық, таусылмайтын таза білім. Қайраткерқалдырғанқазынаіспеттесқұндыеңбегіұрпақтәрбиесіне, заманкөшіндеілгерідамыпүндестіктауыпкеледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2021
483
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ы. Алтынсариннің ағартушылық идеяларының қазіргі білім беру үрдісімен үндестігі

Аннотация. В статье рассматриваются просветительские идеи просветителя Ы. Алтынсарина.

Ключевые слова: просветитель, педагог, инспектор, ученый, письмо.

Summary. The article discusses the educational ideas of the enlightener Y. Altynsarin.

Keywords: enlightener, teacher, inspector, scientist, letter.

Ұлт ұстазы – Ыбырай Алтынсариннің қалдырған мол мұрасы ұрпағына бүгінге дейін үлкен азық, таусылмайтын таза білім. Қайраткер қалдырған қазына іспеттес құнды еңбегі ұрпақ тәрбиесіне, заман көшінде ілгері дамып үндестік тауып келеді. Ағартушылық жолдың сан қилы сынынан өтіп, ізденіс пен қайсарлықты қатар алып, қайтсем ұлтымды сауатты қылам деген сауалдың сан түрімен бетпе – бет келген ұстаздың мақсаты орындалды. Алтынсариннің ұстаздық көз – қарасының көкжиегі әлде қайда озық орыс елінің мектеп ісінен үлгі ретінде бастау алған. Қазақ даласында мектеп ашу, білім нәрімен сусындату, жастарды ізгілікке тәрбиелеу жолында көп ізденіс пен күшті талап етті. Осы орайда орыс ұлтының демократияшыл идеясын пайдаланып, педагогикалық мектеп жөнінде Ушинскийден көп ізденіп, үлгі алды. Өзінің шығармаларында Н. Ф. Бунаков пен Н.А. Корфтің жүйесін пайдалана отыра, пайдалы тәжірибелерді әдістемелік нұсқаулықта қолданды. Алтынсарин балаларға арналған оқулықтар жазарда өз идеясын алға тартып, болашақ ұрпақтың біліммен қатар, отансүйгіштік, адамгершілік, ізгілік, табандылық, еңбекқорлық секілді асыл қасиеттері де қоса сіңіретін тұла даярлау мақсатында үлкен сеніммен кірісті.

Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан "деп Абай атамыз айтқандай, кез-келген мұғалімнің шәкірт алдындағы парызы адами асыл қасиеттерді бойына құюынан бастау алады. Өскелең ұрпақты оқу мен білімге қызықтыра білудің өзі ұстаз үшін үлкен шеберлікті қажет етеді. Міне осы жолда Ыбырай көп тер төкті. Тек қана мектеп ашып мақсатқа жетуді емес, ондағы балаға білім беруші мамандарға басты назар аударып, зор мән берді. Мектептегі басты адам ретінде- мұғалімді санаған. Оның көзқарасы бойынша жаңа мектеп, оқу-құралдары мен оқулықтар түгел болғанымен жақсы ұстазсыз ешбір нәтиже болмайтынын баса түсіндірді. Сондықтан білімді ұстаздың берері мол деген тұжырымды алға тартып нақтылады.

Педагогтің балаларға арнап шығарған" Қазақ хрестоматикасы" атты оқулығын алып қарасақ, әр баланың жасына сай, қабылдап, түсінетін ерекшелігін ескертіп дайындалған. Ол жерде айтылатын ойдың дәлдігі, түсіндірмесінің кеңдігі, көркемдік құндылығы басым екені көрінеді тұрады. Автордың халық ауыз әдебиеттен әдемі өрнек салып, мақал -мәтелді қолданып, небір шешендік сөздердің асылын тергенін көресіз. Ағартушының жастарды білім-өнерге баулуында құр ұран мен насихаттың пайдасыз екенін біліп, өз ойынан нақтылық пен дәлдікті көрсетіп көпшілікті соңынан ертуге, білім жолына шақырады. Мұның бәрі педагогтың аса білімді көрсеткіші мен дарынды қабілеті десек қате айтпағанымыз.

Ыбырайдың "Кел балалар оқылық!", " Өнер-білім бар жұрттар!", " Әй, достарым! ", " Әй, жігіттер! " өлеңді ұрансыз-ақ халықты жақсылыққа жетелеп, алдағы болашақта білімдінің, сауаттының, өнер үйренгенің көрер күні жарық болатынына сенім білдіреді.

Ыбырай Алтынсарин бар ғұмырын туған халқының кеудесіне нұр, санасына білімнен сәуле құюға жұмсады. Ол өзінің ағартушылық, педагогтік, ақын-жазушылық, зор талантын халының оқу-жазуына, кәсіп үйренуіне, мектеп ашып, түрлі өнерге баулуға, түрлі маман болып шығатын кадрлар даярлауға бар күш жігері мен уақытын және білімін салды. Ондағы жалғыз мақсат туған халқының жаңа заман ағымына қосылып, өркениетті, мәдениетті елдердің санатында көруі еді. Ыбырай атамыз бұл жолда түрлі кедергілер мен "жаптым жала, жақтым күйенің де" құрбаны болды. Үстінен түспейтін домалақ арыз бен көреалмаушылық кесірінен жолынан күнде қара көлеңке еріп жүрді. Сонда ол берілмей ұлтының, болашақ жастардың мүддесіне қызмет етті. Түбі бір елінің қараңғылықтан шығып, жазып қалдырып кеткен мұрасынан мәңгі мән іздейтініне сенді. Сол себепті алға жылжуын тоқтатқан емес.

Ыбырай атамыздың әңгімелері де жас ұрпақты ізгілікке бастайтын, табандылыққа тәрбиелейтін, адамгершілікті аса жоғары бағалайтын тап бүгінгі заманға лайық тәрбие құралы. Әр шығармасын алып қарасақ та, үлкен -кішіге астарлы ойымен жеткізетін дұрыс-бұрыс мысалдары мағынаға толы, мәнге ие. "Әке мен бала" әңгімесін мысалға келтіре отырып, бір рет иіліп тағаны алуғада ерінген баласының әрекетіне әкесінің "Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың" , деп айтқан сөзінің тәрбиелік мәні зор. Ал "Бақша ағаштары" әңгімесінен балаға берілген тәрбиенің тал бесіктен бастау алатынын түсіндіріп, бағу-қағуда зор мән барын айтады. Тағы бір мысал келтіруге тұратын " Алтын шеттеуік" әңгімесінің желісінде әкесінің баласына "Не нәрсенің де сыртына қызықпа , асылы ішінде болар" деп құр жылтырға көзіңді қызықтыра берме деп айтады. Қарап тұрса тәрбиелік жағынан аса бағалы еңбектері дәл бүгінгі ұрпақтың бойына ауадай қажет.

Бүгінде білімді ұрпақ өсіру заман талабы. Десекте өскелең ұрпақты оқу мен білімге қызықтыра білудің өзі ұстаз үшін үлкен шеберлікті қажет етеді. Өзімнің педагог ретіндегі ұстанымдарымның бірі, балаға үйдегі ата-анамен ұстазының біріге жасаған еңбегі, білім белесіндегі бірлік дер едім. Алдына келген әр баланың ынтасын оятып, санасына сәуле түсіру кез-келген ұстаздың шын арманы. Сол мақсат жолында ұстаз үнемі жаңаша ізденісте жүруі керек. Ақпараттың толасыз ағылған заманында, шәкіртінің бойына жаңашылдық пен қызығушылық тудыра білу де педагог үшін бірінші орындағы мәселе.

Ыбырай Алтынсариннің: "Қазақ деген – жасанды мінезі жоқ, қарапайым халық, бірақ сол қарапайымдығының өзінде оның, көп жақсылығы жатыр", Өз елімізге қолдан келгенше кызмет ету – біздің әрқайсымыздың борышымыз– деген ұлағатты сөзімен аяқтауды жөн көріп отырмын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!