Материалдар / Ы.Алтынсарин ағартушылық идеялары: бүгінгі оқыту жүйесінде
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ы.Алтынсарин ағартушылық идеялары: бүгінгі оқыту жүйесінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы бүгінгі таңға дейін ағартушы шығармашылығы тарих, филология, педагогика, психология, этика, философия саласы бойынша біршама зерттелген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қазан 2021
433
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Ы.Алтынсарин ағартушылық идеялары: бүгінгі оқыту жүйесінде



Артына өшпес із қалдырған дара тұлғалар, ғұламалар мен ойшылдар ұлттың мақтанышы ғана емес, тағдыры мен тағлымын үздіксіз зерттеуді талап ететін жұмбақ жандар. Олардың шығармашылық мұрасы, терең ой-тұжырымдары мен атқарған істері тарихпен, заманмен астаса қабысып, тіпті бүгінгі күннің, болашақтың өзекті мәселесі болып қала бермек. Осындай тұлғалар қатарында Ыбырай Алтынсарин бар. Ол қазақ қоғамында білім беру ісінің көшбасшысы ретінде танылған ұлы ағартушы.

Жалпы бүгінгі таңға дейін ағартушы шығармашылығы тарих, филология, педагогика, психология, этика, философия саласы бойынша біршама зерттелген. Белгілі түрколог А. Самойлович «Түркі халықтарының әдебиеті» атты зерттеуінде Ы. Алтынсарин жас қазақ әдебиетінің негізін салушы деп таниды. Сондай-ақ ол Ы. Алтынсаринді қыздарға білім беру мен жалпы кәсіптік білім берудің іргетасын қалаушы және салауатты өмір салтын қалыптастырудың тұңғыш ұйымдастырушысы ретінде көрсетеді.

Сонымен қатар, белгілі ғалым Ә. Садықовтың «Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары» атты еңбегінде «Қырғыз хрестоматиясын» бастауыш ғылыми білім берудің энциклопедиясы деп бағалайды.

Ы. Алтынсарин тәрбие ісі мен мектеп кітапханаларын ұйымдастырушы, әрі әдіскер, оқулықтану мен мектептанудың негізін қалаушы. Мектепте берілетін білімді Ы. Алтынсарин формальдық білім беру жағынан емес, өмірге жанасымды, халыққа нақты пайда келтіру жағын көздеді.

Ы. Алтынсарин тәлім-тәрбиенің ХХІ ғасырдағы өзекті тақырыптарының бірі әлеуметтендіру мәселесін сол кезде-ақ көрегендікпен көтере біліп, өз заманына лайықты нақты шешу жолдарын да таба алған. Ағартушы ұйымдастырған оқу орындары сапасы жағынан сол кезеңдегі озық орыс оқу орындарымен иық теңестіре алатын. Сондықтан да өз заманында Ыбырайды жаңашыл әдіскер ұстаз, ғалым этнограф, саралы ақын, сарабдал жазушы, қазақтың балалар әдебиетінің негізін салушы, қазақтың зайырлы мектеп жүйесінің ірге тасын қалаушы, асқан дипломат ретінде таныды. Осыған орай С. Сейфуллин «Ыбырай ақын, жазушы, ғалым» атты мақаласында оны қазақ әдебиетін Еуропа жолына, өнер жолына бұруды тұңғыш бастаған ең жаңашыл, суретші ақын әрі өз заманында қадірлі болған деп санайды. Расында оқуға талпына бастаған қазақ жастарына Ыбырай айрықша болған адам. «Кел, балалар оқылығын» жатқа білмеген оқушы болмаған. Ы. Алтынсариннің шығармаларында қазақтардың өмірі шыншылдықпен бейнеленді. Оларда білімге, ғылымға деген құлшыныстың қажеттігі кеңінен насихатталды. Жастарды оқу-білімге шақыра отырып, ол өзге халықтардың мәдени өмірін, олардың ғылымда қол жеткізген табыстарын үлгі-өнеге ретінде мысалға келтірді.

Ы. Алтынсарин қарапайым халықтың қамын ойлады. Ол өз ғұмырының соңғы кезеңінде былай деп жазды: «Мен түбегейлі терең сеніммен туған халқыма шамамның келгенінше пайдамды тигізсем деген ниетімнен ешқашан бас тартпаймын».

Ыбырай ашқан мектептердегі білім саласы ғылыми ұстанымдарға негізделген толық, зайырлы құрылымда қамтылған деуге болады. Қазақ мектептеріндегі білім саласында ғылым мен өнер, техника мен технология саласында ғасырлар бойы жиналған тәжірибені негіздеп алған болатын.

Ыбырай көздеген және мақсат еткен ұлттық мектеп қандай еді? Ағартушы аңсаған ұлттық мектеп өз ұлтының тәуелсіз білім беру саласын жүзеге асыратын, ана тілінде білім беретін мектепті құру болды. Қазіргі күні осындай мектептер саны артуда.

Білім алушыларға білім беруде, тәрбиелеу ісінде Ыбырай Алтынсариннің педагогика саласындағы идеяларының өнегелі тұстарын қолдану маңызды деуге болады. Себебі, Ыбырай саналы ғұмыры мен еңбектерін үлгілі-өнегелі ұрпақ тәрбиелеу ісіне арнаған ағартушының мұрасын «мәңгілік өнеге» мектебі деп мақтанышпен айта аламыз. Қазіргі таңдағы бала тәрбиесінде білім алаушыларды жақсы мінез-құлық пен имандылыққа үйретуде әр ұстаз Ыбырай шығармаларымен терең танысып, жете түсінгенде ғана баламен жұмыс жасаудағы білімділік пен тәрбиелік істері нәтижелі болмақ. Қоғамдағы, білім берудегі демократиялық, ізгілендіру, ынтымақтастық идеясы, мұғалім мен білім алушы арасындағы байланыс ағартушының пәлсапалық тұжырымдарында негізге алынған.

Демек, бүгінгі таңда ұстаз өз сабағында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушыларды ортамен қарым-қатынас жасай білуге, топта бір тұжырымға келуге, топ алдында өз ойын ашық айтып, еркін ойын жеткізе білуге үйретеді. Ыбырай ұсатазымыздың да білім беруде ұстанған ұстанымы осы тұрғыда айтылып, жазылған. Білім саласында ағартушының тың идеялары мен ойлары, талғамы жетерлік.

Қазіргі күні бала тәрбиесінде өзекті мәселеге айналған еңбек, тәртіп, тәрбие идеялары Ыбырай педагогикасында зерттелген. Ағартушы әр оқушыны біртұтас жасампаз тұлға деп қарайды.

«Еңбек – байлық атаулының негізі. Ол бүкіл адамзат өмірінің алғы шарты. Адамның өзін жасаған еңбек»-деп Ыбырай Алтынсарин ғылыми түрде атап көрсеткен болатын. Сондықтан да, білім алушыларды еңбек етуге, кәсіпке бейімдеуде әр пән мұғалімі өз сабағында халқымыздың еңбекке баулу тәсілдеріне назар аудару қажет деп ойлаймын. Қонақжайлылық, үлкенге ілтипат, кішіге қамқорлық, мейірімділік, еңбекке үйрететін әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді пайдалану.

«Тәртіптің шындыққа айналуы тәртіптілік сезімін тудырады»-деген ұлы ұстаз тәртіп, тәлім-тәрбие мәселесін жоғары орынға қойған. Мектеп ережесі, оқушының өзін ұстауы, үлкенді силау, ізеттілік, әдептілік қағидалары да бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бір болып табылады. Еңбекке баулу, өнегелі істерді алға тартуда, адамның мінез-құлқының қалыптасуындағы ерекшеліктерін ағартушы «бай баласы пен жарлы баласы» шығармаларында қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті сипаттай келе, адам бойындағы игі қасиеттер мен жағымсыз тұстарын саралауға бағыттайды. Сонымен қатар, «Талаптың пайдасы» деген әңгімесін оқушылармен бірге тәрбиелік мақсатта терең талдау жасай отырып, білім алудың, ізденудің нәтижесінде үлкен жетістікке қол жеткізе алатыны туралы пікір алмасу.

Білім беру саласын дамытудағы ең бір тиімді жолы ұтымды, заманауи технологияларды тиімді қолдану болып табылады. Ұстаз алдындағы оқушының қабілетін ашуда көп ізденуді, көп еңбектенуді қажет етеді. Өз заманында ағартушының да ұстаздарға қойған талабы осы болатын. Ұстаз беделін көтеру арқылы, білім беру саласында талап қою.

Ағартушының ұшан-теңіз еңбегі қазақ халқының экономикалық дамуына, білім көкжиегінің кеңеюіне, рухани және мәдени гүлденуіне игі ықпал етті. Оның есімі халықтың есінде мәңгі сақталады.



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Ақылжанов М. Қазақ ағартушыларының қоғамдық саяси көзқарастарының қалыптасуы. А, 1975

2 . Ламашев Ә. Ыбырай Алтынсарин. А, Ана тілі. 1991

3. Сыздықов Ә. Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі. А, 1969




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!