Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ы.Алтынсариннің ағартушылық идеяларын оқу- тәрбие жұмыстарында қолдану
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №16 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ы.Алтынсариннің ағартушылық идеяларын оқу- тәрбие жұмыстарында қолдану
Педагогикалық ойлар қазақ халқының рухани- мәдени мұрасының бір бөлігі ретінде көне ғасырдан бері қалыптасып дамып келе жатқан педагогика ғылымы деңгейіне жетті. Алғаш халықтың ауыз әдебиетінің барлық жанрында, әдет-ғұрып, салт-дәстүрде жарық көрген тәлім –тәрбие тәсілдері, әдістері әр кезеңде өмір сүрген қайраткерлердің ойлары, іс-әрекеттері, жарияланған еңбектерінде жүйеленіп дамытылды.
Қазақ халқы үшін педагогикалық ойлардың дамуының бетбұрыстық сипат алып биікке көтерілу кезендерінің бірі ХІХ ғасырдың екінші жартысы деп есептелінеді. Өйткені бұл кезеңде ағартушылық әрекетімен,саяси-әлеуметтік, философиялық толғаумен қазақ қоғамының дамыл ілгерілеуіне үлес қосқан Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев.
Сол ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы саяси- әлеуметтік сипат аясындағы тарихи-мәдени өлшемдер тұрғысынан қарағанда Ы.Алтынсариннің білім берудегі сіңірген еңбегі өз заманындағы жаңа типті мектеп ашып, оқу-әдістемелік құралдар дайындағанын ұлы істің бастамасы деуге болады.
Қазіргі білім беру жүйесінің жаңа құрылымы мен оқу әдістемелік жұмыстарының мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңартуды, шыңдауды талап етеді.
Ыбырай Алтынсарин өзінің педагогикалық - ұйыдастырушылық әрекетінде бірнеше маңызды принциптермен әдістерге сүйенді.
Біріншіден, білім беруді әліппеден бастауды ұсынды. Бұл заңдылық жалпы адам танымының қисынынан туындайды. Бұл да маңызды дидактикалық принцип.
Екіншіден, білім беруде жүйелілік әр уақытта сақталуы қажет, әркімнің өзі білгенінше сабақ өткізуіне болмайды. Кез – келген пәнді оқытуда белгілі бір жүйе, қабылданған стандарт болуы қазір да аса маңызды талап. Осы принципке сүйене отырып. Ы.Алтынсарин сол кездегі мектептер жұмыстарына сараптама беріп отырған.
Үшіншіден , білім беру ісінде теориялық баяндау мен нақты іс- тәжірибе бірін-бірі толықтыруына аса үлкен мән берген. Ы. Алтынсарин ғылым мен техниканың ұлы жаңалықтарын өзінің шағын әңгімелерінің арқауы еткен ғалым.
Төртіншіден, білім берудегі этникалық ерекшеліктерге мән береді «Енді мен қырғыз хрестоматиясының екінші бөлімін құрастырып жатырмын... бұл бөлімнің тарихи мәліметтер жөнінде тарауына қырғыз халықының өз тарихынан материалдар енгізу керек болып отыр, бірақ оңдай материалды қайдан аларымды білмеймін... Өз туған халқыма қырғыз тілінде жалпы білім беретін, дұрысын айтқанда, ғылыми мәліметтермен құрастырылған тағы бір еңбегімен қызмет етпекпін» деп атап көрсетті.
Бесіншіден, білім беруде баланың жыныстық қасиеттерін де есепке алу қажеттігіне ұсынды. Олардың әрқайсысының табиғи ерекшеліктеріне сүйене отырып, бастауыш мектептерде балаларды ағаш өнеріне, қыздарды қол шеберлігіне үйрету көзделді. Мұның өзі Ы.Алтынсариннің өте көреген, алға ұмтылған педагог екенін көрсетеді.
Алтыншыдан, Ы.Алтынсарин білім беру процесінің ізгіліктік сипатын анықтайды. Білім адамды рухани байытады, жанын жадыратады, жақсылыққа жетелейді, көңілін көтереді, рухын нығайтады, жігерін күшейтеді.
Ыбырай Алтынсариннің білім және тәрбие беру мақсаттары өмір талабынан туып, қазақ халқының жалпы мұң- мұқтаждарымен астарласып жатыр. Ыбырайдың педагогикалық мұраты балаларға «жан-жақты және кең көлемде білім беру».
Ол оқыту процесінде:
1) Білім беру мен тәрбиелеуде мұғалімнің рөлін жоғары қойды.
2) Оқу-материалдық базасының шешуші маңызын атап көрсетті.
3) Оқулықтарды таңдап ала білуге үлкен мән берді. Инспектор ретінде тиісті оқулықтарды әуелі өзі оқып шығып, кейін қажет деп тапса, мектепте пайдалануға ұсынып отырды.
Ыбырай барлық уақытта оқу бағдарламаларымен шектеліп қалмай, оларды кеңейте, қолға түскен қосымша материалдармен толықтыра түсуді оқушылардан талап етіп отырды. Білім беруде кітапхананың орны ерекше бағаланады. Ол: « Жақсы білім беру керек, қалай болса солай, оқытуға болмайды», «Оқытатын кітаптар ғылымға негізделуі тиіс»,-деді.
Ыбырай Алтынсарин адамгершілікке тәрбиелеу идеясын көтерді, оны шешу жолдарын іздестірді. Бұл жағынан алғанда ол революцияшыл демократтар мен орыс педагогикасы классиктерінің негізгі идеяларын толық меңгерді. «Оқушылар кейіннен парақор болмас үшін, олардың өнегелі болып өсуіне жәрдемдесуге барлық күшіммен тырысамын».-деді. Оның өлеңдері (аудармалары) мен әңгімелерінің (аудармалары) түгелдей тәрбиелік мәні бар.
Білім мен тәрбие ісінде рухани-мәдени құндылықтарды игеруді, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай туғызуды тарихи мұраларға жаңаша көзқараспен қарауды өмір қажет етіп отыр. Қазіргі Республика мектептеріне білім беру және тәрбиелеу теориясы жөнінде бағыт нұсқаушы материалдар аз емес. Жаңалықтармен қатар өткен мұраларға барынша мұқият қарап, бүгінгі күн талабына сай талдап, оның ішінен пайдалы ілімдерді ала білу ұлттық мектептер үшін аса қажетті шарттардың бірі. Әсіресе Ы.Алтынсариннің педагогикалық теориялық ілімдерінің орны ерекше.
Мысалы: Ы. Алтынсариннің әдебиет саласындағы еңбектері- тәрбиелік міндеттерді тікелей жүзеге асыруға болатын әдістемелік мұра. Қазақ ауыз әдебиетімен етене таныс Ы.Алтынсарин фольклорлық материалдарды кеңінен пайдалану арқылы ұлттық сана тәрбиелеуді жүзеге асыруға жол ашады. Мектеп бағдарламасында берілген «Бай баласы мен жарлы баласы» , «Таза бұлақ», «Қыпшақ Сейітқұл, «Атымтай Жомарт» сияқты шығармаларынан адамгершілік, еңбек тәрбиесінің маңызы мен мәнін тереңінен ұғынуға болады. Ы.Алтынсариннің түсінуінше, еңбектің мәні, еңбектің маңызы адамға керекті қажетін өтеп, оны қанағаттандырып көңілін жай етуінде ғана емес, Алтынсариннің еңбектің әлеуметтік маңызын атап көрсетуінде. Езу, зорлау, біреудің еңбегін иемдену –бұл қоғамның соры, қазіргі әлеуметтік тәртіптің кемшілігі. Қазіргі ХХ ғасырда да осы мысалдарды толығымен келтіруге болады. Әрине, өмір тұрғысынан алғанда мысалы қазіргі жастарымыз өте ақылды, соңғы шығыл жатқан ғылыми техниканы меңгерген. Еліміздің болашағы үшін шетелдерде білім алып жүрген жастарымыз қаншама, бірақ осы айтылғандарды үлгі ете отыра, басқаларын тәрбиелеуіміз керек. Сол сияқты «Атымтай Жомарт» арқылы көп нәрсені оқушыларға ұғындыруға болады. Ол бай бола тұрып еңбекті жоғары бағалайды. Еңбек етуді сүйеді. Ол үстіне ескі киім киіп шөп тасып, жұмыс қылады. Бір күні оған жақын-туыстары келіп:
- Жомарт, таусылмас дәулетің бар, ашқа-тамақ, жалаңашқа-киім, үйсіздерге-үй болдыңыз. Сөйте тұра өз басыңызды кемшілікке салып, жарлы кісіше отын кесіп, шөп тасып жұмыс істейтініңіздің мәні қандай? - дейді.
Сонда Атымтай оларға былай деп жауап беріпті:
- Бұған төрт түрлі себеп бар. Оның әуелгісі - әдемі ат, асыл киім, асқан байлықты әдет етсең көңіліңе жел кіргізеді. Сол желіккен көңілмен өзімнен дәрежесі төмендерге жерініп, көз салмай, мастанып, жетім-жесірлерге жәрдем беруді ұмытып кетемін бе деп қорқамын.
Оның екіншісі - бар бола тұрып, жұмыс қылсам, мұнымның кемшілік емес екендігін кейінгілер біліп, өсиет - өнеге алсын деймін. Оның үшіншісі - күн сайын өз бейнетіммен, өз
еңбегіммен тапқан бір-екі сомға нан сатып алып жесем, бойыма сол тамақ болып сіңеді, еңбекпен тапқан тамақ тәтті, сіңімді болады. Оның төртіншісі - Атымтайдың айтуынша, еңбекті сүю - адамның адамгершілігін арттыратындығында.
Ы. Алтынсариннің келесі бір шығармасы «Бай баласы мен жарлы баласы». Асан мен Үсен әңгімесі - шындық реалистік әңгіме. Осы әңгімесінде Алтынсарин бүкіл ағартушылық еңбегінің негізгі сырын, әлеуметтік тенденциясын айқын ашып береді. Үсен арқылы еңбекші бұқараның жас ұрпағының еңбек сүйгіштіпін, әр нәрсенің ретін таба білетіндігін көрсетеді. Ал Асан бейнесінен мұндай қасиет байқалмайды. Үсен бейнесінен тек еңбек
сүйгіштіктен басқа, дәрменсіз Асанға көмегі оның адамгершілік жағынан бейнесін сондай түседі. Мұнда қазақ өміріндегі Асанға лайық ұқсас мінездерін айқын көрсетіп береді. «Ол жастайынан сұрағанын әперетін, дегенін істейтін кісісі болғандықтан жатып ішер болуға әдеттенеді»… «Ол еш нәрсе істеуге әдеттенген жоқ, демек, өзінің не істей алатынын, несі жоқ екенін жақсылап айыра алмайды». Осы жерде қорытынды жасай кететін болсақ: мұндай балалар қазірдің өзінде де кездесіп отырады. Олар әке-шешелерінен көмек күтіп таңнан кешке дейін отырудан тайынбайтындар кездессе, керісінше бос уақыттарында пайдалы іспен айналысып, ата-аналарынан көмектерін аямайтын балаларды да жиі кездестіруге болады. Осы әңгіме арқылы мектеп оқушыларына жақсы мен жаман, кедей мен бай, сараңдық пен жомарттық туралы сөздермен біраз мағлұматтар беруге болады.
Ы.Алтынсариннің еңбектерін орыс сыныптарында да салыстыра отырып қолдану өте тиімді деп ойлаймын.
Қазіргі таңда қазақ жазба әдебиетінің үлгілерін орыс тілді аудиторияда оқытудың әдістері жолға қойылып, қолданылып келеді. Қай іс болсын ең алдымен жан-жақты іздену мен мол материалды жинақтаудан басталып, оларды бірізділікке түсірумен аяқталатыны белгілі.
Ы.Алтынсариннің ой өнері мен қызметін үйрету, білгізу, жалпы, әдебиет, педагогика тарихына үңілу аса қажетті нәрсенің бірі.
Ы. Алтынсарин хрестоматиясы мектепте ұлт тілін үйренудің тамаша бастамасы болды. Ыбырай хрестоматиясына халық әдебиеті мен жазба әдебиеті идеясының мазмұнды, ең жақсы үлгілері енді де, мәтіндерде білімділік, тәрбиелік және эстетикалық жағы түгел қамтылды. Мектепте орыс тілін үйретуге байланысты Алтынсарин аударма әдісі дейтін жүйені енгізді. Алтынсариннің жүйесіндегі аударма әдісі сөйлеудің алғашқы даму сатысында үлкен орын алады.
Екінші, үшінші сатыда табиғи әдіс басым болады, бұл әдісті қолдану орыс әліппесін және оқитын алғашқы кітаптарды пайдалануға, маңайдағы заттар мен құбылыстар туралы оқушылармен әңгіме өткізуге тиісінше жол ашады.
Ы.Алтынсариннің еңбекке қатысты шығармаларымен таныса отырып, философиялық ой түюге болады, ол ұлы ұстаздың әдептілік қағидаларынан шығады. Бұл қағидалар мен өлшемдер адамгершілік тәрбиесінің негізгі мұраты, өйткені адамға мағыналы өмір сүруі үшін белгілі бір мақсатқа қарай әрекет жасауы керек, ол - еңбек әрекеті. Осы жолда адам көптеген қарама-қайшылықтарды жеңе отырып өзіне қанағат алады. Пайда болған қанағат келесі қажеттілікті тудырады, қажеттілік әрекет етуге жетелейді, ол жаңа мақсаттың орындалуына ұмтылу болып табылады. Ы.Алтынсариннің еңбек идеялары осындай диалектикалық заңдылықтар негізінде іске асады. Еңбектің адам өмірінде атқаратын міндетінің зор екендігін жөне ол өмір сүрудің мағынасы мен мазмұн дәрежесінің көрсеткіші екендігін өзінің балаларға арналған әңгімелері арқылы дәлелдейді. Енді солардың бірне шеуінен мысал келтіретін болсақ, Ы. Алтынсариннің «Сәтемір хан» әңгімесінде кішкентай ғана ақсақ құмырсқаның қайта-қайта құлағанына қарамастан қабырға арқылы үйдің төбесіне шыққанын көріп отырған Сәтемірге мынадай ой келеді: «Өзі ақсақ құмырсқа еңбектене отырып өзінің мақсатына жетті, ал мен болсам, түк бітірмей жүрмін. Маған мына құмырсқадан үлгі-өнеге алу керек екен» деп, ақырында өз елінің ақылы толған патшасы болыпты. Бұл әңгімеден еңбек үлкен мұратқа жеткізіп, қуаныштар әкелетінін, ол қуаныш қажеттілітен туған мақсатқа жету идеясын көрсетеді.
Ы.Алтынсариннің еңбек арқылы дүниетаным туралы көзқарасы қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Адам өмірінде еңбек бақыт, қанағат пен қуаныш әкеледі және еңбек адам өмірінің физиологиялық қажеттілігі болып табылады. Ы.Алтынсариннің көптеген шығармалары өмірдің мәні және мағынасы екені дәлелдейді, ол адам өмірін еңбек әрекетінсіз мәнсіз деп есептейді. Еңбек әрекетінің біткені - өмірдің біткені. Ал біреудің еңбектерімен күн көру арамтамақтың және ақымақтың, яғни адалдық қасиеттің жоқтығы. Бір кездегі Ы.Алтынсариннің ойлаған арманы, еңбек идеялары, қазіргі заманда адам өмірінде орын тапты. Педагогтың осындай прорессивті идеялары мектептің оқу-тәрбие жұмысы арқылы іске асып отыр. Атап айтқанда, Ы.Алтынсариннің әңгімелері төменгі сыныптарда оқу үрдісі арқылы жүзеге аса, кейбір сыныптарда тәрбие сағаты, сыныптан тыс оқу, конференцияларда, еңбек тәрбиесіне байланысты диспуттарда іске асады.
Ы.Алтынсариннің еңбек туралы пікірлері, идеялары қазіргі біздің экономикалық жағдайларға қойылатын талаптармен сәйкес келеді.
дайларға қойылатын талаптармен
Қазіргі қоғамымыздағы өзгерістерге байланысты пайда болған әлеуметтік жағдайларда еңбек етпеген адам өмір сүре алмайды, қайыршылыққа, өлімге дейін барады. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеуде оның шығармаларынан аларымыз өте мол.
Қорыта келгенде, Ыбырайдың балаларға, жалпы алғанда, жастарға төлім-тәроие берудегі қуаты күшті асыл мұрасын жеткіншектер тәрбиесіне пайдалана білудің берері көп. Ы.Алтынсарин жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерінде орыс ағартушыларының еңбек-терін өте жоғары бағалады.
Орыс әдебиеті классиктерінің еңбектерімен танысу, Л.Толстой, К.Ушинский сияқты белгілі ағартушылардан үйренуі, Алтынсариннің өмірге көзқарасын тереңдете түсті, қазақ қоғамының негізгі мәселелерін дұрыс танып, оларға нақтылы пікір айтуына жәрдемін тигізді.
Ұлы ағартушы орыс-қазақ халықтарының достығының дәнекері, тарихшы, этнограф, қазақ даласына тұңғыш рет білім нұрын шашқан ардагер азамат Алтынсаринді туған елі ешуақытта ұмытпақ емес. Оның асыл шығармалары жас ұрпақты адамгершілік қасиеттер-ге тәрбиелеуде баға жетпес рухани қазына болып, қала бермек. Ыбырай атамыз былай деген екен: «Мектеп -қазақтарға білім берудің негізгі кілті. Бар үміт те, қазақ халқының келешегі де осы - мектепте. Ал біздің үміт артатынымыз - болашақ ұрпақ.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. Алматы 2000ж.
2. Ә. Сыдықов. Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі. Алматы, 1969ж.
3. «Қазақстан мұғалімі» газета Алтынсариннің жастар тәрбиесі жөніндегі еңбектері. 12 қараша 1993ж. 3-бет.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Кудербекова А.С.