Материалдар / Ыбырай Алтынсарин библиографиялық тізімі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ыбырай Алтынсарин библиографиялық тізімі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жерде Ы.Алтынсарин жазған хаттары мен шығармалары, аудармалары, өмірбаяны жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2023
281
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМІ


ЫБЫРАЙ (ИБРАҺИМ) АЛТЫНСАРИННІҢ ӨМІРІ МЕН

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША АНЫҚТАМА

1841 жыл 20 қазан. Бұрынғы Торғай облысының Арқарағай болысында (Қазіргі Қостанай облысының Алтынсарин ауданында) дүниеге келген. Əкесі – Алтынсары Орта жүз, қыпшақ тайпасынан, анасы Аймен арғын Шеген бидің қызы.

1844 жыл. Қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымовтың Балғожа Жаңбыршыұлының аулын бірнеше рет шапқаны тарихтан белгілі. Сондай бір қақтығыстың бірінде əкесі – Алтынсары қазаға ұшырап, төрт жасар Ыбырайды Жетібай Өтемісов деген азамат аман алып қалады. Ыбырай атасы – Балғожаның тəрбиесінде ержетеді.

1846 жыл 5 наурыз. Балғожа би Орынбор шекара комиссиясының төрағасы генерал-губернатор М.В.Ладыженскийге немересі бес жасар Ыбырайды ашылмақ мектебіне қабылдауды сұрап арыз береді.

1850 жыл 23 тамыз. Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналып ашылған жеті жылдық мектепке Ыбырай отыз баланың бірі болып қабылданады. Қазақ балалары мектеп табалдырығын аттағанда, орысша бір ауыз сөз білмеген. Оқушылардың мектептегі жағдайы мен киім кию салттары қазақтардың далалық өміріне бейімделген: салт атпен жүруге, гимнастикалық жаттығулар жасауларына ерекше көңіл бөлінген. Ойын мен оқу алма-кезек ауыстырылып отырған: баланы думанға толы өмірінен алыстатпау керек деген ереже басшылыққа алынған. Сол себепті, сабақтың санын азайтып, оқушылардың еркін ойнап, таза ауада көбірек болуларына қамқорлық жасалған.

Мектепте жаратылыстану жəне гуманитарлық пəндер оқытылған: ана тілі, орыс тілі, татар тілі, география, арифметика, геометрия, əн-күй, гимнастика. Əрі əдеби-музыкалық кештер ұйымдастырылып тұрған.

Баланы қорқытып, сескендіруге тыйым салынған, қорыққан баланың тілі кекеш болады деп білген, еңбекті қадірлеуге, кішіпейіл, ұқыпты болуға үндеген.

Қазақ балаларына арналған бұл алғашқы мектеп болғандықтан, оған «баламызды шоқындырып жібереді» деп қазақтардың көбі сенімсіздікпен қараған. Бұл жайында Мұхтар Əуезов 1923 жылы «Шолпан» журналында жарық көрген «Ыбырай Алтынсарин» деген мақаласында: «Сонымен школға бала бермегендердің көбі, «Əлде қандай болып кетеді?» деген сенімсіздік көзбен қарады. «Сынайық», «көп болса, бір бала садақа болар» дегендей қылды. Мұны, школды ашушылар білген еді. Сондықтан олар школ ашылғаннан бастап, ел арасында жайылған «Дақпыртын» сөзі орынсыз екендігін көрсету жағын өте қарастырады.

1850 жыл 23 тамыз. Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналып ашылған жеті жылдық мектепке Ыбырай отыз баланың бірі болып қабылданады.

  1. жыл. Он алты жасында оқу бітірген Ыбырай ауылына келіп екі жыл атасы Балғожаның қарамағында тілмаштық қызмет атқарады.

  2. жыл, 8 қазан. Орынбор жəне Самара генерал-губернаторының шешімімен Зауряд-Хорунжий шені берілді.

  3. жыл 1 тамыз. Орынбор облыстық басқармасында кіші тілмаш қызметінде болады.

  4. жылы облыстық басқарма Орынбор бекінісінде (Қазіргі Жанкелдин ауданы) қазақ балаларын оқытатын бастауыш мектеп ашуды жүктейді, əрі өзі сол мектепте орыс тілінен сабақ беретін мұғалім болып тағайындалады.

1864 жыл 8 қаңтар. Торғай қаласында қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп ашылды. Мектеп ашу салтанатына қазақ ауылдарынан 200-дей беделді адам қатынасты.

Ы.Алтынсарин Н.И.Ильминскийге 1864 жылдың 8 қаңтарында жазған хатында. «Осы жылы январдің 8 күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оған 14 қазақ баласы кірді, бəрі де жақсы, есті балалар» деп қуана жазды.

1867. Тыңғылықты қызметі үшін 25 ақпанда Хорунжий шені берілді.

  1. жыл. Орынбор генерал-губернаторлығы екі əкімшілікке: біреуі – Торғай облысы, екіншісі Орал. Торғай облысына ол жылдары Қостанай, Торғай, Ырғыз жəне Ақтөбе уездері қарайтын. Ы.Алтынсарин Торғай уездік сотының уақытша қызметін атқарды. Ол сот бола жүріп, қорғансыз, қарапайым қазаққа қорған бола білді, қолынан келгенінше көмек жасады, шовинистердің жөнсіз əрекеттеріне жол бермеді.

Осы жылы 1 маусымда Сыр бойындағы Жапбас биінің руы Шолақ Əбілевтің қызы Айғанысқа үйленді [ҚМОА, 25 қор, 1-тізбе, 2557-іс, 26 парақ].

  1. жыл, 2 қаңтар. Торғай – облысы Торғай уезі басқармасының іс жүргізушісі (письмоводитель) болып тағайындалды.

  2. жыл. Ресей Географиялық Қоғамының Орынбор бөлімшесінің №1 запискасында «Орынбор ведмостовасы қазақтардың өлген адамды жерлеу жəне оған ас беру дəстүрі» жəне Қазан университетінің баспаханасынан «Орынбор ведмостовасы қазақтарының құда түсу жəне той жасау дəстүрлерінің очеркі» деген этнографиялық мақаласы жарияланды. Қазақтар арасындағы жаңа тəртіпті енгізу ісінде атқарған қызметі ескеріліп, 1870 жылдың 13 ақпанында үшінші дəрежелі Станиславский орденімен марапатталды. Орынбор генерал-губернаторының рұқсатымен 1870 жылдың 6 тамызынан 15 қазанына дейін жəне 1871 жылдың 20 тамызынан 20 қыркүйегіне дейін Орынбор генерал-губернаторының рұқсатымен Торғай уездік сотының, 1871 жылдың 14 қарашасынан 1872 жылдың 1 қарашасына дейін Торғай уезі бастығының аға көмекшісі, ал ол жоқ кезде уезд бастығының да қызметін атқарды.

1874 жылы Ы.Алтынсарин облыс география қоғамына мүше болып сайланды.

1876 жыл. Петербург жəне Қазан қалаларына барды: Географиялық қоғамның көрнекті ғалымдарымен кездесті, қазақ халқының этнографиясы мен фальклорына қатысты мол деректер жинады.

  1. жыл 22 тамыз. Торғай облысы бойынша орыс-қазақ училищелерінің инспекторы қызметін атқарушы болып тағайындалды. Ыбырай бұл қызметке тоғыз жылдан кейін, яғни 1888 жылдың 28 қазанында ресми түрде бекітіледі.

  2. жылы – Ыбырай Алтынсариннің идеясымен Орынбор, Торғай қалаларында ер балаларға ағаш ұсталығын, ал қыз балаларға киім тігу үлгілерін үйрететін қолөнер жəне ауылшаруашылық мектептері ашылды.

1884 жылы – Қазан қаласында «Шариат-ул-Ислам» деген кітапшасы араб графикасымен басылып шықты. Онда құран сөзін қазақшалап түсіндіре алмайтын дүмше молдалардың сауатыздығы қатты сыналады.

  1. жыл 17 шілде – Қостанай қаласынан 3 шақырым жердегі Тобыл өзенінің бойында, «Инспектор» көлінің жағасындағы өз үйінде, 48 жасында қайтыс болды.

«Дала уалаяты газетінің» 1889 жылғы №3 санында «Минақиб, Ибраим Алтынсарин» деген некролог жарияланды. Ол өте инабатты, зейінді, зерек, қазақ арасына Европаның білім-ғылымын шашқан, ақылды, білімді адам болған, деген жоғары баға берілді.

  1. жыл 29 қаңтар. Сенаттың №25 жырлығымен статский советник атағы берілді.

Біз Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы жайындағы бұл қысқаша анықтаманы жазғанда, негізінен профессор С.Садырбаев түзген анықтаманы басшылыққа ала отырып М.Əуезовтің «Шолпан» журналында жарық көрген «Ыбырай Алтынсарин» атты еңбегіне, сондай-ақ ХІХ ғасырда жəне ХХ ғасырдың басында патша өкіметінің отаршылдық əкімшілігінде қызмет атқарған қазақ даласы элитасының өкілдеріне арналған əліпбилік, есімдік, формулярлық, тағы да басқа мұрағаттық құжаттар енгізілген «История Казахстана в русских источниках XVІ-ХХ веков» [VІІІ т.часть, 2 стр 403] кітабына сүйендік.

ЫБЫРАЙ БАСЫЛЫМДАРЫ

1.Қазан төңкерісіне дейінгі басылымдары жəне

Ыбырай туралы жазылған материалдар

  1. Қырғыз хрестоматиясы.

Бірінші кітап. Оренбург, 1879. 100 б. Кітапта: Сөз басы. – Кел, балалар, оқылық. – Өнер – білім бар жұрттар (Өлеңдер.)

  1. Уақ əңгіме – ертегілер: 1. Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш. 2. Сатемір хан. 3. Абылай хан. 4. Талаптың пайдасы. 5. Əке мен бала. 6. Асыл шөп. 7. Бақша ағаштары. 8. Бір уыс мақта. 9. Алтын шеттеуік. 10. Шеше мен бала. 11. Аурудан аяған күштірек. 12. Мейірімді бала. 13. Полкан деген ит. 14. Тышқанның өсиеті. 15. Ізбасты. 16. Түлкі мен ешкі. 17. Қарға мен түлкі. 18. Қарға мен құрт. 19. Сауысқан мен қарға. 20. Жан-жануарлардың дауласқаны. 21. Қара батыр. 22. Байұлы. 23. Жəнібек батыр. 24. Бай мен жарлы баласы. 25. Баланың айласы. 26. Оқудағы балалардың үйіне жазған хаттары. 27. Балғожа бидің баласына жазған хаты.

  2. Үлкен кісілер турасындағы əңгімелер: 1. Ғалым кісі. 2. Лұқпан əкім. 3. Зеректік. 4. Силинчи деген ханым. 5. Малды пайдаға жарату. 6. Дүние қалай етсең табылады. 7. Білгеннің пайдасы. 8. Қыпшақ Сейітқұл. 9. Таза бұлақ. 10. Əдеп. 11. Қанағат. 12. Мұңсыз адам. 13. Əділдік. 14. Петр патшаның тергелгені. 15. Мұжық пен жасауыл. 16. Жомарт. 17. Сараңдық пен жинақылық. 18. Салақтық. 19. Ақымақ дос. 20. Жаман жолдас. 21. Айуанның естісі көп, бірақ адамдай толық ақылы жоқ. 22. Өтіріктің залалы. 23. Надандық. 24. Жамандыққа жақсылық. 25. Сақып. 26. Тəкаппаршылық. 27. Киіз үй мен ағаш үй. 28. Данышпан қазы. 29. Үш ұры. 30. Үнді. 31. Жиренше шешен.

  3. Əр түрлі өлең–жырлар: 1. Бір ханға бір бидің жамандардан қорлық көргенде айтқан сөзі. 2. Орақ батырдың баласы Əлібек мырзаның бір ханға айтқан сөзі. 3.Сейіт–Ахмет деген жігіттің құрбысына айтқан сөзі. 4. Нұржан бидің бір сөзі. 5. Орынбай ақынның Ерден батырды мақтаған сөзі. 6. Əділдік көрмегені үшін бір төреге айтылған сөз. 7. Бір ақынның əділ төреге айтқан сөзі. 8. Жаз. 9. Өзен. 10. Қобыланды батыр мен Тайбурыл. 11. Өсиет өлеңдер. 12.

Жанақ пен баланың айтысқаны.

  1. Шараят–ұл–ислам – мұсылманшылық тұтқасы. Қазан университетінің баспаханасы. 1884 ж. 76 б.

(Кітап төрт тараудан құралған: I. Иман, оның қазақша мағынасы мен түсінігі. II. Діни міндеттер: Намаз, Ораза, Зекет, хаж т. т. III. Ихлақ–мұсылманға тиісті, тиіссіз мінез–құлықтар. IV. Намазда оқылатын дұғалардың қазақша мағыналары.

  1. Мəктубат – қазақ тіліндегі хрестоматия. Қазан. Чиркованың баспаханасы. 1899. 36 бет

Сөз басы, Уақ əңгіме–ертегілер, балалар турасында. «Абылай хан», – «Əке мен бала».– «Асыл шөп».– «Бақша ағаштары».– «Бір уыс мақта».– Алтын шеттеуік.– Шеше мен бала.–Аурудан аяған күштірек. – Мейірбанды бала. – Тышқанның өсиеті. – Ізбасты. – Түлкі мен ешкі. – Қарға мен түлкі. – Қарға мен құрт. – Сауысқан мен қарға. – Жан–жануарлардың дауласқаны.– Баланың айласы. – Ғалым кісі. – Лұқпан əкім. – Зеректік. – Малды пайдаға жарату. – Дүние қалай етсең табылады. – Білгеннің пайдасы. – Əдеп. – Қанағат. – Əділдік. – Жомарт. – Ақымақ дос. – Киіз үй мен ағаш үй. –Үш ұры. – Өтіріктің залалы. – Надандық. – Жамандыққа жақсылық.– Сақып.– Мақалдар. – Таза бұлақ. – Сараңдық пен жинақтылық. – Сайдахмет. – Əділдік көрмеген үшін бір төреге айтылған сөз.– Жаз.– Өсиет сөздер.

  1. Өтептің өлгені. Қол қойған (Степной А. И.) –Дала уалаятының газеті, 1899, № 15, 16, 17.

  2. Өлең – жыр. – Айқап, 1911, № 1. 13–14 беттер.

* * *

  1. Крылов. Қарға мен түлкі. Қол қойған (И.А.) Дала уалаятының газеті, 1892, № 51, 18 дек.

  2. Крылов. Аю мен жапан түзді мекен қылған жалғыз адамның мəжілісі. Қол қойған (И.А.) – Дала уалаятының газеті, 1895, № 49, 24 дек. (Крыловтың «Пустынник и медведь» деген мысалының қазақша аудармасы).

  3. Минақиб Ибраһим Алтынсарин. – Дала уалаятының газеті, 1889, № 33, (18 август). Некрологта Ыбырай Алтынсариннің өмірі, қоғамдық қызметі туралы деректер берілген.

  4. Сұлтанғазин (Дінше). Біздің қазақ тілі турасында бес–алты ауыз сөз. – Дала уалаятының газеті, 1890, № 6, (9 февраль).

Тіл мəселесіндегі Алтынсариннің көзқарасына тоқтаған.

  1. Қылышбаев Абдрахман. Нұржан бидің оқудағы баласына жазған хаты. – Дала уалаяты газеті, 1892, №51, (18 декабрь).

  2. Господин Əлжанов қазаққа пайдалы кітаптар деп жазғанында. Қол қойған В.К. – Дала уалаятының газеті, 1894, № 47, (27 ноябрь).

Н.И.Ильминский мен Ы.Алтынсариннің орыс алфавитін қазақ тіліне пайдалануы жайлы пікірлері туралы.

2. Ыбырайдың хаттары

.

  1. Н.И.Ильминскийге (1860). Орынбор бекінісіндегі (қазіргі Торғай) қазақтардың балаларын оқытқысы келетіндігі, бірақ мектептің əлі ашылмағандығы, мектеп ашылғанша жергілікті балаларды оқытуға бір пəтер босаттырып беруді ресми түрде Бароннан өтініш жасағаны, бірақ ол өтінішінен ешбір нəтиже шықпағандығы жөнінде айтады).

  2. Н.И.Ильминскийге (1861). (Орынбор бекінісіндегі балаларды оқытудағы қиыншылықтар – атап айтқанда, оқу құралдарының жетіспеушілігі, оларды алуға қаражаттың жетіспеушілігі, ата–аналардың балаларын тек заң үйрету үшін ғана оқытқылары келетіндігі, оқушыларды тəртіпсіздігі үшін сəл жазаласа ертеңіне мектепке жібермей қоятындығы, ал бекіністің бастығы мектептің салынуына зер салмай отырғандығы жəне өз семьясына қаражатының жоқтығынан көмектесе алмай, шаруашылығының нашарлап кеткендігі, міне, осындай себептерден мұғалімдік қызметтен босатуын сұрап Лев Николаевичке өтініш еткенін, осы мəселе жөнінде Николай Ивановичтің Лев Николаевичпен сөйлесіп, бір жəрдем көрсетуін өтініп жазады.)

  3. А.А.Бобровниковке (1861, 6 июнь). (Хатта Орынбор бекінісінде əлі мектеп салынбағаны, қызмет жөніндегі бір іспен айналысайын десе – ешқандай іс жоқ, оқиын десе кітап жоқ. Əбден жалғыздықтан жабырқағаны туралы, қымбат уақыттарының зая кетіп жатқаны туралы айтады).

  4. Н.И.Ильминскийге (1861, 30 авг.) (Хатта Орынбор (Торғай) бекінісінде əлі ешбір өзгерістің жоқтығы жайында, өзінің семья жағдайына байланысты қазақ арасына жіберуін өтініп, генералға хат жазғаны жайында айтады).

  5. Н.И.Ильминскийге (1862). (Хатта Ильминскийдің қазақтарға орыс тілін үйретуге арналған оқу құралы – жетекші оқу құралы болып отырғандығы жөнінде, əлі күнге бекіністен туған жеріме жіберіңіз деген өтінішімен санаспай, жібермей отырғандығы жөнінде, өзінің қазіргі кезде қазақтың əр түрлі əдет–ғұрыптары жөніндегі мəселелермен шұғылданып жүргендігін, реті келсе, оларды жазып жіберетіндігін хабарлайды).

  6. Е.С.Ильминскаяға (1862, 26 янв.) (Хатта Екатерина Степановнаның сəлеміне рахмет айта отырып, ол кісіден Николай Ивановичке жиі хат жаздырып тұруын өтінеді).

  7. Н.И.Ильминскийге (1862). (Н.И.Ильминскийдің «Материал» деген шығармасын оқып шыққанын, онда кездескен аздаған қателерді Қазанға барғанда айтатындығын хабарлайды, сонымен қатар «Балалар дүниесінен» де (Детский мир) бір мақаланы қазақшаға аударып көргелі отырғанын хабарлайды).

  8. Н.И.Ильминскийге (1862, 27 авг.) (Жіберген кітаптарына рахмет айтып, ризалығын білдіре отырып, келесі почтамен өзінің дайындап жатқан жұмыстарын жіберетіндігін хабарлайды).

  9. Н.И.Ильминскийге (1864). (Хатта осы жылдың 8 январь күні Орынбор бекінісінде көптен күткен мектептің ашылғанын, оған 14 қазақ баласының оқуға келгенін қуанышпен хабарлайды. Оқушыларға қалай сабақ өткізетіндігін айта келіп, 5–6 самоучитель жəне балалар үшін пайдалы деп табылатын тағы басқа кітаптар жіберуін сұрайды. Петербургке немесе Қазан қаласына барғысы келетінін хабарлайды).

  10. Н.И.Ильминскийге (1864 ж., 14 апрель). (Бірнеше самоучитель жəне басқа кітаптар, тым болмаса «Балалар дүниесін» жіберуді сұрайды).

  11. Н.И.Ильминскийге (1871). (Бұл хатында Ильминскийдің қазақ арасында орыс алфавитін енгізгісі келетін пікіріне қарсы еместігін, татар медреселерінде оқитын қазақ шəкірттерінің саны азаймай отырғандықтан, орыс алфавитін қазақ арасына енгізудің қиындығын айтады. Жаңа мектептердің қандай негізде ашылатындығы, оның жағдайын сұрайды жəне Ильминскийден қазақ сөздігінің, немесе сол сөздікке арналған материалдардың бір данасын жіберуді өтінді).

  12. Н.И.Ильминскийге (1873). (Хатта Халық ағарту министрінің ұсынысы бойынша Торғай соғыс губернаторы өзін қазақ балалары үшін орыс алфавитімен жазылатын оқу құралын құрастыруға қатысу үшін өзін Қазанға жібергелі жатқанын хабарлайды. Осы жағдайды пайдаланып өзінің өлеңдерін, аудармаларын, ескертулерімен қоса дайындап қойғандығы жайлы хабарлайды).

  13. Н.И.Ильминскийге (1873 ж. 7 июнь). (Бұл хатында Ильминскийден Қазанға қанша уақытқа баратындығын хабарлауды өтінеді).

  14. Н.И.Ильминскийге (1876). (Бұл хатында қазақ тіліндегі оқулықтың бірінші кітабын Паульсон кітабының құрастырылу тəртібімеп жазып шыққалы отырғанын хабарлайды. Екінші кітабын табиғат құбылыстары, табиғат күштері туралы, тарихи жəне географиялық – ғылыми əңгімелерден құрастырғысы келетіндігін айта келіп, осы жоспарларына Ильминскийдің қалай қарайтындығын хабарлауын сұрайды).

  15. Н.И.Ильминскийге (1877). (Бұл хатында Катаринский арқылы қазақ мектептерін басқаратын инспектордың көмекшісі болып қызмет ет деген ұсыныс алғандығын, оған өзінің қарсы еместігін, сонымен қатар Ильминскийдің самоучителін қазақ арасына түгел таратылғандығын хабарлайды).

  16. В.В.Катаринскийге (1879). (Хатта өзінің қаражатының жоқтығынан Қазанға бара алмайтынын хабарлайды, онда басылып шыққалы жатқан кітабына сонда оқып жүрген Шуақовтың корректор болуын сұрайды).

  17. В.В.Катаринскийге (1879, 9 ноябрь). (Хатта Хрестоматияның басылуы аяқталып қалғанын, Ырғызға оқытушы жіберілгенін, бірақ Ырғыздағы мектепке əлі шаруашылық құралдары стол, орындық, парта т. б. алынбағанын хабарлайды).

  18. В.В.Катаринскийге (1879, 17 ноябрь). (Хатта қазақ хрестоматиясының басылып болғандығын, Орынбор округі үшін оның қанша данасын қалдыру керектігін, Түркістан округіндегі халық мектептерінің директорларына жəне Сибирь округінің оқу жұмысын басқарушыға қалай хабарлау керектігін жəне Катаринскийдің өзінің қарамағындағы мектептерге қанша кітап жіберу керектігі жөнінде пікірін білдіруді өтінеді).

  19. Н.И.Ильминскийге (1879, 25 ноябрь). (Бұл хатында лайықты оқытушы жоқ болғандықтан болыстық мектепті ашуға асығудың қажеті жоқ екендігін, ал білімді оқытушылар аздаған табысқа бола қазақ арасына барып көшіп– қонып, қыстап–жайлап жүруге көнбейтіндігін айтады. Əуелі, қазақ арасында жақсы жабдықталған бір–бір екі кластық немесе үш кластық мектеп ашу керектігін, бұл жобаға бастықтардың да қарсы еместігі жайын баяндайды).

  20. В.В.Катаринскийге (1879, 27 декабрь). (Бұл хатында көптеген жол азабын көріп, Орынбордан Торғайға келгенін, енді, жаңа мектептер туралы жобаны ойластыру қажет екенін, Ырғыз бен Торғайдағы жас оқытушылардың жайын, қай пəндерге қандай оқу құралдарын қолданған жөн екенін айта келіп, өзінің қазақ балаларын оқыту жөніндегі жоспарын (1–класс жəне 2–класс үшін) ұсынып, Катаринскийдің пікірін білдіруін сұрайды).

  21. В.В.Катаринскийге (1880) (Ырғыз бен Торғайда мектеп үйлері салынып біткенін, жабдықтау жағының да жаман емес екендігін айта келіп, Торғайдағы мектептің бұрынғыдан екі есе үлкейгендігі, оған керекті қаражатты да көбейтуді қажет ететіндігі, азық–түліктің бағасы қымбаттағандықтан мектептегі жатып оқитын балалардың тамақ жағдайы нашарлап кеткендігі, осы мəселелерді ойластырып шешу қажеттігі жайында).

  22. В.В.Катаринскийге (1880). (Бұл хатында Тройцк, Ырғыздағы мектеп үйлерін сол жерлердегі уезд начальниктері өздеріне пайдаланып, оқушыларды жаман лашықтарға орналастырып, оқу тəртібін бұзып отырғандарын хабарлап, осы мəселені тəртіпке келтіру қажеттігі туралы айтылады).

  23. В.В.Катаринскийге (1880, 4 апрель). (Хатта Тройцкідегі мектеп жетекшісімен уезд начальнигі арасындағы жанжалды біршама реттеу қажеттігі, Ырғыздағы мектеп шаруашылығының түзелгендігі, Торғайда жалпы жобаға сəйкес жаңа мектеп салу жұмысына рұқсат алынғаны жəне Ырғыз мектебінің сметасын қайта қарау керек болып отырғандығы жөнінде хабарланады).

  24. В.В.Катаринскийге (1880, 7 апрель). (Хатта Торғай мектебін салудағы көптеген қиыншылықтар, хрестоматияның екінші бөлімін құрастырып жатқаны, бұл бөлімнің мазмұны қандай болатындығы жайында, география жəне тарих оқу құралдарынан Торғай мен Ырғыз мектептеріне жіберу қажеттігі, «Орынбор листогіне» Торғай қазақтарының басына түскен апаттар туралы мақала, жариялағаны жөнінде хабарлайды).

  25. А.А.Мозохинге (1881). (Хатта салынып бітпеген мектепке қажетті заттар, оларды қайдан алу керектігі, мектепке аспаз жəне өзі барғанша 6–7 шəкірт дайындап қоюын талап етеді).

  26. Н.И.Ильминскиге (1881, 4 октябрь). (Ильминскийдің Торғай облысына жіберген оқытушылары үшін ризалықпен рахмет айтады. Өзінің ендігі ойы қазақ уездерінің өз ортасынан, неғұрлым тезірек, мектеп ашып, оның негізін берік қалау керек екендігі, Торғайда, Ырғызда мектеп үйлері дайын, ал Елек, Николаевск уездерінде мектептер салуға керекті қаржының жиналып болғанын, Торғайда «Яковлев мектебі» деп аталатын ерекше қолөнер мектебін ашпақшы болып жатқандарын хабарлайды. Сонымен қатар Ильминскийден келешекте іскер оқытушылар жіберіп, қазақ халқын оқыту ісіне көмектесуін сұрайды жəне қолөнерін, бау–бақша, огород істерін, мал шаруашылығын, егіншілік кəсібін үйретуге арналған практикалық жеңіл оқу құралдарын жіберуді өтінеді).

  27. А.А.Мозохинге (1881, 21 октябрь). (Мектеп ашуға керекті жіберілген жүктерді, материалдарды қай станциядан, қалай қабылдап алуы керектігі жайында жəне «Народная школа» журналын жаздырып алу қажеттігі жайында).

  28. А.А.Мозохинге (1881, 17 ноябрь). (Хатта оқушыларды оқыту жөніндегі ережелерді, қандай оқу құралдары арқылы оқыту керектігін түсіндіре келіп, бұл жөніндегі негізгі бағытты ұмытпау керектігін тапсырады).

  29. А.А.Мозохинге (1881, 16 декабрь). (Бұл хатында оқушылардың намазға кететін уақытын қысқарту жəне Елек уезінің начальнигіне мектеп шығыны үшін жіберілген ақшаға есеп беру жөнінде т. б.).

  30. В.В.Катаринскийге (1882) (Қазақтардан қаржы жинау жөніндегі губернатордың берген мəліметтерінің дұрыс еместігіне көңіл аударуды талап етеді. Торғайдағы қолөнер мектебінің ашылуы кешеуілдеуінің жайын ескертеді.)

  31. Н.И.Ильминскийге (1882, 29 июль). (Бұл хатында қазақ балаларын тəрбиелеп, оқытып жатқан орыс оқытушыларына мінездеме бере келіп, бұдан былайда оқытушыларды жіберуде жаңашырлықпен қарауды өтінеді).

  32. Н.И.Ильминскийге (1882, 12 сентябрь). (Хатта қазақ арасында Мұхамбеттің діни оқуы жайылып етек алып бара жатқаны, оны тежеу үшін белгілі бір арнаға аударатын оқу құралын жасаудың қажеттігі туып отырғандықтан оқу құралын жасауға кіріскенін, осы оқу құралын бастырып шығартуға Ильминскийдің көмектесуін сұрайды).

  33. А.А.Мозохин (1882, 19 октябрь). (Хатта Торғайдағы мектепке деген акшаның босатылуы жайында жəне сметаға енген өзгеріс болса, хабарлауын т.б. жайында).

  34. А.А.Мозохинге (1882, 19 ноябрь). (Мектепке қажетті қаржыны жібергені жөнінде, оны қалай жұмсау керектігі, уақытымен есебін жіберіп тұруы жөнінде т. б.).

  35. В.Катаринскийге (1882, 2 декабрь). (Оқытушылар мектебінің ашылғанына қуанып, оған Ырғыз, Торғай мектептерінен оншақты оқушылар дайындап қойғанын, бұл жөнінде нұсқау хабар күтіп отырғаны жəне өзінің дін туралы Ильминскийге жазып жіберген оқу құралынан əлі хабар ала алмай отырғаны, бұл жөнінде Катаринский хабардар ма, жоқ па, кешігу себебін білгісі келетіндігі жайында).

  36. Н.И.Ильминскиге (1883). (Дін жөніндегі Қазанға жіберген оқу құралы басылып шықпайтын болғандықтан, Ильминскийден қолжазбаны өзіне қайтарып жіберуін өтінеді).

  37. А.А.Мозохинге (1883, 22 январь). (Бұл хатында оқытушылар сұраған кітаптарды жіберіп отырғанын, келесі почтамен ақша жіберетіндігін хабарлай отырып, мектептегі оқушылар үшін қандай кітаптар жаздыру керегін жəне қандай кітаптардың жеткіліксіз болып отырғанын анықтап хат жазуын талап етеді).

  38. А.А.Мозохинге (1883, 1 февраль). (Губернатордың мектептегі жұмысты бағалағанына өте қуанышты екендігін білдіре келіп, мектеп қаражатын жұмсаудың документтерін тезірек дайындап жіберуді өтінеді).

  39. В.В.Катаринскийге (1883, 4 февраль). (Бұл хатын да Жаманқалада (Орск) жақында ашылған оқытушалар мектебіне Торғай мектебінен–6, Ырғыз мектебінен – 5 оқушы жібергенін, ал Тройцкіден хабар жоқ, одан да оқушылар жіберуге тиісті екендігі, оқыған тəуір мұғалімдердің далаға келе бермейтіндігі, сондықтан да орнығып қалған мұғалімдерді қозғамай, білімін жетілдіріп отыруды сұрайды. Торғайда ашылатын қолөнер мектебіне үй сатып алынғанын, бірақ мектептің Яковлев атымен атау жайы əлі белгісіз екендігін, қалай болған күнде де алдағы көктемде бұл мектепті ашу керектігін айта келіп Катаринскийден жаңа попечительдің бұратаналарды оқыту жұмысына қалай қарайтындығы, осы жұмысқа оның көңілін ерекше аударуын, мектеп жұмысына келешекте де қамқоршы болуы үшін қазақ арасындағы бірсыпыра беделді адамдарды наградаға ұсынғаңдығын, бұл жөнінде попечитель қанағаттандырарлық жауап берер ме екен деген ойда жүргендігін хабарлайды).

  40. В.В.Катаринскийге (1883, 1 апрель). (Бұл хатында қолөнер мектебін Яковлев мектебі деп атау женінде ресми рұқсат алғанын, осы мектепке ағаш– балта ұсталығы өнерінен сабақ беретін оқытушы табуға жəрдемдесуін сұрайды жəне өзінің хрестоматиясының екінші бөлімін жазып жатқандығын, Ново-Николаевскідегі мектеп үйін салу жұмысын бастау үшін апрельдің 20-на таман Николаевск уезіне жүргелі отырғаны жайында хабарлайды).

  41. А.А.Мозохинге (1883, 2 апрель). (Оқытушылар мектебіне жіберген оқушыларын бірінші курсқа қабылдағанын қуанышпен хабарлайды).

  42. А.А.Мозохинге (1883, 15 апрель). (Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру жайында).

  43. А.А.Мозохинге (1883). (Бұл хатында жазғы демалысқа шығу мерзімін алдын ала хабарлауын, демалысқа кетерде мектеп мүлкін сенімді адамға тапсырып кетуін ескертеді жəне оқыту жоспарын жасап, өзіне жіберуін талап етеді. Өзінің, Ақтөбеде салынып жатқан жаңа мектепті көру үшін, оған керекті қаржыға смета жасау үшін сонда жүргелі отырғанын хабарлайды).

  44. В.В.Катаринскийге (1883, 2 август). (Бұл хатында өзінің өкпесіне суық тиіп үш ай ауырған себебінен көптен хабарласа алмағанын айта келіп, Торғай, Ырғыз уездері Сырдария губерниясына, ал Николаевск, Елек уездері Орынбор губерниясына қосылады екен деген хабардың анығын білгісі келетіндігін, олай болғанда бұл мектептерді əкімшілік жағынан басқарудың қиындап кететінін ескертеді).

  45. Н.И.Ильминскийге (1883, 15 сентябрь). (Торғайда 95 адамдық «Яковлев мектебі» атты ерекше қолөнер мектебі ашылғанын, онда оқытылатын қолөнер сабағы көбінесе, ағаш ұсталық жұмыстары, жазу–сызу, қыздарға кесте тігу т. б. қолөнер жұмыстарын үйрететін оқытушылар қажет екенін айта келіп, Торғай облысындағы мектептердің жанынан оқытушыларға жəне оқушыларға арналған кітапханалар ашу үшін ақша қаражат жинап қойғандығын хабарлайды. 2–3 кластық халық мектебін бітіріп, қырда жүрген жалпы сауатты адамдар өз білімдерін жалғастыру үшін, білімдерін өз бетімен көтере берулері үшін бұл кітапхананың маңызы зор екенін айта келіп, ендігі өзінің қиналып отырған жері екі–үш кластық халық мектептерін бітіріп шыққан адамдар еркін түсіне алатын, білімнің барлық салаларынан кітаптар жəне оқу құралдарын жинастыру екендігін айта келіп, осы мəселеде көмек көрсетуін өтініп сұрайды).

  46. В.В.Катаринскийге (1884). (Əр түрлі кітаптар жаздырып алу жөнінде попечительдің жасаған ұсынысын алғанын хабарлай келіп, наградаға ұсынылғандар ішінде кейбір қажетті адамдардың қалып қойғанын ескертеді).

  47. А.А.Мозохинге (1884). (Хатында оқушылар мен оқу құралдары жайында нақтылы мəліметтер беруін сұрайды).

  48. А.А.Мозохинге (1884, 4 февраль). (Бұл хатында келешекте ақшаны Елек уезіндегі арнаулы ақша жинаушының кассасынан алып тұратынын, кредитті Мозохиннің өзі билеп, бақылау палатасының алдында енді өзі есеп беріп тұратынын ресми түрде хабарлайды).

  49. В.В.Катаринскийге (1884, 4 февраль). (Келешекте Қостанайда техникалық жəне ауыл шаруашылық училищелерін ашудың жоспары жайында пікір қозғауын өтінеді.)

  50. А.А.Мозохинге (1884). (Осы почтамен Бунаков оқу құралдарын түгел жіберіп отырғанын, оқытушылар мектебіне оқушылар жіберуде өзімен ақылдасудың қажеттігін ескертеді).

  51. А.А.Мозохинге (1884, 5 май). (Хатта Мозохиннің мектебін Ақтөбеге көшірмек болғанын хабарлайды).

  52. Н.И.Ильминскийге (1884, 14 сентябрь). (Торғай облысы бойынша барлық уездерде, қырдағы уездік қалаларда екі класты мектептер ашылғанын, енді бұларды қалалық үш класты мектепке айналдыруды сұранып жүргенін, сонымен қатар ел арасынан болыстық мектеп ашу қажеттігі жəне бүкіл облыс бойынша бір техникалық мектеп ашудың қажеттігі туып отырғанын, бұл мектепте қолөнерінен басқа, қазақтар өздерінің шикізаттарын іске асыра алатын кəсіптер, мысалы тері илеу, байпақ басу, түбіт орамал тоқу, майшам жасау сияқты өнерлер үйретілуге тиіс екенін ескертеді).

  53. Н.И.Ильминскийге (1884, 30 сентябрь). (Қазақтың бастауыш мектептерінде қолөнері сабағын енгізу мəселесінде губернатормен екі арада келіспеушілік болып қалғанын) мұнда Катаринскийдің өзін қолдағанын ризашылықпен хабарлайды. Қазақ хрестоматиясының екінші бөлімін құрастыруда қазақ тарихынан да мақалалар енгізілуге тиісті екендігін, бірақ соған материал таба алмай отырғандығын айта келіп, қазақтар жайында материал Қазаннан табылса жіберуін, немесе сондай кітаптар сатылатын жер болса хабарлауын сұрайды).

  54. В.В.Катаринскийге (1885). (Торғайдағы қоленер мектебіне қажетті оқу құралдар жайында айта келіп, Рождественскийдің «Отан тарихын», оқытушылар үшін оның «Жалпы тарихын» жаздырып алудың қажеттігі жəне осыларға көмектесуін өтінеді).

  55. В.В.Катаринскийге (1885, 12 октябрь). (Попечительмен қыздар мектебі жəне ауыл шаруашылық мектебі жайында сөйлескенін, ал оның қазақтарға білім беру мəселесі, оның тəртіптері жөнінен ерекше бір баяндама жазып жіберуін талап еткенін хабарлайды).

  56. В.В.Катаринскийге (1886). (Болыстық мектептерді ашу жайында попечительден əлі ұсыныс алмай отырғаны жəне бұл жөнінде Торғай əкімшілігі басшыларының жанашырлық жасамай, қайта өзіне жала жауып отырғанын, осындай арсыз өтірік пен жаланың мəн–жайын Орынбордан ресми түрде сұрастырып білуді өтінеді).

  57. Ф.Д.Соколовқа (1886, 12 июнь). (Барлық уездерден болыстық мектеп ашу үшін жиналған қаржыны губернатордың басқа мақсатқа пайдалануды көздеп отырғанын, осыны тоқтату шарасын өтініп сұрайды).

  58. Н.И.Ильминскийге (1886, 18 сентябрь). (Болыстық мектептер жайлы хатын жібере отырып, бұған қарсы жақтардың өте көптігін ескертіп, мəселені Н. И.–дің өзі шешуін тапсырады).

  59. Ф.Д.Соколовқа (1886, 9 октябрь). (Тері илеуге, бояу жасауға қажетті шөптер жіберуге көмектесуін жəне ол жақтағы уездік дəрігерден шешекке қарсы егетін дəрі алып беріп жіберуді өтінеді).

  60. В.В.Катаринскийге (1886, 3 декабрь). (Жаңадан ашылған училищеге үй жəне басқаларын жалдау туралы Қостанай қауымының қаулысын попечительге тапсырғаны туралы хабарлайды).

  61. Н.И.Ильминскийге (1887,19 март). (Красноуфимскідегі реалды училищенің директоры біздерден барған оқушылардың қабылеттілігін мақтап, олардың істеген заттарының үлгісін былғары мен сабынды попечительге, ал ол министрге жіберіпті дей келіп, Торғайда ашылған Яковлев атындағы қолөнер мектебінің ал

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!