Сабақтың
тақырыбы: Ю дыбысы мен
әрпі.
Сабақтың
мақсаты: Ю дыбысы және оның әріп
таңбасымен таныстыру.
Ю дыбысы бар сөздерді оқу және
жазуды үйрену.
Көрнекілігі: кеспе әріптер,
суреттер.
Әдіс –
тәсілдер: түсіндіру,баяндау, сұрақ
жауап,талдау.
Білімділігі: сөздерді буынға бөліп, сөз,
сөйлем құрауға үйрену.
Дамытушылығы: сөздік қорын молайту, ойлау
қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Дыбысты және әріпті таза
жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: І.
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысын
түгендеу. Зейіндерін сабаққа аудару, қызығушылығын
арттыру.
ІІ. Жаңа
сабақ: Үй жұмысын пысықтау, еске
түсіру. Ё дыбысы бар сөздер айтқызу. Оларды буынға
бөлу: ёл
– ка6 шах – тёр.
Ё – қандай дыбыс? Ё – дауысты
дыбыс. Ё дыбысы айтылғанда Й+О болып, ал жазғанда Ё болып
жазылатынын түсіндіру.
Сурет бойынша
әңгіме.
-
Балалар суреттен нені көріп
отырсыңдар?
-
Орманды нелер
мекендейді?
-
Құстар мен
аңдар.
-
Балалар, өздері білетін аңдар
мен құстардың аттарын айтады.
-
Құстар. Тоқылдақ,
торғай.
-
Аңдар: аю, қасқыр,
арыстан.
-
Қазір жылдың қай
мезгілі?
-
Аптаның қай
күні?
-
Дыбысты естиміз,
көреміз.
-
Әріп деген
не?
-
Әріпті көреміз,
жазамыз.
-
Дыбыстар нешеге
бөлінеді?
-
Екі түрге: дауысты және
дауыссыз.
-
Біз Ю дыбысы және әрпімен
танысамыз. Ю дыбысы – ауысты дыбыс. Ю дыбысы бар сөздер айтайық:
аю, ою, жию, қию, Юра, Юнеско.Бұл сөздерге дыбыстық талдау жасап,
буынға бөліп үйренеміз. Аю, ою, жию, қию сөздері буынға бөлінбнйді,
ал Ю – ра, Ю – нес – ко сөздері буынға бөлінеді, біреуінд екі, ал
біреуінде үш буын бар.
Ойын. «Кім
жылдам?»
І топ ІІ топ ІІІ
топ
Әжем ою ойды. Аю бал жеді. Қою
айран іштім.
Оқушыларды Ю ю дыбысының баспа
және жазба түрімен таныстыру, көрсету. Ю дыбысын ауада жазып
көрсету.
Сергіту
сәті: Ормандағы
аюдың
Құлпынайы көп
екен,
Теріп – теріп
алайық
Қалтамызға
салайық.
Дәптермен
жұмыс:
Балалар, дәптерге Ю әрпінің
үлкен және кіші түрін көрсетілген үлгі бойынша жазып
үйренеді:
Ю Ю Ю Ю
Ю
ю ю ю ю
ю
а – ю о – ю қи – ю қо –
ю
Нашар жазып отырған балаларға
жазулары көрсетіп беріледі.
Қорытынды: «Әріптік
жұмбақ»
-
Ұстап әкеп
шеңберді,
Байлап қойдым
бағанға. Шешуі: Ю
әрпі.
-
Жұмбақ:
Қыс бойына
жатады,
Тәтті ұйқыға
батады. Шешуі:
Аю
Үй
жұмысы: Ю дыбысы мен
әрпі.
Бағалау.Сабаққа жақсы қатысып отырған
оқушыларды мадақтау.