Материалдар / Заманауи мұғалім – өмір талабымен «Daryn Teacher»

Заманауи мұғалім – өмір талабымен «Daryn Teacher»

Материал туралы қысқаша түсінік
Заманауи мұғалім туралы және қазіргі ұстаздарымыздың заман ағымына қарай дарынды да мейірімді,қатал болса да балажан болу керектігін сөз еттім.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2021
326
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Заманауи мұғалім  өмір талабымен «Daryn Teacher»

«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады»

К.Д.Ушинский

Алимкулова Стэлла Сыдыковна

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

«Б.Момышұлы атындағы №120 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазіргі уақытта мамандықтардың түрлері өте көп. Қандай да бір мамандық болсын өзінше қызықты да, күрделі. Ал, осы мамандықтардың ішіндегі мұғалiм мамандығы жан-жақты білімділікті, икемдiлікті, шеберлiкті, ерекше балажандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандықтың бірі . Мұғалім мамандығы киелі де, көне мамандықтың бірі. Aдамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе-жас ұрпақты өмір сүруге дайындау немесе бағыттау. Ал бұл қиынның-қиыны. Сeбебі, әр шәкірт -қайталанбас жеке тұлға болады.

          Бүгінгі мұғалімнің мақсаты яғни, «Daryn Teacher» бәсекеге қабілетті өмір сүре алатын білімді,  жаңа технологиядан танымы бар, білімге деген қызығушылығы жоғары деңгейлі,  экономика деңгейіне де шыға білетін ұрпақты тәрбиелеу қажет. Иә, бұл кез-келген мұғалім қолынан келе бермейтін қасиет. Тек қажырлы да,  өз жұмысын жақсы көретін, өз оқушыларын биік шыңға жетелегісі келетін ұстаздың қолынан келеді. Шынында да, төзімділік бар болса, көптеген биік жетістіктерге жетіп, өз жұмысын нақты ойластырып, атқарасың. Төзімділік - адам бойындағы жақсы қасиеттерінің бірі. Төзімді болғанда ғана жақсы бір нәтижелерге жеттуге, нақты дұрыс шешем қабылдауға болады.

         Бүгінгі өмірдің ағымына сай бәріде алға жылжыуы, жаңашылдық даму кезеңі болғаны адамды ізденуге, құрастыруға, шығармашылық тұрғыда жұмыс істететін уақыт болғанын білеміз. Өз тәжірібемізде сандық технологияны қолдансақ та, балаға жаңалық түрде жеткізі аламайтын кезеңдер де болады. Неліктен? Өйткені әр қадамымыз, әрекетіміз жоспарлы түрде жасалу қажет. Бала бойындағы жеке тұлға болып қалыптасатын дәрежеге жетуіміз қажет. Сандық технология арқылы берілген білім өмірде тиімділігі бар, оны дұрыс қолдана алатын жағдайда қалыптастыру қажет.    Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. Мұғалім тек «Daryn Teacher» болып қана қоймай бағыттаушы да бола білуі керек. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де біре-гейі - Мұғалім деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап қарайық.

Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай силау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады. балаға дұрыс білім беру арқылы біз оның жеке тұлға болып қалыптасуына арқау боламыз.

           Қазіргі білім беру үрдісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағдар алынған. Сондықтан әр ұстаз  жан-жақты, әлеуметтік және кәсіби белсенді тұлға қалыптастыру үшін  балалардың танымдық, коммуникативті және тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен түрлерін белсенді қолдануды талап етеді.

         Осының негізінде өз сабағымды жоғары дайындықпен жоспарлап, оқушының жеке қабілеті мен дайындық деңгейін еске отырып, оқушыны ынталандыратындай жаңаша оқыту формаларын мен бүгінгі күні тиімді қолданатын әдіс-тәсілдерді пайдалануды тырысамын.  Инновациялық педагогикалық технологиялардың әдіс-тәсілдері мен жұмыс түрлерін қолданып жүрмін: интерактивті оқыту әдістері, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ойын технологиясы.  Аталған әдіс-тәсілдер мен технологиялар оқытудағы бірсарыңдылықты болдырмауға жәрдемедесіп, оқушылардың шығармашылық және танымдық белсенділігін арттырады. Өзімнің педагогикалық тәжіриебемде жұптық, топтық, ұжымдық оқыту түрлерін қолданамын. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында жағдаяттық тапсырмаларды орындауды қарастырамын.

       Заман талабына сай мұғалім болу бұл өмір талабы ,себебі заман ағысымен бірге сырғуымыз керек .Жаңа технологияның дамыған уақытымен бірге өзіміз де дамып ,болашақ ұрпақтың өмірін жалғастыру-біздің ,яғни мұғалім парызы.

         «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген К.Д.Ушинскийдің сөздерін өзіме бағдар ретінде көремін.

         Әр адамның мақсаты бар, менің де негізгі мақсатым, ол болашақ ұрпаққа бүгінгі уақытта тиімді білім беріп, оларды өз Отанымыздың ұлдары мен қыздары бола алатындай етіп тәрбиелеу, ал бұл мақсатты орындауда мен жаңа әдістерді танып, жинақтауда еңбек ету жолында өз күш жігерімді барынша пайдалануға тырысамын.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ