Материалдар / Заманауи сабақ-тиімді сабақ!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Осы тақырыптағы материалдардың барлығын көріңіз!

Заманауи сабақ-тиімді сабақ!

Материал туралы қысқаша түсінік
Модульдік оқыту жайлы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Сәуір 2021
580
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Заманауи сабақ-тиімді сабақ!

Қазіргі  кезде егемен елімізде білім берудің  жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Соған байланысты Елбасымыздың білім саласына қойған талабы да ерекше. Нәтижесінде білім берудің мазмұны өзгеріп, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.

Біз, ұстаздар, дүниенің кез-келген жерінде білімін жалғастыруға, қызмет атқаруға қабілетті, ғылым мен техниканың кез-келген саласын меңгеретіндей дарынды, қабілетті ұрпақ тәрбиелеуіміз тиіс. Осы мақсатта білім алушыларға білімді жүйелі түрде нақты беру үшін жаңашыл әдіс тәсілдерді қолдана отырып, заманауи сабақ беру жолға қойылды. Танымал ғалым, педагог, философ Джон Дьюидің «Егер біз бүгін балаларымызды кешегідей оқытатын болсақ онда біз олардың ертеңін ұрлаймыз» деген сөздерінің астарында терең мағына жатыр. Қазіргі заманда «заманауи сабақ» түсінігі пікірталастарда ең көп талқыланатын тақырыптардың бірі болып табылады. Әлеуметтік дамудың жаңа сатысына көшу барысында, сабаққа білім беру бойынша жаңа талаптар ұсынуымыз қажет.

     Заманауи сабақ – білім алушылардың қызығушылығын арттырудың жоғарғы шегіне жету мақсатында әр түрлі жаңашыл, инновациялық технологияны қолдану болып табылады. Заманауи сабақтың тиімділігін дәстүрлі сабақпен салыстырғанда ғана түсінуге болады.

Дәстүрлі сабақ – мұғалімге бағынатын білім алушылардың тәртібімен, тіл алғыштығымен, нәтижелігімен сипатталатын сабақ. Ал заманауи сабақты мұғалім білім алушының білімді өзі алу мүмкіндігі болатындай етіп ұйымдастырады. Білім алушы еңбек жасап, іздене отырып, өз жұмысына өзі баға береді, әр білім алушының интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктері анықталады.

Сабақтың тиімділігін артгыру жолдарының бірі (кез-келген оқу пәні бойынша) әр сабақта мынадай жағдайлар жасау болып табылады: білім алушылардың оқу материалының негізін сабақтың өзінде меңгеруі тиіс, бірақ бұл негіздер кездейсоқ емес, саналы игерілуі керек.

Сондықтан сабаққа дайындалар кезде мүғалім білім алушыларды таныстыратын ақпарат көлемін ойластырып қана қоймай, білім алушыларға сабақтың өзінде оқылатын материалдың негізін, әсіресе, сол әдістерді, тәсілдерді, құралдарды меңгеруге мүмкіндік береді. Жаңа материал түсінікті әрі сабақтың өзінде жиі есте сақталуы қажет. Білім алушылар қосымша материалды емес, негізгі материалдың мәнін (басты ойды, заңды және т.б.) меңгеріп, түсінуі үшін мүғалім ең негізгіні көрсете білуі керек.
Келесі сабақтың тиімділігін көтерудің тағы бір маңызды жолы — бұл ұжымдық жұмыс кезіндегі әр білім алушының барынша дамуына мүмкіндік туғызу.
Дұрысында, мұғалім сабаққа дайындалу процесінде үлгерімі орташа білім алушыға бейімделеді. Жалпы тапсырманы орындау үшін бір топтың білім алушыларына әр түрлі уақыт қажет, сондықтан жақсы білім алушылар, жұмысты орындап, қалған уақытты босқа кетіреді. Әр білім алушының жоғары деңгейде дамуына мүмкіндік беретін жағдай жасау үшін едәуір жақсы үлгірімді білім алушыларға (оларға тапсырманың көпшілігін) жұмыстың барысы мен обьктісін ғана емес, олармен жұмыстың қандай да бір басқа амалдарын ойластыру қажет.



Дайындаған: Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда»
колледжінің рнайы пән оқытушысы Рахымжан А.Б.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!