Материалдар / Зат есімнің түрленуі.Көптік жалғау. 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Зат есімнің түрленуі.Көптік жалғау. 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Зат есімнің түрленуі, көптік жалғау туралы толық мәлімет біле алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
1630
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтыңтың тақырыбы : Зат есімнің түрленуі.Көптік жалғау. 8- сынып

Сабақтың мақсаты: : білімділік – зат есімнің түрленуі туралы түсіндіру,оқушылардың ой-өрісін кеңейту,зат есім тақырыбынан алған білімдерін еске түсіру,зат есім тақырыбы бойынша білімін жетілдіру;

дамытушылық – жеке тұлғаның ой-қабілетіне әсер ету арқылы оқушылардың өздігінен жұмысқа баулу,сөйлеу шеберліктерін,тіл байлықтарын дамыту; тәрбиелік –оқушыны білімділікке,ойлылыққа жетектеу,пәнге қызығушылығын арттыру,туған тілін сүюге,қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Түсіндіру , топтастыру , талдау, сұрақ-жауап , СКТ
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, бейнеролик
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: 
Қызығушылықты ояту. 

Топқа бөлу:лар,лер;дар,дер;тар,тер жалғауларын оқушыларға тарату арқылы топқа бөлу.

Мұғалім:Қолдарыңыздағы топқа бөлінген қағаздағы жазбаның не екендігін байқадыңыздар ма?

Оқушы:Жалғаулар.

Дұрыс ендеше бүгінгі тақырып «Зат есімнің түрленуі.Көптік жалғау»


Мағынаны тану кезеңі.


Жаңа сабақ. Жаксы оқушылар, бүгінгі жаңа сабағымызды Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Әрбір адам өмір бойы білім алуды жеке кредосына айналдыру керек. Мәңгілік ел болу жолындағы ұлы істеріміз, жаңа дәуірлерге жол ашсын» деген дәйексөзі арқылы бастайық.

Зат есімді түрлендіретін тұлғалар оның жалғаулары болып табылады. Жалғаулар өздері жалғанған сөзге белгілі бір мағына үстейді, екіншіден, бір сөз бен екінші бір сөзді байланыстырады. Қазақ тілінде жалғаудың төрт түрі бар: көптік жалғау, септік жалғау, тәуелдік жалғау, жіктік жалғау.

Оқушыларға көптік жалғауын керек етпей , өздері көптік мағынада қолданылатын сөздер туралы айтып, бұл атауларды интербелсенді тақтадан көрсету.


1.Жекелеп атауға келмейтін атаулар: су, сүт, тұз, ұн, құм.

2.Ру,халық, ел аттары : найман, қазақ, қырғыз, керей...

3.Әрқилы жанды жәндік, аң, хайуан аттары: көбелек, құрт, қой, түлкі... 4.Өсімдік аттары: шөп, арпа, бидай, жусан, тары...

5.Адамның ішкі сезімі, жай-күйі атаулары: алданыш, ермек,ақыл, достық, түс, білгірлік...

Сөздердің көптік мағынада жұмсалуының үш түрлі тәсілі бар, ол – морфологиялық, лексикалық және синтаксистік тәсілдер.

1.Тиісті қосымшалар арқылы сөздерге көптік ұғымның берілуі морфологиялық тәсіл деп аталады.

2.Көптік ұғымды ешқандай қосымшаларсыз өз лексикалық мағынасы арқылы білдіру лексикалық тәсіл деп аталады.

3.Көптік ұғымды сөз тіркестері арқылы білдіру синтаксистік тәсіл деп аталады.

Көптік жалғауы бірыңғай мүшелердің бәріне емес, ең соңғысына жалғанады. Мысалы: Ол кітап, дәптер, қаламдарын алып мектепке кетті.

DrawObject1

Дәлелдеме ретінде сурет ұсыну.

Оқушы ==оқушылар

Үй ===үйлер

Гүл ====гүлдер

Ескерту:мұнай,газ деген сөздерге көптік жалғауы жалғанбайды.

Жаңа сабақты бекіту мақсатында оқушыларға тапсырмалар беріліп , жауабы сұралады.

1-тапсырма «Ұйқасын тап» . Берілген өлең жолдарына көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып қою.


І топқа

Қалағандай қиюлап үй тастарын,

Балталап бұза алмайсың....(ұйқастарын)

Тіліңнің білгің келсе құдіретін,

Жұртыңның оқы өлең... (дастандарын).

Ана тілім, қасиетім, дарыным,

Көз жеткісіз көкжиегім ,жарығым.

Бұл дүниенің терең тылсым.... (сырларын)

Сен арқылы биіктерден таныдым.


ІІ топқа

Сағындық біз өнердің тарландарын

Көп оқыдық Мұкағали.... (армандарын)

Абай ақын, Әміре, Иса, Біржан

Ән-жырынан жақсы ұқтық... (арнауларын)

Ардагер, ақсақалды ....(ағаларым)

Күн өтсе арта түсер бағаларың,

Атамыз біздің сондай болыпты деп ,

Көтерер төбесіне....(балаларың).


2DrawObject2 -тапсырма .Кітаппен жұмыс.

«DrawObject3 лар,лер» тобы «дар,дер» тобы


23 -жаттығу. 23 -жаттығу.

Көптелмейтін Көптелетін

зат есімді теріп жазу зат есімді теріп жазу

3-тапсырма

І топ

Асты сызылған қандай қосымша?


Ер елміз туған батыр алыпты мың,

Жырлаудан елін, жерін жалықты кім?

Сырты бүтін болғанмен, сипаты жоқ,

Тіл жоғалтқан жоғалтар халықтығын.


Ана тілім –ар, намысым, ардақтым,

Көкірегіме өзің алғаш шам жақтың.

Өзіңменен ақыл-ойым өрістеп,

Қиялымды қияларға самғаттым.


ІІ топ

Қазақ тілі! Байсалды баба тілім!

Сол байлықтан аз емес алатыным,

Беретінім, қанша екен?Шүбәсіз хақ,

Қарыздар боп, әйтеуір, қалатыным.


Шаңырағын қазақтың биіктеткен алғаш боп,

Керей менен Әз-Жәнібек хандар еді талас жоқ.

Орынына ,қағынып, шылбыр үзген...

Орданың

Ұрпақтары Жошының хандық құрды Алаш боп.


4-тапсырма ( екі топқа ортақ тапсырма)


Видео ролик көрсету.Тамашалаған роликтен зат атауларын пайдалана отырып ,көптік жалғаулы сөз қатыстырып , мәтін құрау.



5-тапсырма . Семантикалық карта . Берілген сөздерді көптік жалғауымен сәйкестендіріп орналастыру.


Сабақты қорытындылау. «Топтастыру» стратегиясы.



Үндестік заңы бойынша жалғанады

DrawObject4

DrawObject5


жалғаудың алты түрі бар DrawObject6 көптік мағына білдіреді

DrawObject7

DrawObject8


зат есімге жалғанады



Оқушыларды бағалау.


Үйге тапсырма: «Ана тілім-асыл қазынам» деген тақырыпқа ойтолғау жазу



Тексеруге арналған сұрақтар. 
№1 
1.Махамбет қай жылы, қай жерде дүниеге келген? 
2.Махамбет пен Жәңгірхан туралы не айтасың? 
№2 
1.1828-1831ж. Не болды? 
2.Хан жасағын кім бастаған? 
3.Исатай жасағы кімнің ауылын шауып алып, кімнің ауылын ойрандайды? 
4.Исатай қашан қайтыс болады? 
№3 
1.1840ж. Махамбетті кімдер ұстап алғысы келеді? 
2.1841ж Махамбетті тез ұстауға кім бұйрық шығарады? 
3.1941ж не болды? 
4.Кіші жүздің сұлтаны Арыслан Жанториннің бақылауына неге жіберді? 
№4 
1. Генерал – губернатор не деп жар салды? 
2. Махамбетті кім өлтірді? 
3. Қай жылы, неше жасында қайтыс болды? 

(Слайд Махамбет Өтемісұлы) 
2.Мұғалім:Ақын өлеңдері бойыңа жігер, рух, күш, жалынды қайрат береді, алға қойған мақсат үшін күресе білуге шақырады. 
(Слайд Махамбет кім болған?) 
Оның көптеген күйлері бар.(слайд көрсету) 
Мұғалім: Балар қазір сендер Махамбет Өтемісұлының күйін тыңдай отырып мынадай тапсырмалар орындайсыңдар. (слайдтан көрсету) 
1- топқа тапсырма. 
1) «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін мәнерлеп оқып,идеясын айт. 
2) Өлеңнен сөз тіркестері мен көркемдегіш құралдарды тап. 
Жауабы. 1.Мәнерлеп оқиды. Бұл өлеңде ақын тек халқына рух беріп,намысын қайрап, күреске шақырады. 
2. Сөз тіркестері:ереуіл ат,егеулі найза,алты малта ас,тебінгі жер,түн қатып 

2- топқа тапсырма. 
1) «Мұнар күн» өлеңін мәнерлеп оқы.Өлеңде ақын не туралы айтқан? 
2) Ақын өлеңдерінде жиі кездесетін сөздерді тап. 
Жауабы. 1. Мәнерлеп оқиды.Ақынның Исатай өліміне арнаған мұң мен

І топқа

3-тапсырма . Асты сызылған қандай қосымша? Өлең мәтінінен көптік жалғаулы сөзді тауып, сөз құрамы мен лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау жасаңыздар.


Ер елміз туған батыр алыпты мың,

Жырлаудан елін, жерін жалықты кім?

Сырты бүтін болғанмен, сипаты жоқ,

Тіл жоғалтқан жоғалтар халықтығын.


Ана тілім –ар, намысым, ардақтым,

Көкірегіме өзің алғаш шам жақтың.

Өзіңменен ақыл-ойым өрістеп,

Қиялымды қияларға самғаттым.


ІІ топқа


3-тапсырма . Асты сызылған қандай қосымша? Өлең мәтінінен көптік жалғаулы сөзді тауып, сөз құрамы мен лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау жасаңыздар.


Қазақ тілі! Байсалды баба тілім!

Сол байлықтан аз емес алатыным,

Беретінім, қанша екен?Шүбәсіз хақ,

Қарыздар боп, әйтеуір, қалатыным.


Шаңырағын қазақтың биіктеткен алғаш боп,

Керей менен Әз-Жәнібек хандар еді талас жоқ.

Орынына ,қағынып, шылбыр үзген...

Орданың

Ұрпақтары Жошының хандық құрды Алаш боп.

өкінішке толы элегиясы 
2.Жиі кездесетін сөздер:мырза,ер,оқ,қылыш,дұшпан т.б 
Мұғалім: Әр топтан бір оқушыдан шығып өз тапсырмаларын тақтада орыдайды. 
Ә) Тіл дамыту үшін. 
Мұғалім: М.Өтемісұлы елін, жерін қорғаған, батыр болған екен. Қазір біз сіздермен сергіту мақсатында батырлық, туған жер туралы мақал – мәтелдер жазылған семантикалық картамен жұмыс істейміз. Ішінен ұнаған біреуінің мағынасын ашып беру. 
(Күй жіберіп қою) 
Ол үшін арнайы дайындалған семан-тикалық карталарды әр-топқа бір-бірден үлестіріп беремін де, берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тапқызамын. 
Мақалдар Көлінен безген қаз оңбас. Ер үйірін сағынса, айыл-тұрман тағынар. Өз жеріңдей қайда бар. Сайының тасы болайын. 
Пәлен жерде пайда бар, + 
Өз елімнің басы болмасам да, + 
Елінен безген ер оңбас, + 
Ат үйірін сағынса, Артқы аяғын қағынар. + 
Семантикалық карта №1 
Семантикалық карта №2 
Мақалдар Би басына дау келсе, билігі кетер басынан. Құс жаңылып торға түсер. Ер жарасыз болмас. Шешен тар жерде сөз бастайды. 
Ел шарасыз болмас, + 
Батыр мың қол бастайды, + 
Ер басына дау келсе, ерлігі кетер басынан. + 
Ер жаңылып қолға түсер, + 

Мұғалім: Балалар Махамбет: «Өтемістен туған он едік 
Онымыз атқа қонғанда, 
Жер қайысқан қол едік» - деп жырлаған екін. 
Қазір слайдқа көңіл аударып Өтемістің он ағайынының есімдерін көрулеріңе болады. (слайд көрсету) 
Өтемістен туған он: Бекмағанбет,Махамбет,Тоқтамыс,Қожахмет,Ыбырайым,Әйіп,Хасен, 
Ысмайыл, Сүлеймен,Досмайыл. 

5. Ой толғаныс 
РАФТ стратегиясы 
Роль –Махамбет 
Автор – оқушылар 
Факт – жолдау 
Тақырып – Еліміздің өркендеуіне Махамбет сияқты қандай үлес қосар едің 
«Желтоқсан желі» өлеңін тыңдату. 
Мұғалім:Тарих беттерін парақтасақ сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама тер төгілді, қаншама адам құрбан болды.


1-тапсырма. «Ұйқасын тап». Берілген өлең жолдарындағы көп нүктенің орнына ұйқастырып, көптік жалғаулы сөз қойыңдар.


І топқа

Қалағандай қиюлап үй тастарын,

Балталап бұза алмайсың....

Тіліңнің білгің келсе құдіретін,

Жұртыңның оқы өлең... .


Ана тілім, қасиетім, дарыным,

Көз жеткісіз көкжиегім ,жарығым.

Бұл дүниенің терең тылсым....

Сен арқылы биіктерден таныдым.

1-тапсырма .«Ұйқасын тап». Берілген өлең жолдарындағы көп нүктенің орнына ұйқастырып, көптік жалғаулы сөз қойыңдар.


ІІ топқа

Сағындық біз өнердің тарландарын

Көп оқыдық Мұкағали....

Абай ақын, Әміре, Иса, Біржан

Ән-жырынан жақсы ұқтық...


Ардагер, ақсақалды ....

Күн өтсе арта түсер бағаларың,

Атамыз біздің сондай болыпты деп ,

Көтерер төбесіне.....

Бостандық деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батырлар мерт болды. Бұл арпалыс бір жыл, бір мезет емес талай ғасырларға созылған. Балалар алдымызда келе жатқан Тәуелсіздігіздің 20 жылдығы мен барлықтарыңызды құттықтаймын. Осы Тәуелсіздікке жету үшін қаншама қиындықтардан өттік. 20 жыл бұрын желтоқсан оқиғасына арналған өлеңге назар аударыңыздар. Осы жастар сияқты сендерде елімізге қандай үлес қосар едіңдер. Енді сендер қазір бірге отырып шағын жолдау жаза қойыңдар. 

6. Автор орындығы стартегиясы 
Мұғалім:Топтарыңнан ең ұнағанын таңдап алып , тақтаға шығып оқи қойыңдар. 

Мұғалім: Фариза Оңғарсынованың өлең жолымен сабағымды аяқтағым келеді. 
Махамбет 
Махамбет... 
Білмеймін жел ме,сел ме 
Жырда онымен бір тұлға теңесер ме? 
Әділетсіз дүниенің қабырғасын 
Махамбетше сөгер жан кездесер ме? 

7.Бағалау: Оқушыларды бағалау 

8.Үйге тапсырма: әр топ өздеріне берілген өлеңдерін жаттау. 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!